Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң ресми сайты
Aйдарларының тiзбесi
Жаналықтарға жазылу
 
RSS форматындағы жаңалықтар
Іздеу  
 
 
БIЛIМ БЕРУ


 Арнаулы орта оқу орындары

Коммуналды Мемлекеттік қазыналық кәсіпорын „Семей политехникалық колледжі”

Колледж директоры  - Балгозина Шолпан Орымбайқызы

31.01.1945 жылы Семей қаласында туған, ұлты – қазақ. Жоғарғы білімді, Н.К.Крупская атындағы Семей педагогикалық институтын бітірген, мамандығы – Орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі. Жалпы стажы – 41 жыл, педагогикалық стажы – 25 жыл.
Шолпан Орымбайқызының еңбегі өз дәрежесіне сай бағаланған. Көп жылдық адал еңбегі және шығармашылық белсенділігі үшін „Қазақстан КСР кәсіптік білім беру Үздігі”, „КСРО кәсіптік білім беру Үздігі”, „ҚР білім беру Үздігі” белгілерімен, „Еңбек Ардагері медалімен, „Қазақстан Конституциясына 10 жыл” мерейтойлық медалімен, білім Департаментінің, қала әкімінің, ҚР білім және ғылым Министрлігінің алғыс хаттарымен марапатталған. Шолпан Орымбайқызы Семей қалалық Әйелдер кеңесінің мүшесі бола отырып, көлемді қоғамдық жұмыстарды да жүргізеді 1985 жылдан учаскелік сайлау комиссиясының төрайымынан бастап, 2003 жылы облыстық округтік сайлау комиссиясының төрайымы, 2004 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары болды. Қазақстан мұғалімдерінің III республикалық съезінің делегаты.

Семей политехникалық колледжі – ҚРКоммуналды мемлекеттік қазыналық білім кәсіпорыны болып табылады және бұрынғы Семей тамақ өнеркәсібі политехникумы базасы негізінде 1931 жылы құрылған.1994 жылы Семей тамақ өнеркәсібі политехникумы мен №6 СПТУ-н біріктіру нәтижесінде техникум қайта құрылды, ал 1995 жылы колледж статусын алды.Колледждің оқу кешені оқу корпусынан, екі оқу-өндірістік шеберханалардан, гараж, асханадан турады.Жалпы оқу ауданы – 4014 м2 құрайдыБір оқушыға – 6,4 м2 келедіСабақ екі сменада жүргізіледі. Колледжде дәрігерлік бөлім жұмыс істейді.Колледже 32 оқу кабинеті, 5 лаборатория, 2 шеберхана – мемлекеттік стандарт талаптарын орындауға толық дәрежеде қамтамасыз етеді.Кітапхана қоры 52678 дананы құрайды, соның ішінде техникалық оқулықтар – 22950 дана. Бір оқушыға 54 оқулықтан келеді.Педагогикалық ұжым – 53 оқытушыны құрайды, 52 жоғарғы білімді, 8 өндірістік оқу шебері, солардың ішінде 5 жоғарғы білімді, қалғандары орта арнайы білімділер.Политехникалық колледж 2001 жылы қарашада мемлекеттік аттестациядан өтті және білім беруді жүргізу құқығын беретін 6.02.2002 жылғы №0000392 сериялы мерзімсіз лицензиясын алды.

Мамандықтар тізімі – Маман даярлау 11 мамандық бойынша жүргізіледі:

  • 2934002 – «Тоңазытқыш компресорлы машиналар мен қондырғыларын монтаждау, күту және жөндеу»

  • 4228002 – «Ет және ет тағамдарын өңдеу технологиясы»4230002 – «Ет өнеркәсібі жабдықтары мен машиналары»

  • 4234002 – «Тамақтандыру мекемелері тағамдарын өндіру технологиясы және оны ұйымдастыру»

  • 2932002 – «Сауда және коғамдық тамақтану өнеркәсіптері жабдықтарын жөндеу және пайдалану»

  • 4214002 – «Нан, макарон және кондитер өндірісі» бағдарламалық қамтамасыздандыру»

  • 0705002 – „Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит”

  • 1703002 – „Экология және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану”

  • 3706002 – „Есептеу техникасы мен автоматтандырылған жүйелерді бағдарламалық қамтамасыздандыру”

  • 0205002 – «Құқықтану»

  • 0829002 – «Қонақ үйлерде және туристік кешендерде қызмет көрсетуді ұйымдастыру»

Колледжде 4 түрлі кәсіп бойынша оқытылатын КТМ бөлімі жұмыс істейді:

  • 2929001 „Тоңазытқыш қондырғылары жабдықтарын монтаждаушы”

  • 3705001 „Электронды есептеу және есептеу машиналарының операторы”

  • 0823001 „Хатшы-жәрдемші”

  • 3702001 „Есептеу техникасын қызмет көрсету жөніндегі техник-оператор

2005-2006 оқу жылына қабылдау туралы мәлімет - Қабылдау комиссиясы өз жұмысын 2005 жылдың 1 маусымынан 30 тамызына дейін Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 2005 ж. 15 сәуірдегі №244 бұйрығымен бекітілген орта кәсіптік оқу орындарына қабылдаудың Типтік ережесіне сәйкес атқарды.Барлығы 463 өтініш қабылданды. 100 бюджеттік орынға 254 құжат тапсырылды, оның 226-ы түсу емтихандарын ойдағыдай тапсырды, нәтижесінде 1 орынға 2-ден аса адам таласқан конкурс болды:

    Мекен-жайы, телефон, электронды пошта
Семей қаласы, Затаевич көшесі, 4,
тел. (7222)42-50-15, 42-42-84, факс: (7222) 42-50-15;
электронды пошта – spk@relcom.kz
 

 
Өскемен қ.
Семей қ.
Риддер қ.
Курчатов қ.
Абай ауданы
Аягөз ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы
Жарма ауданы
Зайсан ауданы
Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы
Көкпекті ауданы
Күршім ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Үржар ауданы
Шемонаиха ауданы

070019, Қазақстан, Өскемен қаласы,
М. Горький көшесі, 40

Телефоны: 8 (7232)  24-45-61
E-mail: KTokhmoldina@akimvko.gov.kz

Call - центр тел. 8 (7232) 203-300