|
Мемлекеттік қызмет
Қазақстан Респубикасы Президенті Н. Назарбаевтың
«Нұр Отан» ХДП сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумындағы сөзінен
Мемлекеттік қызметкер келесі этникалық нормаларды басшылыққа алуы керек:
 |
1. Ол билік және өз құзыретін басқара біліп, сонымен бірге шыншыл болуы керек.
2. Мемлекеттік қызметте өз пайдасы үшін емес, мемлекет үшін жұмыс істеп, мемлекеттік қаражатты өз қалтасымен ауыстырмау керек.
3. Шенеунік «Немен күн көріп отырсың?» деген сұрақтан қорықпай өмір сүруі керек, өйткені оның виллаларын, оны қоршаған биік қақпаның және қымбат автомобильдердің суретінің пайда болуына негіз болмау керек.
4. Заң талаптарымен толық келісімде өмір сүру керек.
5. Кез-келген жерде, кез-келген қызметте қандай да болмасын жағдайда халықтың, өз елінің азаматтарының сенімін жоғалтпау керек.
6. Қазақстандық мемлекеттік қызметкер әділеттілік пен сыпайылықтың үлгісі болып, адамдар арасында өзін-өзі ұстай білуі керек.
7. Ұжымды басқармас бұрын, ол өзі бағына, жұмысшыларға берген жұмысты өзі атқара білуі керек.
8. Еген мемлекет мүддесіне зиян келтіріліп жатқанын немесе сыбайлас жемқорлықтың дайындалып жатқанын көрсе міндетті түрде арласып, тиісті шара қолдану керек.
|
Ақпараттық хабарлама
2011 жылдың 31 наурызында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысындағы тәртіптік кеңесінің кезекті отырысы өтті. Аталған отырыста 4 мәселе, онын ішінде 2 тәртіптік іс, сонымен қатар Абай және Үржар ауданында өткізілген тексерулердің қорытындылары қаралды.
Аталған аудандар әкімдері Т.Мүсәпірбековтың және Б.Жанаковтың мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамаларын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс Кодексінің талаптарын сақталуы жөніндегі тексерудің қорытындысы бойынша есептері тыңдалды.
Аудан әкімдеріне кадрлық мәлелелерге, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамаларына, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс Кодексінің талаптарының сақталуына, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына және қызметтің тұрғындарға уақытында көрсетілуіне аса көңіл аудару ұсынылды.
Сонымен қатар, тәртіптік кеңеспен 2011 жылдың қаңтарынан «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық заңнамаларына кейбір өзгерістер мен толықтандыру енгізу туралы» Заңының күшіне енуіне байланысты мемлекеттік қызметшілердің және мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлғалардың құқықтық оқуының тиімділігін арттыру ұсынылды.
Аягөз ауданының мемлекеттік мұрағат мүдірі А.Бекубаевқа және Зайсан ауданы бойынша Салық басқармасының салық төлеушілермен жұмыс бойынша бөлімінің бастығы Н.Алиясовқа қатысты тәртіптік істер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес мемлекеттік органдардың басшыларына жоғарыда аталған тұлғаларды тәртіптік жазаға тарту туралы ұсыныстар жасалды.
Тәртіптік кеңес хатшылығы
Мұрағат
|