Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы «__ » сәуірдегі № ___ шешімімен бекітілді
Шығыс Қазақстан облысының
индустриялық-инновациялық дамуының
2004-2015 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы
Өскемен қаласы, 2009 жыл
Мазмұны
|
1. Шығыс Қазақстан облысының индустриялық-инновациялық дамуының 2004-2015 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасының паспорты |
3 |
|
2. Кіріспе |
5 |
|
3. Проблеманың қазіргі жай-күйіне талдау |
6 |
|
3.1. Өңдеу өнеркәсібі салаларының дамуы |
6 |
|
3.2. Кластерлік бастаманы іске асыру |
12 |
|
3.3. Корпоративтік көшбасшылар қалыптастыру және серпінді жобаларды іске асыру |
13 |
|
3.4. Инвестициялар және оларды тартудың негізгі механизмін қолдану |
15 |
|
3.5. Сыртқы экономикалық ынтымақтастық және экспортты дамыту |
17 |
|
3.6. Инновациялық қызмет және инновациялық инфрақұрылымды дамыту |
18 |
|
3.7. Электр энергетикасының дамуы |
20 |
|
3.8. Көлік- инфрақұрылымдық даму |
21 |
|
3.9. Индустриялық дамуды кадрлық қамтамасыз ету |
22 |
|
3.10. Түйіндеме |
23 |
|
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері |
24 |
|
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары және оны іске асыру механизмдері |
25 |
|
5.1. Индустриялық-инновациялық саясаттың басымдықтары |
25 |
|
5.1.1. Тау-кен және металлургия саласы |
26 |
|
5.1.2. Өнеркәсіптің өңдеу салалары |
27 |
|
5.1.3. Ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі |
30 |
|
5.1.4. Ғылым мен инновацияларды дамыту |
32 |
|
5.1.5 Индустриялық және инновациялық инфрақұрылымды дамыту |
33 |
|
5.1.6. Бизнес -ортаны жақсарту және кәсіпкерлікті дамыту |
34 |
|
5.1.7. Электр энергетикалық саясаты |
35 |
|
5.1.8. Көлік-инфрақұрылымдық даму |
35 |
|
5.1.9. Телекоммуникацияларды дамыту |
36 |
|
5.1.10. Білім беруді дамыту және кадрлар дайындау |
37 |
|
5.1.11. Тариф саясаты және бәсекелестікті қорғау |
38 |
|
5.1.12. Сауда саясаты және экспорттық әлеуетті дамыту |
39 |
|
5.1.13. Экологиялық саясат |
39 |
|
5.2. Бағдарламаны іске асыру механизмі |
41 |
|
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері |
41 |
|
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже |
42 |
|
8. Шығыс Қазақстан облысының индустриялық-инновациялық дамуының 2004-2015 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары |
43 |
1. Шығыс Қазақстан облысының индустриялық-инновациялық дамуының 2004-2015 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасының паспорты
|
Атауы |
|
Шығыс Қазақстан облысының индустриялық-инновациялық дамуының 2004-2015 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама)
|
|
Әзірлеу үшін негіздеме |
|
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиясы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 ақпандағы № 219 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
|
|
Әзірлеуші |
|
Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы |
|
Бағдарламаның мақсаты |
|
Экономика салаларын әртараптандыру, өңірлік жалпы өнімнің шикізаттық құрамының бір бөлігін кезең-кезеңмен бәсекеге қабілетті жоғары технологиялық өніммен ауыстыру жолымен өңірдің орнықты дамуына қол жеткізу |
|
Бағдарламаның міндеті |
|
2015 жылы өңдеу өнеркәсібінің өнеркәсіп өнімін өндірудің жалпы көлемінде 80% өсімін қамтамасыз ету; 2005 жылы өнеркәсіптің өңірлік жалпы өнімнің құрылымындағы үлесін 50%-ға дейін ұлғайту; шикізаттық емес тауарлар экспортын ұлғайту, экспорттық тауарлар номенклатурасы мен жеткізу географиясын кеңейту; корпоративтік көшбасшылар қалыптастыру; 2004 жылмен салыстырғанда еңбек өнімділігін 2015 жылы 3 есе арттыру; өнеркәсіпте шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын қамтамасыз ету, 2015 жылы өнеркәсіп саласында шағын бизнестің үлесін 25%-ға дейін ұлғайту; кластерлік бастаманы іске асыруға белсенді қатысу; инновациялық кәсіпкерлікті дамыту, 2015 жылы кәсіпорындардың инновациялық белсенділік деңгейін 20%-ға дейін ұлғайту; 2015 жылы ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге шығынды 2004 жылмен салыстырғанда 5 есе ұлғайту; жеке меншік сектордың дамуын ынталандыратын қолайлы кәсіпкерлік климат қалыптастыру; индустриялық дамуды кадрлық қамтамасыз ету мәселесін шешу; білім беру мекемелерінің кадрлар даярлаудағы мақсатты бағыттылығы және негізділігі
|
|
Іске асыру мерзімі |
|
Бағдарламаны іске асыру 3 кезеңде: бірінші кезең – 2004-2006 жылдары, екінші кезең – 2006-2010 жылдары, үшінші кезең – 2011-2015 жылдары жүзеге асырылады
|
|
Қаржыландыру көлемі және көздері |
|
Бағдарлама іс-шараларын қаржыландыру үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның құрамына кіретін даму институттары, ұлттық компаниялар, соның ішінде Корпорациялар қаражаты тартылатын болады. Негізгі қаржы жүктемесін жеке меншік сектор көтереді. Алдын-ала бағалау бойынша мемлекеттік және жеке капиталдың қатысу үлесінің арасалмағы екіден бірді құрауы қажет. Бағдарламаны іске асыруға болжанған шығындар көлемі 2015 жылға дейін 500 млрд. теңгеден астам, соның ішінде, 2009-2011 жылдары 328744,3 млн. теңгені құрайды.
|
|
Күтілетін нәтиже |
|
Бағдарламаны іске асыру 2015 жылы: 2010-2015 жылдары ішкі өңірлік өнімнің орташа жылдық өсімін жылына 6% кем емес қамтамасыз ету; 2015 жылы өңдеу өнеркәсібінің 8% өсу қарқынына қол жеткізу; 2015 жылы өңдеу өнеркәсібінің өнеркәсіп өнімін өндірудің жалпы көлеміндегі өсімін 2004 жылмен салыстырғанда 80% қамтамасыз ету; 2015 жылы жалпы өңірлік өнімнің құрылымдағы өнеркәсіптің үлесін 50%-ға дейін ұлғайту; негізгі капиталға инвестициялар көлемінің жыл сайынғы өсімі және оны 2015 жылы 300 млрд. теңгеге дейін жеткізу; шикізаттық емес тауарлар экспортын ұлғайту, экспорттық тауарлар номенклатурасы мен жеткізу географиясын кеңейту; 2015 жылы еңбек өнімділігін 2004 жылмен салыстырғанда 3 есе арттыру; өнеркәсіпте шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын қамтамасыз ету, 2015 жылға қарай өнеркәсіп саласында шағын бизнестің үлесін 20%-ға дейін ұлғайту; 2015 жылға қарай кәсіпорындардың инновациялық белсенділік деңгейін 20%-ға дейін ұлғайту; 2015 жылы ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге шығынды 2004 жылмен салыстырғанда 5 есе ұлғайту; әлемдік сату рыногына және ішкі интеграцияға сапалы қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін тиімді көлік-логистикалық инфрақұрылым жүйесін жасақтау сияқты нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді. |
2. Кіріспе
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 ақпандағы № 219 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес әзірленді.
Бағдарлама экономика салаларын әртараптандыру жолымен шикізаттық бағыттан бас тартып, жоғары технологиялар индустриясын қалыптастыру, инновацияларды дамыту және қолдану, қолдағы бар әлеуетті басымдықтарды пайдалану арқылы өндірілетін өнімнің бәсекеге қабілеттілігін және оның қосымша құнын арттыру, экспорттық шикізаттық бағыттан бас тарту мақсатында өңірдің орнықты дамуына қол жеткізетін индустриялық-инновациялық саясаттың нақты бағыттары жазылған ортақ жүйелі құжат болып табылады.
Өңір экономикасының негізгі проблемаларына: шикізаттық бағыт (түсті металлургияда өнім өндірудің 1 – 2 қайталама өңдеу басымдығы), әлемдік экономикамен нашар интеграция, ел ішіндегі салааралық және өңіраралық экономикалық интеграцияның төмендігі, жергілікті тауар өндірушілердің тауарлары мен қызметіне төмен тұтынушылық сұраныс, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы, кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық артта қалушылығы, ғылымның өнеркәсіппен пәрменді байланысының болмауы жатады.
Жоғарыда аталған проблемаларды шешу және Бағдарламаның алға қойған мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу үшін ғылыми және инновациялық қызметті ынталандыруға, өңір инфрақұрылымын жетілдіруге бағытталған индустриялық және инновациялық инфрақұрылым жасақтау, белсенді ғылыми және инновациялық саясат жүргізу үшін жағдай жасау көзделіп отыр.
Бағдарламаның табысты іске асырылуы экономика құрылымын сапалы өзгертуге ықпал етіп, оның өңірдің адами, өнеркәсіптік және табиғи ресурстарын тиімді пайдалануға негізделген орнықты өсуіне әкеледі.
3. Проблеманың қазіргі жай-күйіне талдау
Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиясына сәйкес мемлекеттік органдардың инвестициялық және инновациялық жобаларға қатысуын қамтамасыз ететін өңірлік институттар жасақтау негізі болған 2004-2005 жылдар бірінші (даярлық) кезеңі болып анықталды. Мемлекет бірінші кезең іс-шараларының негізгі бөлігін орындады – қаржылық даму институттары, Қазақстан қор биржасы, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары, өңірлік технопарктер құрылды, индустриялық аймақтар құру жұмыстары басталды.
Бағдарламаны одан әрі жүзеге асыру соңғы кездегі экономикалық тенденциялардағы өзгерістерді ескере отырып, жүргізілуі тиіс. Осыған байланысты, прблемалық мәселелерді анықтап, оларды шешу жолдарын айқындай отырып, Бағдарламаны іске асырудың өткен кезеңіне талдау жасау Бағдарламаның одан әрі табысты іске асырылуы үшін маңызды фактор болып табылады.
3.1. Өңдеу өнеркәсібі салаларын дамыту
Қазақстан дамуының жаңа кезеңінде басым экономикалық саясат ретінде мемлекет экономиканы индустриялизациялау және жоғары технологияларды дамыту жолын таңдады. Бағдарлама өңдеу өнеркәсібінде орташа жылдық өсу қарқынын 8%-дан кем емес өсу қарқынын қамтамасыз ету міндетін қойып отыр.
Бағдарламаны іске асырудың өткен кезеңіндегі (2004-2008 жылдар) өңдеу салаларындағы өнеркәсіп өнімін өндіру көлемінің серпініне талдау жүргізе отырып, өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемінің 2008 жылға дейінгі нық ұлғаюуы туралы қорытынды жасауға болады. 2008 жылы әлемдік қаржылық дағдарысқа байланысты жағымсыз тенденциялардың пайда болуына байланысты өңдеу саласында өндіріс көлемінің өсу қарқыны қысқарды, бұған қарамастан Бағдарламаны іске асыру жылдарында өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 2 есе артты, бұл 1 қосымшада көрсетілген.
2007 жылдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемінің өсімі Бағдарламаны іске асырудың өткен кезеңінде республикалық көрсеткіштен асып түсіп, 109,7% құрады, бұл Бағдарламаның негізгі міндеттерінің біріне қол жеткізілгендігінің куәсі.
Өңдеу өнеркәсібінің өнеркәсіп өнімі өндірісіндегі жалпы көлемі үлесінің ұлғаю тенденциясының байқалып отырғанын атап өту керек, ол 2008 жылға дейін сақталды (2, 3 қосымша).
Металлургия өнеркәсібі - облыс өнеркәсібінің негізгі саласы, алайда, экономикалық қызметтің өзге салаларындағы өндіріс көлемінің артуымен оның өңдеу кешені өндірісінің жалпы көлеміндегі үлесі біртіндеп төмендей бастады. Мысалы, 2008 жылы металлургия өнеркәсібінің өңдеуші кешені құрылымындағы үлесі 51% құрап, 2004 жылмен (Бағдарламаны іске асырудың басталу жылымен) салыстырғанда 6 пайыздық тармаққа төмендеді.
Металлургия өнеркәсібі кәсіпорындары үнемі жаңа инновациялық және бәсекеге қабілетті өндірістер жасақтау жолында жұмыс істейді, өзінің қосымша құнын «ұлғайту» әлеуетін пайдалана отырып, серпінді жобаларды іске асыруда.
2004 жылы «Қазмырыш» АҚ «Риддер тау-кен байыту комбинатында тауарлық брикеттелген гипс өндіру (бірінші кезегі)» (жобаның құны 476 млн. теңге) және «Зырян тау-кен байыту комбинатында мыс сульфаты мен катодты мыс ерітінділерін алу» (жоба құны 299 млн. теңге) екі инвестициялық жобаны іске асыруды аяқтады. «Қазмырыш» АҚ мыс және құрамында темірі бар концентрат алуға болатын клинкерді қайта өңдеу принципті жаңа технологияны әзірледі, жоспарда - құрамында алтыны бар концентрат алу.
2006 жылы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Артемьев кенішін пайдалануға берді.
«Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ 2006 Сәтпаев ильменит кенішін игеру жобасын іске асырды. Көкпекті ауданында 1 млн. тонна құм және 15 мың тонна ильменит концентратын өндіретін тау-кен байыту комбинатын салды. Сонымен қатар, кәсіпорын стандартты емес балқытып құйылған отқа төзімді бұйым шығаратын өндірісті құрды. Жоба өз қаражаты есебінен іске асырылды. Жобаның жалпы құны 99,9 млн. теңге.
2006 жылы «Ертіс химия-металлургия зауыты» АҚ сирек кездесетін металлдар өндірісін модернизациялауды жүргізді. Жоба «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-мен бірлесіп іске асырылды, инвестициялар сомасы 693,0 млн. теңгені құрады.
2006 жылы «Алел» қаржы-инвестициялық корпорациясы» АҚ Қазақстандағы алғашқы биологиялық тотықтандыру әдісімен (ВІОХ) Суздаль кен орнында құрамында алтыны бар төзімді сульфит кенін қайта өңдеу кешенін тәжірибелік іске қосуды бастады, бұл аз шығындармен металл алуды және мышьякты пайдаға жаратудың жоғары деңгейіне қол жеткізуге ықпал етеді.
Өңірде атом стансаларына арналған отын, бериллий, тантал және олардың негізінде өнім шығаратын бірегей өндіріс бар. «Үлбі металлургия зауыты» АҚ-ның (бұдан әрі- «ҮМЗ» АҚ) әлемдік деңгейдегі ғылымды қажет ететін өнім әзірлеу және дайындау саласында жарты ғасырдан астам өндірістік қызмет тәжірибесі бар.
2006 жылы «Үлбі металлургия зауыты» акционерлік қоғамы Курчатов қаласында Қаражал кенішінде флюорит кенін өндіретін жобалық қуаты жылына 100 мың тонна байыту фабрикасын салып бітіріп, пайдалануға берді, ол «ҮМЗ» АҚ тантал өндірісімен қамтамасыз етуге арналған плавик қышқылы өндірісі үшін арзан шикізатпен қамтамасыз ететін флюорит концентратын алуға ықпал етеді, бұл түпкі өнімнің өзіндік құнының арзандауына мүмкіндік береді.
Бағдарламаның іске асырылуының басталуымен өңірдің машина жасау саласы орнықты позиция ала бастады. Машина жасаудың өңдеу өнеркәсібі өнімін өндірудің жалпы көлеміндегі үлесі 2004 жылы 10% болса, 2008 жылдың қорытындысы бойынша 16%-ды құрады. Өңдеу өнеркәсібіне үлесі бойынша сала металлургия өнеркәсібінен кейін екінші орынды алды.
