Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң ресми сайты
Aйдарларының тiзбесi
Жаналықтарға жазылу
 
RSS форматындағы жаңалықтар
Іздеу  
 
 
БIЛIМ БЕРУ


Семей көлік колледжі

Директор: Люй Александр Владимирұлы 1951 жылы 14 қаңтарда Ресей Федерациясының Красноярск өлкесінің Российка ауылында дүниеге келді. Белорус.

Білімі – жоғары, инженер-механик, 1976 жылы Өскемен қаласындағы құрылыс-жол институтын, одан ертерек, Семей автомеханикалық техникумын үздік бітірді.

Семейдің автокөлік мекемелерінде инженер, бөлім бастығы, бастық орынбасары болып жұмыс істеді.
1983-ші жылдан Семей көлік колледжінде жұмыс істейді, 20 жыл – оның директоры.
Облыс төңірегінде өткізілген «Колледждің ең жақсы директоры» конкурсында «Әскери-патриоттық, рухани-патриоттық тәрбие, таңдаған мамандыққа, колледжге, қалаға сүйіспеншілігін арттыруды ұйымдастыру бойынша директор-лидер» номинациясының жеңімпазы. Бірнеше рет қала және облыс Әкімдерінің хаттары және мақтау қағаздарымен марапатталды.

Колледж 1929 жылы автожол техникумы ретінде құрылған, бірінші түлектер 1931 жылы өз жолдарын тапты. 1997 жылы су көлігі колледжімен біріктірілді.

Материалдық база: Колледжде 3 оқу ғимарат, оқу өндірістік шеберханалар, оқу кеме, автокөліктер, Интернеті қосылған 3 компьютерлік сынып, 30 оқу кабинет мен 10 зертхана, кеме жүргізу тренажерлер, кітапхана мен оқу залы, спорт және тренажерлік залдар бар.

Лицензия: №0005150 сериясы АА, 2002 жылдың 23 сәуірінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігімен берілген.

Кадрлар: колледжде 45 оқытушы жұмыс істейді, олардың 23 жоғары және бірінші санатқа ие. 21 оқытушы колледжде 10 жылдан астам жұмыс істейді.

Мамандықтар: колледж автомобиль және су көліктеріне қатысты техникалық мамандықтар бойынша 9-шы және 11-ші сынып негізінде, қазақ және орыс тілдерінде, бюджеттік және коммерциялық негізде оқытады.
3037002 «Ішкі су жолдарында кеме жүргізу және жағалауда жүзу».
3038002 «Ішкі су жолдарын пайдалану».
2708002 «Кеме машиналары мен механизмдерін техникалық күту».
3002002 «Автокөліктерді техникалық күту, жөндеу және пайдалану».
2802002 «Жүк көтеретін көліктерді, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтарды пайдалану және техникалық жөндеу».
3005002 «Автокөліктерде қозғалысты реттеу және тасымалды ұйымдастыру».

Мекен-жайы: Семей қаласы, Интернационал көшесі, 42; факс: (7222)52-26-74
Электрондық пошта: skt_1929@mail.ru

 

 
Өскемен қ.
Семей қ.
Риддер қ.
Курчатов қ.
Абай ауданы
Аягөз ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы
Жарма ауданы
Зайсан ауданы
Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы
Көкпекті ауданы
Күршім ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Үржар ауданы
Шемонаиха ауданы

070019, Қазақстан, Өскемен қаласы,
М. Горький көшесі, 40

Телефоны: 8 (7232)  24-45-61
E-mail: KTokhmoldina@akimvko.gov.kz

Call - центр тел. 8 (7232) 203-300