| Президентті сайлау
Қазақстан Республикасы Президентiнiң кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 4 ақпандағы № 1149 Жарлығы "Егемен Қазақстан" 2011 жылғы 4 ақпандағы № 36-37 (26439); "Казахстанская правда" от 04.02.2011 г., № 40-41 (26461-26462)
Қазақстан Республикасы Президентi
мен Үкiметi актiлерiнiң жинағында
және республикалық баспасөзде
жариялануға тиiс
Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 3-1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң кезектен тыс сайлауы 2011 жылдың 3 сәуiрiне тағайындалсын.
2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президенттiк сайлауды ұйымдастыру мен өткiзудi қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасының Үкiметi кезектен тыс президенттiк сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнiндегi тиiстi шараларды қабылдасын.
4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi сайлау құқығы бар азаматтардың тiзiмiн дер кезiнде жасауды және дұрыстығын қамтамасыз етсiн, Орталық, аумақтық және учаскелiк сайлау комиссияларына кезектен тыс президенттiк сайлауды ұйымдастыру мен өткiзу мәселелерiн шешуде жан-жақты көмек көрсетсiн.
5. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президент Н. Назарбаев
|