Аталған саланың дамуында 2003 жылы іске қосылған Азия Авто авто құрастыру зауытының едәуір маңызы бар. 2005 жылғы сәуірде кәсіпорынның конвейерінен алғашқы инжекторлық «Нива» ВАЗ-21214 шығарылды, олардың конструкциясы экология бойынша «Евро – 2» халықаралық нормативтік талаптарына сәйкес келеді, ал тамыз айынан бастап Skoda Octavia автомобилін құрастыру басталды. 2006 жылы Skoda Superb маркалы автомобиль жасау қолға алынды. 2007 жылы «Азия Авто» АҚ оңтүстік корейлік General Motors корпорациясы бөлімшесінің Chevrolet автомобилі өндірісін іске қосты.
2007 жылы Семей қаласында «Daewoo Bus Kazakhstan» ЖШС қалалық және қала маңына қатынайтын «Daewoo» маркалы автобустар шығаратын алғашқы қазақстандық зауытты пайдалануға берді. Машиналар Евро-2 халықаралық экологиялық стандарт талаптарына сәйкес келетін қозғалтқышпен жарақтандырылған.
2004 жылы «Өскемен конденсатор зауыты» АҚ «Техника-экономикалық сипаттамасын жақсарту есебінен өндірілетін өнім көлемі мен сапасын арттыру үшін құрал-жабдықтарды модернизациялау және жаңарту» жобасын (жоба құны 56,3 млн. теңге) іске асырды.
«Шығысмашзауыты» АҚ бұрғылау құралын шығару өндірісін іске қосты. Бәсекеге қабілетті бұрғылау коронкасы мен шарошкасын жасап шығару үшін кәсіпорында өндірісті техникалық қайта жарақтандыру жүргізілді. Жоғары технологиялық құрал-жабдық (Германия) сатып алынып, орнатылды. Желінің қуаты әлемдік долота өндірісінің 5%-ын қамтамасыз етуге ықпал етеді.
«Өскемен арматура зауыты» АҚ өндірілетін өнім номенклатурасын кеңейтуге ықпал етіп, оның сапасын арттыруға және экспорт көлемін ұлғайтуға ықпал еткен жаңа технологияны енгізді.
«КЭМОНТ» АҚ 2006 жылы электр техника бұйымдарын полимерлік бояу конвейерлік жүйесі бар цехті іске қосты. 2007 жылы кешенді трансформаторлық кіші стансалар дайындайтын цех пайдалануға берілді, заманауи құрал-жабдық сатылып алынды.
«Казэлектромаш» ЖШС 2007 жылы ұзын кесінді кәбіл шығаратын құрал-жабдығын орнатты.
Тамақ өнімдерін өндіру өңдеу өнеркәсібі өнімі көлеміндегі дәстүрлі екінші орыннан үшінші орынға ауысты. 2008 жылы саланың өңдеу өнеркәсібіне үлесі 14,7 % құрады, бұл 2004 жылға қарағанда 2,6 пайыздық тармаққа төмен.
Тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі тауар өнімінің көлемі 2008 жылы 50,3 млрд. теңге, табиғи көлем индексі 102% болды. Қайта өңдеу өнімі көлемінің өсімі 2004 жылғы деңгейге қарағанда 80,2% құрады. 2004-2008 жылдар аралығында қайта өңдеу кәсіпорындарын дамытуға, техникалық қайта жарақтандыру мен модернизациялауға 8 млрд. теңгеден астам инвестиция жұмсалды.
Бағдарламаны іске асырудың өткен кезеңінде «Май» АҚ, «Украинская» ЖШС-нің сүтті кешенді және түпкілікті қайта өңдеу зауыты, «КазРуно» АҚ, «Былғары-тері комбинаты» ЖШС, «Тамила плюс» ЖШС, «Әділ» АҚ, «Сейнар» ЖШС-нің ұн тарту өндірісі, «Зашита элеваторы» ЖШС-нің, «Шығыс Қазақстан ұн тарту-құрама жем зауыты» АҚ, «Шығыс диірмені» ЖШС қайта жаңғырту және техникалық қайта жарақтандыру жүргізді, Өскемен құс фабрикасы мен Прииртыш бройлер фабрикасында қайта жаңғырту және қайта жарақтандыру жүргізілді, «Черемшанка бройлері» ЖШС жаңа құс фабрикасы іске қосылды.
Минералды су құю «Зайсан сулары» ЖШС, «Балық Продукт Восток» ЖШС, «ВК Аргонавт» ЖШС-нің етті қайта өңдеу цехі, «Кулангиева» ЖШС-нің сүт қайта өңдеу цехі, «Плюс» ЖШС-нің картопты қайта өңдейтін цехі, «Рауан» ЖШС-нің мал сою және етті қайта өңдеу өндірісі, Катоқарағай, Зайсан, Абай аудандарында мал сою цехтары, Бесқарағай, Жарма аудандарында астықты қайта өңдеу, Зырян ауданы «Тенар» ет қайта өңдеу кешені, Ұлан ауданы «Пролетарка» кондитер бұйымын өндіру желісі, «Семей ет комбинаты» ЖШС-нің шұжық өнімдерін шығару желісі, Ұлан ауданы «Таң» ЖШС-нің күнбағыс майын өндіру желісі, Өскемен қаласының сүт зауыты, «Приречное агрофирмасы» ЖШС-нің көкөністі қайта өңдеу өндірісі, Өскемен қаласы «Қанжар» ЖШС-нің заманауи тоңазытқыш құрал-жабдығы бар жылжымалы мал сою пункті өндірістері пайдалануға берілді.
«Ұлан» Өскемен ет шұжық зауыты» ЖШС-де, Семей ет комбинатында «халал» өнімін өндіретін, түпкілікті қайта өңдеу технологиясы әзірленіп енгізілді.
Құрылыс саласының серпінді дамуы құрылыс материалдары өндірісі көлемінің артуына әсер етті. 2008 жылы құрылыс материалдары өнеркәсібінің үлесі 2004 жылмен салыстырғанда екі есеге жуық артып, өңдеу өнеркәсібі өнімі жалпы көлемінің құрылымында 10%-дан артық болды.
Серебрянск қаласында «Белуха» АҚ-да 2005 жылы жергілікті шикізат негізінде дисперстік импорттық қоспаларды қоса отырып, құрғақ құрылыс қоспасын өндіретін жаңа зауыт іске қосылды.
«Бұқтырма цемент компаниясы» АҚ 2006 жылы «Меллерс» фирмасының орап салу құрал-жабдығын сатып алып орнатты. Жабдықтың өнімділігі сағатына 1200-1800 қап. Технологиялық желіге қайта жаңғырту жүргізілді.
2006 жылы Зырян ауданында «Востокпроммонтаж» ЖШС металл конструкциялары мен стандартты емес құрал-жабдық дайындау цехі жұмысын бастады.
2007 жылы «Восток-Универсал» ЖШС Глубокое ауданында қуаты жылына 250 мың шаршы метр минерал-мақта бұйымын шығаратын «Изотем» минерал-мақта бұйымдарын шығаратын зауытты пайдалануға берді.
2006 жылы Зырян ауданында «Востокпроммонтаж» ЖШС металл конструкциялар мен стандартты емес жабдық жасап шығаратын цех жұмысын бастады.
2007 жылы Глубокое ауданында «Восток-Универсал» ЖШС қуаты жылына 250 мың текше метр минерал мақта бұйымдарын шығаратын зауытты іске қосты.
«Силикат» АҚ жаңа технологиялық желілерді іске қосты, технологиялық үдерістерді модернизациялау және оңтайландыру жұмыстарын жүргізді.
«Восток–Росс–Комплект» ЖШС жұмыс істеп тұрған зауыт қуатын жылына 18 млн. дана кірпішке арттырды.
2008 жылы «Эскор» ЖШС «Семей қаласында қуаты жылына 44 млн. дана жақсартылған қыш кірпіш өндіретін зауыт салу» жобасын іске асырды. «КVARTA» ЖШС қуаты жылына 50 млн. дана қыш кірпіш шығаратын өндірісті игерді. «ALINA PRO» ЖШС филиалында қуаты жылына 300 тонна құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін жаңа технологиялық желі іске қосылды, «Alina Semey» ЖШС қуаты жылына 80 мың тоннаға жуық жұқа ұнтақталған толтырғыштар өндірісін ашты.
Ағаш өңдеу және целлюлоза-қағаз өнеркәсібі. Өңдеу өнеркәсі өндірісінің жалпы көлеміндегі үлес салмағы жыл сайын қысқаруда және 2008 жылдың қорытындысы бойынша 1,9% (2004 жылы - 2,4%) ғана құрады. «Иртыштранстрой» ЖШС, «Жаңасемейшпалзауыты» АҚ, «Өскемен жиһаз комбинаты» ЖШС саланың жетекші кәсіпорындары болып табылады, кәсіпорындарының көбі - шағын бизнес субъектілері. Қазіргі уақытта аталған саланың дамуы облыс аудандарында ағаш өңдеу және түрлі тақта материалдарын өндіру жөніндегі шағын цехтарды жасақтаумен сипатталады. 2005 жылы «Қазполиграф» ЖШС көп қабатты материалдар дайындауға арналған учаскені пайдалануға берді, ал ол өз кезегінде тамақ өнеркәсібі мен тұрмыстық химия кәсіпорындарына арналған орама бұйымдарын шығаруға мүмкіндік береді.
Химия өнеркәсібі. Саланың жетекші кәсіпорындары - «Орика-Қазақстан» АҚ, «Серебрянск бейорганикалық өндірістер зауыты» ЖШС, «Интеркам-Восток» ЖШС, «Ертіс сирек жер компаниясы» ЖШС.
2005 жылы «ЛИК» ЖШС ғылыми-өндірістік фирмасы полимербетон және шыныпластикалық бұйымдар жасап шығаруда пайдаланылатын полиэфир шайырын өндіруді бастады. «Орика-Қазақстан» АҚ жаңа жарылғыш заттар түрлерін (набелит) шығару өндірісін игерді.
2006 жылы «Семей кәбіл зауыты» ЖШС-де лактау-сырлау өндірісі іске қосылып, 2007 жылы 447 тонна лак және сыр өнімі өндірілді.
«Азот» ӨК-нің (Курчатов қаласы) негізгі қызмет түрі криогенді сұйықтық пен газ (азот, оттегі, ацетилен, аргон) өндіру болып табылады. Аргон-доғалық дәнекерлеу кезінде қара металдардың дәнекер жіктерінің сапасын арттыру мақсатында кәсіпорында «аргон + көмір қышқылы» дәнекер қоспалары өндірісіне арналған жабдық жасап шығарылды. Газ қоспасы баллондарының партиясы шығарылды. Жиілігі жоғары газ тектес аргон өндірісі жолға қойылған. Криогенді ыдыстарды зерттеудің аккустикалық-эмиссиялық әдісі үшін жабдық сатып алынып, қысыммен жұмыс істейтін криоген ыдыстар мен сауыттардың пайдалану мерзімін ұзарту мүмкіндігі пайда болды.
Жеңіл өнеркәсібі. Өңдеу салаларының өнеркәсіп өнімдері өндірісінің жалпы көлеміндегі жеңіл өнеркәсіптің үлесі жыл сайын қысқаруда. 2008 жылдың қорытындысы бойынша жеңіл өнеркәсібі өңдеу кешені құрылымында 1 %-дан кем құрады (2004 жылы – 1,2%).
«НИМЭКС-Текстиль» ЖШС сомасы 2,7 млрд. теңге қуаты жылына 8,4 млн. қума метр мата өндіретін «Тоқыма өндірісін қалпына келтіру және модернизациялау» жобасын енгізді. Жаңа құрал-жабдықтар мен жаңа технологияларды енгізу жеке мақта иірімжібі және оның полиэстермен қоспасы, капрон жібі өндірісі есебінен өнім түрін кеңейтуге, мата бояу сапасын жақсартуға және мата шығару көлемін жылына 6 млн. қума метр арттыруға мүмкіндік берді. Матаны жазылған жайма үстінде бояу үшін орнатылған жаңа импорттық құрал-жабдық пен матаға сурет түсіруге арналған баспа құрал-жабдығы мата бояу сапасын едәуір жақсартты. Бүгінгі күнде «НИМЭКС-Текстиль» ЖШС Қазақстан Республикасында көп компонентті қоспа мата өндіретін жалғыз өндіруші болып табылады.
«КазРуно» АҚ құны 1,0 млрд. теңге «Жартылай жуан, жіңішке жүнді және ангор дайындау, бастапқы өңдеу және шикізатты сату» жобасын енгізді. Жаңа технологиялық құрал-жабдық жеткізілді. Топс шығару жөніндегі жылдық қуатты 1200 және аппараттық иірімжібін 600 тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр.
«Роза-валяльно-войлочный комбинат» ЖШС авиациялық киіз шығаратын цехті іске қосты.
2007 жылы Семей қаласында «ZAVAst» ЖШС «ҚДБ - Лизинг» АҚ-ның қатысуымен бұрынғы Семей жүнді бастапқы өңдеу фабрикасының базасында экспортқа бағдарланған тоқыма бұйымдары өндірісін іске қосты. Кәсіпорынның қуаты – жылына 250 мың бірліктен астам тоқыма бұйымы. Өнімдер ішкі және сыртқы рынокқа бағдарланған.
Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру. Бағдарламаны іске асырудың өткен кезеңінде өңдеу өнеркәсібі өнімінің жалпы көлемінде аталған саланың үлесі 2004 жылы 0,5% болса, 2008 жылы 1,1%-ға өсті. 2004 жылмен салыстырғанда резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісінің көлемі 2008 жылы 4 есе артып, 3,9 млрд. теңгені құрады.
2006 жылы «ВГ-Пласт» бірлескен кәсіпорны» ЖШС «Пластмассаларды экструзиялайтын зауытты пайдалануға беру» жобасын іске асырды және полимерлер мен туындылардан жасалған терезе тақталарын шығаратын 1 –ші желі және 2007 жылы қуаты айына 20 мың шаршы метр екінші желі іске қосылды. Жобаға 1,5 млн. АҚШ доллары салынды, 120 жұмыс орны ашылды.
2007 жылғы қазанда «ПолиПласт» ЖШС «Полиэтилен ыдыстар мен пластмасса бұйымдар өндірісін құру» жобасын аяқтап, сыйымдылығы 10 және 5 литр полиэтилен канистралар шығара бастады, технологиялық желінің жобалық қуаты тәулігіне 800 дана 10 литрлік канистра және 450 дана 5 литрлік канистра шығаруға мүмкіндік береді. 30 жұмыс орны ашылды.
3.2. Кластерлік бастаманы іске асыру
2006 жылдан бастап ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және өңдеудің интеграцияланған құрылымы ретінде тамақ кластерін құру жөнінде жұмыс жүргізіліп келеді.
«Шығыс Сүт» ЖШС корпорациясы базасында сүт кластерін құру жүргізілуде, ол 8 аудандық кластерлік бірлестікті біріктіреді, онда сүтті кешенді өңдейтін зауыттар орналасқан. Облыстағы сүт өнеркәсібі табиғи, ашыған сүт өнімдерінің кең ассортиментін, тоң май, балмұздақ, табиғи мәйекті ірімшік, балқытылған ірімшік, майы айырылған ірімшік өндіретін технологиялық құрал-жабдықпен жарақтандырылған. Сүт кластерінде жеке меншік сүт тапсырушылармен байланысты анықтап, тауар ағынын айқындай отырып, аудандық звено құрылымы, локалды рынок пен тауар қозғалысын зерттеу ұйымдастырылған.
