| Арнаулы орта оқу орындары Семей қаласындағы Бухгалтерлік колледж Директор: Мазибаев Бакытбек Иманбекович Мәзібаев Бақытбек Иманбекұлы 1947 жылы 18 маусымда Семей облысы Ақсуат ауданы, Ақсуат ауылында дүниеге келдім. 1966 жылы ВЛКСМ ның 30 жылдығы атындағы Ақсуат орта мектебін бітірдім. 1966 жылдан 1969 жылға дейін Совет Армиясы қатарында әскери борышымды өтедім.Әскери міндетімді атқарып келгеннен кейін 1969 жылы Жамбыл технология институтының Семейдегі филиалына оқуға түсіп, 1975 жылы аталған институтты «инженер-экономист» мамандығы бойынша бітіріп шықтым. Институты бітіргеннен кейін сол оқу орнында «Экономика, ұйымдастыру және жоспарлау» кафедрасында жұмысқа қабылданып, оқытушы, аға оқытушы қызметтерін атқардым. 1982 жылы Семей ет және сүт технологиясы институтының оқу бөлімі бастығы қызметіне ауыстырылдым.1985 жылы Семей қаласындағы Орталық Статистика басқармасына қарасты орта кәсіби-техникалық училищесіне директор болып тағайындалдым.1992 жылы Ақсуат аудандық тұтынушылар одағы басқармасының төрағасы болып сайландым, ол қызметте 1995 жылға дейін жұмыс істедім.1995 жылдан бастап Семей қаласындағы «Инком» бухгалтерлік училищесінде, кейіннен 1998 жылдан Бухгалтерлік колледжде директор болып қызмет істеймін.Отбасымда: әйелім Әділова Қарлығаш – финансист. Екі қыз балам бар. Семей қаласындағы Бухгалтерлік колледж мемлекеттік емес оқу орны болып саналады. Меншік түрі –жекеменшік.2002 жылдың 24 сәуірінде Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінде берілген мерзімі шектелмеген сериясы АА № 0005157 лицензиясы арқылы күндізгі және сырттай оқу түріне орта кәсіптік білім деңгейінде төмендегі мамандықтар бойынша оқытады: -
0705002 «Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит» мамандық «экономист-бухгалтер». -
0714002 «Салық ісі» мамандық «салық қызметінің маманы» -
0716002 «Банк ісі» мамандық «банк ісінің маманы»Ақылы қүндізгі бөлім оқушыларының жалпы саны -130 адам, сырттай бөлім -100 адам. Соның ішінде мемлекеттік тілде оқитындар - 65 адам.Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министірлігі мониторингі және мемелекеттік инспекциялау Департаментінің мемлекеттік аттестациялық комиссиясының шешімімен 2003 жылдың 25 қарашасынан 29 қараша аралығында Семей қаласындағы Бухгалтерлік колледж 5 жылға күндізгі және сырттай оқу түрлерінен аттестациядан өтті деп саналады. Пошталық мекен жайы: Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы Синицына көшесі 6. Телефон: (7222)35-16-18; Факс: (7222) 35-16-82 Электрондық адрес: MAZIBAEV@mail.ru |