Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының
2008 жылғы «19» 12
№ 10/141-IV шешімімен
бекітілген
2008-2012 жылдарға арналған
Шығыс Қазақстан облысының
техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың
ӨҢІРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Өскемен, 2008 жыл
МАЗМҰНЫ
|
1. |
Бағдарламаның паспорты
|
3 |
|
2. |
Кіріспе
|
5 |
|
3. |
Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінінің қазіргі жай-күйін талдау
|
7 |
|
4. |
Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері
|
14 |
|
5. |
Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері
|
15 |
|
6. |
Қажетті ресурстармен оны қаржыландыру көздері
|
17 |
|
7. |
Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
|
18 |
|
8. |
2008-2012 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың Өңірлік бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары |
|
1. Бағдарламаның паспорты
|
Атауы |
Шығыс Қазақстан облысы техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған Өңірлік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама)
|
|
Әзірлеу үшін негіздеме |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспары; Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 14 ақпандағы № 535 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспары; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 14 наурыздағы № 246 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары; Қазақстан Республикасы Президентінің Жарғысымен 2008 жылғы 1 шілдеде бекітілген Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы
|
|
Негізгі әзірлеуші
|
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы |
|
Мақсаты |
Шығыс Қазақстан облысының экономика салаларын бәсекеге қабілетті дағдылары мен білім алуды жалғастыру үшін жеткілікті әлеуеті бар техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті мамандарымен қамтамасыз ету үшін техникалық және кәсіптік білім берудің жоғары тиімді, бәсекеге қабілетті және қол жетімді жүйесін құру. |
|
Міндеттері |
1) техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің сапасы мен тиімділігін арттыру; 2) техникалық және кәсіптік білім беру инфрақұрылымын жаңарту және дамыту; 3) техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін ғылыми-әдістемелік және кадрлық қамтамасыз ету; 4) техникалық және кәсіптік білім беруді басқару және қаржыландыру жүйесін жетілдіру; 5) техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлауда әлеуметтік серіктестікті дамыту; 6) экономика салаларын білікті және бәсекеге қабілетті техникалық және қызмет көрсету еңбегінің мамандарымен қамтамасыз ету; 7) дайындалатын жұмысшы мамандықтардың тізілімін кеңейту; 8) жастардың техникалық және кәсіптік білім алуға қол жеткізуін кеңейту.
|
|
Іске асыру мерзімдері
|
2008-2012 жылдар Институционалды жаңғырту кезеңі. 1-кезең: 2008-2010 жылдар; Тұрақты дамыту кезеңі. 2-кезең: 2011-2012 жылдар |
|
Қаржыландыру көлемдері мен көздері |
Жергілікті бюджетте қарастырылған қаражаттар, түрлі мүдделі тараптардың үлестік қатысуы бар тікелей инвестициялар. Бағдарламаны іске асыруға байланысты қаржылық шығындар: 3 170,76 млн.теңгені құрайды, соның ішінде: 2008 жылы – 1 008,09 млн.теңге, 2009 жылы – 858,75 млн.теңге, 2010 жылы – 1 303,92 млн.теңге; республикалық бюджет есебінен: барлығы – 810,0 млн.теңге, 2008 жылы – жоқ, 2009 жылы – 223,90 млн.теңге, 2010 жылы – 586,10 млн.теңге; облыстық бюджет есебінен: барлығы – 2 012,54 млн.теңге, 2008 жылы – 903,09 млн.теңге, 2009 жылы – 520,73 млн.теңге, 2010 жылы – 588,72 млн.теңге; инвестициялар есебінен: барлығы – 348,22 млн.теңге, 2008 жылы – 105,00 млн.теңге, 2009 жылы – 114,12 млн.теңге, 2010 жылы – 129,10 млн.теңге. |
|
Күтілетін нәтижелер |
Бағдарламаны іске асыру есебінен мынадай нәтижелерге қол жеткізілетін болады: Кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі 10 %-ға ұлғаяды; Кәсіптік лицейлер желісі 3 бірлікке кеңейеді; жұмыспен қамту орталығымен, әлеуметтік әріптестермен бірлесіп еңбек нарығының білікті мамандарға қажеттілігі, мемлекеттік білім беру беру тапсырысын қалыптастыру үшін мамандықтар бойынша білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік жаңа стандарттарына көшу жүзеге асырылады. Техникалық және кәсіптік білімнің жастар үшін неғұрлым беделі мен тартымдылығын әрі жұмыс берушілерге қажет етілуін көтеру, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы еңбек адамымен техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің бет-бейнесін, беделін, тартымдылығын көтеру, ақпараттық- түсіндіру жұмыстарын күшейту; шетелдік жұмыс күшін алмастыруға қабілетті отандық кадрлар даярлаудың жүйесі енгізілетін болады; жұмыс берушілермен бірлесіп оқушылардың нақты жұмыс орнында өндірістік оқуы мен кәсіби практикасын ұйымдастыру жүйесі енгізіледі; кадрларды даярлау сапасын тәуелсіз бағалауы іске асырылатын болады; кәсіптік лицейді аяқтаған жетім балаларға тұру жағдайлары мен кәсіптік дағдыларын жетілдіруге, бәсекеге қабілеттілігін дамытуға жағдайлар жасалады; жұмыспен қамту органдарымен бірлесіп оқу бітірушілерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жүйесі енгізілетін болады; жыл сайын 300 педагог қызметкердің біліктілігін арттыруы қамтамасыз етіледі; аграрлық секторға арналған кадрларды даярлау және біліктілігін арттыру, соның ішінде аграрлық мамандықтар бойынша өндірістік оқыту шеберлерлері кадрларының біліктілігін көтеру орталығы құрылады; кәсіптік білім беретін оқу орындарының әлеуметтік базасын дамыту жалғастырылады; техникалық және кәсіптік білім беру мен кадрларды даярлауды дамыту жөнінде өңірлік қамқоршылық кеңестер құрылатын болады; кәсіптік лицейлер (мектептер) оқушыларын әлеуметтік қорғау және шәкіртақылық қамтамасыз ету жүйесі қайта қаралады; оқу орындарының оқу-өндірістік шеберханалары мен зертханаларын қазіргі заманғы оқу-өндірістік және технологиялық жабдықтармен жаңарту жалғастырылады; техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының түлектері арасында жұмыспен қамту деңгейі көтеріледі. |
2. Кіріспе
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Жарлығымен бекітілген Шығыс Қазақстан облысы техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын және 2007-2009 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің Бағдарламасын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарына; Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 14 ақпандағы № 535 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарына; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 14 наурыздағы № 246 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарына; Қазақстан Республикасы Президентінің Жарғысымен 2008 жылғы 1 шілдеде бекітілген № 626 Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес әзірленген.
Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңарту - Шығыс Қазақстан облысындағы еңбек нарығы мен кәсіпорындарын отандық техникалық кадрлармен және еңбек күшімен толықтыру қажеттілігіне орай индустриялық-инновациялық даму міндеттері ауқымының өсуі мен күрделенуіне байланысты техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлауда сапалы ұмтылыстың қажеттілігінен туындайды. Техникалық және кәсіптік білім берудің тиімділігі жоғары ұлттық жүйесін жасау ел экономикасының тұрақты өсуін, қазақстандық қоғамдастықтың әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етудің негізгі факторларының бірі, техникалық және кәсіптік білімі бар мамндарды тұрақты түрде жұмыспен қамтылып отырылуын қолдаудың тетігі болып табылады.
Бағдарлама білім берудің үздіксіздігін қамтамасыз ету, мемлекет, бизнес және қызмет көрсету салаларының серпінді жобаларын іске асыру үшін құзырлығын әрі іргелі білімі бар бәсекеге қабілетті кадрлар дайындау бойынша мемлекет жүргізетін жұмыстың бір бөлігі болып табылады.
Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде кадрларды даярлау сапасын арттыру арқылы олардың бәсеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлаудың жаңа моделі енгізіледі.
3. Шығыс Қазақстан облысы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің қазіргі жай-күйін талдау
Шығыс Қазақстан облысында техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды дайындауды 95 техникалық және кәсіптік ұйымдар іске асырады, олардың контингенті 50,0 мың адам, соның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша – 17,7 мың адам және 100-ден астам курстық дайындау пункттері.
Шығыс Қазақстан облысында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі біліммен 10 мың халық санына қамту 2008 жылы - 365,6 адамды құрайды, бұл былтырғы жылғы деңгейдің 103% құрайды. Көрсеткіштің ұлғаюы Шығыс Қазақстан облысы халқының азаюына байланысты болып отыр, 2007 жылы 1 498,0 мың адам болса, 2008 жылы халық саны 1 417,0 мың адамды құрап отыр.
Облыста техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесін ұйымдастыруда тұрақты тенденция қалыптасқан.
Кәсіптік лицейлер санының өзгеру динамикасы:
|
|
2005 жыл |
2006 жыл |
2007 жыл |
2008 жыл |
|
мемлекеттік емес |
12 |
11 |
10 |
10 |
|
мемлекеттік |
27 |
30 |
30 |
31 |
|
Барлығы: |
39 |
41 |
40 |
41 |
2005 жылдан бастап 4 мемлекеттік кәсіптік мектебі ашылған. Бұл жерде екі методологиялық әдіс іске асырылуда:
Әр санатты азаматтарға кәсіптік білім алулары үшін жағдай жасалған – 2005 жылы Өскемен қаласында психикалық дамуында тежелісі бар балаларға, мүгедек балаларды оқытуға арналған облыстық мамандандарылған кәсіптік орталығы ашылған, 2006 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі түзету мекемелерінің жанынан Өскемен және Семей қалаларында екі кәсіптік мектеп ашылған.
Кәсіптік білім берумен қамту және Шығыс Қазақстан облысының барлық аудандары жастарының жұмысшы мамандықтарына қол жеткізуін қамтамасыз ету – 2007 жылы Семей қаласындағы № 14 кәсіптік мектебінің филиалы Абай ауданында ашылған, 2008 жылы № 23 кәсіптік лицей Бородулиха ауданының, Бородулиха ауылында ашылған.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 310 «2030 жылға дейін Қазақстанның Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын орындау мақсатында 2010 жылы Өскемен қаласында республикалық бюджет қаражаты есебінен машина құрау саласы бойынша кадрларды даярлау және қайта даярлау Өңіраралық кәсіптік орталығы салынады.
Мемлекеттік емес кәсіптік мектептер санының өзгеруі олардың колледждерге трансформациялануында («Квансон» қазақ-кәріс кәсіптік мектебі» колледжге өзгертілген, «Интех» кәсіптік мектебі Семей қаласындағы гуманитарлық-экономикалық колледжінің құрамына енгізілген).
2005 жылдан бері колледждер желісі 7 бірлікке өскен, соның ішінде 2008 жылы Аягөз қаласында мемлекеттік политехникалық колледж ашылған.5 колледж ИСО 9001-2000 сапа менеджменті жүйесі стандарттарына сәйкес сертификаттау процедурасынан өтті.
