Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
БIЛIМ БЕРУ

ДӘУЛЕТ СЕРІКБАЕВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ (ШҚМТУ)

Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ мемлекеттік және орыс   тілдерінде күндізгі, сырттай бөлімде келесі білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметін жүргізеді:

  • Жоғарғы кәсіби білім беру бағдарламасы (41 бакалавриат мамандығы);
  • Жоғарғы ғылыми-педагогикалық білім беру бағдарламасы (36 магистратура мамандығы);
  • Жоғарғы оқу орнынан кейінгі кәсіби білім беру бағдарламасы (Ph.D докторантура бағыты бойынша 6 мамандық).

1958 жылы ҚазКСР Министрлер Кеңесінің 1958 жылғы 30 тамыздағы № 765 қаулысымен құрылған.
Қазақстан Республикасының үздік техникалық жоғарғы оқу орындарының бас рейтингінде Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстандық тәуелсіз агенттіктің бағасы бойынша ШҚМТУ 5-орында.
Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының білім беру бағдарламаларының рейтингінде барынша іске асырылып жүрген бағдарламалардың қатарына Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың 8 білім беру бағдарламасы кірді:

  • 5В070900  -  Металлургия  - 1 орын
  • 5В071700 – Теплоэнергетика – 1 орын
  • 5В071800 -  Электроэнергетика – 1 орын
  • 5В090700 – Кадастр – 1 орын
  • 5В090300 – Землеустройство – 2 орын
  • 5В070600 – Геология және пайдалы қазбалардың кен орындарын бағдарлау - 3 орын
  • 5В070700 – Тау-кен ісі – 3 орын
  • 5В072300 -  Техникалық физика – 3 орын.

Әлемдік академиялық рейтингтерде Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ келесі орындарға ие:

  • 2011 World University Web Rankings - 6368 (Қазастанның ЖОО арасында 8-орын);
  • Webometrics – 6134 (Қазастанның ЖОО арасында 5-орын);

Ұлттық және халықаралық аккредитация туралы мәліметтер:
2010 жылы жоғарғы оқу орны Институционалды аккредитация туралы куәлікті иеленді, 30.06.2010 жылғы сериясы А №000012.
ШҚМТУ-дың екі білім беру бағдарламасы, яғни 050703 «Ақпараттық жүйелер» және 050713 «Көлік, көлік техникасы және технологиялар» қоғамдық-кәсіби аккредитациядан өтіп, инженерлік білім беру саласында (ENAEE) Еуропалық желі Сертификаттарын алды, оларға «Еуропалық сапа белгісі» (EUR-ACE®Label) берілді.
2010 жылдың 17 қыркүйегінде жоғарғы оқу орны Университеттердің Ұлы хартиясына қол қойды.
01.09.2011 жылғы санақ бойынша білім алып жүрген студенттердің саны – 7659, соның ішінде күндізгі бөлімде – 4442, сырттай бөлімде – 3217.
Профессорлар мен оқытушылар құрамының саны - 588 адам, соның ішінде ғылым докторлары – 41, ғылым кандидаттары – 271.
Шет елдік серіктес жоғарғы оқу орындары: Роберта Гордон университеті, Оксфорд университеті, (Ұлыбритания), Ильменау университеті, Фрибургск университеті, Клаусталь техникалық университеті (Германия), Брауншвайк техникалық университеті (Германия), Кембрия қолданбалы өнер және технологиялар колледжі (Канада), Вроцлавия университеті, Вроцлавия техникалық университеті (Польша), Хосео университеті (Оңтүстік Корея), Мәскеу болат және ерітінділер институтуты, Г.В.Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясы, Томск мемлекеттік университеті, Томск политехникалық университеті, Красноярск мемлекеттік университеті, Новосібір мемлекеттік университеті, Новосібір мемлекеттік техникалық университеті, Екатеринбург университеті, Мәскеу сәулет академиясы, Санкт-Петербург  мемлекеттік техникалық университеті, Ползунов атндағы Алтай мемлекеттік техникалық университеті және басқалары.
ШҚМТУ базасында Шығыс Қазақстан өңірлік «Алтай» технопаркі, «Бастау» бизнес-инкубаторы, сондай-ақ ғылыми зерттеу орталықтары мен зертханалары қызмет етеді.

Байланыс ақпараты: 070010, Өскемен қ., Серікбаев к., 19.
тел./факс.: 8 (7232) 26-28-89,  факс: 8 (7232) 26-74-09
Email: kanc_ekstu@mail.ru


Өскемен қ. Семей қ. Риддер қ. Курчатов қ.
Абай ауданы Аягөз ауданы Бесқарағай ауданы Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы Жарма ауданы Зайсан ауданы Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы Күршім ауданы Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы Үржар ауданы Шемонаиха ауданы