| БІЛІМДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН АЙМАҚТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ( БЖТШҚАО) 2008 жылдың 1 қаңтарына Шығыс Қазақстан облысының білім беру жүйесін ақпараттандыру 1997 жылы ШҚО Әкімінің 1997ж. 18 желтоқсандағы №1-237 өкімімен және Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің 1996ж. 7 қазандағы №333 бұйрығымен құрылған. Басшысы туралы мәліметтер: БЖТШҚАО директоры Джексенев Закир Юрьевич 1965 жылы 01 наурызда Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында туған, қазақ, 1982 жылы Алматы қаласында №19 орта мектепті бітірген. 1982—1988 жылдары Бауман атындағы Москва жоғары техникалық училищесінің «Энергомашиностроение» факультетінде ДВС жөніндегі инженер-механик мамандығы бойынша оқыды. 1988 жылғы 01 қазаннан Алматы энергетикалық институты танк двигательдерінің таулы Зертханасында инженер-механик, 1992 жылы «Кайсо» ЖШС инженер. 1998 жылғы 6 ақпаннан бастап Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті қайта даярлау және біліктілікті көтеру Институтындағы Компьютерлік Орталықтың директоры болды. 2000 жылғы желтоқсан айынан бастап ШҚМУ қаржы-экономикалық бөлімі бастығының орынбасары. 2001 жылғы шілде айынан бастап БЖТШҚАО директоры міндетін атқарып келеді. Үйленген, екі баласы бар. Қызығып айналысатыны: компьютер, теледидар. E-mail: ipo_ekrgcnto@mail.ru Жұмыс телефоны (7232)47-33-33
Жұмыс уақыты 9.00-ден 18.00-ге дейін
Орталықтың мақсаты және қызметінің түрлері 1. Орталықтың негізгі мақсаты білім берудегі жаңа технологиялар саласында ғылыми-зерттеу, әдістемелік және техникалық саясатты қамтамасыз ету болып табылады. 2. Орталық қойылған мақсатқа жету үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады: * Білім беру саласында экономикалық білім беру, дамытпалы оқыту,тестілеу әдістері, білім мен техникалық құралдарды бақылауды енгізу мәселелері жөнінде компьютерлендіру және жаңа ақпараттық технологиялар проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу, әдістемелік, жобалық, енгізушілік, қосу-реттеу, өндірістік жұмыстарды үйлестіру. *тестілеудің теориясы мен әдістемесі бойынша ғылыми-әдістемелік зерттеулер жүргізу; білім беру жүйесіне білімді бақылаудың тестілік әдістерін енгізу бойынша үйымдастыру-техникалық және әдістемелік функцияларды орындау; *мектеп. бастауыш және орта кәсіптік білім беру деңгейінде, келісім бойынша жоғары оқу орындары, сондай-ақ аудандық, қалалық білім беру бөлімдері, облыстың білім департаменті деңгейінде оқу үрдісін басқару мен бақылаудың жаңа технологияларын әзірлеу және енгізу; *ақпараттандыру бағдарламаларына сәйкес білім беру саласында^ компьютерлік және спутниктік телекоммуникациялардың жергілікті, аймақтық жүйелерін әзірлеу және енгізу, зерттеулер жүргізу; *орталықтандырылған базаға алыстан қол жеткізуді камтамасыз ету жолымен облыстың білім беру жүйесіне ақпараттық кызмет көрсету және басқаруды жетілдіру; *оқытудың жаңа білім беру технологияларын қолдану проблемалары бойынша ғылымк-зерггеу және ғылымл-әдістемелік жүмыстар жүргізу, білім