Сүт кластерін дамыту аясында 2007 жылдан бастап облыста «Ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, оны қайта өңдеу жөнінде тігінен ықпалдасқан құрылым жасақтау» серпінді жобасы іске асырылуда. Аталған жобаны іске асыру барысында Өскемен қаласы сүт зауытына технологиялық қайта жарақтандыру жүргізіліп, кластердің барлық кәсіпорнын орау материалымен қамтамасыз ететін сүт құятын қаптама цехі ашылатын болады. Жобаны іске асыру нәтижесінде тәулігіне қосымша 10 тоннаға дейін табиғи сүт өндіріледі.
Сүт кластері құрамына кіретін үш сүт өндіруші кәсіпорынға 2008 жылы «Сүт белдеуін құру» бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттен 70 млн. теңге кредиттік ресурс берілді. Сүт кластері аясындағы тауарлы өнім көлемі 2008 жылы 318,3 млн. теңгені құрады.
Май-тоң май кластерін қалыптастыру май-тоң май өнеркәсібі кәсіпорындарының қатысуымен жүзеге асырылады. Аталған класатерде «Май» АҚ-мен облыстың астық белдеуінде орналасқан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жетекші звено болып табылады. Май-тоң май кластеріне қатысушылар құрамына «Май» АҚ қалыптастырушы сала кәсіпорны, «Майлы дақылдар» тәжірибе шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі ҒЗИ, Алматы және Қарағанды маргарин зауыттары, астық өндіретін барлық аудандардың элеваторлары, күнбағыс майлы тұқымы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері, машина жасау кластері кәсіпорындары, ауыл шаруашылығы техникасымен, қосалқы бөлшектермен және жанар-жағармаймен қамтамасыз ету кәсіпорындары кіреді.
Май-тоң май кластерінде заңды тұлғалар мен ауыл шаруашылығы өнеркәсібінің шағын кәсіпкерлік субъектілері, ыдысқа құю, ауыл шаруашылығы машинасын жасау, күнбағыс тұқымын дайындау және сақтау жүйесі кәсіпорындары арасында шарттық қатынастар анықталды. Май-тоң май кластері бойынша 2008 жылы тауар өнімінің көлемі 93,3 млн. теңге болды.
«Семей ет комбинаты» ЖШС сала қалыптастырушы кәсіпорны базасы негізіндегі ет кластеріне дайындау пункттері желісі мен ірі мал шаруашылығы шаруашылықтары кіреді. Ет кластері аясында 2008 жылы 4 шаруашылық бордақылау алаңын құру үшін 48 млн. теңге, 5 шаруашылық мал сою және мал шаруашылығы өнімін бастапқы өңдеу кешенін құруға 115 млн. теңге кредит алды.
Сонымен қатар, облыста өңірлік салалық кластерлік өндіріс звеносын құру жөнінде жұмыстар жүргізілуде. 2008 жылы ара шаруашылығы өнімін өндіру және бастапқы қайта өңдеу өндірісінің кластерлік кәсіпорындарын құру үшін Катонқарағай ауданы «Импульс – ЖЗЖ» ЖШС-на 10 млн. теңге бөлінді.
«Қазбалық» ЖШС базасында кластерлік бастаманы дамыту мақсатында Тарбағатай ауданында «Қазбалық», «Зайсан балықшылары», «Зайсан Ертіс», «КМZ», «Баршатас» ЖШС-лары мен «Әйгерім» шаруа қожалығы қатысатын ұйымдастырушылық жұмыстары жүргізілуде.
3.3. Корпоративтік көшбасшылар қалыптастыру және
серпінді жобаларды іске асыру
2007 жылы облыста серпінді жобалар тізбесі анықталды, олардың ішінде 5-ін «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы қарашадағы № 1097 қаулысымен бекітілген бағдарлама аясында іске асыру үшін Экономиканы модернизациялау жөніндегі мемлекеттік комиссия мақұлдады:
«Қазмырыш» АҚ – «Өскемен қаласында қуаты жылына 70 мың тонна катодты мыс шығаратын мыс балқыту және электролиз зауытын салу». Жобаның құны 336,9 млн. АҚШ доллары. Жобаны іске асыру кәсіпорынның тау-кен байыту мүмкіндіктерін металлургиялық қуаттармен теңгеруге ықпал етеді. Жоба мемлекеттік ресурс сақтау саясаты талаптарына жауап береді, өйткені, жаңа технология қосымша металл өндіруге жәрдем етеді. Жобаны іске асыру нәтижесінде күкірт диоксиді тастандылары жылына 13 мың тоннаға (2005 жылғы деңгейден 40%-ға) азаяды.
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС – «Аягөз ауданында қуаты жылына 60 млн. тоннадан астам кен өндіретін Ақтоғай тау-кен байыту комбинатын салу». Жобаның құны 1,5 млрд. АҚШ доллары. Бүгінгі күнге әлемдегі осындай ірі жобалардың бірі болып табылатын салынып жатқан алыптың өнімділігі – жылына 50-65 млн. тонна кен. Алынған мыс концентратынан ТМД елдерінде өндірілетін осыған ұқсас өнім тазартылған мыс алынатын болады. Мыс өндіру көлемі жылына 600 мың тоннаға жетеді деп күтіліп отыр. Ақтоғай ТКБ-да мысты үймелеп шаймалау технологиясы алғаш рет қолданылатын болады. Кен шикізатын кешенді пайдалану технологиясы жер қойнауын сақтауға бағытталған, бұл әлемдік экономикадағы негізгі бағыттардың бірі болып табылады.
«Үлбі металлургия зауыты» АҚ – «Жоғары сыйымды тантал ұнтағы өндірісін ұйымдастыру». Жоба құны -5,3 млрд. теңге. 2008 жылғы желтоқсанда өндірістік кешен кешенді сынақ үшін пайдалануға берілді. 2009 жылдың екінші жартыжылдығында жоғары сыйымды тантал ұнтағы өндірісін өнеркәсіптік пайдалануға беріп, 2015 жылға қарай жобалық қуатына- жылына 73 тоннаға дейін ұнтақ шығару жоспарланып отыр. Кәсіпорын 96 жаңа жұмыс орнын ашты. Жобаны іске асыру Қазақстанның электрондық өнеркәсібін қалыптастырудағы алғашқы қадам болып табылады. Бұдан басқа, бұл қызмет ғылымды дамытудың жаңа бағыттарын қалыптастыруды қажет етеді, республикада тантал металлургиясы мен оның қоспаларын дамыту үшін ынталандырушы болып табылады.
Экономиканы модернизациялау жөніндегі Мемлекеттік комиссия мақұлдаған жобалардан басқа, өнеркәсіптің өңдеуші салаларында іске асырылатын тағы үш серпінді жоба іске асыру сатысында:
«Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ – «Титан құймалары мен қорытпасын өндіретін зауыт құрылысы». Жоба құны 8,5 млн. теңге. Жобаны іске асыру нәтижесінде қазақстандық титан шикізатының өз минералдық шикізаттық базасы бар толық технологиялық циклді интеграцияланған кәсіпорын болып шығады. Жоба комбинат қуаттылығында аэробусқа арналған бөлшектер өндірісін ұйымдастыру үшін негіз болып табылады.
«Қазақцемент» ЖШС – «Жарма ауданында қуаты жылына 1 млн. тонна цемент шығаратын цемент зауытының құрылысы». Жоба Қазақстан Даму Банкімен бірлесіп іске асырылуда. Жоба құнының (50 млн. АҚШ доллары) 2/3 (75 млн. АҚШ доллары) аталған даму институтының бірлесіп қаржыландыруы. 2008 жылы жобаның сметалық құны 130 млн. долларға дейін артты. Цемент зауытын салу зауыттың негізгі шикізат кенішіне (әктас, саз балшық, гипс және т.б) жақын болуына байланысты өнімнің өзіндік құнын едәуір төмендетуге ықпал етеді.
«Азия Авто» АҚ – «Өндірістік бағдарламаны кеңейту. Дәнекерлеу және сырлау өндірісін және автомобильдерге сервистік қызмет көрсетуді дамыту». Жоба құны 21,6 млрд. теңге. 2008 жылы кәсіпорын Skoda A5 жаңа моделін жасап шығаруды игерді. Инвестициялар 250 млн. теңгені құрады. GM Corp премиум сегментінің HUMMER, Cadillac солтүстік американдық бренді автомобильдерін шығару өндірісіне дайындық жүргізілуде.
Өнеркәсіптің серпінді жобаларын іске асыруға 80 млрд. теңге инвестиция салынды. 2007 жылы 2 серпінді жобаны іске асыру толығымен аяқталды, 2 машина жасау жобасы бойынша бірінші кезең іске асырылуда. Салынған инвестициялардың жалпы көлемі 5,9 млрд. теңге болды, 500-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды. Ашық өндірістер өңір экономикасының дамуына өз үлесін қосуда:
Глубокое кентіндегі «Изатем» минерал-мақта бұйымдары зауыты 2008 жылы 1291 млн. теңгеге әртүрлі маркадағы 123 мың шаршы метр минерал тақталарын шығарды.
«Секисов» алтын өндіру фабрикасы және байыту кешені 1,3 млрд. теңгеге 1225 кг Доре қорытпасын өндірді.
2008 жылы «Азия Авто» АҚ 1,6 млрд. теңгеге General Motors корпорациясының оңтүстік корейлік бөлімшесінің 593 Chevrolet автомобилін шығарды.
«Daewoo Bus Kazakhstan» ЖШС 2008 жылы 88 автобус жинады, тауар өнімінің көлемі 601,9 млн. теңге құрады.
3.4. Инвестициялар және оларды тартудың негізгі механизмін қолдану
Өңдеу өнеркәсібі дамуындағы оңды серпін бәрінен бұрын, жаңа өндірістер құруға, қолданыстағы кәсіпорындарды модернизациялауға бағытталған инвестициялар көлемін жыл сайын ұлғайтуға байланысты, бұл өндірілетін өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сондай-ақ, импорт ауыстырушы жаңа тауар өндірісін игеруге ықпал етеді (4 қосымша).
2008 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 141,3 млрд. теңгеге жетті, оның 59% өнеркәсіпке салынды. 5 қосымшаға сәйкес, 2008 жылы өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестициялар 2007 жылмен салыстырғанда 1,4 есеге артып, 51,5 млрд. теңгеге жетті (5 қосымша).
Шикізат бағасының әлемдік тартымды конъюктурасына қарамастан, Бағдарламаны іске асырудың соңғы бес жылдық талдауына сүйенетін болсақ, өндіруші сектор өңдеу өнеркәсібімен салыстырғанда инвестициялар салу үшін тартымды сектор бола алған жоқ.
Бағдарламаны іске асырудың өткен кезеңінде облыста 30 бірқатар ірі инвестициялық жоба іске асырылды, өнеркәсіптің өңдеу салаларында жаңа өндірістер ашылды.
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясының бірінші кезеңін іске асыру аясында мемлекетте «Самрұқ-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-на кіретін даму институттары құрылды. Тұтастай алғанда, даму институттарының 2004-2008 жылдар кезеңіндегі қызметі оң нәтижелер берді - облыс бойынша даму институттары 21 инвестициялық жобаны қаржыландырып, мақұлдады.
Даму институттарының қызмет еткен барлық мерзімінде даму институттарының қатысуымен іске асырылған жобаларды пайдалануға беру саны бойынша Қазақстан Республикасының басқа өңірлері арасында Шығыс Қазақстан 5 орында тұр, бұл 6 қосымшада көрсетілген.
Бүгінде инвестициялар тартуда белсенді дайындалып жатқан формалардың бірі қор нарығы болып табылады. Қазақстан қор нарығына 2007 жылы шыққан «Азия Авто» АҚ, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ сияқты облыс кәсіпорындарына қосымша 2008 жылы «Өскемен арматура зауыты» АҚ, «Үлбі металлургия зауыты» АҚ, «Өскемен құс фабрикасы» АҚ сауда алаңының эмитенттері болды. Жоғарыда аталған бес кәсіпорынның құнды қағаздары Қазақстан қор биржасының ресми тізіміне енгізілді.
Облыс кәсіпкерлері мемлекеттегі қазіргі бар инвестициялық қызметті қолдау тетігін белсенді пайдалануда. Шығыс Қазақстанның кәсіпорындары Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитетімен Экономиканың басым салаларында 33 жобаны іске асыру кезінде жеңілдіктер мен преференциялар алуға Келісім-шарт жасасты, оның 21-і қолданыстағы жоба.
Сапалы бәсекеге қабілетті өнім өндіруге бағдарланған кәсіпорындар құру және дамыту мақсатында облыста 2007 жылғы наурыздан бастап Индустриялық аймақтар құру жұмыстары жүргізілуде. Индустриялық аймақтар құру процесіне басшылық жасау үшін облыс әкімдігі «Шығыс Қазақстан өңірлік бизнесті дамыту орталығы» АҚ-ын құрды.
Акционерлік қоғамның Жарғысына және индустриялық аймақтар туралы ережеге сәйкес Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі тұлғасындағы мемлекет облыс әкімінің сертификатын алған инвесторларға жылу, су, электр энергиясы, канализация, байланыс, автомобиль және темір жолдары, әкімшілік ғимараттар сияқты тиісті инфрақұрылыммен жабдықталған учаскелерді бөліп береді. Осы міндеттерді қамтамасыз ету үшін «Шығыс Қазақстан өңірлік бизнесті дамыту орталығы» акционерлік қоғамына облыстық бюджеттен 763 млн. теңге бөлінді.
Индустриялық аймақтардың мамандандырылуы айқындалды:
Ресеймен және Қытаймен шекарадағы төрт кеден өткелінде («Майқапшағай», «Бақты», «Жезкент», «Уба») Шекара маңындағы сауда аймақтары ұйымдастырылатын болады. Аталған аймақтар аумағында сауда алаңдарын, мейманханалар, тамақтандыру пунктерін салу көзделген, яғни, кәсіпкерлердің жұмыс істеп тұруы үшін қолайлы жағдайлар жасалады, қажетті инфрақұрылым дамитын болады.
Өскемен және Семей қалаларындағы «Өркен» мен «Өндіріс» бизнесті дамыту аймақтарының жалпы алаңы 320 га. Аймақтар аумағында инженерлік инфрақұрылым (электр беру желісі, жылумен, сумен қамтамасыз ету, канализация, байланыс), қойма үй-жайларын, теміржол кіреберіс жолдары, автомобиль жолдары, кеңсе үй-жайлары, тұрмыстық қызмет көрсету объектілерін салу көзделіп отыр. Облыс әкімі жанындағы Экономикалық кеңес жобаларды кейіннен индустриялық аймақтарда орналастыру үшін оларды таңдау жөнінде тұрақты жұмыс жүргізуде. 2008 жылдың қорытындысы бойынша индустриялық аймақтар аумағында орналастыру үшін жалпы сомасы 26,893 млрд. теңгенің 27 жобасы мақұлданды. Инвесторлар индустриялық аймақтарда өндірістерді орналастыруға облыс әкімінің сертификатын алды.
Шығыс Қазақстанның индустриялық аймағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1331 қаулысымен бекітілген, Мемлекеттің қатысуымен 2007-2009 жылдары кезеңінде қалыптастырылатын индустриялық аймақтар тізбесіне енгізілді.
«Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын дамытудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1403 қаулысына сәйкес орталығы Семей қаласы болған «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі- Корпорация) құрылды. Өз қызметін жүзеге асыру кезінде Корпорация макроөңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштеріне, аталған көрсеткіштер құрылымының ерекшелігіне зерттеу жүргізді және тартымды негізгі инвестициялық салаларды анықтады. Жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылда Ертіс макроөңірін дамыту жөнінде ұзақ мерзімді жоспарлар әзірленді. Жұмыс істеген уақытында Корпорацияға 100 кәсіпкер жүгінді, олардың ішінде Қазақстанның әртүрлі өңірлерінің ірі кәсіпорындары өкілдері мен шағын және орта бизнес өкілдері, сондай-ақ, Австралияның, Канаданың, Қытайдың, Ресейдің, Финляндияның және басқа да елдердің шетелдік фирмалары бар. Корпорация жер қойнауын пайдалануда, агроөнеркәсіп кешені мен өнеркәсіпте нақты инвесторлар мен әріптестері бар жобаларға қатысу мүмкіндігін қарастырады. Жалпы сомасы 100 млрд. теңгеден астам 30 жоба қарастыру сатысында жатыр.
