Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң ресми сайты
Aйдарларының тiзбесi
Жаналықтарға жазылу
 
RSS форматындағы жаңалықтар
Іздеу  
 
 
БIЛIМ БЕРУ

ШҚ АҒП «Дарын» орталығы туралы  ШҚО әкімінің ресми сайтына арналған ақпарат

 

Қазақстан ұлы держава болуы үшін бізге күш-қуаты,
қажыр-қайраты мол, ақылды да ойлы, дарынды жастар керек.
Нұрсұлтан Назарбаев

Орталық басшысы туралы мәліметтер

ШҚ АҒП «Дарын» орталығының директоры - Дюсупова Алма Коркембайқызы
Туған күні, айы, жылы: 04.04.1962 ж.
Білімі: жоғары
Мамандығы: педагог
Семья жағдайы: тұрмыста, бір ұл тәрбиелеуде

Өмірбаяны:
1979 –  Күршім ауданындағы  Гагарин  атындағы орта мектепті бітірді.
1979-1984 – Өскемен педагогикалық институтының филология факультетін аяқтады

1984-1994-Күршім ауданының Славянка орта мектебінің мұғалімі, директордың оқу ісі жөніндегі  орынбасары
1995-1998 – ШҚ БАРИ тәрбие ісі жөніндегі кабинет меңгерушісі
1999 – «Педагогика» мамандығы бойынша аспирантураны  бітірді
1998-2001 – ШҚМУ-дың магистратура  меңгерушісі
2001 жылдан бастап – ШҚ АҒП «Дарын» орталығының директоры
2006 – педагогика ғылымдарының кандидаты

ШҚ АҒП «Дарын» орталығының директоры қызметіне тағайындалған күні: 26.02.2001 г.

Қабылдау уақыттары: айдың бірінші жұмасы, сағ. 9.00-ден 13.00-ге дейін
айдың  екінші сейсенбісі, сағ. 16.00-ден 18.00-ге  дейін
Қабылдауға алдын-ала жазылу бір жұма бұрын  (7232)47-34-59, 22-26-19 телефондары бойынша жүргізіледі.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің № 1-620 Р қаулысымен 1999 жылдың 17 мамырында Шығыс Қазақстан аймақтық ғылыми-практикалық  «Дарын» орталығы құрылды.
Мақсаты – Облыстың дарынды балаларын анықтау, дамыту және қолдау, олардың әлеуетті мүмкіндіктерін  жүзеге асыру.
Міндеттері:
- дарынды балалар мен жасөспірімдерді анықтау мен іріктеу, оқыту мен дамыту және де  оларға  қолдау көрсету  жүйесін жасау;
-дарынды балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік, құқықтық, психологиялық қорғауды қамтамасыз ету;
-мемлекетіміздің зерделі әлеуетін қалыптастыруға үлес қосу;
-дарынды тұлғаны дамытуда инновациялық технология ауқымындағы  халықаралық жұмыс тәжірибесін, әрекеттестікті кеңейту.
Орталық инновациялық білім беру мекемесі болып саналады.

 

ШҚ АҒП «Дарын» орталығы зертханалары қызметінің негізгі бағыттары

1.Интеллектуалды дарындылық:
- аймақтық деңгейде интеллектуалды дарындылық мәселелері бойынша 
    жүргізілетін зерттеу жұмыстарына ғылыми басшылық жасау;
-оқушылардың интеллектуалды дарындылығын  анықтау мен дамытудың мәселелері  бойынша  білім беру қызметкерлеріне  арналған ғылыми-әдістемелік  ұсыныстар , жаңа процестер  бойынша  көмекші құралдар  әзірлейді;
- оқушылардың интеллектуалды дарындылығын анықтау мен дамытудың аймақтық деңгейдегі  тәжірибелерімен танысып, таратады;
-аймақ көлемінде  дарындылықты анықтау мен  дамытуға бағытталған интеллектуалды олимпиадалар, жарыстар, әр типті мектеп оқушыларына  арналған конкурстар, әр деңгейдегі олимпиадалар мен жарыстарға  дайындау мақсатымен дарынды оқушыларға ғылыми  кеңестер ұйымдастырып, өткізеді; интеллектуалды дарынды балалар туралы мәліметтер банкін құру.

