| Білім беруді несиелеудің жаңа үлгісі туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жыл 18 ақпандағы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңару жолында» атты халыққа Жолдауына сәйкес білім беруді несиелеудің жаңа үлгісі енгізілді. Несиелеу тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жыл 19 шілдедегі №745 «Екінші деңгейдегі банктер арқылы студенттерге берілетін несиелерге «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамының кепіл болу ережесін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес жүргізіледі. Аталған қаулыға сәйкес білім беруге арналған несиелер «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамының кепілдігі арқылы беріледі. (бұдан былай Қаржы орталығы) Оған қоса, аталған қаулыға сәйкес, кепілдік жүйесіне қатысушылардың қарым-қатынасын реттейтін, несиеге байланысты төлемдердің көлемін азайту, жоғарғы білімге қол жеткізуді жеңілдету, несие алушылардың келісімшарт бойынша міндеттерін орындамауына байланысты несие берушілердің тәуекелдік қаупін азайту, берілетін несиелердің көлемін ұлғайту үшін жайлы жағдайлар жасау, несие алушылардың санын көбейту мәселелерін реттейтін талаптар реті жасалып 2005 жыл 19 қыркүйекте бекітілген. Аталған талаптар 30 қыркүйек 2005 жылғы «Егемен Қазақстан» газетінің №222-223 санында, «Казахстанская правда» газетінің №261-262 санында жарияланған. Екінші деңгейдегі банктердің студенттерге білім алуға беретін несиелеріне кепіл болу Қаржы орталығы қызметінің негізі болып табылады. Бүгінгі күні кепілдік жүйесіне қатысушылар, «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамымен бірігіп жасалған бас келісім негізінде студенттерді несиелендіретін: «Валют-Транзит Банк» АҚ, «Банк ТуранАлем» АҚ, «Қазақстан халық банкі» АҚ, «Темірбанк» АҚ. Білім беру несиелеріне кепілдік беру келесі ретпен жүзеге асады: 1.Банктың потенциалды несие алушылары – студенттердің осы бағдарламаға қатысушы банктерге өтініш білдіреді, барлық қажетті құжаттарды жинап өткізеді; 2.Банк кепілдік міндеттерін беруге қаржы орталығы бекіткен үлгіге сәйкес өтініш жасайды, оған қосымша несие алушы туралы несие беру бойынша бекітілген талаптарға сай деректер беретін құжаттар тіркеледі; (несие келісімшартының жобасы); 3.Қаржы орталығы банк өтінішін қарай келе, кепілдік міндеттерін беруге келісім береді немесе дәйекті түрдегі қарсылық білдіреді. 4.Дефолт (экономикалық дағдарыс) туындаған кезде және Қаржы орталығы кепілденген міндеттемедегі соманы төлеген кезде банк талап қою құқығын сәйкес құқықтық негізделген құжаттарға сәйкес Қаржы орталығына ауыстырады. Несие алушы студенттерге қойылатын несие берудің талаптары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жыл 30 маусым күнгі №619 Қаулысымен енгізілген өзгерістерді ескергенде төмендегідей: - Қазақстан Республикасының азаматтығы; - Қазақстан Республикасы аумағындағы тұратын мекенжайында тіркелуі - жас мөлшері 16 - дан үлкен, 30- дан үлкен емес; - ағымды үлгерімі 3,5 балдан төмен емес, абитуриенттер үшін ҰЖТқорытындысы 60 балдан кем емес; - студенттің Қазақстан Республикасының аттестацияланған жоғарғы оқу орнында күндізгі бөлімде оқуы; Кепілдік жүйесін жасау жоғарғы кәсіби білім алу саласында жаңа мүмкіндіктер мен келешекке жол ашуға мүмкіндік туғызады. Несие бойнша кепілдік көлемін анықтау үшін Қаржы орталығы кепілдік жоспарын жасап бекіткен. Кепілдіктің ең төмен бағамы берілген несиенің 50 пайызын, ең жоғарғы бағамы 95 пайызын құрайды. Несие алушыларға талаптар анықтау несиені неғұрлым дарынды балаларға беруді көздейді, өйткені жұмысқа орналасқаннан кейін несиені қайтару мүмкіндігі артады. Екінші деңгейдегі банктердің аталған бағдарлама бойынша несие берудегі негізгі талаптары мынадай: •мерзімі 12 жылға дейін; •жылдық пайыздық өсім өлшемі 14% ; •оқып жатқан кезде негізгі қарызын өтеуге мүмкіндік беріледі (уақыт беру); •алдын ала өтеуге шек қойылмайды; •несие семестрдің қорытындысы бойынша студенттің үлгеріміне байланысты беріледі; •несие алушының жағдайына байланысты қосымша қамтамасыз ету қарастырылады. 