3.5. Сыртқы экономикалық ынтымақтастық
және экспортты дамыту
Сыртқы сауда айналымы 2008 жылы 3139 млн. АҚШ долларына жетті, бұл 2004 жылғы деңгейден 2 есе жоғары. Экспорт осы мерзім ішінде 1,9 есе ұлғайып, 1666 млн. АҚШ долларын құрады, импорт 2,2 есе артып, 1473 млн. АҚШ долларын құрады (7 қосымша).
Облыста негізгі экспортқа шығарылатын өнім түрлері түсті және сирек жер металдары, уран, тантал және бериллий өнімі болып қалуда.
Сонымен қатар, экспорт құрылымындағы дәстүрлі өнім түрлерімен қатар, 2005 және 2008 жылдармен салыстырғанда машиналар мен жабдықтар жеткізу деңгейі 2,5 есе, металлдар және олардан жасалған өнімдер 2 есе, минералдық өнімдер 2,8 есе артты, химия өнімдері және онымен байланысты өнеркәсіп салаларында болмашы өсім байқалады.
Импорттық түсімнің тауарлық құрылымында жыл сайын өндірістік және өндірістік-техникалық бағыттағы өнім - машиналар, құрал-жабдықтар мен механизмдер (2005, 2008 жылдармен салыстырғанда 2,5 есе), минералдық өнімдер, химия өнімдері үлесінің артуы байқалады, бұл бірінші кезекте экономиканың нақты секторындағы белсенділікпен, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қалпына келтіру және модернизациялаумен байланысты.
Шетел мемлекеттерімен сауда-экономикалық қатынастарды нығайту және тереңдету жөнінде жұмыстар тұрақты негізде жүргізіледі, ресми делегациялармен кездесулер өткізіліп, оның барысында индустриялық-инновациялық даму саласындағы өзара әрекеттестіктің нақты бағыттары пысықталады. 2008 жылы шетел өңірлерінің ресми және іскер топтары делегациялары мен өкілдеріне 18 қабылдау өткізілді. Шығыс Қазақстанда Германия, Норвегия, Жапония, Қытай Халық Республикасы, Үндістан, Польша, Канада, Словакия Республикасы және Ресей Федерациясының өкілдері болып қайтты. 2008 жылдың ішінде облыстың ресми делегациясы Ресей Федерациясы, Қытай Халық Республикасы және Монғолияның шектес өңірлерінде, сондай-ақ, Словакия Республикасы және Оңтүстік Кореяда 6 рет сапармен болып қайтты.
3.6. Инновациялық қызмет және
инновациялық инфрақұрылымды дамыту
Жоғары технологиялық өндірістерді дамыту және инновациялық қызмет өңір экономикасының бұдан әрі дамуының және облыс кәсіпорындары шығаратын өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің артуының негізі болып табылады. Индустрия мен ғылымның арасында өзара әрекеттестік болмаған жағдайда оның келешегі де болмайды. Ғылыми-зерттеу ұйымдарының саны бойынша облыс Қарағанды облысы мен Алматы қаласынан кейін 3 орынға шықты. Республиканың аталған ұйымдарының 12% Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан және олардың саны жыл сайын артып отыр. Ғылыми-зерттеу, жобалау- конструкторлық бөлімшелерінің саны 2004 жылы 55 бірлік, 2005 жылы- 53, 2006 жылы – 89, 2007 жылы- 94 бірлік болды.
Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің жалпы шығыны бойынша республикалық көлемнің 17% Шығыс Қазақстанның үлесіне келеді, облыс аталған көрсеткіш бойынша Алматы және Астана қалаларынан кейін үшінші орынға шығып отыр. Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің жалпы шығыны 2004 жылы 4255,9 млн.теңге, 2005 жылы 4488,6 млн.теңге, 2006 жылы 5787,2 млн. теңге, 2007 жылы 6235,2 млн.теңге құрады.
Жыл сайын облыс кәсіпорындары өндіретін инновациялық өнім көлемі артып отыр. Бағдарлама іске асырыла бастаған жылмен салыстырғанда аталған көрсеткіш 7 есеге артып, 2008 жылдың қорытындысы бойынша сомасы 30 млрд. теңгеден астам инновациялық өнім көлеміне қол жеткізу күтіледі. 2004 жылы инновациялық өнім көлемі 4188,2 млн. теңге, 2005 жылы 11411,9 млн. теңге, 2006 жылы 13747,5 млн. теңге, 2007 жылы 26015,4 млн.теңге болды.
Қазақстан Республикасы инновациялық өнімінің жалпы көлеміндегі Шығыс Қазақстанның үлесі 17% құрады.
Жыл сайын облыс кәсіпорындарының инновациялық белсенділігі деңгейі республикалық көрсеткіштен асып түседі (8 қосымша).
Кәсіпорындардың инновациялық қызметінің негізгі бөлігі жаңа технологияларды, құрал-жабдықтар мен материалдарды енгізуге бағытталған. Жыл сайын технологиялық инновация шығындары артып отырады. Облыстың инновациялық өнімінің негізгі үлесі ядролық материалдар өндірісінің үлесіне ке,леді. «Үлбі метталургия зауыты» АҚ жоғары ғылыми-технологиялық әлеуетке ие. 8 жылда «ҮМЗ» АҚ-ның өнертапқыштары болжанған қызметтік өнертабыстарға 82 өтінім беріп, оның 35-не Қазақстан республикасының және 21-не Ресей Федерациясының қорғау құжаттары берілді. 25 өнертабыс «ноу-хау» режимінде қорғалуда. Өнертабыстарды енгізуден экономикалық тиімділік сомасы 500 миллионға жетті. Аталған кезеңде зауытта 600-ден астам рационализаторлық ұсыныстар беріліп, 464-і енгізілді, 200 млн. теңгеден астам сомадағы экономикалық тиімділікке қол жетті.
Курчатов қаласында салынып жатқан Ядролық технологиялар паркі ядролық және жанама технологиялар саласындағы ғылымды қажетсінетін жоғары технологиялық компанияларды «өсіруге» арналған алаң ретінде болады. 2008 жылы Ядролық технологиялар паркі ЭЛВ-4 өнеркәсіптік жеделдеткіш пен Радиациялық технологиялар кешенінің технологиялық желілерін пайдалануға берді. Жобаға республикалық бюджеттен салынған инвестициялар көлемі 800 млн. теңгеден астам болды. 20 жаңа жұмыс орны ашылды. Заманауи электрон жеделдеткішінің көмегімен полиэтилен және жабын полимерлік материал шығарылатын болады. Болашақта жасанды тері, термоотырғызу пленкалары мен гель өндіру кезінде ядролық энергетиканы пайдалану болжанып отыр. 2004 жылы құрылған «Алтай» өңірлік ғылыми-технологиялық паркі өз қызметін экономиканың ең маңызды салаларында қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкциялық жұмыстарының, сондай-ақ, экологиялық проблемаларды шешуге қатысты бірқатар басым бағыттарын қамтитын кең бейінді инновациялық құрылым ретінде жүзеге асыруда. Оның зертханаларында ақпараттық, ресурс жинақтаушы және экологиялық таза, сондай-ақ, креативті технологиялар бойынша жаңа материалдар өндіру жөнінде жұмыстар жүргізілуде.
Технопарктің инновациялық портфеліне жалпы сомасы 10 млрд. теңгеден астам 47 жоба енгізілген, 15 инвестициялық-инновациялық жоба енгізуге дайын.
«Алтай» технопаркі құрылған кезінен бастап, өндіріске 8 әзірлеме мен жоба енгізілді:
«Заманауи аспап жасау» зертханасы «Ұлттық инновациялық қор» АҚ берген 23,6 млн. теңге сомасындағы грант аясында кен және оның технологиялық қайта өңдеу өнімінінен алтын мен күмісті тура анықтауға арналған асыл металдардың рентгенрадиометрлік флуоресценттік анализаторын әзірлеп, жасап шығарды.
2008 жылғы қаңтарда ресурс және энергия жинақтаушы, экологиялық таза технологиялар бағыты бойынша «Жасанды климат орталығы» ЖШС-нің «Энергия үнемдеу технологиялары» зертханасының базасында мектеп-интернатта жылусорғы қондырғысы орнатылды.
Ультрадыбыспен құю әдісімен бериллий оксидінен қыш бұйымдар алу технологиясы әзірленді, жоба «Альтрейд» ЖШС-де өндіріске енгізілді.
Құрамында күкірті бар қалдықтар қосылған асфальт-бетон және құйылған асфальт-бетон қоспасын жасап шығару технологиясы әзірленді, тәжірибелік-экспериментальдық учаске салынды.
«Ақпараттық теңсіздікті жоюға арналған инновациялық шешімдер» (DVD аппаратурасы негізіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардағы жаңа құрал), «Ақпараттық-коммуникациялық оқыту сыныбы» пайдалы моделіне патент берілді. Ескі компьютерлік сыныптарды модернизациялау тақырыбы бойынша облыс мектептерінде сомасы 13,9 млн. теңгенің жұмысы орындалды.
«Мультимедиатехнологиялар» зертханасында бейнедәрістерді қоса отырып, жалпы білім беру және арнайы пәндер бойынша 15 электрондық мультимедиялық оқу құралын әзірленді.
«GPS-технологиялар және кадастр» зертханасы Новосібір мемлекеттік геодезиялық академиясы және «Шығыс-кадастр» шағын кәсіпорнымен бірлесіп, Шығыс Қазақстан облысының жолдарын паспорттау (Северное кентіне дейінгі учаске) жөніндегі жұмысты орындауда.
«Құрылыс материалдарын өндіру инновациялық технологиялары» зертханасы ҮМЗ АҚ-мен шарт бойынша 1,0 млн. теңгеге фторгипстен тұтқыр гипс алу технологиялары мен рецептурасын әзірлеу жұмыстарын орындады.
Сондай-ақ, «Алтай» өңірлік ғылыми-технологиялық паркі патент алуға 11 өтінім жолдады, оның ішіндегі екеуіне оң шешім және екеуіне уақытша патент берілді.
«Арматура зауыты» АҚ-да «Кері бекітпе», «Сына ысырма» патенттелген өнертабыстар және «Кері көтергіш клапан» және «Кері бекітпе (клапан)» тәжірибелік тобы бойынша сериялық өнім шығару жолға қойылған.
«МАВРА» ЖШС-нің «Ұңғымаларды пневматикалық зарядтау тәсілі және оны жүзеге асыруға арналған құрылғы» өнертабысы өндіріске енгізіліп, «Қазақмыс» корпорациясының Шығыс Қазақстан мыс-химия комбинатының ашық кеніштерінде, «Қазмырыш» АҚ кеніштерінде (Риддер және Зырян тау-кен байыту кешендері) пайдаланылады. Жалпы патенттелген өнертабыстарды пайдалана отырып, 60 данадан астам машина жасап шығарылды.
«КЭМОНТ» АҚ 8 пайдалы модель мен 3 өнеркәсіптік үлгіні өндіріске енгізді.
3.7. Электр энергетикасын дамыту
Облыста үлкен энергетикалық әлеует бар, ол Республикада өндірілетін электр энергиясының шамамен 15%-ын құрайды. Облыстың өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінде энергетикалық кешеннің үлес салмағы 12,3%-ды құрайды.
2008 жылы Шығыс Қазақстанда 7,27 млрд. кВт.сағат электр энергиясы өндірілді, бұл 2004 жылдың деңгейіне сәйкес келеді және 2007 жылдың деңгейінен 6,8%-ға төмен болып табылады. Құрғақшылық болған жылдарға байланысты Бұқтырма су қоймасын толтыру төмендегеніне байланысты ГЭС электр энергиясын өндіруді төмендетті.
2008 жылы облыс бойынша электр энергиясын тұтыну 2004 жылдың деңгейімен салыстырғанда 13%-ға өсіп, 8,14 млрд. кВт.сағ. құрады.
2005 жылдан бастап электр энергиясын тұтыну көлемі электр энергиясын өндіру көлемінен артып отыр, облыс бойынша электр энергиясы тапшылығының тұрақты өсу тенденциясы байқалып отыр. 2008 жылы электр энергиясы тапшылығы 2004 жылдың деңгейінен 3,6 есе артып, 1,28 млрд. кВт.сағ. құрады.
2008 жылы облыстан тыс жерлерден 2,9 млрд. кВТ.сағ. алынды немесе 2004 жылдың деңгейінен 6,8 есе көп болып табылады. Бұл ретте, электр энергиясын облыстан тыс жерлерге жіберу байқалады, ол 2008 жылы 1724 млн. кВт.сағ. құрады, бұл 2004 жылмен салыстырғанда 9 қосымшаға сәйкес шамамен 4 есеге көп болып табылады.
Энергетика кәсіорындары бойынша негізгі капиталға инвестициялар 2008 жылы 4,495 млрд. теңге құрады немесе 2004 жылға қарағанда 2,5 есе артық (10 қосымша).
2004-2008 жылдар аралығында мынадай жобалар іске асырылды: Риддер ЖЭС-да қуаты 12 МВТ 2 трубина пайдалануға берілді, Өскемен ЖЭС және Согра ЖЭС күл үйінділерінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді, Өскемен қаласында жылу магистралі пайдалануға тапсырылды, Төмендету-күшейту сорғы станциясы пайдалануға берілгеннен кейін Өскемен ЖЭС-нан сол жағалауға жылу беру жобасы аяқталды. «Қазмырыш» АҚ Бұқтырма СЭС – Риддер ВЛ-110 кВ электр тасымалдау желісін салу басталды. 2006 жылдан бастап Семей қаласын жылумен жабдықтау жобасы іске асырылуда. Жобаны іске асыру бойынша 3 жылда барлығы сомасы 7,6 млрд. теңге республикалық бюджет қаражаты игерілді.
Отын-энергетика ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі істер жағдайын талдау шығарылатын өнімнің энергияны қажет ететін аса жоғары үлесін, коммуналдық-тұрмыстық секторда отын-энергетика ресурстарының аса көп шығындалуын көрсетіп отыр. Энергия көздерінде өз қажеттілігіне энергияны пайдалану деңгейі жоғары, ол кей кезде рұқсат етілген деңгейден асып түседі (өндірілетін көлемнің 5%). Қалыптасқан электр энергиясы тапшылығы жағдайында энергия ресурстарын пайдалану тиімділігі, қалпына келетін жаңа баламалы энергия көздерін енгізу мәселелері бірінші орынға шығуда және облыстың орнықты индустриялық-инновациялық даму жолдарының бірі болып табылады.
3.8. Көлік инфрақұрылымдық даму
Өңірдің транзиттік әлеуетін дамыту мақсатында пилоттық инфрақұрылымдық жобасы аяқталды, оны іске асыру «Шар-Өскемен» темір жолының құрылысы - концессиясы схемасының негізінде жеке инвесторларды тарту жөніндегі әлемдік тәжірибе пайдаланыла отырып, жүзеге асырылды. Ұзындығы 151 шақырым «Шар-Өскемен» темір жолының құрылысы 2005 жылғы тамызда басталып, 2008 жылғы 11 желтоқсанда жол уақытша пайдалануға берілді. Теміржолды пайдалануға беру тасымалдау қашықтығын 330 шақырымға, ал жүктер мен жолаушыларды жеткізу уақытын 12-14 сағатқа қысқартады.
