Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
БIЛIМ БЕРУ

М.О.ӘУЕЗОВ атындағы СЕМЕЙ УНИВЕРСИТЕТі

Ректоры - Еспенбетов Арап Сләмұлы –филология ғылымдарының докторы, профессор
Туған мерзімі – 4 наурыз 1945 жыл
Профессорлік - оқытушылық құрамы: 107, оның ішінде: ғылым кандидаты; доценттер – 41, ғылым докторлары; профессорлар - 5
Жалпы білім алушылар саны: 3890 студент, грант бойынша - 25, 2006 жылы - 19
Университет қызметінің негізгі қорлары:
3 факультет, 11 кафедра, оқу бөлімі, ақпараттық технология орталығы, кәсіби бағдар орталығы;
Университеттің негізгі жетістіктері:
Университет оқу, әдістемелік, ғылыми жұмыстар және оқытушылардың білімін көтеру бойынша келесі оқу орындарымен әріптестік келісімшарт жасады: Мәскеу мемлекеттік сервис университеті, Алтай мемлекеттік аграрлық университеті (Барнаул қаласы), В.М.Шукшин атындағы Бийск педагогикалық мемлекеттік университеті, Барнаул мемлекеттік педагогикалық университеті, Отто-Фридрих атындағы университет ( Бамбергқаласы, Германия), Абылайхан атындағы ҚазУМОМЯ «Интеллект» білім беру агентсттігі ( Алматы қаласы), Гёте институты (Германия)


ҚАЗАҚ ҚАРЖЫ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Ректоры – Апсалямов Нәдірбек Апсалямұлы - профессор, экономика ғылымдарының докторы
Туған мерзімі – 22 сәуір 1946 жыл
Профессорлік - оқытушылық құрамы: 65 оқытушы, ғылым докторлары – 4, ғылым кандидаттары – 19.
Жалпы білім алушылар саны: 600 студент күндіз, 860 сырттай, грант бойынша – 6 адам, 2006 жылы -1.
Институт қызметінің негізгі қорлары: қаржы-экономикалық факультеті, есеп-экономикалық факультет, сырттай оқыту факультеті, аспирантура, магистратура.
Институттың негізгі жетістіктері:
ҚазФЭИ шетелдердің жетекші оқу орындарымен және ғылыми ұйымдарымен тығыз байланыс жасайды:
• Новосибирсктегі мемлекеттік техникалық университетпен шығармашылық әріптестік туралы келісімшартқа қол қойылған. Қазіргі кезде ғылыми, оқу-әдістемелік жұмыстар бойынша байланыс жолға қойылған.
• Сібірдің қаржы және банк істері институтымен (Новосибирск) шығармашылық әріптестік туралы келісімшартқа қол қойылған. Әріптестік басталғалы бері әртүрлі біріккен шаралар жүзеге асты. Біріккен ғылыми практикалық конференциялар оқытшлар мен де студенттермен де өткізілді.
• "Туран" университетімен шығармашылық әріптестік туралы келісімшартқа қол қойылған. Экономика саласында ғылыми зерттеу жұмысы бойынша үлкен істер атқарылды. Кандидаттық диссертациясын бітірген ҚазФЭИ оқытушылары "Туран" университетінің диссертациялық Кеңесінде қорғай алады.
• Шетелден білім алу мәселелері бойынша АҚШ-тың "Senim" фирмасының өкілдерімен халықаралық әріптестік орнатылды.
• EDNET желісі бойынша студенттерді несиеге оқыту технологиясын енгізу және Internet арқылы ҚазФЭИ оқытушыларын ғылыми ақпараттармен қамтамасыз ету жұмысы жалғасуда.
• ҚазФЭИ халықаралық кітапхана концорциумының мүшесі болып табылады. Жүйелі түрде экономикалық және гуманитарлық ғылымдар бойынша ақпараттар алып отырады.
• ҚазФЭИ Қазақстан-швейцария бизнес-клубының мүшесі болып табылады. Бизнестегі шексіз тазалығы үшін алтын медальмен марапатталған.

