| Қазақстан-Американдық еркін университеті
Оқыту түрі: күндізгі, кешкі, сырттай (орта білім беру негізінде), сырттай (орта арнаулы білім беру негізінде), сыртқы (жоғарғы білім беру негізінде).
Университет ҚР БжҒМ 2010 жылғы 10 қарашада берген № 0137472 лицензияға сай күндізгі және сырттай оқыту түрлері бойынша білім беру қызметін жүзеге асырады.
Кадрларды дайындау бакалавриаттың 21 мамандығы, магистратураның 5, докторантураның (PhD) 2 мамандығы бойынша жүргізіледі.
Университеттің құрамына 2 факультет кіреді:
1. «Бизнес, құқық және педагогика» факультеті
2. «Сыртқы және қашықтықтан оқыту» факультеті
Оқыту тілі: Орыс, қазақ
Мамандықтар саны: 21
Құрылған жылы: 1994 жыл. «Казахстан-Американдық еркін университеті» ЖШС 2000 жылғы 25 мамырда Халықаралық экономика және гуманитарлық ғылымдар жоғарғы колледжінің негізінде құрылған.
ҚР ЖОО рейтингіндегі орны: 2010 жылғы рейтингке 4 мамандық кіргізілген, олар: менеджмент – 38-дің ішінде 9-орын, қаржы – 48-дің ішінде 9-орын, психология – 12-нің ішінде 9-орын, шет тілі: екі шет тілі – 31-дің ішінде 10-орын.
Ұлттық және халықаралық аккредитация туралы мәліметтер: 2010 жылғы 14 қарашада алқалы бизнес мектептер мен бағдарламалар ассоциациясымен (ACBSP) аккредитациядан өткен.
Қазақстан-Американдық еркін университетінің халықаралық қызметі университеттің шет елдік ЖОО-мен, білім беру ұйымдарымен және халықаралық қорлармен көп жақты халықаралық серікестік жүйесі негізінде жүзеге асырылады.
АҚШ-та Маршалл Кристенсеннің «Co-ServeInternational» Қамқоршылық Кеңесі мен Қоры құрылған.
Білім беру қызметтерін және оқытудың студенттерге арналған жаңа мүмкіндіктерін кеңейту және арттыру мақсатыныда университет WorldView (АУВВ) университеттердің ассоциациясына (АҚШ, Портланд қ., Орегон шт.) мүше болып кірді. 2006 жылғы сәуір айынан бастап ҚАЕУ АҚШ-тағы уиверситеттер бизнес мектептері мен бағдарламаларының ассоциациясының (ACBSP) мүшесі болып табылады. 2010 жылы ЖОО алқалы бизнес мектептер мен бағдарламалардың халықаралық ассоциациясымен (ACBSP) аккредитацияланды. Университет Қазақстандағы «Американдық Мәдени Алмасу» (АМА) ұйымның (АҚШ, Сиэтл қ.) эксклюзивті өкілі болып табылады.
ҚАЕУ 10 шет елдік жоғарғы оқу орындарымен және білім беру ұйымдарымен шарт жасасқан.
Білім алушылар құрылымы: 4169 студент.
ПОҚ саны – 101 адам.
Байланыс ақпараты: ШҚО, Өскемен қаласы, Бажов к., 68.
тел. 52-30-50, 77-09-66
|