Бағыт мемлекеттік шекараны екі рет кесіп өтуді және кедендік үдерістерден өтуді болдырмайды. Жоспарланған жүк ағыны – жылына 7-9 млн. тонна. Теміржол Кенді Алтайдың теміржол торабын (Өскемен, Риддер, Зырян) Шар стансасы аумағында «Түрксіб» транзиттік магистралімен қосады және Шығыс Қазақстаннан Республиканың басқа өңірлеріне Ресей аумағына бармай жеке теміржол желісі арқылы баруды қамтамасыз етеді. Жоба «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ қолдауымен жүзеге асырылды.
2004-2008 жылдар аралығында барлық деңгейдегі бюджеттерден жергілікті маңызы бар жолдарға 7 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді. Қаражат облыстың автожолдарын салуға, күрделі және ағымдық жөндеуге жұмсалды. Талдау жүргізіліп отырған кезеңде облыста Өскемен қаласының Жеңіс даңғылы, «Ақсуат – Шыбынды – Бәкей» автожолы, Риддер қаласының айналмалы жолы салынды, «Казнаковка – Казнаковка өткелі», «Вавилоновка – Шемонаиха» автожолдарындағы көпірлерге күрделі жөндеу жүргізу жүзеге асырылды. Зайсан қаласында Жеменей өзені арқылы жаңа көпір пайдалануға берілді. «Өскемен – Тарғын – Самар», «Вавилоновка – Шемонаиха», «Преображенка - Воздвиженка», «Семей – Курчатов», «Бобровка – Нұртау шаңғы базасы», «Дмитриевка - Вавилоновка - Шемонаиха», «Көкпекті - Самар», «Аягөз – Бұғаз - Ақсуат», «Шемонаиха - Секисовка» автожолдарына күрделі жөндеу жүргізілді.
Облыста жыл сайын тасымалданатын жүк көлемі мен автомобиль көлігімен жүк тасу айналымы өсуде. Бұған өндіріс, құрылыс көлемдерінің артуы, сыртқы және ішкі сауданың дамуы ықпал етуде (11, 12 қосымшалар).
Әуе көлігімен тасымалдау көлемін арттыру жөнінде міндеттерді шешу үшін облыс ішінде әуе көлігімен жолаушылар тасымалдауды дамыту жұмыстары жүргізілді. 2007 жылғы маусымнан бастап ішкі авиа қатынастары орындалуда, 4 әуе желісі ашылды: Өскемен – Зайсан, Өскемен – Катонқарағай, Өскемен – Күршім, Өскемен – Семей – Үржар. 2008 жылы ішкі авиа желісімен 4315 жолаушы тасымалданды.
Облыста су кеме қатынасы жолдарының ұзындығы 1084 шақырымды құрайды. 2007 жылы су көлігімен 2004 жылмен салыстырғанда 32 есе көп жүк тасымалданды, 13 қосымшаға сәйкес жүк айналымы 14%-ға өсті.
3.9. Индустриялық дамуды кадрлық қамтамасыз ету
2004 - 2008 жылдар аралығында облыста 67 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды, олардың тең жартысынан көбі әдеттегідей, жаңа өндірістерді ұйымдастыру есебінен, қалғаны жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейту есебінен құрылған. Бағдарлама іске асырылған 5 жылға жүргізілген талдаудан көрінгендей, жыл сайын құрылып жатқан жұмыс орындарының 10% өнеркәсіптің үлесіне тиесілі, осындай пайыз ауыл шаруашылығының үлесінде, үлкен бөлігі – 40% саудада, 20% жуығы құрылыс пен коммуналдық шаруашылық үлесіне тиесілі болып келеді.
2004 - 2008 жылдар аралығында жыл сайын 2000 жұмыссыз адамды оқыту көзделген болатын, 5 жылда нақты 10700 жұмыссыз оқытылды, бұл жоспарланған көлемнен 7% көп.
2004 жылдан 2008 жылға дейінгі аралықта экономика салаларында жұмыспен қамтылғандар санының өсу тенденциясына қарамастан, өнеркәсіпте жұмыспен қамтылғандар саны 2004 жылғы деңгейде қалып отыр, өңірдің өңдеу кешені персоналының біршама артқаны байқалады (14 қосымша).
3.10. Түйіндеме
Шығыс Қазақстан индустриялық даму деңгейі жоғары өнеркәсіптік дамыған өңір болып табылады. Өнеркәсіп өндірісі облыстың жалпы өңірлік өнімін (ЖӨӨ) құруға маңызды үлесін қосуда. 2007 жылы облыстың ЖӨӨ көлемі 800,5 млрд. теңгені құрады, оның 31% өнеркәсіп құрайды. Халықтың табысының артуы, инвестициялар көлемін кеңейту, экспорт және экспорттан түсетін табыстың артуы, бөлшек сауда, көлік, қаржы және телекоммуникациялық қызметтерді қоса алғанда, экономиканың сервистік секторларының жедел дамуына әкеліп соқты. Құрылыста маңызды даму пайда болды. Осыған байланысты, Бағдарламаны іске асыру жылдары аталған салалардың жалпы өңірлік өнімге сомалық үлесі 2004 жылғы 44%-дан 2007 жылы 62%-ға дейін жетті.
Өнеркәсіп өнімі өндірісінің жалпы көлеміндегі өңдеу өнеркәсібі үлесінің арту тенденциясы байқалады, ол 2008 жылға дейін сақталды. Бағдарламаны іске асырыла бастағаннан өңірдің машина жасау саласы едәуір тұрақты позициялардан орын ала бастады. 2008 жылдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібі өнімі өндірісінің жалпы көлеміндегі машина жасау саласының үлесі 16% құрады, бұл 2004 жылғы 10% қайшы болып табылады. Сала өңдеу өнеркәсібіне үлесі бойынша металлургия өнеркәсібінен кейін екінші орында тұр.
2004 жылмен салыстырғанда өңдеу өнеркәсібінде еңбек өнімділігі артты. 2004 жылы өңдеу өнеркәсібінде бір жұмысшы 3,4 млн. теңге өнім өндірсе, 2007 жылы бұл көрсеткіш 7 млн. теңгені құрады.
Өңдеу өнеркәсібінің дамуындағы оңды серпін бәрінен бұрын, жаңа өндірістер құруға, қолданыстағы кәсіпорындарды модернизациялауға бағытталған инвестициялар көлемінің жыл сайын ұлғаюына байланысты, бұл өндірілетін өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сондай-ақ, импорт ауыстырушы жаңа тауар өндірісін игеруге ықпал етеді.
Шикізат бағасының әлемдік тартымды конъюктурасына қарамастан, Бағдарламаны іске асырудың соңғы бес жылдық талдауына сүйенетін болсақ, өндіруші сектор өңдеу өнеркәсібімен салыстырғанда инвестициялар салу үшін тартымды сектор бола алған жоқ.
Бағдарламаны іске асырудың өткен кезеңінде облыста 30 бірқатар ірі инвестициялық жоба іске асырылды, өнеркәсіптің өңдеу салаларында жаңа өндірістер ашылды. 2004 – 2008 жылдары облыс бойынша даму институттары 21 инвестициялық жобаны қаржыландырып, мақұлдады. Дегенмен, даму институттарымен жұмыс барысында кәсіпкерлер мынадай проблемаларды көрсетеді: жобалар бойынша өтінім берушілер үдерістердің айқын болмауы және жобаларды қарау мерзімдерінің ұзақтығына наразы. Тәжірибеге сүйенетін болсақ, жоба даму институтына өтінім беру кезінен бір жыл өткен соң ғана қаржыландырылады. Мерзімдер нақты емес және мұндай мысалдар кәсіпкерлердің жобаларды іске асыруды қолдауға өтініш беруіне жағымсыз әсер етеді.
Облыстың бес кәсіпорны Қазақстан қор биржасының эмитенті болды.
Ядролық технологиялар паркін, Индустриялық аймақтар құру жұмыстары жүргізілуде, облыс аумағында өңірлік даму институты - Корпорация өз қызметін жүзеге асыруда.
Бағдарламаны іске асыру кезеңіндегі өнеркәсіптің серпінді дамуы, сондай-ақ, өнеркәсіп өндірісі құрылымындағы энергияны қажет ететін металлургия саласының басымдығынан облыста электр энергиясын тұтыну артты. Электр энергиясы тапшылығы өсіп келеді, мұндай жағдайда энергия ресурстарын пайдалану тиімділігі, жаңғыртылатын жаңа баламалы энергия көздерін енгізу мәселелері бірінші орынға қойылған және облыстың орнықты индустриялық-инновациялық даму жолдарының бірі болып табылады.
Өндіріс, құрылыс көлемінің артуы, сыртқы және ішкі сауданың дамуы жыл сайын тасымалданатын жүк көлемінің және автомобиль көлігімен жүк тасу айналымының өсуіне жағдай жасады.
Бағдарламаны іске асырудың өткен кезеңінде республикамен салыстырғанда жалпы облыс бойынша өңдеу және өндіру өнеркәсібінде, сондай-ақ, құрылыс саласында еңбекақы деңгейінің сәйкессіздігі байқалмайды, бұл жағымды болып табылады және шикізаттық емес сектордан өндірістік еңбек ресурстарының ағынын тұрақтандырады.
Осылайша, өнеркәсіп құрылымындағы айтарлықтай өзгерістің жоқ болуына қарамастан, Бағдарламаны іске асыру Шығыс Қазақстан индустриясының дамуында оңды нәтиже көрсетті. Республика және өңір ішінде экономикалық үдерістерге, соның ішінде оның шекара маңында орналасуына интеграция және жаһандану үдерістері көп әсер етеді. Осыған байланысты, жергілікті компаниялар шығаратын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған біршама белсенді саясат қажет. Бұдан басқа, инвестициялық, әсіресе инновациялық жобаларды қолдауға аса ықыласты жағдайлар қажет. Индустриялық аймақтарды дамыту айтарлықтай маңызға ие болып келе жатыр.
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Бағдарламаның басты мақсаты экономика салаларын әртараптандыру, жалпы өңірлік өнімде шикізаттық құрамдас бөлігін жоғары технологиялық бәсекеге қабілетті өнімге кезең-кезеңмен алмастыру жолымен өңірдің орнықты дамуына қол жеткізу болып табылады.
Бағдарлама мақсатына қол жеткізу үшін мынадай стратегиялық міндеттерді шешу қажет:
1) 2015 жылға дейін өнеркәсіп өнімі өндірісінің жалпы көлемінде өңдеу өнеркәсібінің 80% өсімімен қамтамасыз ету;
2) 2015 жылға дейін жалпы өңірлік өнім құрылымындағы өнеркәсіптің үлесін 50% арттыру;
3) шикізаттық емес тауарлар эспортын арттыру, экспорттық тауарлар номенклатурасы мен жағрафиялық жеткізілімдерді кеңейту;
4) корпоративтік көшбасшыларды қалыптастыру;
5) 2015 жылға дейін еңбек өнімділігін 2004 жылмен салыстырғанда 3 есе арттыру;
6) өнеркәсіпте шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды қамтамасыз ету, 2015 жылға дейін өнеркәсіп саласындағы шағын бизнестің үлесін 25% арттыру;
7) кластерлік бастаманы іске асыруға белсенді қатысу;
8) инновациялық кәсіпкерлікті дамыту, 2015 жылға дейін кәсіпорындардың инновациялық белсенділік деңгейін 20% арттыру;
9) 2015 жылға дейін ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер шығынын 2004 жылмен салыстырғанда 5 есе арттыру;
10) жеке сектордың дамуын ынталандыратын жағымды кәсіпкерлік климат құру;
11) индустриялық дамуды кадрлық қамтамасыз ету мәселелерін шешу;
12) білім беру мекемелерінің кадрлар даярлаудағы мақсатты бағыттылығы мен негіздемелілігі.
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары және оны іске асыру механизмдері
5.1. Индустриялық-инновациялық саясаттың басымдығы
Индустриялық-инновациялық саясаттың басымдығы экономиканың шикізаттық емес бағыттағы салаларында жұмыс істейтін әлеуетті бәсекеге қабілетті, соның ішінде, экспортқа бағдарланған жаңа өндірістер салу және жұмыс істеп тұрған өндірістерді дамыту болып табылады. Ұзақ мерзімді міндеттерді шешу үшін ғылымды қажетсінетін және жоғары технологиялық өндірістерді дамыту үшін жағдайлар жасауға ерекше назар аудару қажет.
Мемлекет таңдап алған тәсіл экономиканың түрлі секторларындағы кәсіпкерлерді жұмыс істеп тұрған өндірістерді техникалық және ұйымдастырушылық жетілдіруге, өнімділікті арттыру және бәсекеге қабілетті жаңа өнім түрлерін шығаруға, экспортқа шығуын қолдауға және ынталандыруға тиіс.
Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік Бағдарламаны іске асырудың негізгі принциптерінің бірі болып табылады. Жеке секторда пайда болған нақты ұсыныстарды кәсіпкерлермен әріптестікте әлеуетті іске асыру үшін тиісті инвестициялық мемлекеттік және өңірлік даму институттары, сондай-ақ, екінші деңгейдегі банктер қарайтын болады.
Инвестицияларды үйлестіру, еңбек өнімділігін және бәсекеге қабілеттілікті арттыру жөніндегі бастамаларға ерекше көңіл аудару қажет.
Облыстың атқарушы билігінің міндеті - өңір экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелерінде катализатор және бастамашы ретінде шығу және жоба бастамашыларының проблемалық мәселелерін оларды инновациялық үдерістерге енгізе отырып, осылайша облыстың өндірістік және бәсекелестік әлеуетін арттыру арқылы шешуге жәрдем көрсету, Қазақстанның дүниежүзінің бәсекеге қабілетті 50 мемлекетінің қатарына кіру жөніндегі стратегиялық міндетті шешуге айтарлықтай үлес қосуын қамтамасыз ету.
5.1.1. Тау-кен және металлургия саласы
Ірі инвестициялық жобалар шоғырланған және әрбір өзгерісте қосылған құн көлемін арттыра отырып, технологиялық өзгеріске түсетін өнімдер өндіретін өндірістер бәсекеге қабілетті және экспортқа бағдарланған өндірістерді дамытудың және қалыптастырудың базасы болуы қажет. Облыстың металлургия кешенінің қосылған құн тізбегін дамытуда маңызды болашағы бар. Саланың өнімі ғарыш аппараттары, электрондық техника, қару- жарақ сияқты ғылымды қажетсінетін және жоғары технологиялық тауарлар өндірісі кезінде пайдаланылған. Облыста ВНИИцветмет және Казгипроцветмет сияқты бай ғылыми әлеует бар, олар сала проблемалары, соның ішінде, жұтаң және күрделі кендерден, металлургиялық шлактан, байыту қалдықтарынан түсті, асыл және сирек металдар алу жөнінде жұмыс істейді. Облыста жүздеген миллион тонна полиметалл шикізатының металлургиялық қайта өңделген бағалы компоненттері бар қалдықтары жинақталған, оларды қайта өңдегеннен кейін түсті металлдар өндірісі көлеміне қомақты үстеме алу және өңір экологиясын жақсарту мүмкіндігі бар.
Облыс экономикасының базалық металлургиялық саласында жаңа технологиялар құрудың әлеуетті мүмкіндіктері:
қорғасын, мырыш, мыс, титан, магний, бериллий, тантал, ниобий негізінде қорытпалар мен химиялық қосындыларын өндіру;
қосымша металл көлемін алу және экологияны жақсарту мақсатында металлургия шлактарын, байыту қалдықтарын және басқа да түсті металлургия қалдықтарын қайта өңдеу;
қысыммен құю жолымен металл табақтар, ленталар, құбырлар, сым, бөлшек түрлерін өндіру;
сыр дайындау;
радиоактивті сәулеленуге қарсы экрандар шығару;
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қажеттілігіне арналған өнім өндіру.