 

Семей Мемлекеттік педагогикалық институты

РекторЕскендіров Мейір Ғариполлаұлы, тарих ғылымдарының докторы, профессор. Туған жылы, күні – 24 қараша 1972 ж.
Институтты ң профессор-оқытушылар құрамы: 284 адам. Оның ішінде ғылым докторлары мен профессорлар – 8; ғылым кандидаттары, доценттер – 86; КСРО-ға еңбек сіңірген жаттықтырушы – 1; ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы – 2; ҚР Суретшілер мен дизайнерлер одағыны ң мүшелері – 10.

Оқыту түрі: мемлекеттік және орыс тілдерінде 26 мамандық бойынша күндізгі және сырттай.
Құрылған жылы: 1934 жыл.
ҚР жоғарғы орындары рейтингінегі орны: 4-орын.
Білім алып жүрген студенттердің саны - 3106, оның ішінде күндізгі бөлімде – 2070, сырттай бөлімде – 1036. ПОҚ саны  223 штаттық оқытушыны құрайды.
Институт құрамында 6 факультет (тарих және филология, психологиялық-педагогикалық, жаратылыстану ғылымдары, физико-математикалық, қазақ филологиясы, қашықтықтан оқыту), 15 кафедра, 9 ғылыми-тәжірибелік орталық, яғни мемлекеттік тілді үйрету орталығы, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және даярлау өңірлік орталығы, М. Қозыбаев атындағы тарихи және әлеуметтік саяси зерттеуердің ғылыми орталығы,  инновациялық педагогикалық білім беру орталығы, мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу орталығы, «Интеллект» орталығы, репетиторлық мектеп, білім беру бағдарламаларын интернационализациялау орталығы,  образовательных программ, Өңірлік «Қоғам» әлеуметтік зерттеулер орталығы бар.
ЖОО негізінде Рэдингско Университетінің (Ұлыбритания) «Мемлекеттің тұрақты дамуына арналған білім» - ‘DevelopingEducationforSustainableGlobalFutures’, көшпелі магистратурасы ашылған, дәрежесі ‘MA. Ed’ – Білім Магистрі.

Байланыс ақпараты: 071410, Семей қ., Таңірбергенов к., 1,
тел.: 8 (722) 2 359433, 426636, 422937

 

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН АЙМАҚТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Ректоры - Мамедсупиев Мұхтаржан Дамуллаұлы – экономика ғылымдарының кандидаты, профессор
Туған мерзімі – 3 қыркүйек 1942 жыл
Профессорлік - оқытушылық құрамы – 81, ғылым докторлары – 2, кандидаттар - 19
Жалпы білім алушылар саны - 1803 студент, 369 – күндізгі бөлімде, 1434 – сырттай бөлімде.
Университет қызметінің негізгі қорлары:
Университет құрылымында заң факультеті, экономика және жаңа технологиялар факультеті.
Бес кафедра жұмыс істейді. юриспруденция, кеден ісі, ақпараттық жүйе, ақпараттарды сараптау және есептеу техникаларын басқару жүйесін компьютерлендіру, қаржы.

«ҚАЙНАР» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СЕМЕЙ ФИЛИАЛЫ

Ректоры – Маусымбаева Лейла Насырқызы – биология ғылымдарының кандидаты, профессор, ҚР ЖТҒА үйлестіру кеңесінің мүшесі
Туған мерзімі– 12 қыркүйек 1948 жыл
Профессорлік - оқытушылық құрамы: 150, оның ішінде ғылым докторлары, профессорлар -2, ғылым кандидаттары - 37

