|
Семей мемлекеттік медициналық университеті
Оқыту түрі: мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде күндізгі оқыту.
Студенттерді оқыту 8 мамандық бойынша 8 факультетте жүргізіледі, яғни: жалпы медициналық, педиатрия, емдеу ісі, фармацевтикалық, стоматологиялық, медициналық алдын алу, қоғамдық денсаулық сақтау және медбикелік іс факультеттерінде, 35 кафедрада, Павлодар қаласындағы дәрігерлерді жетілдіру факультетінде.
Құрылған жылы: 1952 жыл.
ҚР ЖОО рейтингіндегі орны
ҚР денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сай Ғылымды реформалау және дамыту тұжырымдамасын іске асыру бойынша ғылыми зерттеу ұйымдары мен ЖОО рейтингінде Семей ММУ 2009 жылы 28 ұйым ішінде бірінші орынды иеленді (120 бал).
ҚР БжҒМ 2010 жылғы рейтингінің қорытындылары бойынша (медициналық ЖОО арасында) «Жалпы медицина» мамандығы бойынша – 2-ші орында.
Ұлттық және халықаралық аккредитация туралы мәліметтер
РМК-ның «Семей қаласының мемлекеттік медициналық университеті» ШЖК-ға институционалды аккредитация туралы 2010 жылғы21 желтоқсандағы № 000028 куәлігі. Аккредитация мерзімі – 5 жыл (ҚР БжҒМ аккредитациялау орталығының Аккредитациялау кеңесі шешімінің 21.12.2010 жылғы № 3 хаттамасы).
Білім алушылардың жалпы құрылымы - 4267
ПОҚ штаттық құрылымы – толық ставкамен жұмыс істеп жүрген оқытушылар саны - 400 адам.
Оның ішінде ғылым докторлары мен профессорлары (докт.) 34 адам.
Оның ішінде ғылым кандидаттары мен доценттер (канд.) 147 адам.
Оның ішінде, PhD докторы – 1 адам.
Біріктіріп жұмыс істейтін ПОҚ саны – 90 адам.
Оның ішінде ғылым кандидаттары мен докторлар (канд. + докт.) – 19 адам.
Университеттің өзіндік медициналық орталығы бар, ол 16, яғни 9 ересек және 7 балалар стационарлық бөлімшелерінен, сервистік бөлімшеден, күндізгі стационардан, жедел және жоспарлы консультативтік-диагностикалық көмек көрсету бөлімшесінен, балалардың травмотолиялық-ортопедиялық пунктінен, 12 тәжірибелі клиникалық бөлімшеден және консультативтік-диагностикалық поликлиникадан тұрады. 2009 жылғы қыркүйекте Медициналық орталық аккредитация стандарттарына сәйкестікке аккредитациядан сәтті өтті.
Байланыс ақпараты: 071400, ШҚО, Семей қ., Абай к., 103,
Тел.:8(7222) 52 20 94; факс 8(7222) 56 97 55
e-mail: sgma_mail@mail.ru
|