| Мектепке дейінгі білім беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 02.05.2007 ж. №83 «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеуді қолдау жөніндегі 2007-2010 жылдарға арналған іс- шаралар Жоспарын бекіту туралы» қаулысын жүзеге асыру туралы А Қ П А Р А Т Қазақстан Республикасы Үкіметінің 02.05.2007 ж. №83 «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеуді қолдау жөніндегі 2007-2010 жылдарға арналған іс- шаралар Жоспарын бекіту туралы» қаулысының 3 тармағын жүзеге асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Балабақшаға барамыз» іс-шаралар жоспары қабылданды. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жанынан аталған мәселе бойынша Үйлестіру кеңесі құрылды. Оның қрамына аумақтық органдар мен ведомстволардың басшылары, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, Семей мемлекеттік педагогикалық институтының ғалымдары және «Мектепке дейінгі балалық шақ» РО филиалының қызметкерлері енгізілген. 2007 жылдың желтоқсан айында Кеңестің мәжілісінде мемлекеттік мекемелерге, жеке меншікке берілген бұрынғы балабақша және басқа ғимараттарын тексеру жөніндегі жұмыс тобының мәліметі тыңдалды. Өскемен қаласындағы ғимараттарға тексеру жүргізілді. Жеке меншік иелерімен кездескенде олардың екеуі нысандарын 430 млн. теңгеге сататындықтарын білдірген. Киев көшесінде орналасқан бұрынғы №40 балабақшаның иесі де осындай ниетте. Ульянов көшесіндегі №13 мекеме мемлекеттің қарауында. Оның жартысын 100 орындық бала бақшаға қайта құрылымдау жоспарланып отыр. Семей қаласында жеке меншікке сатып алынған балбақша жөнделіп, жұмыс істеуде. Осы қаладағы 7 балабақша иелерімен қайтадан сату жөнінде алдын ала шарт жасалған. Соңғы үш жылдың ішінде облыста 27 балабақша ғимараты қалыпқы келтірілді. 7 ғимаратты шаруа қожалықтары, Тарбағатай ауданында бір жекеменшік иесі өз нысанын қайтып берді. Семей қаласында «Казахмыс» кәсіпорны жеке балабақша ашты. Катонқарағай ауданында «Жас қанат», «Найман» шаруа қожалықтарының басшылары Матасов, Старшинаев, Мәйемер аулындағы кәсіпкер Бұлғыновпен бұрынғы ғимараттарды қайтару жөнінде мәселе шешілу үстінде. 2008 жылғы қаңтар айында мектеп жасына дейінгі мекемелерге деген төлемақыларды төмендету жөнінде мәселе қаралған болатын. Мәселен, Өскемен қаласында қазір 6 мыңнан 7800 теңгеге дейін. Ал бұл желтоқсан айында 11-12 мың теңге болған. Семей қаласында- 6 мың теңге, Риддерде—5500 теңге. Семей қ. мен Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылында республикалық бюджеттен 470 орындық 2 мекеме салу көзделіп отыр. Жарма ауданының Шар қаласында 140 орындық балабақшаның жобалық-сметалық құжатнамасын әзірлеу жоспарланған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 02.05.2007 ж. №83 «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеуді қолдау жөніндегі 2007-2010 жылдарға арналған іс- шаралар Жоспарын бекіту туралы» қаулысы, Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Балабақшаға барамыз» іс-шаралар жоспары қалалар мен аудандардың әкімдіктерінде, білім Департаментінде жүзеге асырылуда. |