«Қазмырыш» АҚ-ның «Өскемен қаласында мыс балқыту электролиз зауытын салу», «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-нің «Ақтоғай тау-кен байыту комбинатын салу», «Өскемен ТМК» АҚ-ның «Титан құймалары мен қорытпалары өндірісі» жобаларын іске асыруды аяқтау жоспарланып отыр. «ҮМЗ» АҚ-да уран жөніндегі жобаларды іске асыру жалғасатын болады. «Даңқ» ЖШС (Семей қаласы) төзімдісульфид кенін қайта өңдеу технологияларын енгізуді жоспарлап отыр.
«Қазмырыш» АҚ Риддер тау-кен кешені кәсіпорынның 2031 жылға дейінгі даму бағдарламасын әзірледі, оған сәйкес байыту және металлургия өндірістері минералдық ресурстармен 100% қамтамасыз етіледі. Кәсіпорынның болашақ жоспарында Риддер-Сокол кенішін қуаты жылына 4 млн. тонна кен өндірісіне шығару, 2010 жылы Чекмарь, 2014 жылы Обручевск, 2015 жылы Долинный кеніштерін пайдалануға беру, 2012 жылы Чашинское қалдық сақтау қоймасы қалдықтарын өңдеу бар.
Өндіру және шикізаттық емес салалар арасындағы тығыз байланыстарды реттеуде мемлекет жетекші рөлге ие болуы тиіс. Жер қойнауын пайдаланушылардың шикізаттық емес сектор кәсіпорындарымен шаруашылық байланыстарын белсенді және шеберлікпен модельдеу оңды нәтижеге жетуге мүмкіндік береді. Бүгінде тау-кен секторының тауарлар сатып алуының жалпы көлеміндегі қазақстандық мазмұн үлесі жеткіліксіз болып табылады. Бұдан басқа, отандық кәсіпорындар негізінен технологиясы төмен дайын өнім жеткізуге қатысатынын атап айту қажет. Жобалау, геологиялық, инженерлік жұмыстар сияқты жоғары технологиялық қызметтер негізінен шет мемлекеттерден сатып алынады. Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, тау-кен және металлургия кәсіпорындары сатып алатын тауарларда қазақстандық мазмұн үлесін арттыру қажет, ол шығысқазақстандық компанияларға жер қойнауын пайдаланушы және металлургия компанияларының талаптарына сәйкес келетін тауарлар мен қызметтер өндіру қабілетін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе, жоғары технологиялық тауарлар мен қызметтерге қатысты. Жер қойнауын пайдаланушылармен, оларды отандық өндірістің дамуына үлес қосуын ынталандыра отырып, нысаналы сұхбат бастау қажет.
Өндіру салаларының әлеуетін тиімді пайдалану үшін Бағдарламаны іске асыру кезінде жер қойнауын пайдалану келісім-шарттарының орындалуына мониторинг жүргізуге жауапты мемлекеттік органдар қызметін үйлестіруді күшейту, қазақстандық мазмұнға қатысты нормаларды орындау мониторингін күшейту қажет.
5.1.2. Өнеркәсіптің өңдеу салалары
Мемлекеттік индустриялық-инновациялық саясат шикізаттық емес сектордың нысаналы жедел дамуына баса назар аударады.
Өнеркәсіптің өңдеу салалары басым салалар ретінде белгіленді, аталған бағыттарды дамытудың негізгі құралдары мен механизмдері мемлекеттік холдингтер мен даму институттары, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар болады.
Машина жасауда «Азия Авто» АҚ толық циклді ірі автомобиль өндірісін құруды жоспарлап отыр. Оған қалыптау, дәнекерлеу, шанақтарды сырлау, жинақтаушылар өндірісі мен автомобиль жинау енеді.
«Өскемен арматура зауыты» АҚ заманауи жартылай автоматты дәнекерлеу учаскесін құру және өндіріске енгізуді жоспарлап отыр. 2009-2011 жылдар кезеңінде өндірісті кеңейтуге, экспорттық жеткізілімді арттыруға бағытталған 22 жаңа өнім түрі позициясы өндірісін игеру жоспарланып отыр. Инвестициялардың жалпы сомасы 1 125 млн. теңгені құрайды.
Глубокое ауданы Белоусовка кентінде қуаты жылына 4800 HOWO маркалы үлкен жүк автомобильдерін жинақтау зауытын салу («Алға» автомобиль корпорациясы) жоспарланып отыр. Жоба құны 3960 млн. теңге.
«EAST INDUSTRI COMPANI Ltd» ЖШС «ҚДБ лизинг» АҚ-ның қатысуымен «Күштік және бақылау кәбілдерін өндіретін цехты дамыту» жобасын іске асырады.
2007 жылдан бастап «Казцинкмаш» ЖШС 2015 жылға дейін қайта жарақтандыру жобасын іске асырады, оның нәтижесінде жаңа технологиялар игеріледі: вакуум-пленкалы қалыптау V-әдісі, өзектер жасау әдісі, заманауи жабдықтар мен заманауи құралдар пайдалана отырып, жылдамдығы жоғары өңдеу технологиялары. Жоба кәсіпорында бар құю, негізгі металл кесу, дайындау, энергетикалық және қосалқы құрал-жабдықты толық ауыстыруды жоспарлап отыр.
Машина жасауда жаңа технологиялар құрудың әлеуетті мүмкіндіктері:
тау жұмыстары, байыту фабрикалары мен металлургия зауыттарына арналған заманауи құрал-жабдық шығару;
агроөнеркәсіптік кешенге арналған құрал-жабдық пен қосалқы бөлшектер шығару;
республиканың өнеркәсіп кәсіпорындарын тарта отырып, автомобиль жасауға арналған жинақтаушы бөлшектер мен тораптар өндіру; электр тасымалдау желілерінің метизі мен металл тіректері өндірісін ұйымдастыру;
өнеркәсіпке арналған аккумуляторлар өндіру;
тұтыну тауарларын өндіру болып табылады.
Саланың дамуы үшін маңызды әлеуеті бар, алайда, оны инвестициялар мен мемлекеттік қолдау шараларының жетіспеушілігі тежеп тұрғанын атап айту қажет.
Ағаш өңдеу өнеркәсібіндегі ерекше басым бағыт орман, ағаш өңдеу және жиһаз өндірісі кіретін технологиялық өзара байланысты өндірістерді кешенді қалпына келтіру және дамыту болып табылады.
Ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібіндегі басым бағыттар шығарылатын өнімнің дайындық деңгейін арттыру – ағаш өнімдерінің, дайын ағаш конструкцияларының кең түрі, сапасы мен бағасы жағынан бәсекеге қабілетті түрлі мақсаттағы жиһаз, қағаз бен қатырмадан жасалған бұйымдар және тағы басқалар болып табылады.
2009 жылы «Иртыштрансойл» ЖШС-де қуаты жылына 60 мың текше метр ағаш-жаңқалы тақтайлар өндірісін іске қосуды жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Жиһаз жасау, құрылыс материалдары өндірісі үшін қалдықтар мен сапасы төмен ағашты игеру, пайдалану және қайта өңдеу мақсатында ламинатталған ағаш-жаңқалы тақтайларды өндіретін зауыт салу жобасы ең жоғары қосылған құнға ие болып табылады.
Алайда, саланың жағдайы алаңдаушылық туғызып отыр. Республика бойынша орманның үштен екі бөлігі өңірде шоғырланған. Сонымен қатар, қаражаттың болмауына байланысты кәсіпорындар тиісінше дами алмайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 шілдедегі № 1003 қаулысымен бекітілген, Ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібін қалпына келтіру және дамытудың 2001-2003 жылдарға арналған бағдарламасы орман және ағаш өңдеу өнеркәсібінде пайда болған құлдырау тенденциясын толығымен өзгерте алған жоқ, себебі онда саланы қалпына келтірудің кешенді тәсілі болған жоқ. Ағаш өңдеу кәсіпорындарын қалпына келтіру, Үкіметтік деңгейдегі тиісті қолдаумен жаңа өндірістер құру мәселелері де есепке алынған жоқ.
Ағаш дайындауды, соның ішінде ағаш материалдарын экспорттауды шектеу және тыйым салу жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің соңғы уақыттарда қабылданған қаулылары ағаш дайындау кәсіпорындарының көрсеткіштерін нашарлатты, салық түсімдері төмендеді.
Бүгінгі күні облыста ағаштан жасалатын өнім түрлері 300-ден астам болып отыр. Дамыған мемлекеттердегі осындай көрсеткіш – 800-ден 3000-ға дейін.
Құрылыс материалдары өндірісіндегі негізгі міндет ішкі рыноктағы ұқсас импорттық өнімді ығыстыра алатын сапасы жоғары материалдар шығаруды ұйымдастыру және әлемдік рынокта бәсекеге қабілетті бола алу болып табылады.
Салада Жарма ауданында цемент зауытын салу жобасын, көбікті бетон блоктары өндірісін ұйымдастыруды, қиыршықтас өндіретін зауыт құрылысын, асфальт-бетон зауытын, табақ, терезе және өрнекті шыны өндіретін зауытты аяқтау жоспарланып отыр. «Бұқтырма цемен зауыты» АҚ технологиялық үдерісті автоматтандыру, сондай-ақ, құрал-жабдықтарды ауыстыру жөнінде жұмыстар жүргізуді жоспарлап отыр. «Востокпроммонтаж» ЖШС кірпіш зауытын қайта жаңғыртуды жоспарлап отыр. «Белуха» АҚ құрғақ құрылыс қоспалары және лак-сырлау өнімдерін өндіретін зауыттың екінші кезегін іске қосуды жоспарлап отыр.
Химия өнеркәсібіндегі басым бағыттардың бірі микроэлектроника мен фотоэлементтерде кең түрде қолданылатын, гелиоэнергетикада пайдаланылатын таза кремний өндірісін құру болып табылады. Жартылай өткізгіш кремнийге сұраныс күннен күнге артуда, ал мұндай таза өнімді әлемде 10-ға жуық компания ғана шығарады. Күн сапалы мультикристалды кремний өндірісін «Ертіс сирек жер компаниясы» ЖШС-нің өндірістік аудандарына орналастыруға болады.
«СЗНП» АҚ-да тыныс алу органдарын қорғау құралдары өндірісін модернизациялау жоспарланып отыр, бұл облыс және республика өнеркәсібінің бірқатар салаларын өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Азот» өндірістік кооперативінің (Курчатов қаласы) Ресейден Қазақстанға импортталатын жаңа өнім түрі – сынамалы газ қоспаларын шығару басым бағыты болып табылады. Кәсіпорын қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды акустикалық-эмиссиялық әдіспен игеріп жатыр.
Жеңіл өнеркәсіпте тоқыма, тері және аяқ киім өнеркәсібі басым бағыт болып табылады.
Шығыс Қазақстанда тоқыма өндірісін сақтау үшін шаралар қолдану жұмыстары жүргізілуде. «НИМЭКС-Текстиль» ЖШС жобасын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ қолдауда.
«Семей былғары-тері комбинаты» ЖШС Семей қаласында ауыл шаруашылық малдарының терісін терең қайта өңдеу және бәсекеге қабілетті тауарлық тері, тон-тері бұйымдары мен аяқ киім шығару жөніндегі өңірлік орталық құру жобасын іске асыруды жоспарлап отыр.
Облыста тігін өнеркәсібін дамыту болашағы бар бағыт болып табылады. Облыста өнім шығаруды дұрыс жолға қоюға болатын өнім түрлері өте кең – ерлер және әйелдер киімі, жейделер, костюмдер, көйлектер, арнайы киімдер, камуфляж және өзге де әртүрлі тігін өнімдері.
Облыста өндірілетін жүн жіпті кілем иірімжібін өндіру үшін пайдалануға болады, ол бірқатар дайын өнім – трикотаж киім, жиһаз қаптау және тағы басқаларды шығаруға жағдай жасайды. Өңделген жүн жүн көрпе, матрац, киіз өнімдерінің кең ассортиментін өндіруге мүмкіндік береді.
Саланы жаңғырту және дамыту үшін ірі инвестицияларды, алдымен, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін құрал-жабдықтарды жаңартуға және заманауи технологиялар енгізуге салу қажет. Сондай-ақ, отандық тауар жағдайын нығайту үшін салық және кеден жеңілдіктері, сырттан әкелінетін тауарлар мен сыртқа шығарылатын шикізат үшін кедендік салықты арттыру қажет.
5.1.3. Ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі
Облыстың агроөнеркәсіптік кешенінің одан әрі дамуы ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеуге инновациялық технологияларды енгізе отырып, өндіріске қосымша қуаттылықтар енгізу, оны модернизациялау, әртараптандыру және өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы аграрлық сектордың орнықты дамуына қол жеткізуге бағытталатын болады.
Тамақ өнеркәсібінде ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің қайта өңдеу салаларындағы кәсіпорындармен интеграциясы жөніндегі жұмыстар жалғаса береді, ол облыстың агроазық-түлік саясатын біршама толық және сапалы шешуге мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылық шикізатын жеткізушілер кооперациясымен қалалардағы өндірістерде ет пен сүтті терең өңдеуді дамыту, ауыл шаруашылық шикізатын өңдейтін ірі және орта кәсіпорындарды жаңарту және дамыту негізгі мінтеттер болып табылады.
Тамақ өнеркәсібінде жаңа технологиялар құру және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеудің әлеуетті мүмкіндіктері өнім түрлерін кеңейтуге және оның сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға негізделген, нақты айтатын болсақ, мынадай өндірістер ұйымдастыру мүмкіндігі бар:
астық негізінде дайын азық-түлік өнімдері (құрғақ таңғы ас, үлпектер, сүт-дән қоспалар);
соя және оны қайта өңдеу өнімдері өндірісін дамыту;
жергілікті шикізаттан картоп, жеміс пен көкөніс өнімдерін қайта өңдеу өнімдері (жеміс-көкөніс консервілері, жеміс және көкөніс шырындары, ұзақ мерзімде сақтауға болатын езбе, соустар, кетчуптер және тағы басқалар);
ет және сүт өнеркәсібінің қайта өңделген өнімдері (ішек-қарыннан жасалған ет консервілері, соның ішінде, құс етінен, бұқтырма, паштеттер және тағы басқалар; эндокрин және қан шикізатының негізінде жасалған медициналық препараттар; консервіленген сүт өнімдері);
балық өнеркәсібі өнімдері (балық консервілері және жартылай фабрикаттар);
жергілікті өсімдік шикізаты негізінде тағам бояғыштар мен хош иістендіргіштер.
2015 жылға дейінгі кезеңде мынадай инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланып отыр:
«Восток Билдинг» ЖШС жеміс сақтау қоймасы бар агроөнеркәсіптік логистикалық орталық салу (3624,4 млн. теңге);
«Семей азық-түлік комбинаты» ЖШС өндірісті қайта жарақтандыру, модернизациялау (719,2 млн .теңге);
«Өскемен құс фабрикасы» ЖШС өндірісті қайта жарақтандыру, модернизациялау (3157 млн .теңге);
Глубокое ауданындағы жеке кәсіпкер Н. Балтаевтың кондитер цехіна құрал-жабдық сатып алу (116,1 млн. теңге);
Ұлан ауданы «Багратион-Ұлан» ЖШС-де ірімшік өндіретін цехқа құрал-жабдық сатып алу (248,3 млн. теңге);
Семей қаласында 2 ірі сүт тауарлық кешен құру (1 млрд. теңге);
Өскемен қаласы бойынша сүт кластеріне енетін 4 сүт тауарлық ферма салу (3100 млн. теңге).
Бұдан басқа, 2011 жылы ылғал ресурс сақтаушы технология бойынша ауыл шаруашылық дақылдарын өңдеу ауданын 1,7 есе арттыру, ылғал ресурсын сақтау технологиясы кезінде пайдаланылатын жаңа өндірісі жоғары ауыл шаруашылық техникасы мен құрал-жабдықтарын жеткізу көлемін 25 %-ға арттыру жоспарланып отыр.