беруде оқу теледидарыиың аудиовизуалдық техникасын қолдану, электрондық оқулықтарды қүру; *жаңа ақпараттық технологиялардың (әрі қарай-ЖАТ) талаптарына сәйкес білім берудін барлық буындары үшін пәндер бойынша оқытудың аппараттық-бағдарламалық әдістемелік кешендерін қүру; *оқу үрдісінде есептеу қүралдарын, аудиовизуалдық техникасын және оқу теледидарын пайдалану бойынша тестілеу, оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары бсйынша білім беру жүйесіндегі кадр басшыларын, оқытушыларды, мүғалімдерді, ғылыми қызметкерлерді, қызмет көрсету персоналды, мамандарды мақсатты түрде даярлау және біліктіліктерін арттыру; *білім беру және ғылым мекемелерінде жаңа ақпараттык технологияларды іске асыратын қүралдарды, аудиовизуалдық техниканы, оқу теледидары мен бақылаудың тестілік әдістерін жеткізу, қамтамасыз ету, жөндеу және дамыту бойынша қосу-жөндеу жұмыстарын жүргізу; *оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары, тестілеу, оқу теледидары мен аудиовизуалдық техникасының құралдарын пайдалануды ЖАТ бойынша бағдарламалық-әдістемелік өнімдерді таралымдау; *оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары, тестілеу, оқу теледидары мен аудиовизуалдық техникасының құралдары бойынша бағдарламалық- әдістемелік өнімдерге ЖАТ бойынша маркетингтік зерттеулер жүргізу; *балалар және гуманитарлық қорлармен, ұлттық-мәдени орталықтармен ынтымақтастық; *оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары бойынша ЖАТ жөнінде халықаралық жобаларын қолдау, оқу пәндеріне аймақтық компонентті енгізу; *білім беру мекемелерін телекоммуникациялық, компьютерлік, есептеу, аудиовкзуалдық техника құралдарымен, оқу теледидарының құрал- жабдықтарымен қамтамасыз етуге қатысу; * күрделі жөндеу үшін нысандарға техникалық зерттеу жүргізуге және іріктеуге қатысу. «БЖТШҚАО» ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу жөніндегі республикалық және облыстық шараларға қатысады 2007 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен алғаш рет интерактивті сабақ өткізілді. Оған облыс бойынша Өскемен, Семей, Курчатов, Риддер, Зырян, Аягөз қалаларынан, Абай, Катонқарағай, Жарма, Бородулиха, Глубокое аудандарынан бір-бір мектептен, барлығы 78 мектеп қатысты. «ON-LAIN» кестесіндегі кең жолақты Интернетке қосылған ШҚО мектептерінің сабаққа қатысуын ҚР білім және ғылым Министрлігі мен ҚР ақпараттандыру жөніндегі Агенттігі бекітті. «ON-LAIN» кестесіндегі интерактивті сабаққа қатыспаған барлық мектептер «Қазақстан» телеарнасы арқылы ткелей хабарды көріп тамашалады. Наурыз мейрамы қарсаңында Шығыс Қазақстан облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін жоғарылату және қайта даярлау институты (ШҚО БҚ БЖ және ҚДИ) Білімдегі жаңа технологиялардың Шығыс Қазақстан аймақтық орталығымен (БЖТШҚАО) бірлесе отырып, 2007 жылғы 20 наурызда үздік компьютерлік бағдарлама конкурсының қорытындысын шығарды. Конкурс жалпы орта білім беру, бастауыш кәсіптік мектептер мен лицейлер, сондай-ақ колледждер оқытушылары арасында өткізілген болатын. Қатысқан адамдар саны-41. Әділ қазылар алқасы 50-ден астам оқу бағдарламасын қарап шықты. Қатысушылардың жұмыстары сан-алуан. Математика, физика, информатика, химия, қазақ және орыс тілдері, Қазақстан тарихы және басқа пәндерден бағдарламалар ұсынылды. Мұғалімдердің жобаларымен қатар педагогтардың жетекшілігімен дайындалған оқушылардың да жобалары ұсынылған. Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. Жалпы орта білім беру мектептері мұғалімдері арасындағы конкурстың нәтижелері | | Васильева Г.П. | Гусев Ю.В. | | 1 орын | Гусев Ю.В. | Глубокое ауданы | №1Белоусовка ОМ | 2 орын | Журбенко З.М. | Семей қ. | №30 ОМ | | Гавриленко Л.А. | Өскемен қ. | №31 ОМ | | Шевелева М.А. | Семей қ. | №28 ОМ | | Яковлева Т.А. | Семей қ. | №35 ОМ | 3 орын | Ефремова Е.Ю. | Өскемен қ. | №30 КРГ | | Журбенко А.П. | Семей қ. | №6 ШГ | | Нұрсаханова Р.Т. | Күршім ауданы | Боран ОМ | | Әбілханова | Риддер қ. | «Шаңырақ» ОМ | Бастауыш кісіптік мектеп оқытушылары арасындағы конкурстың нәтижелері 1 орын | Васильева Г.П. | Семей қ. | «Заман» ЦППК | 2 орын | Корчагина Н.Н. Шевелева М.А Вихман В.М., Шевелева М.А. | Семей қ. | №14 КМ | Колледждер оқытушылары арасындағы конкурстың нәтижелері 1 орын | Титова Е.В. | Өскемен қ. | ................ат. колледж | 2 орын | Арищев Р.Е. | Семей қ. | Семей политехникалық колледжі | | Исабаева Д.С. | Өскемен қ. | СССР халық мұғалімі Қ.Нұрғалиев атындағы колледж | 3 орын | Ибраева П.М. Арищев Р.Е. | Семей қ. | Семей политехникалық колледжі | | Копытина И.В. Малышева Т. | Өскемен қ. | КАСУ жанындағы колледж | Конкурсқа қатысушылардан Құрмет грамоталарымен марапатталғандар: Шабанова Т.П. (Семей қ.№35 ОМ), Кривошейн Н.В. (Өскемен қ. №36 ОМ), Давыденко С.П. (Өскемен қ. №34 ОМ), Бейсембаева К.Т. (Зайсан қ. Ломоносов ат. ОМ), Бывшева Е.Ю. (риддер қ. №2 ОМ), Попукалов А.А. (Зырян ауд. Первороссийск ОМ), Санғалиева Г.К. (Семей қ. №7 ОМ-Л), Оралбаева Г.К. (Зайсан қ. Гагарин ат. ОМ), Беляева Н.А. (Өскемен қ. №34 ОМ-Л), Медведева Е.А.(Өскемен қ. Қ.Нұрғалиев ат. Колледж), Мұртазина А.Т.(Семей қ. педагогикалық колледж), Харский Е.С.(Риддер қ. аграрлық-техникалық колледж). КОНКУРСТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ : - компьютерлік бағдарламалар мен электронды оқу құралдарын жасаудағы облыс үздік мұғалімдерінің тәжірибелерін насихаттап, тарату ; - оқушыларды оқыту үрдісіне жаңа ақпараттық және компьютерлік технологияларды енгізуді насихаттау ; - компьютерлік қолдау сабақтарын қамтамасыз ету үшін бағдарламалық құралдар базасын жасау ; - педагогтардың шығармашылық белсендіктерін дамыту. Ереже (сүйене отырып). 2007 жылғы 1 шілдеден бастап ақпараттық теңсіздікті төмендету Бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде компьютерлік сауаттылық курстары өткізілуде. 150 мұғалім оқытушы- жаттықтырушы сертификатына ие болды. Тұрғындарды компьютерлік сауаттылыққа оқыту облыстың 224 білім беру мекемесінде жүргізілуде. Солардың ішінде 30 мектеп бюджеттік ұйымдар қызметкерлері мен қамту органдарында тіркелген жұмыссыздарды оқытуға арналған. 