| Арнаулы орта оқу орындары КМҚК «Д. Қалматаев атындағы Семей мемлекеттік медицина колледжі». Директор - Шаяхметова Гүлжан Мұстафақызы. Шаяхметова Г.М. , 1955 жылы тамыз айының 11-де Семей облысы, Кокпекты ауданы, Кокпекті ауылында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ. Білімім жоғары медициналық. 1978 жылы Семейдің медицина институтын дәрігер-емші мамандығы бойынша бітірдім. Алғашқы еңбек жолын аталған оқу орнын бітірген соң Семей қаласындағы № 1 қалалық ауруханада инфекционист-дәрігер болып бастадым. 1983 жылдың қыркүйек айынан бастап Д. Қалматаев атындағы Семей мемлекеттік медицина колледжінде оқытушы болдым, 1991 жылы бөлім меңгерушісі, 1999 жылдан колледж директоры болып жұмыс істеп келемін. Осы еңбек ұжымындағы еңбек өтілімім 22 жыл. Көп жылдық еңбегім үшін қалалық және облыстық денсаулық сақтау басқармасының мақтау қағаздарымен, қала және облыс әкімінің мақтау қағаздарымен марапатталдым. 2005 жылы «Қазақстан Республикасының білім беру саласының құрметті қызметкері» атты кеуде белгісімен марапатталдым. Бүгінгі күнде келесі баспа жұмыстарым бар: «Особенности вегетативной регуляции у больных молодого возраста, перенесших инфаркт миокарда», «Ғылым және денсаулық» журналы, 2004 ж., № 4, «Механизм иммунного повреждения сосудистого эндотелия в патогенезе нестабильной стенокардии» және тағы басқа. Отбасылық жағдайын: тұрыстамын. Жолдасым – Шаяхметов Нурлан Магзумұлы. Білімі бойынша экономист. 3 балам бар. Қыздарым жұмыс істейді. ұлым студент. Өмірбаян өз қолыммен жазылды. Колледж туралы қысқаша мағлұматтар. Семей мемлекеттік медицина колледжі 1928 жылы құрылған. 1930 жылдың желтоқсан айында Қазақстанда жалғыз фармацевтикалық техникум ұйымдастырылды. 1954 жылдың 1 тамызынан денсаулық сақтау Министрлігінің бұйрығы негізінде техникум медицина училищесі болып өзгертілді. 1996 жылдың шілде айынан медицина колледжі болып өзгертілді. Медицина колледжі 1998 жылғы 25 қазан ҚР өкіметінің № 1335 жарлығымен заңды құқығы бар Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын мекеме түріне өзгертілді, оперативтік басқарма құқығы негізінде құрылды және «Медицина колледжі» мекемесінің заңды иесі болады, ҚР өкіметінің жарлығына сәйкес құрылған (әкім шешімі, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығы 1996 ж. 14 маусым № 282). ҚР өкіметінің 1996 жылғы 3 сәуір № 384 жарлығы негізінде, Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының 2001 жылғы 13 наурыз № 85 ж. бұйрығы негізінде Семей мемлекеттік медицина колледжіне Қазақстанның тұңғыш фельдшерінің бірі – Бүйсенбі Қалматаевтын аты берілсін. Білім беру күндізгі оқу түрінде жүргізіледі. Келесі мамандықтар бойынша дайындықтар жүргізіледі: 0401002 «Емдеу ісі»0402002 «Акушерлік іс»0404002 «Стоматология»0405002 «Ортопедиялық стоматология»0406002 «Фармация»0407002 «Мейірбике ісі»0408002 «Лабораториялық диагностика»Колледжде жоғарғы білімдеріне сәйкес штаттағы 50 оқытушы жұмыс істейді. оның ішінде квалификациялық санаты бойынша: жоғарғы – 16бірінші – 17санатсыз – 17квалификацияны жоғарлатудың әртүрі қолданылады. Педагогикалық ұжым тұрақты, кадрлар жылжымасы байқалмайды. Әкімшілік – басқарма құрамы: директор – 1директордық орынбасары – 2бөлім меңгерушілері – 3тәжірибелік оқытудың меңгерушісі – 1 әдіскер – 1 бұлардың жоғарғы санатты – 5, бірінші санатты – 3 әдістемемен қамтудың деңгейін келтіру үшін медицина колледжінде бас оқытушылардың педагогикалық тәжірибесінің қорытындысын өткізіп тұрады. Колледжде оқу-тәрбие