Кластерлік бастаманы іске асыру жалғасады.
5.1.4. Ғылым және инновацияларды дамыту
Инновациялық қызмет, отандық және шетел ғылыми-техникалық әлеуетті пайдалану және оның негізінде бәсекеге қабілетті өндірістер құрмайынша өнеркәсіптің өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мүмкін емес. Өнеркәсіптегі инновациялық белсенділік деңгейінің төмендігі салдарынан ғылыми әзірлемелер сұранысының нашар болуы экономиканы реформалауда ғылымның рөлін бағаламаумен түсіндіріледі, ал ғылыми-техникалық және инновациялық прогресс есебінен ғана өндіріс факторларының өнімділігін арттыру мүмкіндігі бар.
Өңірдің инновациялық инфрақұрылымын - Өскемен қаласында «Алтай» өңірлік ғылыми-технологиялық паркін, Курчатов қаласында мамандандырылған салалық ядролық технологиялар паркін қалыптастыру және дамыту жұмыстары жалғасады. Жоғарыда көрсетілген инновациялық қызмет субъектілері негізінен өндірістік қызметті, экономикалық, құқықтық және әлеуметтік қатынастарды жетілдіруге бағытталған ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелерін пайдаланудың тиімді үдерісін қамтамасыз етуге арналған.
Технопарктердің қызметі өндіріске отандық және әлемдік ғылыми-техникалық прогрестің алдыңғы қатарлы жетістіктерін енгізуге, жаңа инновациялық өндірістер құруға, ғылыми-техникалық зерттеулер мен инновациялық өндірістерге инвестиция салу, ғылыми-техникалық прогреске жәрдемдесетін идеялар қалыптастыру және әзірлеу, экономика мен әлеуметтік саланың инновациялық өнімге қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында ғылыми-зерттеу, тәжірибе-құрастыру, оқыту ұйымдары мен кәсіпкерлік сала өкілдерінің күшін біріктіруге бағытталатын болады.
Ғылымды дамыту саласында практикалық инновациялық қызмет пайдасына зерттеулер тақырыбы белгілі бір дәрежеде түзетілетін болады. Индустриялық-инновациялық саясатты баламалық ғылыммен қамтамасыз ету үшін өңірдегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары:
ғылымды әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі стратегиялық басымдықтары ретінде айқындау;
жоғары технологиялық өнім эспортына бағдарланған ғылымды қажетсінетін, ресурс сақтаушы және экологиялық таза өндірістер әзірлеуге бағытталған зерртеулерді дамыту;
ғылыми жаңашылдықты жан-жақты ынталандыру (сұранысты ынталандыру) және оның өңірлік ғылыми-техникалық әлеуетпен жұмыс істеуі үшін жағдай жасау;
ғылыми зерртеулер жүргізу үшін материалдық базаны нығайту;
ғылыми-техникалық даму талаптарына сәйкес кадрлық әлеуетті сақтау және дамыту;
мемлекеттік емес ғылым секторын қалыптастыру және дамыту.
Инновациялық қызметті жандандыру мақсатында облыста инновациялық жобаларға ғылыми-техникалық сараптама және талдау жүргізу, өнертапқыштардың облыс әкімімен кездесулерін ұйымдастыру, сондай-ақ, жаңа өнім түрін құру, экологиялық проблемаларды шешу жөніндегі үздік өнертабыс бойынша тақырыптық конкурстар өткізу мүмкіндігін қарастыру жоспарланып отыр.
5.1.5 Индустриялық және инновациялық инфрақұрылымды дамыту
Бағдарламаны іске асыруда заманауи индустриялық инфрақұрылым қалыптастыру – арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар құру және дамыту үшін мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде мемлекет пен жеке бизнес мүмкіндіктерін белсенді пайдалану көзделген.
Арнайы экономикалық аймақтар өңірді жеделдете дамыту, жаңа технологиялардың бір немесе бірнеше салаларын дамыту, тиімділігі жоғары экспортқа бағдарланған өндірістер құру, жаңа өнім түрлерін шығаруды игеру, инвестициялар тарту, нарықтық қатынастардың құқықтық нормаларын пысықтау, басқару мен шаруашылық жүргізудің заманауи әдістерін енгізу, сондай-ақ, әлеуметтік проблемаларды шешу мақсатында құрылатын болады. Облыста «Алтай» өңірлік ғылыми-технологиялық паркі» АҚ базасында «Шығыс» және «Ядролық технологиялар паркі» АҚ базасында 2 арнайы экономикалық аймақ құру жоспарланып отыр.
Индустриялық аймақтарды инфрақұрылым элементтері ретінде пайдаланудың негізгі идеясы өңірде жаңа өнеркәсіп өндірістерін ұйымдастыру үшін алғышарттар жасақтау болып табылады. Өндірістердің бір бағытта шоғырлануы, инфрақұрылым жүргізу үшін қаражат үнемдеу, жаңа өндірістерді пайдалануға беру мерзімдерін азайту (учаскелердің дайын болуы) инвесторлар үшін тартымды болып табылады, оның нәтижесі жобаны іске асыру шығындарын төмендетеді. Ресей және Қытаймен шекара маңындағы сауда аймақтарын қалыптастыру және дамытуға ерекше көңіл бөлінетін болады.
Индустриялық аймақтарды дамыту. 2009 жылы жобалау алды және жобалау жұмыстарын аяқтау, инфрақұрылым объектілерін салуды бастау, 2010 жылы инфрақұрылым объектілерінің құрылысын жалғастыру; 2011 жылы инфрақұрылым объектілері құрылысын аяқтау және оларды пайдалануға беру жоспарланып отыр. 2012 жылы индустриялық аймақтар мен шекара маңындағы сауда аймақтары құрылысын оларға инвестициялық жобаларды орналастыра отырып, аяқтау болжанып отыр.
Облыстың инновациялық инфрақұрылымын одан әрі дамыту жоспарланып отыр. «Ядролық технологиялар паркі» АҚ әкімшілік-өндірістік кешен құрылысын аяқтап жатыр, 2009 жылы радиациялық стерильдеу басталады, ЭЛВ-4 өнеркәсіп электрон жеделдеткіш базасында өнім шығару игерілді. Технопарк 2011 жылы көлік-логистикалық терминалды, 2015 жылы шағын қуатты реакторлық қондырғы базасында ядролық энерготехникалық кешенді пайдалануға беруді жоспарлап отыр, бұл Курчатов пен өңір қажеттілігі үшін жылу мен электр жарығы өндірісін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, кешен мемлекеттің атом энергетикасы үшін мамандар даярлау және қайта даярлауға арналған оқыту-тренажерлық орталық болады. Ядролық технологиялар паркі базасында бірқатар инновациялық жобаларды іске асыру жоспарланып отыр.
5.1.6. Бизнес ортаны жақсарту және кәсіпкерлікті дамыту
Инновациялық белсенділіктің өсуіне, жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін өндірістерді дамытуға жәрдемдесу мақсатында өңірде өңірлік инвестициялық қор және кепіл орталығын құру мәселелерін пысықтау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, шағын және орта бизнестің кәсіпкерлік қызметіне оқу-әдістемелік және талдамалық көмек көрсететін бизнес-инкубаторлар кәсіпкерлік қызметті ынталандыру және қолдау құралы болуы қажет. Сондай-ақ, бизнес-инкубаторлар мемлекеттік басқару органдарымен шағын және орта бизнес үшін әкімшілік кедергілерді азайту жөнінде тығыз ынтымақтастықта болады.
Облыстың экономикалық даму басымдықтарына қол жеткізу үшін облыста жаңа жоғары технологиялық өндірістер мен қызметтерді игеру жолымен нақты сектордағы шағын кәсіпкерліктің үлесін арттыру жөнінде шаралар қабылдау жоспарланып отыр:
«Өркен» және «Өндіріс» индустриялық аймақтарында инвестициялық жобаларды орналастыру және іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастыру;
«Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамымен бірлесіп, кәсіпкерлердің бизнес-жобаларын іске асыру жөнінде ұсынымдар пысықтау;
өндірістік бағыттағы және қызметтер жөнінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің көрмелерін, жәрмеңкелерін, конкурстарын өткізуді ұйымдастыру, маркетингтік қызметтер қызметін қамтамасыз ету;
жергілікті шағын кәсіпкерлік субъектілері өндіретін отандық өнімге басымдық бере отырып, мемлекеттік сатып алу тендерлерлерін өткізу;
түсіндірме жұмыс, семинарлар өткізе отырып, шағын бизнес кәсіпорындарының халықаралық сапа стандарттарын енгізуге ықпал ету жөніндегі жұмыстарды күшейту;
мемлекеттік меншіктегі бос тұрған объектілер мен алаңдарды шағын кәсіпкерлік субъектілеріне сату, жалға және сенімді басқаруға беру;
кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру үшін пәтерлерді қайта жоспарлауға рұқсат қағаздарын және жер учаскелерін беру;
шағын кәсіпкерліктің инновациялық жобаларын тікелей қаржыландыру жөнінде даму институттарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
шағын кәсіпкерлікті инвестициялық қолдаудың прогрессивті үлгілері – лизинг пен франчайзингті дамыту.
5.1.7. Электр энергетикалық саясат
Өнеркәсіп өндірісінің өсімі мен электр энергиясын тұтынудың өсімін ескере отырып, өңірлік энергия көздерінің зор қуатын өсіру жөнінде шұғыл шаралар қабылдау қажет, бұл электр энергетикасын дамытуға маңызды инвестицияларды қажет етеді.
Осыған байланысты, Қазақстанның энергетика саласын мемлекеттік қолдау жаңа энергетикалық қуаттарды жедел салу және жұмыс істеп тұрғандарын модернизациялауға бағытталуы тиіс.
Жаңа энергетикалық қуаттарды іске қосу жөнінде өңірдің басым инвестициялық жобалары:
қуаты 78 МВт Бұлақ ГЭС салу (Шүлбі ГЭС – нің контрреттеуші);
Өскемен ЖЭС-да қуаты 80 МВт № 12 турбоагрегатты және қуаты 156 Гкал/сағ № 16 қазандықты монтаждау;
Жалпы қуаты 106 мВт Күршім ГЭС каскадын салу.
Ертіс бассейнінің су қорын толтыру жөнінде өтемелік іс-шаралар аясында қуаты 800 МВт Белокатунь ГЭС-ін салу жобасы қаралуда.
Алайда, өңірде электр стансаларын салу жөнінде белгіленген міндеттер электр энергиясы тапшылығы проблемасын толық шеше алмайды. Сондықтан энергия ресурстарын тиімді пайдалану, жаңғыртылатын баламалы жаңа энергия көздерін енгізу мәселелері алдыңғы қатарға шығарылады және облысты орнықты дамыту жолдарының бірі болып табылады.
5.1.8. Көлік-инфрақұрылымдық даму
Алып отырған аумағын ескере отырып, Шығыс Қазақстанның сондай-ақ, тұтастай алғанда, республика үшін де заманауи көлік инфрақұрылымын дамыту барлық экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің маңызды факторы болып табылады. Тиісінше, аталған сала мемлекеттік индустриялық дамыту саясатының тұрақты басымдығы болуы қажет.
2009-2011 жылдар аралығында «Омбы-Майқапшағай» тасжолын қалпына келтіру, Қытай Халық Республикасына шыға алатын «Зырян-Майқапшағай» жаңа халықаралық теміржол дәлізі құрылысын жалғастыру сияқты облыс үшін экономикалық маңызды объектілерді қайта жаңғырту және салуды жүзеге асыру жоспарланып отыр.
«Майқапшағай-Зырян» теміржол желісі құрылысы басталады, ол Майқапшағай халықаралық кеден посты арқылы Қытай-Ресей көлік дәлізін құрады. Көлік дәлізі Ресей мен Азия мемлекеттері арасында жаңа жүктерді тартады және «Достық» стансасына дейін көлік ағынынан босатады.
Транзиттік жолаушылар мен жүктер тасымалын арттыру және Қытай, Ресей, Монғолиямен сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейту, толық инфрақұрылым құру және ілеспелі қызмет көрсету саласында жұмыспен қамтуды арттыру үшін Ресей тарапы «Алтай Республикасы – Риддер» автожолы құрылысын аяқтайды, 2006 жылы қазақстандық тарап Қазақстан Республикасы аумағындағы жұмыстарды аяқтады.
Ішкі су көлігін одан әрі дамыту мақсатында Өскемен және Бұқтырма шлюздерін қайта жаңғырту, жаңа, соның ішінде, трансшекаралық мемлекеттермен кеме маршруттарын ашу жоспарланып отыр.
2011-2015 жылдар аралығында Ертіс өзені бассейнінде жүзетін кемелер санының артатынын есепке ала отырып, жаңа кеме жасаушы базалар салынады және болжанып отырған сұранысты есепкере отырып, кеме жөндеу зауыттары қайта жаңғыртылатын болады.
5.1.9. Телекоммуникацияларды дамыту
Телекоммуникациялар саласы жылдам өсетін және басым салалардың бірі болғандықтан, индустриялық-инновациялық саясат біршама прогрессивті байланыс құралдарын дамытуға жәрдем көрсетуге және отандық бизнес пен халық үшін олардың барынша қол жетімділігіне бағытталатын болады. Мобильді телефония, Интернет және мәліметтер беру үшін жаңа мүмкіндіктер бере алатын жаңа телекоммуникациялық технологиялар, сондай-ақ, мобильді телефонияда үшінші буынды технологияларды дамыту шараларын қабылдау жоспарланып отыр. Өңірде ішкі және сыртқы рыноктардың жаңа мүмкіндіктерін барынша пайдалануға мүмкіндік беретін электрондық коммерцияны кең ауқымда енгізуге, сондай-ақ, телекоммуникациялар рыногын кезең-кезеңмен ырықтандыруға жәрдем көрсетілетін болады.
WiFi кең жолақты сымсыз жүйесінің құрылысы жалғасатын болады. Аталған технология әуеайлақтарда, вокзалдарда, кітапханаларда, емханаларда, қала мейманханаларында, гипермаркеттерде, оқу орындарында, кафе және мейрамханалар сияқты қоғамдық орындарда сымсыз Интернетті пайдалану мүмкіндігін береді.
Мемлекеттік органдар үшін бірыңғай көлік желісін салу және мектептерді, әлеуметтік қорларды интернеттеу және компанияның Қазақстан Республикасындағы ақпараттық және сандық теңсіздікті жою жөнінде алға қойған мақсатына жетуге жәрдемдесетін «электрондық үкімет» құру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға қолдау көрсету жоспарланып отыр.
NGN (NGN New Generation Networks – жаңа буынды желі) жаңа буынды желіге ауысумен Өскемен және Семей қалаларының байланысын модернизациялауды аяқтау жоспарланып отыр, бұл ескі ұқсас телефон станцияларының 32 мың абонентін заманауи сандық түріне ауыстыруға, сондай-ақ, телекоммуникациялар желісіне 20 мың жаңа абонент қосуға, ал кейін заманауи жоғары технологиялық сандық теледидар енгізуге мүмкіндік береді. Радио қол жетімділік технологиясы арқылы 140-тан астам ауылдық елді-мекенге телефон орнату және 15,5 мың телефон орнату жоспарланып отыр.
5.1.10. Білім беруді дамыту және кадрлар даярлау
Бағдарламаны іске асыру кәсіпорындарды өнеркәсіп өндірісінің инновациялық дамуы сұраныстарына сәйкес келетін жоғары білікті кәсіби кадрлармен қамтамасыз етуге тікелей байланысты болады. Инновациялық даму міндеттерін шешу үшін облыс ғылыми, ғылыми-конструкциялық, инженерлік-техникалық кадрлармен жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етілген, алайда, өңдеу өнеркәсібі салаларын жедел дамыту үшін жаңа мамандықтар құруға қатысты түзетулер қажет.