Оқыту түрі: күндізгі және сырттай.
Оқыту бакалавриаттың 14 мамандығы және магистратураның 5 мамандығы бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.
1996 жылы құрылған.
Қазақстанның ЖОО Ұлттық рейтингінде жеке білім беру бағдарламалары бойынша 7-30 орындарды иеленеді.
Білім алушылар саны: 2280, ПОҚ саны – 141.
«Қайнар» университетінің (Семей) білім беру үрдісіне білім сапасы менеджментінің жүйесі енгізілген, ЖОО ISO 9004:2008 стандарты бойынша сертификатталған, TQCSI (Kazakhstan) халықаралық сертификаты бар.
2009 жылы ҚазақстанРесубликасының ЖОО-ның меморандумына – Тараз декларациясына қол қойған ЖОО қатарына кірді. 2010 жылы «Қайнар» университеті (Семей) Болон декларациясына қол қойып, университеттердің Ұлы Хартиясына кірді. 2011 жылы «Алтай – біздің ортақ үйіміз» декларациясына (Барнаул қ., Ресей) қол қойылды, оған Қазақстанның, Ресейдің, Моңғолия мен Қытайдың ЖОО кірді. Университет алыс және жақын шет елдердің 20 ЖОО-мен халықаралық байланыста.

Байланыс ақпараты: Семей қаласы, Чайжүнісов к., 152А
тел. 56-60-41,
kainar_it@mail.ru.

Мәскеу Мемлекеттік Экономика Статистика және Информатика университетінің Өскемендегі филиалы (МЭСИ)

Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика университетінің Өскемен қаласындағы филиалы 26.02.1999 жылғы Кедендік кеңес және Бірыңғай экономикалық кеңістік туралы келісімінің қатысушы-мемлекеттерде жоғарғы оқу орындары филиалдарын құру және жұмыс істеуі туралы келісімнің негізінде, сондай-ақ Ресей Федерациясы білім министрлігі және Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің  Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика университетінің филиалын құру және жұмыс істеуі туралы келісілген шешімінің негізінде (МЭСИ Өскемен қ. (Қазақстан Республикасы)), РФ Білім министрінің 03.05.2001 ж № 933  бұйрығы, ҚР Министрінің 06.07.2001 ж №541 бұйрығы және МЭСИ ректорының 07.05.2001 ж. №3 бұйрығының негізінде құрылған.  

Лицензиялар: ҚР білім және ғылым министрлігі сериясы AA № 0000271 және РФ Білім министрлігі  № 24Г-1907.
Дәрежеленгендер саны (ғылым докторлары және кандидаттары) профессорлық-оқытушылық құрамның жалпы санының 75% құрайды.

Филиалдың өзінің дамыған материалдық қоры, кітапханасы, қажетті оқу-әдістік оқулықтар тек қана қағаз жүзінде ғана емес, сондай-ақ электрондық тасымалдауыштарда бар, компьютер техникасымен жабдықталған оқу залы бар.
Компьютерлік сыныптар заманауй білім беру және Ақпараттық технологияларды қолдана отырып сабақтар жүргізуге мүмкіндік беретін Интернет желісіне шығатын жергілікті желімен біріккен ең жаңа компьютерлермен жабдықталған. 
2009 жылы МЭСИ Өскемендегі филиалына келесі мамандықтарды оқыту үшін қабылдау қолданыстағы лицензия негізіндее жүзеге асырылды:

Іштей оқу түріне:

Мамандық коды

Мамандық

080503

Дағдарысқа қарсы басқару

080801

қолданбалы информатика (сала бойынша)

Сырттай оқу түріне:

Мамандық коды

Мамандық

080503

Дағдарысқа қарсы басқару

080105

Финансы и кредит

080109

Бухгалтерлік есеп, талдау және аудит 

080801

қолданбалы информатика (сала бойынша)

030501

Құқықтану

Мекенжайымыз:
Қазақстан Республикасы, ШҚО, Өскемен қаласы, Қабанбай батыр к.,11
Телефон: (7232) 293343, (7232)293344, (7232) 293345
e-mail: ukfmesi@ukfmesi.kz   ykfmesi@mesi.ru
Сайт: www.ukfmesi.kz

 

 

СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ

Ректоры – Телеуов Мұрат Қойшыбайұлы - медицина ғылымдарының докторы, профессор.
Туған мерзімі – 10 желтоқсан 1960 жыл
Профессорлік - оқытушылық құрамы – 383, оның ішінде 35 ғылым докторы, 164 ғылым кандидаты, 1 ҚР ҰҒА академигі, 4 ҚР МҒА корреспондент мүшесі, 4 ҚР ЖТҒА корреспондент мүшесі.
Жалпы білім алушылар саны - 2930 студент, грант бойынша - 406.

