Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң ресми сайты
Aйдарларының тiзбесi
Жаналықтарға жазылу
 
RSS форматындағы жаңалықтар
Іздеу  
 
 
БIЛIМ БЕРУ

ШҚО БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН ЖОҒАРЫЛАТУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ДАЯРЛАУ ИНСТИТУТЫ

Басшысы туралы мәлімет

Байхонова Сәуле Зайтанқызы. 1980 жылы Өскемен педагогикалық институтын бітірген. Еңбек жолын Үлкен Нарында ШЖМ математика мұғалімі болып бастады. Одан кейін аудандық комсомол комитетінде, партия ұйымдарында қызмет етті.
1997 жылы ШҚО білім Департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды. Бұл жерде өзін білімді, іскер, мәдениетті басшы ретінде көрсете білді.
С.З.Байхонованың ұймдастырып, қатысуымен облыста 5 республикалық және 1 Халықаралық семинар жоғары деңгейде өткізілді. Ол кісінің тікелей араласуымен көптеген аудандық білім беру бөлімдерінде әдістемелік кабинеттер қалпына келтірілген.
Қазақстан Республикасының «Ауыл жылы» Бағдарламасына сәйкес ШҚО БҚБЖ ҚДИ шалғай аудандардағы ШЖМ-ің көптеген педагогтары біліктілігін көтеріп, соңғы жаңа технологиялармен танысты.
Соңғы екі жылдың ішінде БЖИ-ң материалдық-техникалық базасы жақсарып, курстық даярлықтың мазмұны тереңдей түсті.
С.З.Байхонова облыс педагогтары арасында үлкен беделге ие. 2004 жылы «ҚР білім берудің құрметті қызметкері» белгісімен марапатталған.

Директордың қабылдау күні мен сағаты :
Бейсембі : 8:30- 17-00
Телефондары : (7232)42-47-00, 42-69-83,42-61-80

ШҚО БҚБЖ ҚДИ жанындағы білім беруді дамытудың облыстық ресурстық орталығы

ШҚО БҚБЖ ҚДИ электрондық оқу құралдарының тізімдемесі

12 жылдық оқуға көшудің басты бағыттарын жүзеге асыруда барлық мектептер қолданып жатқан ресурсы бар, жеткілікті материалдық және кадрлық потенциалға ие білім беру ұйымы.

Негізігі мақсаттары :

-
білім беру кешенінде оқушыларды профилдікке дейін және профилдік даярлауды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыру ;
- 12 жылдық білім беруге тиімді көшу жөніндегі аймақтық ресурстық орталықтардың қызметін үйлестіру ;

Үйлестіру құрылымы жасалып, мынадай зертханалар шеңберінде жүзеге асырылатын орталық қызметінің басты бағыттары белгіленген:

- 12 жылдық білім беру жағдайында білім беру жүйесін дамыту зертханасы ;
- кәсіптік білім беру проблемаларының зертханасы ;
- білім беру жүйесіндегі менеджмент және иновацияны сараптау зертханасы ;
- басқару және білім беру сапасын бағалау зертханасы ;
- тәрбие жүйесі және коррекциялық педагогиканы дамыту зертханасы.

Әдістемелік орталыққа ғылыми -әдістемелік Кеңес жетекшілік етіп, қызметін үйлестіреді. Оның құрамына ШҚМУ және БҚБЖ ҚДИ мамандары кіреді. Ғылыми-әдістемелік Кеңестің төрағасы болып ШҚМУ прфессоры, педагогика ғылымының докторы Завалко Н.А. сайланған. БҚРО (РЦРО) қызметі іргелі және қолданбалы зерттеулерді ұйымдастыруға қатысты «Білім туралы» Заңмен және басқа нормативтік актілермен, БҚРО туралы Ережемен, БҚБЖ ҚДИ Жарғысымен белгіленеді.
Ғылыми-әдістемелік орталықтың қызметкерлері мектептермен тығыз байланыста бола отырып, кәсіптік-педагогикалық тұрғыдағы қиыншылықтарды зерттейді, білім беру қызметкерлерінің мүддесін, талаптарын айқындап, соның негізінде әдістемелік көмек көрсетуге тапсырыстар әзірлейді. Бұлар кабинеттерге жіберіліп, курстық шаралар жүйесі арқылы іске асырылады.
Әдістемелік кабинет білім беру мекемелерін оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз етіп, педагогикалық ақпарат банкін қалыптастырады, педагогтар үшін оқу, әдістемелік әдебиеттер қорын құрады, аудио-бейнематериалдарды, экрандық дыбыс құралдарын прокаттайды, медиатека пайдаланушыларға консультативтік көмек көрсетеді.
Пайдаланушылардың ақпараттық талаптарын, кәсіби қызмет аясын есепке алу негізінде педагогикалық ақпарат Банкі құрылған, соның ішінде білім берудегі өзекті проблемалар жөнінде тақырыптық базалар да бар. Мысалы үшін қазір Ресурстық орталықта « Оқушыларды профилдік алдында және профилдік оқыту» деген тақырыптық база құрылған.
Профилдік оқыту біліктілігін көтерудегі болашақтың тағы бір бағыты «Прфилдік мектеп : қашықтық курсы» электрондық оқу-әдістемелік кешенін құру. Қашықтық курсының технологиясы мұғалімдерге үздіксіз әдістемелік көмек көрсетуге мүмкіндік туғызады, шалғай аудандардағы педагогтарды профилдік оқыту проблемалары жөнінде даярлықтан өткізуге қол жеткізеді.

