| Құмаш Нұрғалиев атындағы колледж Біздің колледж Құмаш Нұрғалиев атында. Кеңес Одағында оны жаңашыл мұғалым, өз өмірін заман талабына сай мектеп құруға арнаған адам ретінде біледі. ҚХР шекарасына таяу жатқан Боран ауылындағы мектепке Қазақстанның бүкіл қалаларынан, тіпті сонау Мәскеуден, Украинадан, Белоруссиядан тәжиірбе алуға келетін. Қазірде бұл мектепті «болашақ мектебі» деп атайды. Құмаш Нұрғалиевтің есімі В. Сухомлинский, В. Шаталов, Ш. Амонашвили секілді атақты кеңес педагогтарымен қатар тұрады. Құмаш Нұрғалиев өзінің құрыштай ерік-жігерімен, өзінің мектебінің даңқы шықпай тұрып-ақ танылған. 1944 жылы, 19 жасқа сол куні ғана толған жас қазақ жігіті, Рига түбіндегі шайқаста ауыр жарақат нәтижесінде екі аяғы мен бір қолынан айрылады. Алдыңғы шепте жасалынған операция, далалық госпиталь, санитарлық поезд, Мәскеудегі госпиталь, көптеген операциялар және өмір үшін күрес. Жай тірлік үшін емес, қоғамға пайдалы, бағалы өмір үшін күрес. Осының арқасында, енді ешкім оған мүгедек ретінде қарамайтын: жанұясыда, әріптестеріде, оқушыларыда. Отанымыз Құмаш Нұрғалиевтің еңбегін жоғары бағалады. Ленин ордені, Қызыл Ту ордені, I дәрежелі Отан соғысы ордені, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және бес медальмен марапатталды. «КСРО ағарту ісінің үздігі», «КСРО халық мұғалімі» атақтары берілді. 2002 жылы Ұстаз күніне арналған әдеби кеште Құмаш Нұрғалиевтің тұлғасы барлық отырғандарды толғандырғаны сондай, студенттік актив колледжге КСРО Халық мұғалімі Құмаш Нұрғалиевтің есімін беруді ұсынды. Бірақ та, ең жоғары марапат оның балалары әке ісін жалғастыруы, Нұрғалиевтердің педагогикалық әулеті жалғасуда. Құмаш Нұрғалиев атындағы колледж жеке оқу орны болып табылады.Оның құрамына Шемонаиха, Риддер, Зыряновск қалаларындағы филиалдар кіреді. 1998 жылы құрылған. Бастапқы атауы – Шығыс гуманитарлық колледжі (Восточный гуманитарный колледж). 2004 жылдан - КСРО Халық мұғалімі Құмаш Нұрғалиев атындағы колледж. Колледждің негізін қалаушы және директоры – Нұрғалиев Марат Құмашұлы, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің Құрметті қызметкері. 1956 жылы, 28 сәуірде туған. Өскемен педагогикалық институтының «Тарих және педагогика» факультетін тәмәмдаған. Ауыл мектебінде тарих және қоғамтану пәндерінің мұғалімі, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмысты ұйымдастырушы болып еңбек атқарды. 1980 жылдан 1991 жылға дейін комсомол және партиялық жұмыста болды. Қазақстан КП ОК жанындағы Алматы Жоғарғы партия мектебін бітірген. Мамандықтар - Туризм
- Қонақ үй шаруашылығын ұйымдастыру
- Дизайн (сала бойынша)
- Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану
- Нан, макарон және кондитер өндірісі
- Сүт және сүт тағамдарын өндіру
- Тамақтандыру мекемелерінің өнімдерін өндіру және оны ұйымдастыру
- Тамақтандыруды ұйымдастыру
- Шаштараздық өнер және сәндік косметика
- Есептік техника және бағдарламалық қамтамасыздандыру (түрлері бойынша)
- Ақпараттық жүйелер (қолдану аясы бойынша)
- Маркетинг (сала бойынша)
- Менеджмент (сала бойынша және қолдану аясы бойынша)
- Есеп және аудит (сала бойынша)
- Экономика (сала бойынша)
- Құқықтану
Білікті білім – жетістікке жеткізер жол! қазіргі заман талабына сай білім беру; оқу үздіктеріне арналған КСРО Халық мұғалімі Құмаш Нұрғалиев атындағы степендия тағайындалады; компьютерлік сыныптардың сапа және жабдықталуы бойынша ақпараттық технологиялардың үздік жетістіктері; халықаралық өзара байланыстар негізінде ST Electronics Сингапур компаниясы, RKK Норвегилық орталығы және де басқа шет елдерде білім алу мүмкіндігі; алғашқы кәсіби мамандықтары болған жағдайда қысқартылған оқу бағдарламасы ұсынылады; шаштараз, косметикалық салон, стоматологиялық кабинет, демалыс базасы және басқа да мате- риалдық техникалық базалары бар; білім алушыларға ерекше көзқарас; студенттік дәмханада әртүрлі тағам түрлері ұсынылады, ақысы төмендетілген; тиімді баға мен жеңілдетілген төлемақы, кейбір мамандықтар бойынша бюджет бойынша оқытылуы; мүгедек-балаларға, мұғалім және медицина қызметкерлері мен зейнеткерлердің балаларына жеңілдіктер бар. Құмаш Нұргалиев атындағы колледжінің 3 филиалы бар. Шемонаиха, Зырян, Риддер қалаларында. Тестің өтілу кестесін, қабылдау комиссиясынан білуге болады. Қабылдау комиссиясы 2009 жылдың 1 мамырынан 1 қазанға дейін жұмыс істейді. Электрондық почта: collegekn@mail.ru web-site: www.kkn.kz Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қ-сы, А.К.Протозанов к-сі 87, тел: (8-7232) 25-15-40; 25-96-27 Филиалдары: Шемонаиха қ-сы, 3-ші шағын ауданы, 27а, тел: (8-72332) 3-14-35 Зырян қ-сы, Первомайская к-сі 17, тел: (8-72335) 6-23-03 Риддер қ-сы, 3-ші шағын ауданы, 23, тел: (8-72336) 3-53-86 |