Колледждер санының өзгеру динамикасы:
|
|
2005 жыл |
2006 жыл |
2007 жыл |
2008 жыл |
|
Мемлекеттік емес |
24 |
28 |
29 |
30 |
|
мемлекеттік |
21 |
21 |
21 |
22 |
|
Барлығы: |
45 |
49 |
50 |
52 |
2008 жылға дейін техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқитын контингент санының тұрақты өсімі байқалған, ол орташа жылына 4 % құраған. Осы уақытта кәсіптік мектеп оқушыларының контингенті кеміп отырған, шамамен жылына 1,5% - 5% диапазоны аралығында, ал колледждерде жылына орта шамамен 7% өсіп отырған.Бұдан бұрын колледждерде оқитын контингент санының өсуі оқушылар үлесінің (қабылдау санының ұлғайтылуы есебінен), негізгі жалпы білім беру мектептері түлектерінің ұлғаюына байланысты болған.
Негізгі жалпы білім беру базасында колледждерде оқитын оқушылар үлесі (%)
|
2005 жыл |
2006 жыл |
2007 жыл |
2008 жыл |
|
49,1 |
56,4 |
63,2 |
66,3 |
2008 жылғы 1 қазанына техникалық және кәсіптік білім беру ұймдарында оқитын контингент саны былтырғы жылғы осы уақытпен салыстырғанда 1% төмендеген, сонымен қатар колледждердегі оқушылар контингентінің жалпы төмендеуі 0,2% құрады (іштей оқыту формасы бойынша 1,9% төмендеген, сырттай оқыту формасы бойынша 1,4% өскен), кәсіптік мектеп оқушылары контингенті 3,7% төмендеген.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі оқушылар контингенті мына дайындық бағыттары бойынша бөлінген:
|
№ |
Мамандықтар мен кәсіптер бағыттары |
Оқушы саны |
пайыз |
|
1 |
педагогикалық |
5498 |
11,0 |
|
2 |
медициналық |
1612 |
3,2 |
|
3 |
өнер және мәдениет |
1041 |
2,1 |
|
4 |
гуманитарлық-экономикалық |
14457 |
28,9 |
|
5 |
қызмет көрсету саласы |
3764 |
7,5 |
|
6 |
көлік |
4444 |
8,9 |
|
7 |
байланыс |
545 |
1,1 |
|
8 |
технологиялық |
1605 |
3,2 |
|
9 |
аграрлық |
2840 |
5,7 |
|
10 |
техникалық |
10907 |
21,8 |
|
11 |
құрылыс |
3340 |
6,7 |
|
|
Барлығы: |
50053 |
100 |
Кәсіптік лицейлер мен колледждердегі облыстық бюджет қаражаты есебінен кадрларды даярлауға Мемлекеттік тапсырыс жыл сайын 1,5-2,7% өсіп отырады жіне де 2008 жылы 7215 орынды құрап отыр. Облыстық мемлекеттік тапсырыстан кәсіптік мектептердің үлесі 71,9% құрайды. Бұл жерде өсім негізінен техникалық, соның ішінде құрылыс және технологиялық мамандықтарды ұлғайту есебінен қамтамасыз етіліп отыр.
Мемлекеттік тапсырыс шартарында оқитын оқушылардың жалпы контингенті жалпы оқушылар контингентінің 34,8% құрайды, соның ішінде кәсіптік лицейлерде 94,0% оқушы, колледждерде – 16,8% оқушы оқиды.
2008 жылдың 1 қазанына кәсіптік лицейлер мен колледждерде 1134 жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған оқушылар оқиды, олардың 67% кәсіптік лицейлерде білім алуда. Осы санаттағы оқушылардың жыл сайынғы қабылдау мен аяқтаудың өсу динамикасы байқалуда.
Оқу орындарымен кәсіптер мен мамандар тізілімі әрдайым жаңартылып және кеңейтіліп отырады. Олар 55 кәсіп(66 біліктілік) және 107 мамандықпен көрсетіліп отыр, олардың 62 мамандығына жұмысшы біліктілігі берілуі көзделіп отыр. Жұмысшы кадрларды даярлау 22 бағыт бойынша Мамандықтар мен біліктілік жіктеуішіне сәйкес іске асырылады.
Соңғы үш жылда жаңа кәсіптер мен мамндықтар ашылған:
Тау электр механикасы жабдықтарының шебері;
Пайдалы қазба байытушысы;
өсімдіктер мен агроэкологияны қорғаушы;
гидрометаллург-аппаратшы;
әрлеу-құрылыс жұмыстары бойынша коммуналдық шаруашылық маманы;
азық-түлік өндірісі жабдықтарын жөндеуші;
мал және ет өңдеуші;
тұтыну тауарлары сапасын сараптаушы;
төтенше жағдайларда қорғаушы;
кәсіпорындар және азаматтық ғимараттардың электр жабдықтарын монтаждаушы, жөндеуші және іске қосушы;
фермерлік шаруашылықты ұйымдастырушы.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары оқушыларының бітіру динамикасы тұрақты өсуде, 2005 жылы 11,9 мың адамнан, 2008 жылы 14,7 мың адамға дейін.