2007 жылғы 1 шілдеден 30 желтоқсанға дейін жұмыс істейді. 175 «жазғы мектеп» бюджеттен тыс сала мен басқа да топтағы азаматтарға арналған. Олар шілде айында оқып шықты. Өскемендегі екі мектеп пен Семейдегі Абай атындағы кітапханада мемлекеттік қызметшілер оқиды. 16 балалар үйі, мектеп-интернат, жастар үйінде 2007 жылғы 1 қыркүйектен бастап өз тәрбиеленушілері дәріс алуда. Тек бір айдың ішінде, 1-нен 31 шілдеге дейін облыс мектептерінде 12962 адам оқып шықты. Олардың : -- 2473-і бюджеттік ұйымдар қызметкерлері мен қамту органдарында тіркелген жұмыссыздар. СИН Бағдарламасының жоспар-графигіне сәйкес бұл топтағы адамдар 2007 жылғы желтоқсан айына дейін оқитын болады ; -- 10385 адам- бюджеттен тыс саланың қызметкерлері және басқа да топтағы азаматтар ; -- 104 адам- балалар үйлерінің қызметкерлері мен тәрбиеленушілері. Жазғы демалыс кезінде олар лагерлерге кетеді, яғни оқи алмайды деген сөз. Осыған байланысты балалар үйлерінде қаржыландыру 2007 жылғы қыркүйек айынан бастап жүзеге асырылады. 2007 жылғы 1-нен 31 тамызға дейін 3590 адам тестілеуден өткізілді. Олардың : -- 2272 адам- бюджеттік ұйымдар қызметкерлері мен қамту органдарында тіркелген жұмыссыздар; -- 1280 адам- бюджеттен тыс саланың қызметкерлері және басқа да топтағы азаматтар ; -- 38 адам-балалар үйлерінің қызметкерлері мен тәрбиеленушілері ; 2007 жылғы 1.07. – 31.08. дейін барлығы 16 552 адам оқытудан және тестілеуден өткізілді. Олардың : --4745 адам- бюджеттік ұйымдар қызметкерлері мен қамту органдарында тіркелген жұмыссыздар. -- 11665 адам- бюджеттен тыс саланың қызметкерлері және басқа да топтағы азаматтар ; -- 142 адам- балалар үйлерінің қызметкерлері мен тәрбиеленушілері. Барлық аудандарға электронды және қағаз тасымалдағышты оқу-әдістемелік құралдар берілді. Жылдың аяғына дейін 25078 адам оқып шығады деп жоспарланған. Олардың : -- 11587 адам- бюджеттік ұйымдар қызметкерлері мен қамту органдарында тіркелген жұмыссыздар. -- 10307 адам- бюджеттен тыс саланың қызметкерлері және басқа да топтағы азаматтар, -- 1080 адам- мемлекеттік қызметшілер ; -- 2078 адам- балалар үйлерінің қызметкерлері мен тәрбиеленушілері. Ақпараттық технологияның аймақтық айлығы шеңберінде мынадай шаралар өткізілді: 1.Облыстың 19 қаласына (ауданына) жарнамалық баннерлер орналастырылды. 2. Шығыс Қазақстан облысы әкімін ресми сайтының негізгі бетіне Мемлекеттік Бағдарламаның толық мәтіні бар «Ақпараттық теңсіздікті төмендету» баннері орналастырылды. 3. 27 сертификат әзірленді. Соның негізінде білім Департаменті «Rating» ЖШС бірлесе отырып нақтылы шегерімі 30000 теңге болатын компьютерлер алу жөнінде курс тыңдаушылары арасында акция өткізеді. Қалалық, аудандық әкімдіктер «Rating» ЖШС-н сыйлыққа сертификат алатын үміткерлерді белгіледі. 4. 2007 жылғы 29 шілдеде Устинка газетінде бағадрламаны жүзеге асыру жөнінде мақала жарияланды. Өскемендегі «Мой город» газетінің 2007 жылғы 19 шілдедегі №18 санында «Компьтерный ликбез» атты мақала басылды. Онда тұрғындарды компьтерлік сауаттылыққа оқытуды ұйымдастыру үрдісі жан-жақты сипатталған. |