процестерінің белгілі жүйесі құрылды. Ол келесі бағыттардан құрылған: адамгершілік, құқықтық, эстетикалық, патриоттық тәрбие, сондай-ақ оқушылардың жан-жақты қызығушылықтары болу үшін көп көңіл бөлініп тұрады. Ғылым-ізденушілік жұмыстар жүргізіліп тұрады. Оқу процесінің қазіргі заман талабына сай информатизациялау бағытында колледжде компьютерлік класс бар, оқу залы бар, онда теледидар, бейнетаспа және студенттердің дайындығы үшін 3 компьютер бөлінген. Колледжде оқу сабақтарында пайдалану үшін кодоскоптар, мультимедиялық проектор бар. Конференция және тағы басқа шараларды өткізу үшін 60 орынға арналған конференц-зал бар. Колледж қалалық медициналық мейірбикелер Ассоциациясымен тығыз байланыста болады. Мамандықтар тізімі: 0401002 «Емдеу ісі» 0402002 «Акушерлік іс» 0404002 «Стоматология» 0405002 «Ортопедиялық стоматология» 0406002 «Фармация» 0407002 «Мейірбике ісі» 0408002 «Лабораториялық диагностика» 2005-2006 оқу жылына оқушыларды қабылдау жөнінде есеп. Қабылдау комиссиясы педагогикалық кеңесте бекіткен жоспар бойынша жұмыс жасады. «2005-2006 оқу шаралар жоспары». Жоспардың негізгі бөлімдері: 1.2005-2006 оқу жылына қабылдау қорытындысын талқылау. 2. Қала және аймақ мектептерінің оқушылары арасында жүргізілетін кәсіптік бағдар жұмысы. 3. Қазақстан Республикасының білім және денсаулық сақтау комитетінің бұйрықтарымен, шешімдерімен, хаттарымен танысу. 4. Колледжге қабылдау жөніндегі типтік бағдарламаны құру және бекіту. 5. Колледжге түсушілерге арналған құжаттардың үлгісін жасап ілу. 6. Талапкерлердің құжаттарын қабылдау. Жоспардың негізгі бөлімдері уақытында орындалды. Кәсіптік бағдар беру жұмыстары мектеп бітірушілердің арасында колледж оқытушылары арқылы жүргізілді. Ауылдық жерлерге кәсіптік бағдар жұмыстарын оқу өндірістік тәжірибеге және өндірістік тәжірибеге барған оқушылар арқылы жасалды. Насихаттау көрнекілігі ретінде жарнамалық хабарландырулар, барлық мамандықтар бойынша қаттама қағаздары даярланды. Оқуға түсушілерге арналған ақпарат қабырғасы даярланды «Ашық есік күндері» өткізілді. Қабылдау комиссиясы жұмысын 15 маусымда бастады, ал өтініштерді қабылдау 20 маусымнан басталды. Қабылдау емтиханын өткізу үшін екі тілде тест жасалып бекітілді. Барлық берілген өтініш 510, емтиханнан өткені 401.Қабылдау емтиханы негізгі білімі барлар үшін: қазақ тілі немесе орыс тілі және биология пәндері бойынша, ал орта білімі бар оқушылар үшін: қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы, биология немесе химия пәндері бойынша өткізілді. Бюджет негізіне 140 оқушы қабылданды, оның ішінде қазақ тіліндеоқып келгендер 75, одан қалалықтар 41, ауылдықтар 99. «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бюджеттік негізге мемлекеттік тілде оқуға берілген өтініш саны 93, бір орынға 1,86 талапкерден болды. «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша мемлекеттік тілде оқуға берілген өтініш саны 75, сайыс 1 орынға 3 талапкерді көрсетті. «Акушерлік іс» мамандығы бойынша, оқу орыс тілінде, 26 өтініш болды, бір орынға 1,04 талапкерден. «Емдеу ісі» мамандығы бойынша, оқу орыс тілінде, берілген өтініш саны 33, бір орынға 1,32 талапкерден ақылы негіз бойынша 165 оқушы қабылданды, оның ішінде қазақ тілінде оқушылар саны 67. жетім балалардан 4, ІІ топтағы мүгедектер 2, ҚР азаматы емес квотасы бойынша ұлты қазақ балалардан 1 оқушы қабылданды. Мекен жайы: Шығыс Қазақстан облысыСемей қаласыИнтернационал көшесі № 38инд. 071400 телефон/факс: 8 (7222) 56-07-25 E-mail: med_koll@relkom.kz |