| Балалар құқығын қорғау
Мемлекет басшысының оқушылардың мектепке баруын толық қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау үшін 1 тамызда Шығыс Қазақстан аумағында «Мектепке жол» жалпыреспубликалық акциясы төртінші рет бастау алып, ағымдағы жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасады.
Биылғы жылы акция «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына – 20 жарқын іс!» ұранымен өтеді.
Акцияның жұмысы балалардың әлеуметтік себептермен 1 қыркүйекте мектепке бара алмауының алдын алу және күнкөрісі төмен отбасылары балаларын жаңа оқу жылына дайындауда қолдау көрсетуге бағытталады.
Бүгінгі күнде Шығыс Қазақстан облысында 310 мыңнан астам бала тұрады.
1 қыркүйекте 731 мектептің есігі ашылып, 170 мыңға таяу балалар партаға отырады, соның ішінде 17 мың бала үшін бірінші қоңырау шалдырлайды. Облыста жаңа мектептер мен балабақшалар ашылады.
Өкінішке орай, қоғамымызда ата-анасының жылуы мен қамқорлығын көрмейтін балалар бар – облысымызда 4,2 мың жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 2419 бала қамкорлық пен қорғаншылықта, ал әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларда 35 мың бала тәрбиеленеді.
Облыс бойынша 49 бала патронаттық тәрбиелеуде, 1856 бала жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 23 ұйымда өмір сүруде, оның ішінде 1550 бала – ата-анасы тірі әлеуметтік жетімдер, 1792 кәмелетке толмағандар 1093 қолайсыз отбасында тәрбиеленеді.
2010 жылы акцияның негізгі мақсаты оқумен қамтылмай қалған оқушыларды анықтауы болған. Рейдтік іс-шаралар нәтижесінде оқудан қашқақтап жүрген 101 кәмелетке толмағандар айқындалды. Әр елді мекенде, фермада, қала түбіндегі саяжайда рейдтік іс-шаралар өтті. Рейд нәтижесінде мекен-жайлық, дербес «тәуекел тобының» балалар, әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасылардың және балалардың тізімдері құрылды.
2010 жылы үй-үйді аралау бойынша ең белсенді жұмыс Көкпекті ауданында – 297, Өскемен қаласында – 224, Семей қаласында – 150, Глубокое ауданында – 126, Шемонаиха ауданында – 117, Үржар ауданында – 115 өткізілді.
Кәмелетке толмағандардың оқудан қашқақтап жүрген себептерін талдауы ата-аналардың балаларының тәрбиесіне селқос қарап, бақылаусыздық көрсеткендіктендігін анықтады. Анықталған балалардың көбі ата-аналары үнемі ішімдік ішетін, балаларының тәрбиесімен айналыспайтын, қолайсыз немесе толық емес отбасыларда өмір сүреді, бұл қанғыбастыққа, сабаққа бармауға апарады. Осындай балаларды мектепке қайтару жұмыстарымен үнемі мектеп, ата-аналар қоғамдастығы, жергілікті атқару органдары бірлесе айналысады.
Мемлекет жетім балалар мен, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көмекке мұқтаж отбасыларына ондағы балаларға үнемі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетіп отырады.
Былтырғы жылы облыстық, аудандық БАҚ-тарда «Мектепке жол» акциясының барысы кеңінен жарияланып, акция қорытындысы бойынша PR-кампания өткізілді.
Департаментте және қалалық, аудандық білім бөлімдерінде сенім телефондары жұмыс істеуде, онда көмек сұрап түскен өтініштердің барлығы қанағаттандырылды. Департаменттің сенім телефонына 45 өтініш түскен, барлық балаларға көмек көрсетілді. Біздің «сенім телефонымыз» – 26 46 36.
Департаменттың бастамасымен 5 қайырымдылық акция өткізілді, аз қамтылған, көп балалы отбасыларының балаларына мектепке қажетті киім-кешек, аяқ-киім және кеңсе тауарлары берілді.
Акция аясында облыс бойынша барлығы 20 655 балаға жалпы 53 665 200 теңгенің материалдық көмегі көрсетілді. Оның ішінде 7 390 балаға жергілікті қаржыдан - 31 766 000 теңгеге көмек көрсетілсе, 13 265 балаға демеушілер 21 899 200 теңгеге көмек көрсетті.
2010 жылы 100 мыңға таяу балалар мен ата-аналардың қатысуымен акция аясында облыс бойынша кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлерді тарту арқылы мектепке қажетті киім-кешек, аяқ-киім, кеңсе тауарлары және оқулықтарды арзандатып сату үшін 300-ден аса мектеп жәрмеңкесі өтті.
Демеушілердің ең көп көмек көрсеткен аудандарды атасақ: ол Тарбағатай ауданы – 1 583 100 теңгеге, Күршім – 1 463 830 теңгеге, Үржар – 1 178 705 теңгеге және Өскемен қаласы – 1 062 678 теңгеге.
Биылғы жылы тамыз айының 20 мен 30 аралығында акция аясында «Балалық шақты қорғауға 20 қадам» марафоны барлық аудандар мен қалаларда демеушілер мен меценаттардың, үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткізіледі.
Барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, білім беру ұйымдары басшыларының, демеушілердің назарын бірде бір бала мектепке киер киім-кешектің немесе мектепке қажетті кеңсе тауарларының жоқтығынан бармай қалуына жол бермеу қажеттігіне аударамыз.
Құрметті шығысқазақстандықтар, егер сіздерге баласы материалдық көмекке мұқтаж отбасы, немесе мектепке бармай жүрген мектеп жасындағы балалар туралы белгілі болса, 26-46- 36 БҚҚД телефонына, не жақын арадағы білім беру мекемесіне хабарлауды сұраймыз.
|