Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
БIЛIМ БЕРУ

Шығыс Қазақстан аймақтық университеті (ШҚАУ)

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 070003
ШҚО, Өскемен қаласы
Солнечная көшесі, 48
Тел/факс: 54-14-18, 54-14-19
е-mail: vkru48@mail.ru
Интернеттегі адресі: www.vkru.kz

Қылышқанов Манарбек Қалымұлы – физика-математика ғылымдарының  кандидаты, ЖАК (ВАК) доценті, ШҚМТУ профессоры. Республикалық физика-математика мектебінің 1987 жылғы түлегі. 1993 жылы Аль-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің физика факультетін «Ядролық  физика» мамандығы бойынша бітірген.

1993 жылдан 1995 жылдар аралығында «Электротехника, автоматика және  приборжасау» кафедрасында машықтанушы-оқытушы, ал 1995 – 2001 жылдар аралығында  Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық  университетінің физика кафедрасында ассисент, оқытушы, аға оқытушы. 1995 – 1998 жылдары С.Аманжолов атындағы Шығысы Қазақстан мемлекеттік университетінің аспирантурасында оқып, 01.04.07 – қатты денелер физикасы мамандығы бойынша Алтай мемлекеттік техникалық университетіндегі (Ресей, Барнаул қаласы) Д 064.29.02 мамандандырылған Кеңесте «Қуатты Импульстік иондар әсерімен металдар мен құймаларды тереңдеп шыңдау механизмі» тақырыбындағы кандидаттық  диссертацияны қорғады.

2001 – 2002 жылдары Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекетік техникалық университетінің «Электр техникасы, автоматика және приборжасау» кафедрасының меңгерушісі, 2002 – 2004 жылдары  Шығыс Қазақстан техникалық университетінің аға ғылыми қызметкері міндетін  атқарды. 2004 жылдан «Өндірістік энергетика» кафедрасының доценті,  2005 - 2009 жылдары оқу-әдістемелік басқарма бастығы. 2007 жылы ғылыми Кеңестің  шешімімен 01.04.00 – «Физика» мамандығы бойынша «ШҚМТУ профессоры»  атағы берілді.
Ғылыми – зерттеу жұмыстарымен белсенді түрде айналысады. Бірлескен авторлықпен  ғылыми – зерттеу және оқу-әдістемелік жұмыстар  нәтижесі бойынша Республикалық және шет елдердің жорналдары мен жинақтарында  170-тен астам еңбектері жарияланып, 7 патент және ҚР алдын ала  патентіне ие болды. 10-нан астам оқулықтары мен 2 монографиясы жарық көрді.  

2002 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жас ғалымдарға қолдау көрсету грантының иегері,  2006 жылы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» республикалық грантының иегері атанды.
Жоғары кәсіптік білім беру саласындағы 340140 «Приборжасау, автоматтандыру жүйесіндегі приборларды жөндеу және монтаждау» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпы білім беру стандарты мен   оның құрамына кіретін    пәндердің типтік бағдарламаларын әзірлеу тобының жетекшісі болған.  2003 жылдан 2005 жыл аралығында «Приборжасау, автоматика, электрондық және есептеу техникасы»  мамандығы бойынша Қ.И.Сатпаев атындағы ҚазҰТУ жанындағы Республикалық ОӘБ (УМО) мүшесі. Отбасылы, жұбайы екеуі үш ұл баланы тәрбиелеп, өсіруде.
2000, 2005 жылдары  ШҚМТУ  ректорының  грамоталарымен, 2008 жылы «Университеттің дамуына қосқан үлесі үшін»  мерейтойлық медалімен марпатталған.
2009 жылдың қыркүйек айынан бастап  Шығыс Қазақстан аймақтық университетінің ректоры.

Оқыту  түрі: күндізгі, сырттай.
Оқыту тілі: қазақ, орыс.
ЖОО 19 жоғарғы кәсіби білім беру мамандығы бойынша  мамандарды дайындауды жүзеге асырады.
Құрылған жылы: 2001 ж.
Білім алып жүрген студенттердің жалпы саны – 2000 студент, жыл сайын 500-ден астам маман дайындалып шығады.
Университетте 106 біліктілігі жоғары оқытушы жұмыс істейді, оның 38-інің ғылыми дәрежесі мен атағы бар.
2009 жылы AFNOR GROUP (Франция) халықаралық ұйымымен және «InterCert» (Қазақстан)  Сертификаттау Орталығымен сертификациялық аудит жүргізіліп, №2009/34894 және №KZ.7500195.07.03.02889 сәйкестік сертификаттары берілді.
Шығыс Қазақстан аймақтық университеті жоғарғы оқу орындары жүзеге асырып отырған жеке білім беру бағдарламалары бойынша жүргізілген академиялық бағалау нәтижелері бойынша «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша 20-орынды, «Электроэнергетика» мамандығы бойынша 22-орынды, «Құқықтану» мамандығы бойынша 23-орынды және «Ақпараттық жүйе» мамандығы бойынша 34-орынды иеленді.

Байланыс ақпараты: 070003, ШҚО, Өскемен қаласы,  Солнечная к., 48 
Тел/факс: 54-14-18, 54-14-19,
е-mail: vkru48@mail.ru,
интернеттегі мекенжайы: www.vkru.kz.

 

Өскемен қ. Семей қ. Риддер қ. Курчатов қ.
Абай ауданы Аягөз ауданы Бесқарағай ауданы Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы Жарма ауданы Зайсан ауданы Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы Күршім ауданы Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы Үржар ауданы Шемонаиха ауданы