Техникалық және кәсіптік білім ұйымдары түлектерін еңбекпен қамтудың позитивті, тұрақты тенденциясы қалыптасқан, колледж түлектерінің жалпы санынан 61,5% түлектері, кәсіптік лицей түлектерінің жалпы санынан – 78,4% түлектері, соның ішінде мамандығы (біліктілігі) бойынша тиесінше 46,2% және 76,2% құрады. Көбінесе техникалық және технологиялық уәсіптер мен мамандықтары бар түлектер сұранысқа ие.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін қаржыландыру бюджеті:
млн. теңге
|
Көрсеткіш атауы |
2006 жыл |
2007 жыл |
2008 жыл |
|
Кәсіптік лицейлер (мектептер) |
|||
|
Барлығының бюджеті |
799,25 |
1 056,80 |
1 519,798 |
|
олардың ішінде: |
|
|
|
|
оқу-материалдық базасын нығайтуға |
18,35 |
19,88 |
162,04 |
|
күрделі жөндеуге |
23,95 |
19,67 |
138,12 |
|
оқушыларды тамақтандыру шығындарына |
156,61 |
174,62 |
226,33 |
|
колледждер |
|||
|
Барлығының бюджеті |
741,43 |
914,62 |
1 041,551 |
|
олардың ішінде: |
|
|
|
|
оқу-материалдық базасын нығайтуға |
12,0 |
20,0 |
32,067 |
|
күрделі жөндеуге |
31,49 |
16,92 |
22,49 |
|
оқушылардың жол ақысын төлеуге |
13,33 |
15,26 |
17,70 |
|
оқушыларға стипендия төлеуге |
192,67 |
206,64 |
234,285 |
|
оқушыларды тамақтандыру шығындарына |
27,01 |
33,33 |
36,392 |
Облыстық бюджет есебінен 1 жұмысшыны дайындау үшін қаржыландыру шығыны 2007 жылы 108,9 мың теңгеге болса, 2008 жылы 160,1 мың теңгені құрады. Көрсеткіштің өсіп отырған себебі, білім беру ұйымдарын оқу-материалдық базасын дамытуға күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына қаржыландыруды көбейту есебінен болып отыр. Осы көрсеткіш бойынша кәсіптік лицейлер колледждерге бірқатар жақын қалды, оларда 1 маманды дайындау үшін қажетті қаражат 173,7 мың теңгені құрайды.
Колледждерде білім беру қызметі үлкен нарықтык бәсекені және мамандарды дайындауда материалдық-техникалық базасын құруда жылдам қаржыландыруды ескере келе, кәсіпорындар мен әлеуметтік тапсырыстарды жылдамырақ қабылдайтындығын талдау барысы көрсетті.
Қолданыстағы бастауыш және орта кәсіптік білім беру мен мамандықтары бойынша жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттары мен білім бағдарламаларының мазмұны өндірістік жұмыстарды құзырлы орындауға оқушыларды даярлау үшін толық бағытталмаған.
Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу ұйымдарының түлектері жұмыс берушілердің біліктілік талаптары, жылдам дамып отырған өндірістік технологиялар мен еңбек нарығының жағдайларына сай келмейді. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған түлектерді әлеуметтендірудің төмен деңгейі белгіленеді.
Колледждер мен кәсіптік лицейлер оқу үрдісі сапасының жоғарылауына шын кедергі болып отырған, оқу-әдістемелік қамтамасыз етілудің төменгі деңгейі, қазіргі заманға сай, әсіресе арнайы пәндер бойынша, соның ішінде мемлекеттік тілде оқу әдебиетінің жетіспеушілігі.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі негізінен еңбек нарығы мен жұмыс берушілердің талаптарына емес, оқытушылар мен оқу-материалдық базаның ағымдағы мүмкіндіктеріне бағытталған.
Бюджеттік қаржыландырудың тұрақсыздығы салдарынан техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары білім беру қызметін сапалы қамтамасыз ете алмайды.
Бүгінгі таңда жұмыс берушілер кадрларды даярлау мәселесіне қатысып отыр. Шығыс Қазақстан әкімдігі мен бірқатар компаниялармен өзара қарым-қатынастар Келісім хаттамаларына қол қойылып, кадрлар даярлау қызметтестік Меморандумдары қабылданған, олар «АЗИЯАВТО» акционерлік қоғамы, жер қойнауын пайдаланушылар, Рогаланд (Норвегия) округінің білім және даярлау Орталығы, «Кэмонт» АҚ. Екі жыл қатарынан Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігімен, Өскемен қаласының политехникалық колледжі мен «Қазақстандағы AES» компаниясының тарату тобымен өзара қызметтестік туралы Меморандумы іске асырылуда. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы, білім басқармасы, «Қазақстан экономикалық палатасының «Атамекен» Одағы» Шығыс Қазақстан заңды тұлғалар бірлестігі филиалымен кадрларды даярлау Меморандумына қол қойылды. Мемлекет Басшысының 2008 жылғы қазан айында Өскемен қаласындағы № 1 кәсіптік лицейіне барған кезінде берген тапсырмасына орай, оқу орнының жанынан Жұмысшы кадрларды даярлау орталығы құрылды.
Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігі жанындағы кәсіптік білім мәселелері бойынша Үйлестіру кеңесі, техникалық және кәсіптік білімді дамыту және кадрларды даярлау, жәрдемдесу мәселелері жөніндегі Кеңес болып өзгертілді, оның қызметтері біршама кеңейтілді.
Сонымен қатар, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытуға кедергі болатын экономика қажеттеріне барабар негізгі факторлардың бірі болып жеке секторды еңбек ресурстарын даярлауға қатыстыру тетігінің болмауы. Техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті кадрлар тапшылығы проблемасы ішінара шетелдік жұмысшы күшін әкелу есебінен шешілуде.
Жастар арасында, бизнес-құрылымдар мен қоғамда техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің беделі төмен болып отыр.
Жалпы, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі түпкілікті жаңарту қажеттілігі алдында тұр және Біріккен Ұлттар Ұйымының Декларациясы бойынша мыңжылдықты дамыту мақсаттарына жатқызылған басым секторлардың бірі болып табылады.
Шығыс Қазақстан облысы халқының жас мөлшері бойынша топтарға шаққанда 2008 жылғы 4 мамырдағы статистикалық мәліметтерге сәйкес төмендегі мәліметті құрайды:
|
Көрсеткіш |
Мың адам |
Үлесі |
|
Барлығы: |
1 417,384 |
100 |
|
Соның ішінде: |
|
|
|
Еңбекке жарамды жасқа жетпегендер |
297,850 |
21,0 |
|
Еңбекке жарамды жастағылар |
929,840 |
65,6 |
|
Еңбекке жарамды жастан асқандар |
189,694 |
13,4 |
Шығыс Қазақстан облысының экономикалық белсенді халқының (759,7 мың адам) бастапқы кәсіптік білімге 14,9%, орта кәсіптік білімге – 26,2%, жоғары және жоғары аяқталмаған білімге – 23,8%, орта, негізгі және бастауыш жалпы білімге – 35,1% ие.
