Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
БIЛIМ БЕРУ

Арнаулы орта оқу орындары


Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Техникалық және кәсіби білім беру
Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  15.05.2000ж.  №721 Шығыс Қазақстан облысы  бойынша  “Бастауыш және орта кәсіптік білім беруді онан әрі дамыту шаралары туралы» Қаулысының орындалу барысы туралы

Техникалық және кәсіптік білім беру

Облыста 99 техникалық және кәсіптік білім мекемелері (ары қарай ТжәнеКБ), оның ішінде 43 кәсіптік лицей және 56 колледж қызмет етеді.
Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда ТжәнеКБ мекемелерінің жүйесі 3 бірлікке артты. Облыстың барлық аудандары кәсіптік біліммен қамтылған. Облыстағы 56 колледждің – 22 мемлекеттік. 43 кәсіптік мектеп пен лицейдің -32 мемлекеттік. Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитындар контингенті 19213 оқушыны құрайды, оның ішінде КМ бөлімдерінде – 982, колледждерде – 8907.

ТжәнеКБ оқу орындарында 47,0 мың адам оқиды (сырттай оқу түрін қосқанда), оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша 19,2 мың адам (немесе орташа республикалық көрсеткіш 36,3 пайыз болғанда, 40,8 пайыз). 
Кадрларды дайындау 115 мамандық бойынша жүзеге асырылады (147 біліктілік), ол облыстың экономика саласындағы техникалық және кәсіптік білімді кадрлардағы негізгі қажеттіліктерін жабуға мүмкіндік береді. Техникалық және ауылшаруашылық мамандықтар бойынша 21,5 мың адам оқып жатыр (немесе жалпы контингенттен 45,7 пайыз).
2010 жылы 12,1 мың адам жұмысшы кадрлары мен мамандарын алып шықты, оның 69,5 пайызы жұмысқа орналасты, 12,0 пайызы оқуларын жалғастырып жатыр. 
«Кадрларды дайындау және қайта даярлау» бағыты бойынша «Жол картасын» жүзеге асрыу шеңберінде 2009, 2010 жылдары кәсіптік лицейлерде, колледждер мен оқыту орталықтарында 15,0 мың адам жаңа мамандық (біліктілік) алып шықты. Курстық дайындау аяқталғаннан кейін олардың 63,8 пайызы жұмысқа орналастырылды.  
«ШҚО кәсіптік білімді дамытудың аймақтық моделі» пилоттық жобасын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан-Норвегиялық «Техникалық және кәсіптік білімді дамыту қоры» құрылды, оның негізгі мақсаты әлеуметтік серіктестік сұрақтарын дамыту мен кадарларды дайындау сапасын арттыру болып табылады, сонымен қатар Норвегия корольдігіндегі Рогаланд округінде курстық және кәсіптік даярлау орталығының өкілдігі ашылды. Соынмен қатар Ресей, Голландия, Германия, Франциямен халықаралық ынтымақтастық дамып келеді.
Жұмыс берушілер оқу орындарының материалды-техникалық базасын нығайтуға, өндірістік оқыту мастерлері мен педагогикалық кадрлардың біліктіліктерін арттыруға, оқушылардың өндірістік практикадан өтулері үшін орындар құруға қатысып келеді. Сонымен, 2009 жылы жұмыс берушілермен МТБ нығайтуға 37,5 млн теңге, 2010 жылы 41,2 млн теңге инвестицияланды.
Жол картасын жүзеге асрыу шеңберінде 2010 жылы 204,721 млн теңге сомасына ТжәнеКБ 26 нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, оның ішінде республикалық бюджеттен 149,0 млн теңге.
ТжәнеКБ оқу орындарының 60 пайызы ескірген жабдықты пайдаланып отыр.
2010 жылғы бюджет – 1719,4 млн теңге, ол өткен жылғы деңгейден 213,6 млн теңгеге артық. 2010 жылы күрделі жөндеуге 22,575 млн теңге бөлінді және меңгерілді, ол 10 мекемеде жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік берді.
2009 жылы кәсіптік мектептердің материалды-техникалық базасын нығайтуға 48,5 млн теңге қарастырылды, 2010 жылы 51,379 млн теңге. Қаражат бірінші кезекте техникалық және ауылшаруашылық мамандықтарды оқыту бойынша жабдықтар алуға бағытталды. Ағымдағы жылы (6 бірлік) ауылшаруашылық техникасы, құрылыс және техникалық кәсіптердің шеберханаларына арналған жабдықтар, 39 бірлік мөлшерінде компьютерлер мен компьютерлік сыныптар сатып алынды.
2009 жылы кәсіптік лицейдегі бір оқушыға шығын 175,3 мың теңгені құрады, 2010 жылы 205,0 мың теңге.
Ағымдағы жылдың бюджеті 1648,7 млн теңгені құұрайды. Бір жылдағы орта шығын 249,8 мың теңгені құрайды, өткен жылы 206,0 мың теңге болған, 43,8 мың теңге артты.

Проблема: Түлектердің жұмысқа орналасуларының жеткіліксіз көрсеткіші (69 пайыз) экономика саласының кадрларға нақты қажеттіліктерімен әлеуметтік тапсырыстың сәйкес келмеуіне байланысты.

ТжәнеКБ мекемелері түлектерінің жұмысқа орналаспау санының өсуінің алдын алу мақсатында төмендегі жұмыстар жүргізіліп жатыр:
- білім басқармасымен жұмысқа орналасудың төменгі көрсеткіштерін көрсеткен жекелеген мамандықтарға мемлекеттік лицензия беру тоқтатылды (құқық жүргізу, экономика, менеджмент, қаржы және т.б);
- мемлекеттік қадағалауды жүргізу барысында 2010 жылы 5 колледжде жоғарыда көрсетілген мамандықтарға лицензияның әрекет етуі тоқтатылды және қайтарып алынды;
- техникалық және кәсіптік білімді кадрларды дайындауға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру кәсіпорындар өтінімдері негізінде ғана жүзеге асырылады, қалыптастыру кезінде жылдамдатылған индустриалды-инновациялық дамыту бағыттары мен жобаларын жүзеге асыру шеңберіндегі мамандықтар мен біліктіліктерге басымдылық беріліп отырады;
- «Атамекен» НЭПК бөлімшесімен, жұмыс берушілер ассоциациясымен (құрылыс, ауыл шаруашылық) бірге, салалық кеңестерімен (металлургиялық сала, туризм, ауыл шаруашылық және қайта өңдеу өнеркәсібі) бірге экономика саласындағы мамандықтар мен кәсіптерді дәріптеу бойынша облыс мектептерінде жұмыс берушілер тарапынан кәсіпке жүйелік бағыт беру жұмыстары жүргізіле бастады.  

 

Өскемен қ. Семей қ. Риддер қ. Курчатов қ.
Абай ауданы Аягөз ауданы Бесқарағай ауданы Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы Жарма ауданы Зайсан ауданы Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы Күршім ауданы Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы Үржар ауданы Шемонаиха ауданы