|
С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-тің ректоры»
Бейбіт Баймағамбетұлы Мамраев– филология ғылымдарының докторы, профессор, 130-дан астам ғылыми жұмыстардың авторы. Оның ғылыми ізденісінің негізгі бағыттары - XIX-XX ғасырлардағы әдебиет тарихы, компаративистика, қазіргі заманғы мәдениет мәселелері.
Мамраев Б.Б. М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты докторлық диссертациялар қорғау жөніндегі Диссертациялық кеңесінің мүшесі. Оның ғылыми жетекшілігімен бір докторлық, 6 кандидаттық диссертация қорғалды, соның ішінде Ресей мен Қытай азаматтары бар. Әдебиет және фольклордың өзекті мәселелері бойынша тұрақты ғылыми басылымдардың редакциялық алқаларының мүшесі, бірқатар монографиялар мен жинақтардың жауапты хатшысы.
Бейбіт Баймағамбетұлы бірқатар шетелдік университеттер мен ғылыми ұйымдарда дәрістер оқыды: Нантер Университетінде (Париж) - 10, Сорбоннада - 3, Париждегі, Страсбургтегі (Франция), Стамбулдағы (Түркия), Гамбургтегі (Германия) халықаралық конференцияларға және Түркісой съездеріне қатысты. Елшілік шені бар.
Мамраевтың Б.; кәсіби және еңбек қызметі, негізінен Қазақстанның білім және ғылым жүйесімен байланысты. Орта мектепте мұғалім, Қарағанды мен Алматының жоғары оқу орындарында оқытушы болып қызмет атқарды. Көп жылдар бойы ҚР Ұлттық ғылым академиясы жүйесінде еңбек етті, ғылыми хатшы, бөлім меңгерушісі, ҚР ҰҒА М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты директорының орынбасары болды. Сонымен бірге, Әл Фараби атындағы ҚазҰУ қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры қызметін қатар атқарды.
2000 жылы ҚР Президенті Әкімшілігіне жұмысқа шақырылып, бірқатар жылдар бойы білім және ғылым секторын басқарды.
2004-2006 жылдары шетелдік іс-сапарда болды. Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінде кеңесші, Кеңесші-Елші қызметін атқарды.
2006 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып тағайындалды.
2008 жылдың сәуірінен бастап С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры.
Университет құрылымы 10 факультеттен тұрады. Олар: математика, физика және технология; экология және жаратылыстану ғылымдары; экономика және бизнес; мемлекеттік басқару және құқық; тарих және халықаралық қатынастар; психологилық-педагогикалық; филологиялық; мәдениет және спорт; қашықтықтан оқыту; жоғарғы оқу орнына түсуге даярлық. Оқыту қазақ, орыс тілдерінде, сондай-ақ жаратылыстану-ғылымы бағытындағы үш мамандық бойынша (физика, химия, биология) ағылшын тілінде жүргізіледі. Мамандарды даярлау 49 бакалавриат мамандығы, 33 магистратура мамандығы және 3 PhD докторантура мамандығы бойынша жүргізіледі.
1952 жылы 5 шілдеде КСРО Министрлері Кеңесінің өкімімен Өскемен педагогикалық университеті ретінде құрылған.
2010 жылдың сәуірінде институционалды аккредитация аясында ҚР БжҒМ Ұлттық аккредитациялау орталығының стандарттарына сәйкестігіне Университет қызметіне сырттай баға берілді (30.06.2010 жылғы №000013 куәлік). 2010 жылғы мамырда университет 2005 жылғы халықаралық сертификациялау нәтижелерін растай отырып, қайта сертификаттаудан сәтті өтті. (04.06.10 жылғы сапа сертификаты OZVDINENISO 9001:2008, тірк. № 04217240, Германия).
Университет – үш беделді халықаралық ассоциацияға мүше, соның ішінде Университеттердің Еуразиялық ассоциациясы да бар. Еуропалық жоғарғы оқу орындарының тізбесіне кіреді.
Инновациялық менеджмент қағидаларын енгізу, басқарудың корпоративті мәдениетін дамыту, жоғарғы оқу орнының білім сапасына бағытталған қызметін жобалық-бағдарланған құрылымдау университетке ҚР жоғарғы оқу орындарының Ұлттық рейтингінде 2008, 2009, 2010, 2011 жылдары ҚР көпсалалы жоғарғы оқу орындарының ішінде 6 орынды иеленіп келуіне мүмкіндік берді.
Жоғарғы оқу орны халықаралық ынтымақтастық туралы 64 шартты іске асырып келеді ErasmusMundus, Tempus бағдарламасы аясында университеттер Консорциумарының құрамына кіреді.
2008 жылы Тараз декларациясына қол қойылды. 2009 жылдың қыркүйегінде университтердің Ұлы хартиясына (Болонья қ., Италия) қол қойылып, ШҚМУ Болон үрдісіне ресми түрде қосылды.
Университетте колледж, біліктілікті арттыру институты, ғылыми-зерттеу орталығы (Ұлттық ядролық зертхана, ЯРМ-спектроскопия зертханасы, Қолданбалы физика зертханасы, математикалық моделдеу зертханасы, коммерционализация кеңсесі, бизнес-инкубатор, экология, гуманитарлық зерттеулер), лингвистика орталығы, баспа, жобалық-құрылымдар бөлімі, Кәсіпкерлікті қолдау орталығы, Гендерлік зерттеулер орталығы, оқу іс-тәжірибесінен өту базалары («Сібе» ОӨҒБ, «Панкратьевский сад»), "Чайка" жүзу зертханасы қызмет етеді.
Байланыс ақпараты: ШҚО, Өскемен қ., 30-шы Гвардиияшылар Дивизиясы к., 34
Тел/факс: 8 (7232) 541-411, 540-407,
E-mailrector@vkgu.kz, кancelaria@vkgu.kz,
http://www.vkgu.kz/
|