Экономикалық іс-әрекет түрлері бойынша жалданып жұмыс істейтін жұмысшылар санын жіктеу:
өндіріс, құрылыс – 33,8%;
білім беру – 20,6%;
мемлекеттік басқару – 11,8%;
денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер – 10,8;
көлік және байланыс – 7,5%;
ауыл шаруашылығы, орманшылық – 3,2;
басқа салалар – 12,3%.
Еңбекке жарамды халықтың миграция сальдосы -185 адамды құрайды, сонымен қатар халықаралық миграцияның оң сальдосы да байқалады (+1931 адам) және өңіраралық миграцияның теріс сальдосы (-2116 адам).
Жұмыссыз азаматтардың (52,8 мың адам немесе 7%) 55,2% кәсіптік білімі бар, соның ішінде 22,7% - жоғары немесе аяқталмаған жоғары білімді. Негізгі, бастапқы және орта жалпы білімі бар жұмыссыздар үлесі - 44,8%.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік органдар мен облыс әкімдерімен бірлесіп жүргізген жұмысшы күшіне сұраныс мониторингі негізінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2010 жылға дейінгі жұмысшы кадрларына деген болжамалы қажеттілік 11,3 мың адамды құрайды, оның ішінде жылдар бойынша:
2008 жыл – 3,7 мың адам;
2009 жыл – 3,7 мың адам;
2010 жыл – 3,9 мың адам.
Жұмыспен қамтылмаған халықты қайта оқыту жағдайында бұл қажеттілік толығымен жабылар еді.
Мамандықтардың бөлінісінде облыс бойынша бос орындардың ең көп орташа жылдық саны:
жүргізуші – 495 адам (жалпы санының 13,7 %);
құрылыс өңдеу жұмыстарының шебері – 456 адам (12,6 %);
механизатор – 400 адам (11,1 %);
сатушы – 375 адам (10,4 %);
тас қалаушы - 278 адам (7,7 %);
дәнекерлеуші – 252 адам (7 %);
экскаватор, кран машинисі – 212 адам (5,9 %);
шопан – 133 адам (3,7 %);
слесарь-сантехник – 128 адам (3,6 %);
тау-кен саласының жұмысшысы – 105 адам (3,2 %);
29,3 % - басқа мамандықтар (бетоншы, үй төбесін жабушы, ағаш ұстасы, жонғыш, электрослесарь, слесарь-жөндеуші және т.б.) құрайды.
Жұмыс берушілер мәлімет еткен жұмысшы мамандықтарының тізілімінен, бастауыш және орта кәсіптік білім беру мамандықтарының Жіктеуішіне сәйкес Шығыс Қазақстан облысында дайындалмайды:
шопан;
қазандық машинисі;
плиташы-бетоншы;
үй төбесін жабушы;
жарғыш;
бекітуші;
насос қондырғыларының машинисі;
флотатор;
термист.
Мына мамандықтар бойынша даярлау жеткіліксіз мөлшерде жүзеге асырылады:
тас қалаушы (мәлімделген қажеттіліктің 19 %-ы);
экскаватор, кран машинисі (26 %);
сатушы (27 %);
слесарь-сантехник (45 %);
құрылыс-өңдеу жұмыстарының шебері (84 %).
Кәсіпорындардың Жіктеуішке жаңа мамандықтар мен біліктіліктерді енгізуге жасаған сұраныстарын ескере отырып, 2008 жылдың 1 қыркүйегінен бастап техникалық және кәсіптік білім алу мамандықтары мен біліктіліктерінің жаңа Жіктеуіші енгізілген.
Облыстың техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің толық көлемде жұмысшы кадрларын даярлау сұранысын қанағаттандыра алмайтын себептері:
1) жұмыс берушілердің өтінімі бойынша қажетті кадрларды даярлаудың қысқа мерзімді және орта мерзімді жоспарының жоқтығы;
2) жастар арасында жұмысшы мамандықтарына деген сұраныстың төмендігі, жоғары және орта кәсіптік білім алуға әлеуметтік бағдар берудің басым болуы (кәсіптік мектептің немесе колледждің 1 түлегіне жоғарғы оқу орындарының 8 түлегі келеді);
3) жұмыс берушілер жағынан кадрлар даярлауға инвестициялар үлесінің төмендігі;
4) кәсіптік лицейлерде оқитындарға әлеуметтік қолдау көрсету деңгейінің төмендігі (кәсіптік лицейлерде оқитындардың тамақтануын ұйымдастыруға жергілікті бюджеттер есебінен бөлінетін қаражаттар орта есеппен күніне 120 теңгені құрайды), кәсіптік мектептерде оқитындарға шәкіртақы қарастырылмаған;
5) қалалық оқу жатақханаларының айтарлықтай қысқартылуы немесе толығымен жабылуы ауыл жастарын қалада және аудан орталықтарында оқу мүмкіндіктерінен айырды;
6) техникалық және кәсіби білім беру жүйесінде алынған дағдылар мен біліктіліктердің еңбек рыногында және оқушының өзімен талап етілетін дағдылар мен құзыреттерге сәйкес келмеуі;
7) білікті педагогикалық персонал (арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері) санының өспеуі. Бұл өндірістік оқыту шебері жалақысының төмендігіне байланысты (айына 12-19 мың теңге немесе өндірістегі білікті жұмысшының орташа айлық жалақысынан 3-4 есе төмен); оқу орындарында кадрлар құрамының қартаюының орнықты қарқыны сақталып келеді; анағұрлым білікті және болашағы бар оқытушылардың кәсіпорындарға ағылуы, техникалық және кәсіптік білім беретін педагогикалық қызметкерлерге еңбекақы төлеу деңгейінің төмендігі және әлеуметтік пакет төмендігі салдарынан жас мамандардың келуінің бәсеңдеуі;
8) кәсіптік оқыту бағдарламалары мен оқу жоспарлары мазмұндарының жұмыс берушілермен келісілмеуі, іс-тәжірибеден гөрі теорияға көбірек бағытталуы, құзыреттерінің дамуына бағытталмай, арнайы дағдыларды игеруге бағытталуына негізделуі.
