|
Арнаулы орта оқу орындары
Республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорын Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі
Жетекші туралы мәлімет -
ТҮСІПБЕКОВ Тлеуғали Темірғалиұлы
Ұлты қазақ, 1949 жылдың 18 мамырында Семей облысы Жарма ауданы Бөке кенінде дүниеге келген. 1966 жылы Бөке орта мектебін бітірді. Еңбек қызметін 1966 жылдың қыркүйегінде Алтайзолото трестінің Бөке кеніндегі шахтаcында слесарь-зарядчик болып бастады. 1967 жылдан бастап Алматы халықшаруашылық институтында «Қаржы және несие» мамандығы бойынша оқып, оны 1971 жылы аяқтап, экономист мамандығын алды.
Институтты бітіргеннен кейін Семей қаласының қаржы органдарында қызмет жасады: облыстық қаржы бөлімінде - 1971-1972 жылдар аралығында мемлекеттік кіріс бөлімінде ревизор-инспектор; Ленин аудандық қаржы бөлімінде 1973-1974 жылдар аралығында, мемлекеттік кірістер бойынша аға инспектор қызметін атқарды.
1972 жылдан 1973 жылға дейін Семей қалалық комсомол комитетінің ұйымдастыру бөлімінде инструктор болып қызмет етті.
1974 жылдың ақпан айынан бастап Семей-қаржы экономикалық техникумында қызмет атқарады; ол 1996 жылдың ақпан айынан бастап Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі болып ауыстырылды: сырттай бөлім әдіскері, күндізгі бөлім меңгерушісі, 1982 жылы мүдірдің оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасары, 1985 жылы мүдір болып тағайындалды.
1995 жылы, жаңа жоғарғы оқу орны - Мемлекеттік қаржы институты ашылған кезде ректоры болып тағайындалды, институт және техникум жетекшілігін бірдей атқарды. Техникум қайтадан колледж болып құрылғаннан кейін 1996 жылдың ақпан айында институт ректоры қызметінен босатылып, колледж мүдірі болып тағайындалды.
1996 жылы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетіндегі арнайы кеңес шешімімен оған экономика ғылымдарының кандадаты ғылыми дәрежесі берілді.
Соңғы 20 жыл бойы Семей колледжінің жетекшілігін ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, қаржы жүйесінің үздігі, ҚР білім беру Үздігі, Алтынсарин медалімен марапатталған, экономика ғылымдарының кандидаты Т.Т.Түсіпбеков жүзеге асыруда.
Колледж туралы қысқаша мәлімет
Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі Семей қаласының ең орталығында орналасқан - 8–қабатты ғимарат. Кітапхана қоры 45000 дана кітаптан тұрады, видеотека 150 оқу касетаны, фонотека – 150 күйтабақты құрайды.
Колледжде асхана, 240 орындық жатахана, дәрігер пункті, спорт залы бар. Колледж ғимаратында студенттер дәрігер – валеолог қызметін пайдалана алады.
Колледжде «Білім сапасы мониторингі және ақпараттық технология орталығы» қызмет етеді, ақпараттық технологияны басқару локальдық жүйемен жүзеге асырылады. Локальдық жүйе көмегімен колледжде электрондық журнал қызмет етеді.
Локальдық жүйенің негізгі бөлігі колледждің сервері болып табылады, оған колледждегі барлық басқа компьютерлер қосылған. Онда ақпараттық мәліметтер базасы және жұмыста қоланылатын бағдарламалар бар. Сонымен қатар колледжде Интернетпен байланысатын компьютерлік класстар бар. Сондай-ақ ақпараттық технология және мониторинг орталығы құрылғаннан бері, басқа мемлекеттердің білім ұйымдарымен халықаралық байланысуға мүмкіндік туды.
Білім беру стандарттарын жүзеге асыру көлемінде колледжде қаржыгер Моделінің қызметі әзірленген.
Қаржыгер Моделі мамандану көлемінде, әрбір мамандық үшін әзірленген және Семей қаласының салық, кеден, қаржы органдарымен келісілген.
Колледждегі оқу-тәрбие үрдісі - бұл алдымен оқушылардың білімін тестілі-рейтингтік бағалау, оқытушының әдістемелік жұмысының рейтинг жүйесі.
Биылғы оқу жылы педагогикалық ұжым бірыңғай әдістемелік тақырыпты анықтады – педагогикалық сүйемелдеу.
Біздің колледжде дарынды оқушыларға үлкен назар аударылады. 1996 жылы колледжде Байсеитов шыңын бағындырушылар мектебі құрылды. Бұл мектепте алдыңғы қатардағы оқушылар өздігімен жетілудің жеке бағлдарламасын құрайды, оны колледжде оқып жүрген кезде факультативті сабақтарда жеке сұрақтарды тереңдетіп оқу, дублер сабақтарын, өзін-өзі басқару күндерін өткізу, сонымен қатар оқу тәрбие үрдісіне белсенді қатысып, класс жетекшілерге, оқытушыларға, оқу бөліміне көмек көрсету жолымен жүзеге асырады.
Байсеитов шыңын бағындырушылар мектебінің ең жақсы тыңдаушылары «Банк Центр – Кредит» басқаруымен ұйымдастырылған атаулы стипендия алады. Жыл сайын, өндірістік тәжірибеден кейін және келешекте олардың кейбіреулері банк жүйесіне жұмысқа орналасады, қорытынды мемлекеттік аттестация алдында байсеитовшілер үшін Байсеитов интеллектуалды марафон өткізіледі.
2000 жылы колледж «Жылдың ең жақсы колледжі-2000» Республикалық сайысында жеңімпаз болды.
2004 жылдың қазан айында колледж «Сала көшбасшысы» халықаралық дипломымен және арнайы «Earthmaker» («Хрустальный рыцарь») наградасымен марапатталды.
Мамандық тізімі Колледж келесі мамандық бойынша мамандарды дайындауды жүзеге асырады:
- 0701002 «Статистика»
- 0703002 «Қаржы» (салалар бойынша), мамандандыруы: «Қаржылық бақылау және аудит».
- 0714002 «Салық ісі»
- 0705002 «Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит»
- 0730002 «Қазынашылық ісі»
- 3707002 «Ақпараттық жүйе», мамандандыруы: «Қаржы органдарындағы ақпараттық жүйе»
Мекен жайы:
490050 Семей қаласы, Интернационал көшесі 14,
телефон (факс): (7222) 52-24-20,
факс: (7222) 52-08-19
e –mail: Info@relcom.kz
|