Академия қызметінің негізгі қорлары:
Оқу кеңес орталығы, меншік стоматологиялық емхана және Павлодар қаласында білім жетілдіру факультеті, оған қосымша емдеу факультетінің Павлодарлық филиалы, Индия, Пакистан, Судан, Сирия, Монголия, Китай елдерінен 300-ден арта студент оқитын шетелдік студенттер факультеті.

2006 жылдың қаңтар айынан бастап академия құрамына бұрынғы облыстық аурухана берілді, 510 төсектік оқу процестеріне және клиникалық кадрлар даярлауға арналған СММА Медицина орталығы деп аталды. Оқу-тренингтік дәрігерлік амбулатория (СВА – 12) және стамотологиялық емханасы бар.

Академияның негізгі жетістіктері: Жапонияның Нагасаки университетінің медицина факультетімен және Бельгиядағы Антверпен қаласының медицина институтымен, Техас штатындағы Хьюстон (АҚШ) медицина орталығымен, Тулса қаласындағы Оклахома штатының резиденттер даярлау орталығымен байланыс жасайды. СММА Еуразиялық дамуды қайта құру банкісімен, «Сорос-Казахстан» қорымен, Жапония даму қорымен әріптестікте.

Жапония, Бельгия, АҚШ медицина қызметкерлерімен әріптестік өте жақсы қалыптасты. 1999 жылы академия клиникасына Нагасаки қаласынан спутниктік байланыс қондырғысы орнатылды, оның көмегімен академия қызметкерлері Жапондық әріптестерімен тікелей байланыса алады. Академия оқытушылары Нагасаки және Хиросимада тәжірибе жинақтайды. Енді оған жоғарғы курс студенттері де тартылатын болады.

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Мекен-жайы: 071412  Глинка көшесі, 20А
Телефон: 35-95-49 факс: 35-94-65
Эл. пошта: srect@semgu.kz
Web-сайт: www.semgu.kz
Құрылған: 1995 ж.

Ректор – Сыдықов Ерлан Бәтташұлы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының жаратылыстану ғылымдары академиясының және Халықаралық  педагогикалық білімдер ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
1956 жылы 29 ақпанда туған.