Қазақстан Республикасында бастауыш және орта кәсіптік білім берудің меклекеттік жалпыға міндетті стандарты негізінде
кәсіптік даярлық сапасын басқару мониторингі

Мониторингтің мақсаты:
Білім беру қызметінің сапасын зерттеу және кәсіптік білім беруді дамытуда негізгі тенденцияларды болжау.

Бақылау
Мамандарды кәсіби даярлаудың барлық кезеңінде білім беру сапасының динамикасын бақылау.
Кіріспе бақылау (тестілеу, қабылдау емтихандары).
Аралық бақылау (емтихандар, тестілер, кезең-кезеңмен кәсіби аттестаттау, курстық жұмыстар мен жобаларды қорғау).
Шығару бақылауы (бітіру біліктілік емтихандары, бітіру емтихандары, жазбаша біліктілік сынақ жұмыстары, дипломдық жобаларды қорғау).

Бағалау
Білім беру мақсатына оқу қызметінің сәйкестігін айқындау үшін ақпараттар жинау.
Нормалар кәсіптік білім беру жүйесінің стандарттарымен белгіленеді.

Мониторингтің индикаторлары:

  • Психологиялық-педагогикалық нәтижелер :
    - Оқушының білім құрылымындағы жаңа өзгерістер (білім, түсіну, талдау, синтез, бағалау).
    - Қарым-қатынас, денсаулық ахуалы жүйесіндегі даралық бағыт, тәртіптегі жаңа өзгерістер (білім, тәжірибе, құндылыққа негізделген құзырлықты, қабілетті дамыту).
     

  • Кәсіптік құзырлықтың параметрлері :
    - Өз еңбегін рационалды ұйымдастырып, жоспарлау қабілеті.
    - Техника, технология, еңбекті ұйымдастыру және еңбек жағдайы өзгерген кезде тез бейімделу қабілеті.
     

  • Функционалдық нәтижелер :
    - Оқып жатқандар қызметін басқаруға бағытталған әртүрлі педагогикалық ықпал жасаудың әдістері.

Талдау
Оқудың тиімділігі, нақтылы нәтижелер мен қойылған мақсат, стандарттар, эталондар нормаларын зерттеп білу тұрғысында ақпараттарды талдау.
Білім беру қызметінің динамикасын салмақтау.
Кәсіптік білім берудің басымды проблемаларын анықтау.

Болжау
Кәсіптік білім беру, еңбек нарығына қажетті білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды үздіксіз даярлауды дамытудың негізгі тенденцияларын болжау.

Тақырып бойынша ақпараттық мәліметтер:


07/11/2008
«Компьютерлік сыныптың ең үздік оқытушы-жаттықтырушылары»
23/10/2008
Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы достық қатынастар туралы шарттың 15 жылдығы
22/10/2008
«Восток» ДО ҒЗАО бөлімшелерінің қызметі туралы Ақпарат
17/10/2008
«Қазақ тілінің үздік оқытушысы» анықталды
15/10/2008
Аймақтық Сырттай «Дарын» Мектебінің өткізілу қорытындысы
15/10/2008
«Кастальский ключ»
09/10/2008
«Үздік авторлық бағдарлама» облыстық конкурсының өткізілуі туралы ақпарат
01/10/2008
I облыстық шахмат турнирінің қорытындысы
15/09/2008
«Мектепке баратын жол» Акциясы
12/09/2008
ШҚО жалпы білім беретін оқу орындарының 5 – 11 сынып оқушылары арасында өткен ІХ облыстық Абай оқуларының қорытындысы
08/09/2008
Интерактивті сабақ
02/07/2008
«Шексіз дарындылық» атты халықаралық фестивалдің қорытындысы
23/06/2008
Дарынды оқушыларға арналған «Дарын» Жазғы Академиясын өткізудің қорытындысы
12/06/2008
Зырян ауданында өткен ҰБТ қорытындысы
12/06/2008
1 Маусым баларды қорғау күні
10/06/2008
Қ.Бітібаева атына өткізілген қазақ тілі мен әдебиті бойынша аймақтық олимпиаданың олимпиаданың қортындысы
29/05/2008
"ҚР Білім және ғылым министрінің поштасы" пошта жәшігі орнатылды
26/05/2008
2008 жылғы Қазақстан Республикасының мектеп және колледж оқушыларының 4-ші жазғы спартакиадасының қортындысы
26/05/2008
Шығыс Қазақстан облыстық мектеп және колледждер оқушыларының 2008 жылғы 4-ші жазғы Спартакиадасының қорытындысы
20/05/2008
«Балалар.Интеллект.Мәдениет» XII халықаралық фестиваліне Шығыс Қазақстан облысы оқушыларының қатысып қайтты
 
Өскемен қ.
Семей қ.
Риддер қ.
Курчатов қ.
Абай ауданы
Аягөз ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы
Жарма ауданы
Зайсан ауданы
Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы
Көкпекті ауданы
Күршім ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Үржар ауданы
Шемонаиха ауданы
Copyright © 2005-2008
Hosting and design Rating telecom

070019, Қазақстан, Өскемен қаласы,
М. Горький көшесі, 40

Телефоны: 8 (7232)  24-45-61
E-mail: KTokhmoldina@akimvko.gov.kz

Call - центр тел. 8 (7232) 203-300