2006 жылдың ақпан айында Өскемен, Семей қалаларындағы бес университетте білім беруді несиелеу бойынша семинарлар өткізілді. Олар: Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, Семей мемлекеттік педагогикалық институты, Семей мемлекеттік медицина академиясы, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті. Семинарлар барысында білім беру несиелерін беру талаптары кеңінен түсіндірілді. Мемлекеттік білім беру тапсырысы туралы Қазақстан республикасы Үкіметінің 2006 жыл 31 мамырдағы № 485 Қаулысымен республикалық бюджеттен қаражат алатын білім беру мекемелерінде орта кәсіби білімі бар мамандар дайындаудың, жоғары кәсіби білім және жоғарғы оқу орнынан кейінгі кәсіби білім жетілдірудің 2006/2007 оқу жылына мемлекеттік тапсырысы бекітілген. Мемлекеттік басшысының тапсырмасына орай, жоғарғы білімге қол жеткізуді жеңілдету үшін, өткен оқу жылынан бастап жоғарғы оқу орнына қабылдауға арналған мемлекеттік тапсырыс мемлекеттік білім гранттары арқылы ғана жүзеге асады. Жоғары білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыс көлемі 32490 грантты құрайды, оның ішінде сырттай оқытатын педагогтық мамандықтары бойынша 1000 грант. Сонымен қатар, ағымдағы жылы мемлекеттік тапсырыстарды жасау кезінде жоғары технологиялы, ғылыми ауқымқы өндірістердегі сұраныстарды ескере отырып, мамандықтар бойынша топтастырылған мемлекеттік білім тапсырыстарының құрылымы жасалды. Ең басты басым бағыттардың бірі – кластерлік бастамаларды ескере отырып, техникалық білімі бар инженер мамандар даярлау болып табылады. Техникалық мамандар даярлауға мемлекеттік тапсырыстың мөлшері мемлекеттік тапсырыстың 34%ын немесе 10940 мемлекеттік грантты құрайды. 2005/2006 оқу жылымен салыстырғанда мемлекеттік білім гранттарының саны қайта бөлу жолымен көбейтілді: техникалық мамандықтар бойынша 280; құқық мамандықтары бойынша – 10; студенттерді «Восход» МАИ филиалында оқыту үшін - 35, медициналық мамандықтар бойынша - 1255, студенттерді Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандық филиалында оқытуға - 25, жоғарғы оқу орнына дайындық жасаушыларды оқытуға– 325 грант белгіленген. Жалпы алғанда мемлекеттік тапсырыстың көлемі өткен жылға қарағанда 280 бірлікке өскен. Оқыту тілдері бойынша мемлекеттік тапсырыс құрылымы сақталған. Оқыту тілдері бойынша мемлекеттік тапсырыс орта мектепті қазақ және орыс тілінде бітірушілердің сандарына байланысты бөлінген.Ағымдағы жылы 193399 мектеп бітірушінің 110115-і қазақ тілінде бітіреді. (мектеп бітірушілердің жалпы санының - 57%). Жоғарғы оқу орындарының даярлық курстарына Қазақстан Республикасының азаматтығын алмаған қазақ диспораларынан тыңдаушылар қабылдауға (1500 орын), жетім балаларға, (200 орын), мемлекет аралық келісімдер бойынша келген азаматтарға (125 орын) мемлекеттік тапсырыс қарастырылған Қазақстан азаматтығын алмаған қазақ ұлтының өкілдеріне 2 пайыздық квота, жетім балаларға немесе ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға 1 пайыз, 0,5 пайыз I, II топтағы мүгедек жандарға, бала кезінен мүгедектерге, мүгедек балаларға, 30 пайыздық квота ауыл мектептерін бітірушілерге қарастырылған. |