Оқыту түрі: күндізгі, сырттай, қашықтықтан мемлекеттік және орыс тілдерінде.
Құрылған жылы: 1995 жыл.
Мамандықтар саны: бакалавриат - 46 мамандық;  магистратура - 26 мамандық; PhD докторантура - 4 мамандық.
ҚР ЖОО рейтингіндегі орны: 2010 жылы Шәкәрім атындағы СМУ Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарының рейтингінде бакалавриаттың 6 мамандығы бойынша 4-орынды иеленеді. Білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі қазақстандық тәуелсіз агенттіктің деректері бойынша 2011 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті бас рейтингте «көпсалалы жоғарғы оқу орындары» санатында 7-орынды иеленді.
Ұлттық және халықаралық аккредитация туралы мәліметтер.
2010 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық аккредитациялау орталығында ұлттық аккредитациядан және инженерлік саладығы 2 білім беру бағдарламасы бойынша (050724.62 «Технологиялық машиналар және құрылғылар», 050727.62 «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы») Ресейдің инженерлік білім беру ассоциациясында халықаралық аккредитациядан өтті.
Студенттердің жалпы саны, ПОҚ саны:
01.09.2011 жылға студенттер құрылымы 4898 студентті құрайды, оның ішінде:
- күндізгі бөлімде – 3121,
- сырттай бөлімде – 1777.
Мемлекеттік білім беру грантының негізінде 1520 студент оқиды, Мемлекетік тілде барлығы 2564 студент оқиды.
Күндізгі бөлімде 1754 студент мемлекеттік тілде оқиды, сырттай оқыту бөлімінде 810 студент мемлекеттік тілде білім алып жатыр.
ПОҚ 381 адам, оның ішінде:
- 32 ғылым докторы;
- 152 ғылым кандидаты.
ЖОО туралы қосымша ақпарат
Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті технологиялық, зооветеринарлық және қаржы институттарының, яғни үш ірі институттың негізінде 1995 жылы құрылған. Шәкәрім атындағы СМУ 10 бағыт бойынша мамандардың дайындығын жүзеге асырып келеді. Ол: білім беру, гуманитарлық ғылымдар, құқық; өнер; әлеуметтік ғылымдар және бизнес; жаратылыстану ғыымдары; техникалық және технология ғылымдары, ауыл шаруашылығы ғылымдары, қызметтер, ветеринария.
Шәкәрім атындағы СМУ-да «Шәкәрімтану», «Алаштану» ғылыми-зерттеу орталықтары, ет және сүт өнімдерінің ғылыми-зерттеу институты, кадрларды даярлау және біліктілін арттыру ортаығы, тұрақты дамыту жөніндегі ғылыми орталық, әлеуметтік мониторингілеу және жобалау орталығы, радио-экологиялық зерттеулердің ғылыми орталығы, химия және экология мәселелерінің ғылыми-зерттеу институты қызмет етеді, «Шәкәрім атындағы СМУ хабаршысы» журналы шығарылып отырады. Шәкәрім атындағы СМУ серіктестерінің қатарында Мәскеу мемлекеттік қолданбалы биотехнологиялар университеті,  Томск политехникалық университеті, Кемеровск азық-түлік өнеркәсібінің технологиялық институты, Омск мемлекеттік аграрлық университеті, Алтай мемлекеттік педагогикалық академиясы, Иркутск мемлекеттік ауыл шаруашылығы академиясы, Сібір шикізат ҰЗИ және басқалары, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен қорлар, яғни "Сорос-Казахстан", ACCELS, USIS, "Сенiм" Американдық компаниясы, INTAS, IREХ, "Евразия" бар.
Университетте «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының «Жас Отан» жастар қанаты, «Конгресс» дебаттық клубы, қазақ, орыс лигалары бар КТК; «Студия-12»-шығармашылық теле-радио кешені; «Модели Востока» - жастар модасының агенттігі қызмет етеді. Университет студенттері «Жасыл ел» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға және жастардың еңбек құрылыс жасақтарының жұмысына белсенді қатысады.
Қызметінің нәтижесі бойынша университет ҚР БжҒМ, республикалық және халықаралық ұйымдардың марапаттауларына ие болған: («Іскерлік іс-тәжірибенің  жоғарғы сапасы үшін» Алтын медаль  (Швейцария, Женева); «Ұлттық Экономика Көшбасшысы» Құрмет белгісі 2006, 2007 жж. (Ресей, Мәскеу); IV халықаралық сапа ассамблеясында (2008 ж.) «Алтын Сапа Сертификаты»; «XXI ғасыр білімі мен ғылымы» VI Қазақстандық халықаралық  көрмеде  (Астана) берілген білім беру бағдарламаларының сапасын дамытуға қосқан үлесі үшін дипломы; Қазақстан Президентінің сыйлығына «Алтын сапа» байқауына (2007,  2008, 2009, 2010 жж.) белсенді қатысқаны үшін алғыс хат). 2009 жылғы қыркүйекте Шәкәрім атындағы СМУ Қазақстанның 12 ЖОО-мен бірге университеттердің Ұлы хартиясына қол қойды (Италия, Болонья қ.).
2005 жылдан бастап Шәкәрім атындағы СМУ сапа менеджментінің жүйесі енгізіліп, сертификатталған. Сертификацияланған орган ретінде SGS беделді халықаралық компаниясы таңдалынып алынды.
Байланыс ақпараты: 071412, ШҚО, Семей қаласы, Глинки к., 20А.
Телефон, факс: 8(7222) 35-95-49; 8(7222) 35-94-65.

