Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң ресми сайты
Aйдарларының тiзбесi
Жаналықтарға жазылу
 
RSS форматындағы жаңалықтар
Іздеу  
Kazakhstan Financial Market
 
БIЛIМ БЕРУ

«Болашақ» бағдарламасы туралы не білесіздер?

Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашак» халықаралық  стипендиясы

1993 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен халықаралық «Болашақ» степендиясы құрылды.
1994 жылы шетелдегі жоғары оқу орындарына қазақстандық студеттердің бірінші тобы жіберілді. 1994 жылдан 2004 жылға дейін «Болашақ» бағдарламасының шеңберінде 785 адам стипендиат атанды.
2005 жылы 3000 жас және талантты қазақстандықтарға «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы оқу орындарында оқуға мүмкіндік берілді.

Бүгінгі күні «Болашақ» бағдарламасының 3000 стипендианты дүние жүзінің 27 еліндегі жоғары оқу орындарында оқиды. Мың жарымға жуық адам бағдарламаның түлектері атанды. 2005-2009 жылдарда стипендиаттардың саны 4911 дейін өсті. 15 жыл ішінде 5696 адам стипендия иегерлері болды.         2005 жылы құрылған «Халықаралық бағдарлама орталығының» (ХБО) Акционерлік қоғамына әкімшіліктік бағдарлама тапсырылды. Құжаттарды тапсыру уақыты және халықаралық «Болашақ» степендиясын ұйғаруға конкурс өткізу Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітіледі және міндетті түрде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланады.      

Барлық қажетті ақпараттарды ХБО сайтындағы мына адрес www.edu-cip.kz бойынша алуға болады.
2006 жылдың қыркүйегінен бастап ХБО шетелде оқу туралы «Болашақ» ақпараттық-талдау журналын шығарады.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық  стипендиясына аттестаты немесе дипломында орта ұпайы жоғары Қазақстан Республикасының кез келген азаматы үміткер бола алады:

  1. жалпы білім беретін мектептердің түлектері;
  2. кәсіптік колледж және лицейлердің түлектері;
  3. жоғары оқу орындардың түлектері. 

2008 жылдан бастап стипендия алу үшін төмендегілерге квота бөлінеді:

  1. ауыл жастарына;
  2. мемлекеттік қызметкерлерге;
  3. мемлекеттік білім және ғылым мекемелерінің ғылыми және педагогикалық қызметкелеріне.

Жыл сайын Шығыс Қазақстан облысының оқушылары конкурстық кезеңнен жақсы өтіп, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанады.

ШҚО стипендианттары оқитын негізгі мамандықтар:

  1. инженерлік ғылымдар: ақпараттық технологиялар және жүйелер саласындағы спутниктік технологиялар, аэрокосмостық қызметтер, компьютерлік жобалау және модельдеу;
  2. ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялық жүйелер;
  3. экономика саласындағы спутниктік технологиялар, өнеркәсіп жобасын қаржыландыру, ауыл шаруашылығы, бюджеттік жоспарлау;
  4. мемлекеттік басқару және әлеуметтік саясат;
  5. білім саласындағы мемлекеттік басқару;
  6. медицина, педиатр, денсаулық сақтау менеджменті және медицина ғылымдары, емдеу ісі, хирургия;
  7. әлеуметтік жұмыс;
  8. халықаралық құқық;
  9. космонавтика және ракеталық технологиялардағы лазерлік жүйелер;
  10. педагогика;
  11. химия, мономерлер и полимерлер;
  12. кинематография саласындағы өнер;
  13. юриспруденция, әкімшілік-құқықтық мамандандыру;
  14.  журналистика;
  15. биотехнология, өсімдік шаруашылығы саласындағы гендік инженерия, тамақ өнеркәсібі және мал шаруашылығы.  
  16. қоршаған ортаның өзгеруі және  менеджмент.

 

Тақырып бойынша ақпараттық мәліметтер:


 
Өскемен қ.
Семей қ.
Риддер қ.
Курчатов қ.
Абай ауданы
Аягөз ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы
Жарма ауданы
Зайсан ауданы
Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы
Көкпекті ауданы
Күршім ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Үржар ауданы
Шемонаиха ауданы
 

ШҚО әкімі сайтындағы барлық анықтама ақпараттар сіздің ұялы телефоныңызда - wap.akimvko.gov.kz

 
Copyright © 2005-2010

Барлық құқығы қорғалған. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің www.akimvko.gov.kz сайтынан материалдарды толық немесе жартылай пайдалану тек сайттың ресми иесінің келісімімен ғана рұқсат етіледі. 

070019, Қазақстан, Өскемен қаласы,
М. Горький көшесі, 40
Телефоны: 8 (7232)  24-45-61
E-mail: portal@akimvko.gov.kz
Call - центр тел. 8 (7232) 203-300