2.Жаңа технологиялар:- аймақтық деңгейдегі қолданбалы сипаттағы маңызды ғылыми мәселелерге зерттеу жүргізуге ғылыми басшылық жасайды және өткізуге тікелей қатысады. Жұмыс бағдарламасының бағыттарын ұйымдастырады, аймақ көлемінде өткізудің әдіс, құралдарын анықтайды;-аймақтық деңгейде жаңа педагогикалық технологияларды, әлеуметті маңызды тұжырымдамалар мен жобалар, бағдарламалар, үлгі, әдіс, жаңа процесстерді әзірлеу мен танысуда ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді;-аймақ көлемінде жаңа педагогикалық жобалар фестивалін, дарынды балаларды оқыту әдістерін жетілдіру кеңесін, семинарлар ұйымдастырып, өткізеді. -Шығармашылық дарындылық:-шығармашылық дарындылықты зерттеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік ету;-шығармашылық дарындылықты анықтау мен дамытудағы эксперименталды алаңдардың, дарынды оқушыларға арналған арнайы мектеп жұмыстарының оң тәжірибесін зерттейді; -облыстық білім беру мекемелеріне шығармашылық дарындылық бойынша оқу құралдарын, әдістемелік ұсыныстарды жасау;-балалардың шығармашылық дарындылығын дамыту, оларды іріктеу бойынша әдістерді жетілдірудегі семинар, кеңес беруді ұйымдастырады;-шығармашылық дарындылықты анықтау және дамытудағы эксперименталды алаңдардың дарынды оқушыларға арналған арнайы мектеп жұмыстарының оң тәжірибелерін талдап, қорытып, оны жария етеді; оқушылардың шығармашылық дарындылығын анықтау мен дамытуға бағытталған шараларды ұйымдастыру, өткізу;-шығармашылық дарынды балалар жөніндегі толық мәліметтерді даярлау.

Шығыс Қазақстан облысындағы дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс жүйесі  ШҚ АҒП «Дарын» орталығында дарынды балаларды анықтау, дамыту жұмыстары сабақтастық, үздіксіздік, көпқырлылық принциптеріне негізделіп жүзеге асырылады. Бұл облыстың барлық білім беру мекемелерін қамтиды.

Шығыс Қазақстан облысында дарынды балаларға арналған 11 білім беру мекемесі жұмыс істейді. ШҚО әкімінің №554 (23.08.04) «Облыстағы мемлекеттік білім беру мекемелерінің атауларын өзгерту» туралы қаулысына сәйкес ШҚО дарынды жасөспірімдерге арналған қазақ-түрік мектеп-лицей-интернаты, Ш.Уәлиханов атындағы мамандандырылған ер балаларға арналған «Жас ұлан» мектеп-лицей-интернаты;№80 (8.02.05) қаулысына сәйкес ШҚО дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей-интернат, дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешен, Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты;№65 (24.01.05) музыкадағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп, дарынды балаларға арналған облыстық балет мектебі, дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Восток» дамыта оқытату, ғылыми-зерттеу мектеп-кешен орталығы,Өскемен қаласының әкімінің №4119 (28.03.01) шешімі бойынша дарынды балаларға арналған №34 мектеп-лицейі, қалалық дарынды балаларға арналған мамандандырылған математика, физика, информатика мектебі болып бекітілді. Бөлімшелерге басшылықты облыстық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы жүргізеді.

Оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметтерін дамыту формаларының вариативтілігі:

- ҚР еңбегі сіңген ұстаз, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» белгісінің иегері Қ.О.Бітібаеваның жүлдесі үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен өткізілетін халықаралық олимпиада;

-жалпы білім беретін пәндер олимпиадасы;-дәстүрлі жүйе бойынша және дамыта оқыту жүйесі бойынша бастауыш сынып оқушыларының интеллектуалды олимпиада ойындары;- 6-8 сынып оқушыларының негізгі ғылыми пәндер бойынша қашықтықтан өткізілетін облыстық олимпиадасы («Дарын» Виртуалды Академиясының шеңберінде өткізіледі);-«Қазақстан-2030» стратегиясын жүзеге асырудағы Қазақстан дамуының экономикалық және әлеуметтік – мәдени моделдері тақырыбындағы оқушылардың ұлттық ғылыми жобалары;--«Дарын» аймақтық сырттай оқу мектебі (физика, математика, логика, химия, Қазақстан тарихы, ағылшын тілі пәндерін тереңдетіп оқыту). Сессия облыстың жетекші жоғарғы оқу орындарының базаларында университет кафедраларында бекітілген бейімделген бағдарламалар бойынша 1,2 курс студенттерімен бірге жылына 2 рет өткізіледі. Жоғарғы оқу орындарының зертханаларында оқушылардың зерттеу жұмыстарының эксперименттік бөлігін тексеру мүмкіндіктері бар. Жобалар бойынша ғылыми кеңестерді ШҚМТУ, ШҚМУ, Шәкәрім атындағы СМУ-дың жетекші оқытушылары, «Дарын» орталығының, ШҚ БАРИ, гуманитарлық колледж қызметкерлері жүргізеді. - Ғылыми мектептер: химия пәнінен профессор, академик Е.А.Мамбетказиевтің мектебі(дәрістер тыңдау, арнайы курстар, тәжірибелік, зертханалық жұмыстар жүргізу); ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспонденті геология-минералогиялық ғылымдар докторы Б.А.Дьячковтің мектебі (жер және ғарыш туралы ғылымдардың негізімен танысу, биологиялық, физикалық заңдарды зерттеу, ғылыми экспедициялар ұйымдастыру).- Оқушылардың Жазғы Академиясы: белсенді демалыс пен оқуды үйлестіру, «Көгілдір бұғаз» демалыс үйінде демалу;-«Дарынның» Виртуалды Академиясы (интернет арқылы оқу): Жоғарғы оқу орындарының қызметкерлері әзірлеген электронды оқулықтарды қолдану арқылы күрделі есептерді талдау, шешу, он-лайн жүйесіндегі оқытушылар кеңесі.

Дәстүрлі өткізілетін шаралар:

- облыстың ең үздік ұстаздарымен, облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадалар мен жарыстардың жеңімпаздарымен облыс әкімінің кездесуі;-облыс әкімінің жаңажылдық шыршасы;«Шексіз дарындылық» халықаралық форумы.

«Дарын» ШҚ АҒПО әдістемелік жұмысы:

- біліктілікті жоғарылату институтымен бірлесе отырып әдістемелік семинарлар, курстар, республикалық тәжірибелік алаңдардың Ашық есік күндерін, олардың жүйесін кеңейтуді ұйымдастыру;
-педагогикалық және психологиялық дарындылық бойынша әдістемелік құралдарды шығару;
-аудандарда «Дарын» күндерін ұйымдастыру;
-облыстың белгілі ұстаздарының метапәндік шеберлік-класс жүйесін көрсету;
-инновациялық әлеуметтік-педагогикалық жобалардың облыстық фестивалін ұйымдастыру және өткізу;
-дарынды балаларды анықтау, дамыту және оларды қолдау мәселелерін шешудегі тәжірибемен шығармашылық бөлісуді ұйымдастыру (басқа облыс делегациясын қабылдау, аймақтық семинарлар жүргізу).

 

2007-2008 оқу жылының қорытындысы

Талдау және есеп беру

 

 
Өскемен қ.
Семей қ.
Риддер қ.
Курчатов қ.
Абай ауданы
Аягөз ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы
Жарма ауданы
Зайсан ауданы
Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы
Көкпекті ауданы
Күршім ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Үржар ауданы
Шемонаиха ауданы

070019, Қазақстан, Өскемен қаласы,
М. Горький көшесі, 40

Телефоны: 8 (7232)  24-45-61
E-mail: KTokhmoldina@akimvko.gov.kz

Call - центр тел. 8 (7232) 203-300