Оқып-үйрену
Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жайлы мәлімет
Шығыс Қазақстан облысы Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығында
2009 жылы 1633 мемлекеттік қызметші оқытылды. Қайта даярлау курстарын 424 қызметші, біліктілігін арттыру курстарын 1209 мемлекеттік қызметші өтті. Жергілікті бюджеттен мемлекеттік қызметшілерді оқытуға 22 351,0 мың. теңге бөлінген. Мемлекеттік тілді оқытуға жергілікті бюджеттен 29 569,8 мың. теңге, республикалық бюджеттен 10 817,2 мың. теңге бөлінді.
2009 жылдың 1 тоқсанында Шығыс Қазақстан облысы бойынша 449 мемлекеттік қызметші оқу курстарын өтті.
Атап айтқанда, өңірлік аумақтық оқу орталығында бірінші тоқсанда барлығы 393 мемлекеттік мемлекеттік қызметші оқу курстарын өтті, соның ішінде 83 қызметші қайта даярлау курстарында, 310-ы біліктілік арттыру курстарында оқыды, соның ішінде 30 мемлекеттік қызметші құқықтық қорғау мемлекеттік орган өкілдері. Сондай-қ, «С» санаты тобынан 19 мемлекеттік қызметші министрліктер мен ведомстволарда біліктілік арттыру курстарында оқыды, 20 мемлекеттік қызметші ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында оқу курстарынан өтті.
Шет елге (Индия мемлекеті) оқуға облыстан 23 адам оқуға барып келді, оның ішінде 17 мемлекеттік қызметшілер. Оқу курстары шақырған мемлекеттің қаражат есебінен болды.
2008 жыл
2007 жыл
|