Ішкі нарық еңбегі талаптарына сай, жоғары білікті, бәсекеге қабілетті кәсіби кадрларды дайындап қалыптастыруды, техникалық-кәсіптік білім беруді дамытумен индустриялы-жаңаша дамудың стратегиялық бағыттарын ары қарай жетілдіруді талап етеді.
4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері
Бағдарламаның мақсаттары болып:
үздіксіз жаңаруды қамтамасыз ететін және әлеуметтік-экономикалық өзгеріс жағдайларына жастарды төселдіру, Шығыс Қазақстан облысының өңірлері үшін техникалық және кәсіптік жұмысшы кадрларын дайындайтын жоғары тиімді жүйесін құру;
жастардың техникалық және кәсіптік білім алуға тұрақты қызығушылығын қалыптастыру.
Бағдарламаның міндеттері:
жастардың техникалық және кәсіптік білім алуға қолжетімдігін кеңейту;
еңбек нарығының білікті жұмысшы кадрларға қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында дайындалатын мамандықтардың тізбесін жаңарту мен кеңейту;
оқыту-тәрбиелеу процесіне жаңа өндірістік және педагогикалық технологияларды енгізу кәсіптік білім беру ұйымдарының оқу-материалдық базасын жаңарту, әлеуметтік әріптестікті дамыту арқылы оқытудың сапасы мен тиімділігін арттыру;
жоғары білікті педагогикалық кадрларды дайындау және жұмысқа тарту, соның ішінде өндірістерден жұмысқа тарту;
оқу орындарының еңбек рыногының сұраныстарына әрекет ету шапшаңдығы арқылы техникалық және кәсіптік білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
жастардың техникалық және кәсіптік білім алуға позитивті көзқарастарын қалыптастыру;
жастар еңбегі және оларды жұмыспен қамту саласындағы жағдайларды қамтамасыз ету;
техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының желісін кеңейту;
техникалық және кәсіптік білім саласындағы басқару менеджментінің тиімділігін қамтамасыз ету.
Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары:
5.1 Техникалық және кәсіптік білім жүйесі желілерінің мазмұнын, материалды-техникалық және әлеуметтік базасын модернизациялау
Шығыс Қазақстан облысының колледждері негізінде қызмет ететін мамандықтар бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктер және педогогикалық ұжымдармен техникалық және кәсіптік білім беру жалпыға міндетті мемлекеттік стандартарға, типтік оқу бағдарламаларын,оқулықтарын, оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеу.
Оқу-тәрбие процесіне ақпараттық, дистанциялық, интерактивтік оқыту технологияларын енгізу.
Кәсіптік лицейлер мен колледждерді салу және қайта құру.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына және оқушылар жатақханаларына күрделі жөндеулер жүргізу, қайта құру.
Колледждер мен кәсіптік лицейлердің оқу-өндірістік шеберханалары мен зертханаларын қазіргі заманғы оқу-өндірістік және технологиялық жабдықтармен жаңарту және қайта жарақтандыру, соның ішінде өндірістің даму дәрежесіне сай жаңа буын компьютерлерімен қамтамасыз ету.
Қазіргі заманға сай оқыту және оқу-әдістемелік әдебиеттерін сатып алу.
Аграрлық сектордың кадрларын даярлау және қайта даярлау орталығын құру.
Кәсіптік лицейді бітірген жетім балалар санатына жататын түлектердің әлеуметтік икемделуін кғөтеру және кәсіптік дағдыларын жетілдіру.
5.2 Техникалық-кәсіптік білімнің жалпыға түсініктілігі. Кәсіптік-лицей және колледж түлектерін жұмыспен қамтамасыз ету,қамтылмай қалған халық пен жастарды техникалық біліммен қамтамасыз ету.
Техникалық және технологиялық мамандықтар бойынша кадрлар даярлауға мемлекеттік тапсырысын жыл сайын 10%-ке ұлғайтып отыру.
Білім беру ұйымдарында түлектердің еңбекпен қамтылу мәселесі бойынша мониторинг өткізіп еңбекпен қамту орталықтары, еңбек объектілерімен ақпарат алмастыруды, еңбекпен қамтылу механизмін қамтамасыз етіп отыратын құрылымдық бөлімшелер ашу.
Облыс деңгейінде еңбек нарығының кадрларға сұранысын анықтайтын мониторинг өткізіп отыру.
Техникалық және кәсіптік білімнің беделін және тартымдылығын көтеру үшін бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық- түсіндіру жұмыстарын күшейту;
Кәсіптік лицейлер оқушыларының шәкіртақылық қамтамасыз ету жүйесіне ұсыныстар енгізу.
5.3 Кадрларды даярлауда әлеуметтік әріптестік пен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін дамыту
Шығыс Қазақстан облысы экономикасының әртүрлі салаларындағы кәсіпорын өкілдері мен жұмыс берушілер ұйымдарының қатысуымен техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту бойынша салалық кеңестердің жұмыс істеуі.
