ШҚО әкімі

Шығыс Қазақстан облысының әкімі

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің ресми порталына қош келдіңіздер!

Шығыс Қазақстан бүгінгі күні – бірегей табиғат әлемі, зор өндірістік әлеуеті, әлеуметтік инфрақұрылымы тармақты және белді аграрлық саласы бар экономикалық жағынан толыққанды аймақ. Бұған қоса облысымыз жаңа бастамаларды өмірге әкеліп, оның сәтті жүзеге асуы үшін табысты тұғырнама болып табылады. «Электрондық үкіметті» енгізудің алғашқы пилоттық жобасы Шығыста жүзеге асырылғаны өздеріңізге мәлім. Ол жақын болашақта тиісті құрылымдардың интернет-порталы арқылы тұрғындардың түрлі категориясы үшін мемлекеттік қызметтің барлық түрін ұсынуға мүмкіндік береді.

Облыс әкімі ресми сайтының интернетті пайдаланушылардың қызығушылығын арттыратынына және олардың Шығыс Қазақстан туралы танымын кеңейтуге септігін тигізетініне сенімдімін!

Тиімді «кері байланыстың» болатынына үміттенемін. Біздің болашақ үшін жұмыс істейтінімізді атап өткім келеді және іскер ынытмақтастыққа әрқашанда жол ашық.

 

Ахметов Даниал Кенжетайұлы

1954 жылы 15 маусымда Павлодар қаласында дүниеге келген.

1976 жылы Павлодар индустриалды институтын бітірген. Мамандығы бойынша инженер-құрылысшы.
Экономика ғылымының докторы, Қазақстан Республикасы Минералды ресурстар академиясының академигі.  

Еңбек жолы:

1976-1981 жж. - «Павлодар тұрғынқұрылыс» тресінде мастер; 1981–1983 жж. - Екібастұз қалалық партия комитетінде нұсқаушы; 1983–1987 жж. - «Екібастұзшахтақұрылыс» комбинатында бас инженердің орынбасары, партком хатшысы; 1987–1991 жж. - Екібастұз қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары; 1991-1992 жж. - «Екібастұз энерготұрғынөндірісқұрылыс» трестінің басқарушысы; 1992-1993 жж. - Екібастұз қалалық әкімшілігінің басшысы; 1993-1997 жж. – Әкімшілік басшысы, Павлодар облысының әкімі; 12.1997-10.1999 жж. - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі; 10.1999-21.12.2000 жж. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары; 21.12.2000-21.11.2001 жж. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасар; 21.11.2001-13.06.2003 жж. - Павлодар облысының әкімі; 13.06.2003-08.01.2007 жж. - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі; 10.01.2007-17.06.2009 жж. - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi; 12.2010 жылдан – Экологиялық энергетика саласындағы компанияның басшысы; 2012-11.2014 жж. – Энергетика және инфрақұрылым министрі

Облыс Әкімінің блогы

Марапаттары: «Барыс» 2-і дәреже (2004), «Барыс» 3-і дәреже (1999), «Құрмет белгісі» (1986); «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» (2012) ордендері және «Астанаға 10 жыл» атты мерейтойлық медалі (01.07.2008).

2014 жылғы 11 қарашада Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.

  Азаматтарды қабылдау
Облыс әкімі азаматтарды әр айдың бірінші сәрсенбісінде сағ. 15-тен бастап бір рет қабылдайды.
  Телефоны: 8 (7232) 26-39-72
  Қабылдау бөлмесі: 8 (7232) 57-85-80

Лауазымдық міндеттер:

Облысқа жалпы басшылықты жүзеге асырады. Мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынаста облыс мүддесін білдіреді.

Орталық атқарушы органдардың басшыларына орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің заңдарын, актілерін, облыс әкімі мен әкімдігінің актілерін  орындау бөлігіндегі қызметі жөнінде ұсыныс береді. Орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің заңдарын, актілерін орындау бөлігіндегі жұмысында кемшіліктерді  жоймаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметіне тиісті қорытынды ұсынады.   
Қазақстан Республикасы Президентіне тиісті тұлғаларды мемлекеттік наградалармен наградтау, оларға құрметті және өзге де атақтарды беру туралы ұсыныстар  енгізеді.

Облыстық мәслихатқа «Облыстың құрметті азаматы» атағын беру туралы ұсыныс енгізеді.
Мынадай лауазымды тұлғаларды: жоғары тұрған мемлекеттік органдардың келісімі бойынша облыс әкімінің орынбасарларын, аппарат басшысы мен оның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын, облыс бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларына, сондай-ақ аудандар (облыстық маңызы бар қалалар)  әкімдеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тәртіптік жауапкершілік шараларын қолдану мәселелерін шешеді.

Аудандық (облыстық маңызы бар қалалар)  әкімдіктер мен  әкімдер жұмысын үйлестіреді.
Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдері арқылы жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және «Ертіс» ӘКК Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамымен  өзара әрекеттеседі. 
Облыстық мәслихаттың бекітуіне әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару сұлбасын енгізеді.
Ведомствоаралық сипаттағы мәселелер жөніндегі консультативтік-кеңесші органдардың дербес құрамын облыстық мәслихатқа ұсынады.  
Жұртшылық кеңеспен өзара әрекеттістік жасайды және оның қызметін үйлестіреді.
Келісім-шарттарға қол қоюға,  сондай-ақ олардың орындалуына кәсіпорындарды, кенорындарын және мемлекеттік меншіктің өзге де нысандарын  жекешелендіру, жалға беру, сату мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органымен тең бақылауға қатысады.

Төмен тұрған әкімдіктер қызметін бақылауды жүзеге асырады.
Облыстың прокуратурасы, соты, ішкі істер және әділет департаменттерімен, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігімен (қаржы полициясы), кедендік бақылау, Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы тіркеу  комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасымен, Шығыс Қазақстан облысы бойынша сот әкімшілігімен, Қазақстан Республикасы Қарулы күштері құрамалары және бөлімшелерінің әскери басқару, ішкі әскер және шекара қызметі органдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады. 

Мыналардың: облыстық бюджет комиссиясының, қылмыспен күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің, сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі комиссияның, мемлекеттік символдар жөніндегі комиссияның, Шығыс Қазақстан облысының Мемлекеттік және басқа да тілдерін одан әрі дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық облыстық комиссиясының, Шығыс Қазақстан облысының үдемелі индустриялық даму жөніндегі үйлестіру кеңесінің төрағасы болып табылады.   
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге  асырады. 

Облыс әкімі мен оның орынбасарлары арасында мынадай өзара алмасу белгіленеді: 
Д.К. Ахметов - Н.А. Сактаганов  А.Б. Нусупова – С.К. Актанов 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 15.12.2011 / 26.07.2017