Жұмысшы кадрларын даярлаудың жаңа бағыттарының бірі шикізаттық емес сектор салалары үшін өңіраралық оқыту орталықтарын құру идеясы болып табылады. Облыста машина жасау сияқты орталық құру болжанып отыр, онда бүкіл республика үшін кадрлар дайындалатын болады.
Облыста өірдің өнеркәсіп кәсіпорындары үшін қажетті мамандықтарға шаққанда жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынымына тұрақты талдау, болжау және мониторинг жүргізілетін болады. Бұл кадрларды кәсіптік даярлау және қайта даярлауды, соның ішінде өнеркәсіп пен жоғары технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында жұмыс істеуге қажетті жұмысшы мамандықтар бойынша жүзеге асыруды талап етеді.
Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары өндірістік күштерді орналастыру сұлбасын есепке ала отырып, рационалды жұмыспен қамтылуды қамтамасыз ету, жыл сайын экономика салаларында жұмыспен қамтылғандар санының өсуі, өңірде бар кадрлық әлеуетті сақтау және дамыту, жұмыс күшінің сапалық параметрлерін, кадрлар даярлауды және қайта даярлауды арттыру, сондай-ақ, өңірдің еңбек нарығында қазақстандық азаматтарды басымдықпен пайдалану, жұмыссыздықты азайту және кедейлікті болдырмау болып табылады.
Экономиканың орнықты дамуын қамтамасыз етудегі басты құрамының бірі білім секторы, бірінші кезекте заманауи әлеуметтік-экономикалық жағдайларға сәйкес мамандар даярлау сапасын жетілдіру болып табылады.
Білім беру және кәсіби кадрлар даярлау саласындағы мемлекеттік саясат мынадай міндеттерді шешуі қажет:
білім беруді дамыту басымдықтарының бірі ретінде инновациялық қызмет үшін кадрларды даярлауды айқындау;
мемлекет пен жеке меншік сектордың қатысуымен жұмысшы және техникалық мамандықтарды кәсіптік даярлау, аттестаттау және қайта даярлау мәселелерімен айналысатын Орталықтар құру;
барлық білім беру түрлерінің материалдық-техникалық және әдістемелік базаларын арттыру;
жұмыс істеп тұрған кәсіптік мектептерді нығайту, кәсіптік мектептері жоқ үш ауданда (Абай, Аягөз және Бородулиха) кәсіптік мектептер ашу;
кадрларды кәсіптік даярлауда әлеуметтік әріптестікті дамыту;
білім беру және ақпараттық технологияларды жетілдіру.
5.1.11. Тариф саясаты және бәсекелестікті қорғау
Тариф саясатының тиімділігі табиғи монополиялар субъектілері мен олардың қызметтерін тұтынушылардың мүдделерінің балансын қамтамасыз етуге негізделетін болады.
Бүгінгі күнде тиісті тауарлық рынокта басым жағдайға (монополиялық) ие субъектілерге қатысты тарифтік саясат жеткілікті түрде ырықтандырылған, осыған байланысты онда ерекше өзгерістер болмайды.
Заманауи мемлекеттік бәсекелестік саясат бәсекелестікті қорғау ғана емес, оны экономика салаларында дамыту мақсатын ұстанады. Бұл ретте, маңыздылығы бойынша тауарлар, жұмыстар мен қызметтер рыногында бәсекелестікті дамыту бәсекелестікті дамыту шараларынан кем емес.
Монополияға қарсы органның қызметі басым жағдайды теріс пайдаланудың, жазаланатын мәміле жасасуды, жосықсыз бәсекенің жолын кесуге бағытталған бәсекелестікті қорғау шараларын шоғырландыруы қажет.
Бәсекелестікті дамыту жөніндегі негізгі міндеттер:
кәсіпкерлік субъектілері қызметін жандандыру, өндіріске капитал салуды ұлғайту, тауарлар саны мен сапасын арттыру есебінен, соңғы нәтижесінде тұтынушылардың әл-ауқатын арттыру, бәсекелестік рынокта бағаны төмендету;
тауар рыногында тапшылық жасау немесе тежеу мақсатында монополиялық жоғары (төмен) баға белгілеу, тауар (жұмыстар, қызметтер) айналымынан негізсіз алып тастау жөніндегі монополистердің іс-әрекетін анықтау және алдын-алудың тиімді әдістері мен тәсілдерін әзірлеу;
рынокта бірыңғай баға белгілеу, басқа субъектілерді рыноктан шығарып тастау немесе рынокқа қол жетімділігін шектеу немесе бәсекелес рынок субъектілері арасындағы сөз байласу жөнінде мүмкін болатын келісімдердің жолын кесу;
мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік қызметке негізсіз араласуының жолын кесу;
рынок субъектілерін және олардың бірлестіктерін құру, қайта ұйымдастыру, таратуға, рынок субъектісінің жарғылық капиталындағы акциялар (үлес, пай) сатып алуға бақылауды жүзеге асыру.
5.1.12. Сауда саясаты және экспорттық әлеуетті дамыту
Индустриялық-инновациялық дамудың маңызды құрамы мынадай бағыттарда дамитын тиімді сауда саясатын жүргізу болып табылады:
СТА экономикалық және заңды механизмдерді, соның ішінде, халықаралық саудадағы сауда дауларын шешу механизмдерін пайдалану жөнінде қазақстандық кәсіпкерлермен тұрақты негізде түсіндіру жұмысын жүргізу;
сауда инфрақұрылымын жетілдіру, соның ішінде, саудада инновациялық даму үшін жағдай жасау;
бәсекелестікті дамыту үшін жағдай жасау.
Еуразия өңірінде ТМД бойынша жақын орналасқан әріптестермен, алдымен, Ресей Федерациясының шекара маңындағы өңірлерімен экономикалық байланыстарды нығайту сауда саясатының негізгі бағыты болып анықталады. Ғылыми-техникалық әзірлемелер мен инновациялық сипаттағы өнімдер бойынша көрмелер мен коммерциялық тұсаукесерлер өткізу қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, өңірдің кеден посттары арқылы тауарлар экспорты мен импорты кезінде пайда болатын кедергілер анықталып, оларды жою және өңірлік тауар өндірушілер өнімінің сыртқы рыноктарға қол жетімділігін арттыру шаралары әзірленеді.
5.1.13. Экологиялық саясат
Экологиялық саясат өнеркәсіп кәсіпорындарының қоршаған ортаны ластауын қысқартуға бағытталатын болады. Қоршаған ортаны қорғау стратегиялық міндет болып табылады, оның шешілу нәтижесі экономиканың барлық салаларына әсер етеді.
Облыста қоршаған орта жағдайы қанағаттанарлықсыз және халық денсаулығына жағымсыз әсер ететін негізгі фактор ауаның, топырақ пен судың ластануы болып табылады. Өнеркәсіп және тұрмыстық қалдықтар, лас ағынның үдемелі жинақталғаны бұл факторды күшейтіп отыр.
Өндірісте ескі технологиялардың болуы жақын арада қоршаған ортаға ластаушы заттар эмиссиясы азаймайды деп болжауға негіз бола алады. Сондықтан, өнеркәсіпті дамытудың қандай да бір салалық бағдарламаларын, қала құрылысы және басқа да ауқымды бағдарламаларды әзірлеу кезінде қоршаған ортаға әсер етуін бағалау мәселелері қаралуы қажет. Осылайша, экономиканы экологияландыру және қоршаған ортаны басқару жүйесін жетілдіруді жүзеге асыру қажет.
Қоршаған ортаның сапасын жақсарту, табиғат пайдалану үдерісін реттеу, қоғамның баламалы сұранысы үшін өндіріс өскен жағдайда қалдықтарды тастау, төгу және жинақтау деңгейін тұрақтандыру және келешекте бұл жағдайды сақтай отырып, нақты табиғат қорғау іс-шараларын кезең-кезеңмен жүзеге асыру қажет. Бұл жаңа технологияларға маңызды инвестициялар салу және келтірілген көп жылғы нұқсан салдарын жою кезінде ғана мүмкін болады.
Экологиялық қауіпсіздік проблемаларын кешенді шешу үшін қоршаған ортаны нормадан тыс ластаушы кәсіпорындар үшін міндетті экологиялық аудит үдерісін енгізе отырып, «Сапа менеджменті жүйесі» 14000 сериялы ИСО және 9000 сериялы ИСО халықаралық стандарттарын іс-тәжірибеге енгізу қажет. 14000 сериялы ИСО бойынша қоршаған ортаны басқару жүйесін пайдалану табиғат қорғау заңнамасын жақсартуға жәрдемдеседі, табиғи ресурстарды рационалды пайдалануға ынталандырады, өнеркәсіп кәсіпорындарының экологиялық міндеттерін орындауына жағдай жасайды.
Барлық экономикалық іс-әрекеттерде табиғи ресурстарды рационалды пайдалану принципі болуы қажет.
Әуе бассейні. Өнеркәсіп кәсіпорындарда технологияларды дамыту олардың тастандыларын азайту және пайдаға жаратуға бағытталған болуы қажет. Қоршаған табиғи ортаға жағымсыз антропогендік әсер етудің алдын алу және жою, адамның дұрыс өмір сүру ортасы үшін, алдымен, экологиялық жағдайға нақты, объективті және уақытылы баға беру қажет. Сондықтан, табиғи орта сапасын реттеу жөнінде негізделген шешімдер қабылдау үшін қоршаған орта мониторингісінің нормативті көрсеткіштерін анықтау үшін ұсыныстар әзірленетін болады.
Су ресурстары. Су ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану үшін ластанған суды тазарту, судың азаюуының, ластануының алдын алу жөнінде алдыңғы қатарлы шетелдік және отандық технологиялар мен тәжірибелерді; қолда бар шаруашылық әлеует, кадрларды, жобалау және ғылыми әзірлемелерді пайдалану; су жинақтаушы технологияларды, жаппай айналымды және тұйық су пайдалану жүйелерін енгізу; өнеркәсіпте бір өнімге қажет су үлесін азайту жөнінде шаралар қабылдау; су пайдалану саласында су пайдалану шығындарын төмендету; су шаруашылық жүйелерін заманауи су өлшеу және су реттеу құралдарымен жарақтандыру; келешекте тастандыларды нормалаудан оларды жоюға дейін көше отырып, суды және тастандыларды пайдалану көрсеткіштерін қатаң нормамен әзірлеу қажет.
Жаңа кәсіпорындар құрылысы су объектілеріне ластаушы заттар тастандыларынсыз жүзеге асырылуы тиіс. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда заманауи технологиялар мен су тазартуды өндіріске енгізу үшін инвестициялар салынуы қажет.
Қалдықтарды басқару. Ресурс және энергия сақтайтын технологияларды белсенді енгізу, қалдықтарды өңдеу және пайдалану қызметін ынталандыру қажет. Осыған байланысты, қалдықтар өндірісі мен пайдалану мониторингі, көмілген зиянды қалдықтардың қоршаған ортаға әсері жөнінде ұсыныстар әзірлеу, қалдықтармен іс-әрекет өңірлік жоспарларын әзірлеу қажет.
Бәсекеге қабілетті өнім, бағалы компоненттерді пайдаға жарату және бір мезгілде қоршаған ортаға жүктемені азайтуға мүмкіндік беретін шикізат пен қалдықтарды кешенді пайдалану арқылы тұйық технологиялық циклдер құру үшін маңызды инвестициялар салуды жүзеге асыру қажет.
5.2. Бағдарламаны іске асыру механизмі
Бағдарламаны орындау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны іске асыру жөніндегі іс-шралар жоспары арқылы жүзеге асырылады.
Іс-шаралар жоспарларында Бағдарлама ережесін іске асыру жөнінде нақты шаралар көзделеді. Жоспарланған іс-шаралар кешені мемлекеттің индустриялық-инновациялық дамуының барлық бағыттары бойынша нысаналы және келісілген іс-әрекеттерді қамтамасыз ету жөнінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін барынша үйлестіруге мүмкіндік береді.
Бағдарламаны іске асыру кезінде инвестицияларды тартуға, индустриялық және инновациялық инфрақұрылым жасақтау және дамытуға, импорт алмастырушы өнім өндірістерін және экспортты кеңейтуді қолдауға аса мән берілетін болады. Үлестік қатысу және әріптестік принциптері арқылы жеке меншік секторға қаржылық қолдау көрсетіледі. Мемлекеттік және өңірлік даму институттары мен жеке меншік сектор арасында тұрақты диалог құру және қолдау үшін ақпараттық-тұсаукесерлік іс-шаралар, семинарлар, тренингтер, оқыту курстары мен конференциялар өткізіледі. Өңірдің инвестициялық әлеуетіне зерттеулер жүргізілетін болады.
Бағдарламаның іс-шаралар жоспарларының орындалу барысына және жоспарланған көрсеткіштерге (индикаторларға) қол жеткізуге бақылау жүргізу арқылы Бағдарламаны іске асыру тиімділігіне тұрақты мониторинг және бағалау жүзеге асырылатын болады.
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
Бағдарлама іс-шараларын қаржыландыру үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның құрамына кіретін даму институттары, ұлттық компаниялар, соның ішінде ӘӘК қаражаты тартылатын болады. Негізгі қаржы жүктемесін жеке меншік секторы көтереді. Алдын-ала бағалау бойынша мемлекеттік және жеке капиталдың қатысу үлесінің арасалмағы екіден бірді құрауы қажет.
Бағдарламаны іске асыруға болжанған шығындар көлемі 2015 жылға дейін 500 млрд. теңгеден астам, соның ішінде, 2009-2011 жылдары 328744,3 млн. теңге құрайды. Қаржыландыру көздері бойынша сомалар былайша бөлінген: облыстық бюджеттен- 2759,3 млн. теңге, өз қаражаты- 293622,28 млн. теңге, даму институттары- 9768 млн. теңге, өзге де көздер- 22594,72 млн. теңге.
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже
Бағдарламаны табысты іске асыру экономиканы әртараптандыру, модернизациялау және бәсекеге қабілетті өнім түрлері өндірісі және экспорт өсімі үшін жағдай жасау негізінде өңір экономикасының ұзақ уақыт орнықты өсуін қамтамасыз етуге ықпал етуі қажет. Бағдарламаны іске асыру 2015 жылы мынадай нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді:
|
2010-2015 жылдары өңірлік жалпы өнімнің орташа жылдық өсімін жыл сайын 6 % -дан кем емес қамтамасыз ету; 2015 жылы өңдеу өнеркәсібінің 8 % өсу қарқынына қол жеткізу; 2015 жылы өңдеу өнеркәсібінің өнеркәсіп өнімін өндірудің жалпы көлеміндегі өсімін 2004 жылмен салыстырғанда 80 % қамтамасыз ету; жалпы өңірлік өнімнің құрылымдағы өнеркәсіптің үлесін 2015 жылы 50%-ға дейін ұлғайту; негізгі капиталға инвестициялар көлемінің жыл сайынғы өсімі және оны 2015 жылы 300 млрд. теңгеге дейін жеткізу; шикізаттық емес тауарлар экспортын ұлғайту, экспорттық тауарлар номенклатурасы мен жеткізу географиясын кеңейту; 2015 жылға дейін еңбек өнімділігін 2004 жылмен салыстырғанда 3 есе арттыру; өнеркәсіпте шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын қамтамасыз ету, 2015 жылға дейін өнеркәсіп саласында шағын бизнестің үлесін 20%-ға дейін ұлғайту; 2015 жылға дейін кәсіпорындардың инновациялық белсенділік деңгейін 20%-ға дейін ұлғайту; 2015 жылы ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге шығынды 2004 жылмен салыстырғанда 5 есе ұлғайту; |
әлемдік сату рыногына және ішкі интеграцияға сапалы қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін тиімді көлік-логистикалық инфрақұрылым жүйесін жасақтау.