Практикалық оқыту базалары болып табылатын кәсіпорындар мен ұйымдардың желісін кеңейту.
Соңынан түлектерді еңбекпен қамтитын нақты жұмыс орындарында өндірістік практикаларды ұйымдастыру.
Жаңа өндірістік технологияларды оқып үйрену үшін арнайы мамандық пәндері оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің тәжірибеден өндірісте өтуін ұйымдастыру.
Кәсіптік білім беру ұйымдарының оқу-материалдық базасын жаңартуға әлеуметтк әріптестердің қатысуы.
Жұмысшылардың жаңа мамандықтарға соның ішінде кәсіпорындар мен ұйымдар базаларында оқуын және қайта оқуын өткізу.
Біліктік талаптары мен құзырлыққа қол жеткізу мақсатында оқу-жоспары іс қағаздарының дайындалуы сараптамасына қатысу.
5.4 Техникалық және кәсіптік білімді кадрларды дайындау сапасы мен бәсекеге қабылеттілігін көтеру
Облыстық бюджет қаражаты есебінен жоғары оқу орындарында және мемлекеттік тапсырыс бойынша колледжерде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында дәріс беру үшін техникалық мамандықтар бойынша оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерін даярлау.
Оқу процесіне жаңа білім беру технологиялары мен бағдарламаларын енгізу үшін Шығыс Қазақстан облысы педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыру институты базанында кәсіптік лицейлер мен колледждердің педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырду ұйымдастыру.
Шығыс Қазақстан облысы педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыру институтының техникалық және кәсіптік білім кабинетінің штатын кеңейту.
Аграрлық секторға арналған кадрларды даярлау орталығы базасында ауылдық кәсіптік лицейлері өндірістік оқыту шеберлерінің біліктілігін арттыру.
Оқытумен қатар оқушылардың курстық дайындықтар және жаңа жұмысшы мамандықтары жүйесі бойынша қосымша мамандықтар, соның ішінде жұмыс берушілердің қаржыландыруы есебінен алып шығу.
«Кәсіп үздігі (біліктілік бойынша)», «Үздік педагог (өндірістік оқыту шебері)», «Үздік колледж», «Үздік кәсіптік лицей» атты конкурстар мен жалпы білім беретін және арнаулы пәндер бойынша олимпиадалар өткізу;
Мамандардың кәсіби дағдылары мен біліктілігін тәуелсіз бағалау мен сертификаттау жүйесін енгізу.
Жоғары техникалық мектептерді құру.
5.5 Техникалық және кәсіптік білім беруді басқару жүйесін жетілдіру
Техникалық-кәсіптік білім беру мекемелерінде кадрларды дайындау сапасына мемлекеттік бақылау жүргізу.
Техникалық-кәсіптік білім беру мен кадрларды дайындау мәселесі бойынша Кеңестің қызметін кеңейту.
Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының ИСО 9001-2000 менеджмент сапасы жүйесінің стандарттарымен үйлестірілген басқару стандарттарын әзірлеп, енгізу.
Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын аккредитациялау стандарттарын енгізу.
Техникалық-кәсіптік білім беру оқу мекемелері жүйесіне қатысты инфрақұрылымдық толық сараптау жүргізу, оқыту бағдарламасына әлеуметтік тапсырысы нарықтық еңбектің қажеттілігі
Ақпараттық мониторинг жүйесін енгізу мен өңдеу жетістік нәтижесі.
6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері
Бағдарламаны қаржыландыру жергілікті бюджет, кәсіпорындардың («ҮМЗ» акционерлік қоғамы, «Өскемен ТМК» акционерлік қоғамы, «Қазмырыш» акционерлік қоғамы, «Қазақмыс» Корпорациясы» акционерлік қоғамы, Шығыс Қазақстан облысының құрылысшылар қауымдастығына кіретін кәсіпорындар, «Кэмонт» акционерлік қоғамы, «Востокмашзавод» акционерлік қоғамы, «ФИК АЛЕЛ» акционерлік қоғамы, «ДЭУ-25» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Vossp» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) тікелей инвестициялары есебінен жүзеге асырылады.
Бағдарламаны іске асыруға байланысты қаржылық шығындар: 3 170,76 млн. теңге, оның ішінде: 2008 жылы 1 008,09 млн. теңге, 2009 жылы 858,75 млн. теңге, 2010 жылы 1 303,92 млн. теңгені құрайды;
республикалық бюджет есебінен: барлығы – 810,0 млн.тенге, 2008 жылы – жоқ, 2009 жылы – 223,90 млн.теңге, 2010 жылы – 586,10 млн.теңге;
облыстық бюджет есебінен: барлығы – 2 012,54 млн.теңге, 2008 жылы – 903,09 млн.теңге, 2009 жылы – 520,73 млн.теңге, 2010 жылы – 588,72 млн.теңге;
инвестициялар есебінен: барлығы – 348,22 млн.тенге, 2008 жылы – 105,00 млн.теңге, 2009 жылы – 114,12 млн.теңге, 2010 жылы – 129,10 млн.теңге.
Бағдарламаны іске асыруға бөлінетін қаражаттың көлемі тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті жоспарлау кезінде нақтыланатын болады.
