|
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті
Оқыту түрі: күндізгі, сырттай, кешкі
Оқыту тілі: қазақ, орыс
Мамандықтар саны: жоғарғы оқу орнына түсуге даярлау факультеті, құқық және бизнес колледжі, 21 мамандық бойынша бакалавриат,
4 мамандық бойынша магистратура, «Құқықтану» PhD мамандығы бойынша докторантура.
Сондай-ақ «ҚР ЖОО студенттеріне 5 жылдың ішінде жоғарғы кәсіптік білім туралы 2 диплом алуға мүмкіндік беретін екі дипломдық білім» интеграциялық білім беру бағдарламасы қызмет етеді, әскери кафедра бар.
Құрылған жылы: 08.07.1998 ж.
Білім алып жүрген студенттердің жалпы саны – 10000 адам.
ПОҚ саны – 576 адам (оның ішінде: ғылым докторы - 15, ғылым кандидаты – 170, магистрлер – 110 ).
Университет университеттердің Ұлы хартиясына қол қойған (2010 жылғы 15-17 қыркүйек, Болонья қ., Италия). Болон үрдісінің қағидалары енгізілген.
ҚазИГЗУ Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті қаражатының есебінен ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет байқауына қатысу үшін субъекті ретінде аккредитациядан өткен.
ҚазИГЗУ Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, АҚШ, Польша ЖОО-мен ынтымақтастық туралы шарт жасасты, ол университетке Болон үрдісінің қағидаларын енгізу негізінде ортақ білім беру кеңістігіне шоғырлануына ықпал етеді.
Байланыс ақпараты: 071400, ШҚО, Семей қ., Абай к., 94
Тел: 87222-567358, 562423, 525226, факс: 87222-565999,
e-mail: semey_urist@mail.ru,
сайт: www.semuniver.com
|