![]() |
|
||||||||
|
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКIМIНIҢ РЕСМИ САЙТЫ
AЙДАРЛАРЫНЫҢ ТIЗБЕСI
|
|||||||||
|
|||||||||
Әңгіме тақырыбы – индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының негізгі басымдықтарын іске асыру аясында ағымдағы жылғы 13 қарашада Шығыс Қазақстан облысы әкімінің «Индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасының міндеттерін іске асыру туралы» тақырыбындағы Интернет-конференциясы өтеді. 12 қараша күнгі 9.00 сағаттан 13 қараша күнгі сағат 10.00-дейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің электрондық сайты (www.e.gov.kz) арқылы сұрақтар қоюға болады.
13 қараша күні өткен интернет-конфренция барысында облыс әкімі Бердібек САПАРБАЕВ жаһандық желіні тұтынушылардың сауалдарына жауап берді Әңгіме тақырыбы – Шығыс Қазақстан облысындағы индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының жүзеге асырылуы болды. Аймақ басшысының атына 24 сұрақ келіп түсті, олардың барлығына нақты және ұтымды жауап берілді. Жалпы Шығыс Қазақстан облысының индустриализациялау Картасына 481,1 млрд.теңгені құрайтын 22 жоба кірді. Ағымдағы жылдың жоспарына енген инвестициялық жоба 131,9 млрд.теңгені құрап, 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылатын болады. Келіп түскен сауалдарға жүргізілген сараптама нәтижесі барлығы тақырып бойынша, аймағымыздың әр ауданынан келіп түскендігін көрсетті. Шығысқазақстандықтарды толғандырып жүрген басты мәселелер ол – коммуналдық мәселелер, ауылшаруашылығы, тұрғындардың әлеуметті жағдайы, электр қуатымен қамтамасыз ету. Берілген жауаптар мазмұнымен қазақстан Республикасы Үкіметінің электрондық порталында танысуға болады (http://e.gov.kz/wps/portal/conference?lang=ru). |
|||||||||
|
|||||||||
| Copyright © 2005-2012 | |||||||||