| Арнаулы орта оқу орындары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі КМҚК «Семейдің М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» Колледж директоры - Мұхамеджанов Марат Садықұлы Мұхамеджанов Марат Садықұлы 1945 жылы 13 наурызда Қостанай облысы Семиозерное ауылында туды.1969 жылы Н.Крупская атындағы Семейдің педагогикалық институтын бітірді.Еңбек жолын 1969 жылы Семей қаласындағы №12 мектепте физика пәні мұғалімінен бастады. 1971 жылы №12 мектептің кластан тыс және мектептен тыс ұйымдастырушысы болып еңбек істеді. 1973 жылы сәуірде Семей қаласының Ленин аудандық комсомол комитетінің екінші секретары қызметіне тағайындалды.1975 жылы Семей қаласындағы №12 мектептің директорына тағайындалды.1980 жылы Ленин аудандық халық депуттатары Кеңесінің халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1981 жылдың желтоқсанынан 1987 жылдың мамырына дейін Қазақстан коммунистік партиясының Семей облыстық комитетінің ғылым және оқу бөлімдерінің нұсқаушысы.1987 жылдан 1992 жылдың шілдесіне дейін М.Әуезов атындағы Семейдің педагогикалық училищесінің директоры.1992 жылы шілдеде Семей облыстық білім беру бөлімінің бастығы қызметіне тағайындалды.1994 жылдың маусымынан 1995 жылдың сәуіріне дейін Семей қалалық әкімшілік басшысының орынбасары болып қызмет атқырды. 1995 жылдың сәуірінен 1997 жылдың шілдесіне дейін Семейдің жұмыспен қамтамасыз ету орталығының бастығы болып қызмет атқырды.1997 жылдың шілдесінен бүгінгі күнге дейін Семейдің М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің директоры. Қазақ ССР білім беру ісінің үздігі. Қазақстан Республикасы Егемендігінің 10 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығына медалдерімен марапатталды.1980-1982 жылдары Семей қаласы Ленин аудандың халықтар кеңесінің депутаты, 198-1994 жылдары - Семей обылстық халықтар Кеңесінің депутаты.Қазақстан Республикасы Мәжіліс депуттатарын аймақтық сайлау комиссиясының төрағасы.-«Отан» партиясы-«Семей» футбол қомандасының жанкүйерлер клубы президенті;Жанұялы: жұбайы – Мұхамеджанов Фаида Ахметжановна; екібаласы бар: қызы Нұрашева Мадина Маратовна – М.О.Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледжінің оқытушысы. Мадинаның үш қызы бар: Малика, Дариға, Лейля.Ұлы - Мухамеджанов Тимур «Тұран-Әлем» банкінде жұмыс істейді, оның Шыңғыс деген ұлы бар. 1903 жылы құрылды.1967 жылы Семейдің педагогикалық училищесіне Мұхтар Омарханұлы Әуезов есімі берілді.1992 жылы 3 шілдеде педагогикалық училище М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі болып құрылды.Колледж түлектері:Мұхтар Әуезов - қазақ әдебиетінің классигі, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты;Жүсіпбек Аймауытов - қазақ әдебиетінің классигі, тоталитарлық жүйенің құрбаны;Қаныш Сәтбаев - академик, Қазақ Ғылым академиясының тұңғыш президенті;Әлкей Марғұлан - Қазақ ССР Ғылым Академиясының академигі;Әбдіхамит Сембаев - Білім министрінің министрі;Шырақбек Қалымбаев - Ішкі Істер Министрлігінің министрі;Шәкен Айманов - КСРО халық әртісі;Әзілхан Нұршайыхов - халық жазушысы.Бүгінде М.О.Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледжі үлкен мүмкіндігі мен мол тәжірибесі бар беделді оқу орны.Колледжде 138 оқытушы қызмет істейді, олардың біреуі ғылым кандидаты, 8 ғылыми дәрежеге ізденуші, аспирант.Білім беру ісінің үздігі - 49 оқытушы.Білім беру құрметті қызметкері - 5 оқытушы.Оқыту бюджеттік және ақылы түрде төмендегі мамандықтар бойынша: 0316002 "Шет тілі", 0314002 "Бастауыш сыныпта оқыту", 0307002 "Мемлекеттік тілде емес мектептерде қазақ тілі мен әдебиетінін оқыту", 0318002 "Технология", 0306002 "Қазақ тілі мен әдебиеті", 0310002 "Дене тәрбиесі", 0322002 "Саздық білім беру", 0323002 "Информатика және есептеу техникасы, қосымша математиканы оқыту".2005-2006 оқу жылында 1578 оқушы күндізгі оқу бөлімінде, 569 оқушы сырттай оқу бөлімінде оқиды.2005 оқу жылында 471 оқушы оқуға қабылданды, олардың ішінде мамандықтар бойынша:0316002 « Шет тілі » - 87 оқушы0314002 «Бастауыш сыныпта оқыту» - 140 оқушы0318002 «Технология» - 34 оқушы0306002 «Қазақ тілі және әдебиеті» - 88 оқушы0310002 «Дене тәрбиесі» - 91оқушы0323002 «Информатика және есептеуіш техникасы, қосымша математиканы оқыту» - 31 оқушы Мекен жайы: ШҚО, Семей қаласы Ш.Уәлиханов көшесі 150 телефон: (7222)64-59-89 факс: (7222)64-59-89 |