 

 

Д.СЕРІКБАЕВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Ректоры – Мүтәнов Ғалым Мүтәнұлы -- техника ғылымдарының докторы, профессор, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты. Туған мерзімі – 27 наурыз 1957 жыл
Профессорлік - оқытушылық құрамы – 625 оқытушы, оның ішінде ҚР ҰҒА академиктері-2, Ғылым докторлары 18, ғылым кандидаттары 145
Жалпы білім алушылар саны - 8775. мемлекеттік білім гранттары бойынша 1730 студент, оның ішінде бірінші курста 483 студент оқиды.

Университет қызметінің негізгі қорлары:
Таулы-металлургиялық, құрылыс-архитектуралық, механико-технологиялық институттар, ақпараттар технологиясы институты, экономика және менеджмент институты, виртуалды институт, жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім және жаңа білім технологиялары институты , колледж. Университетте 31 кафедра жұмыс істейді.

Университеттің негізгі жетістіктері:
- университеттің «университет-технопарк» моделі бойынша жаңа түрдегі жоғарғы оқу орнына айналуы; «EuroEducation-2005» Халықаралық конференциясында университет жүзеге асырып отырған модель "The United Europe" («Біріккен Еуропа») Халықаралық марапатына ие болды.
- университет жанынан Қазақстанда бірінші болып «Алтай» ғылыми – технологиялық паркі құрылды және нәтижелі жұмыс атқаруда. Оның оннан артық жобасын даму институттары екі миллиард теңгеден артық қаржыға қаржыландыруға жіберді.
- Виртуалды академия атты оқушыларға арналған білім жобасын университет жүзеге асырды, жоғарғы класс оқушыларына арналған «Жас талап-KZ» ғылыми-көпшілік журналы шығарылады.
- университет Қазақстандағы және Орталық Азиядағы (IGIP) инженерлік педагогика Халықаралық қоғамының орталығы болып табылады.
- университет жанынан білім саласындағы ақпараттық технология бойынша ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы өкілдігі ашылды. (ИИТО).
- ипотекалық несиелеу жүйесі аясында, университет қызметкерлеріне арналып, 80 квартиралық тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр.

 

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СЕМЕЙ ЗАҢ ИНСТИТУТЫ

Ректоры - Кұрманбаева Шырын Асылханқызы, саяси ғылымдар докторы, ҚР Президенті жанындағы әйелдер мен балалар ісі жөніндегі Ұлттық комиссия мүшесі.
Туған мерзімі – 10 қараша 1958 жыл
Профессорлік - оқытушылық құрамы – барлығы - 80, ғылым докторлары – 5, кандидаттар – 24, магистранттар – 4, аспиранттар – 10.
Жалпы білім алушылар саны - 1265 студент, грант бойынша – 3

Университет қызметінің негізгі қорлары: 4 кафедра, 6 қосалқы - оқыту бөлімдері

Институттың негізгі жетістіктері: Институт оқытушылары Румынияда француз стратегиялық зерттеу институтының (CEDIMES) қолдауымен өткен Бірінші Еуропалық семинарға, Сорос – Қазақстан Қоры ұйымдастырған «Саяси жетекшілік» атты халықаралық форумға қатысқан; сонымен қатар, олар Самарқанд қаласында өткен Орталық-Азия Сорос қорының «Саяси философия» қысқы форумы грантын және Орталық-Азия Зертеу Бастамалары Ашық Қоғам Институтының (CARI) бағдарламасы бойынша (Будапешт қаласы) грант ұтып алды.

 

Өскемен қ. Семей қ. Риддер қ. Курчатов қ.
Абай ауданы Аягөз ауданы Бесқарағай ауданы Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы Жарма ауданы Зайсан ауданы Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы Күршім ауданы Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы Үржар ауданы Шемонаиха ауданы