Күтілетін нәтижелер:
Қала және аудан әкімшіліктері жанынан техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту бойынша Аймақтық кеңестер; 3 салалы кеңестер; әрбір білім беру ұйымында Қамқоршылық кеңесін құру;
Техникалық және кәсіптік кадрларды даярлау саласында әлеуметтік әріптестік туралы меморандумдар мен келісімдер жасасу тәжірибесін кеңейту;
Жастар арасында техникалық және кәсіптік білімнің беделін көтеру және позитивті көзқарас қалыптастыру;
Шығыс Қазақстан облысының барлық аудандарындағы халықты техникалық және кәсіптік біліммен қамтуды кеңейту Аягөз ауданының Аягөз ауылында 300 орындық, Семей қаласында 300 орындық, Абай ауданының Кеңгірбай би ауылында 100 орындық кәсіптік лицейлер құрылысын салу есебінен іске асырылады;
Бородулиха ауданының Бородулиха ауылында кәсіптік лицей ашуға оқу кешенін сатып алу;
Ауылдық кәсіптік лицейлердің оқушылар жатақханаларын жөндеу және қайта құру;
Кәсіптік лицейлер мен колледждерге жөндеу жқмыстарын жүргізу;
Семей қаласының педагогикалық колледжінің жанама спорт залының құрылысын жүргізу, Семей қаласы политехникалық колледжінің спорт залы мен 300 орындық жатақханасын, Семей қаласының радиотехника және байланыс колледжінің жанама спорт залын, Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің жанама спорт залын салу;
Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжі негізінде аграрлық секторға арналған кадрларды даярлау және қайта даярлау орталығын құру;
Көкпекті ауданындағы № 14 кәсіптік лицей негізінде жетім балалар қатарына жататын кәсіптік лицей түлектеріне арналған әлеуметтік бейімделу және кәсіптік дағдыларын жетілдіру оқу-өндірістік шаруашылығын құру;
Оқу және оқу-әдістемелік әдебиетін сатып алу;
Тәжірибелік оқыту базасын кеңейту;
Жыл сайын облыстық бюджет қаражаты есебінен 250 педагог кадрлар Шығыс Қазақстан облыстық педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институтында және 50 өндірістік оқыту шебері мен арнайы пәндер оқытушылары аграрлық секторға арналған кадрларды даярлау және қайта даярлау орталығына біліктілігін арттыру;
Жаңа технологиялық салалар мәселелері бойынша жыл сайын 120 оқытушы мен өндірістік оқыту шеберлері әлеуметтік әріптестік бағдарламасы шеңберінде базалық кәсіпорындарда біліктілігін арттыру;
техникалық және кәсіптік білім бойынша оқу-әдістемелік кабинетін құру;
техникалық және кәсіптік білім мамандықтары бойынша жаңа мемлекеттік жалпыға міндетті типтік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын дайындау және енгізу;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары мен кәсіптерінің жаңа Жіктеуішке сәйкес оқытуға көшу;
Техникалық және технологиялық мамандықтар бойынша кадрлар даярлау мемлекеттік тапсырысын 10%-ке ұлғайту.
жұмысшы мамандықтары тізімдемесін кеңейту және жастар мен ересек халық арасында курстық дайындау және қайта дайындау жүйесі бойынша мамандық алушылар санын көбейту,
жұмыспен қамту органдары мен әлеуметтік әріптестіктер мен бірлесіп, еңбек нарығы мен экономика салаларында соның ішінде мамандықтар мен біліктілік құрылымы кесіндісінде білікті кадрларға қажеттілігін анықталау;
екі жоғары техникалық мектеп құру;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік тапсырысы негізіндегі дайындалатын мамандықтар бойынша оқытуға арналған оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдарын және кешендерін дайындауға педагогтардың қатысуы;
техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының жоғары деңгейлі біліктілік алған түлектері үлесін ұлғайту: 2009 жылы – 10%-ке дейін, 2010 жылы – 15%-ке дейін, 2010 жылы және келер жылдары жылына 20%-ке дейін;
«Кәсіп үздігі (біліктілік бойынша)», «Үздік педагог (өндірістік оқыту шебері)», «Үздік колледж», «Үздік кәсіптік лицей» атты конкурстар мен жалпы білім беретін және арнаулы пәндер бойынша олимпиадалар өткізу;
техникалық және қызмет көрсету еңбегі кадрларын даярлау сапасын тәуелсіз бағалауға жататын мамандықтар мен кәсіптер спектрін кеңейту және енгізу: 2009 жылы 54 дейін, 2010 жылы – 70 дейін, 2011 жылы – 100 дейін;
ИСО 9001-2000 халықаралық сапа менеджменті жүйесіне сәйкес сертификаттаудан өткен оқу орындарының желісін кеңейту;
Шығыс Қазақстан облысы білім мен Шығыс Қазақстан облысы еңбекпен қамтуды үйлестіру басқармасымен бірігіп кәсіптік лицейлер мен колледж түлектері туралы электрондық ақпараттық базасын құру;
жыл сайын кәсіптік лицейлер мен колледждерде педагогикалық қызмет атқаруға арнап облыстық бюджет қаражаты есебінен 25 жоғары білімді және 30 техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлау;
техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне жаңа педагог кадрлар мен өндіріс оқыту шеберлерінің келуі;
кәсіптік лицейлер мен колледждердің оқу-материалдық базасын модернизациялау;
«Жастар іс-тәжірибесі» мекемесі болашақта жұмысқа орналастырумен жұмыспен қамту органдары арқылы (жұмыс орнында тағылымдама мен іс-тәжірибеден өту) ұйымдастыру;
басқарушы және педагогикалық кадрларды аттестаттау жүйесін жетілдіру;
техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын лицензиялау, аттестаттау тетігін жетілдіру;
оқу орындарында жастар ұйымдары мен оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамыту;
оқу орындарында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің мониторингі мен маркетинг қызметін құру .
Тұтастай алғанда, Бағдарламаны жүзеге асыру Шығыс Қазақстан облысы экономика талаптарын қамтамасыз ететін, әрі озық іргелі білімі бар бәсекеге қабілетті, тәжірибелік дағдылары бар кадрлар дайындайтын техникалық және кәсіптік білім беру саласының тиімді жүйесін қалыптастыруға ықпал етеді.
Бағдарламаны орындау оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын болады.