Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң ресми сайты
Aйдарларының тiзбесi
Жаналықтарға жазылу
 
RSS форматындағы жаңалықтар
Іздеу  
 
 
БIЛIМ БЕРУ

Дарынды балаларға арналған «Восток» дамыта оқытудың мамандандырылған ғылыми-зерттеу орталық-мектеп-кешені

«Восток» ДО МҒЗО
Мекен-жайы : 492010 Өскемен қ.
Революционная к. 2, тел/факс (7232)23-98-13
E-mail: vostok97@mail.kz 

Басшысы туралы мәлімет

Протасова Галина Васильевна, дарынды балаларға арналған «Восток» дамыта оқытудың мамандандырылған ғылыми-зерттеу орталық-мектеп-кешенінің директоры. Білімі жоғары. Педагогикалық институттың тарих-филология факультетін орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген.

1970 жылдан еңбек жолын бастайды. Жеті жылдан кейін мектеп басшысы болып ауысады. Осы кезеңде үш рет аудандық Кеңестің депутаты болып сайланды. Екі шақыруда халыққа білім беру және мәдениет комиссиясын басқарды. 1986 жылы Өскемен қаласында облыстық мұғалімдердің білімін жетілдіру институтының директоры болып тағайындалып, бұл міндетін 14 жыл бойы атқарды. 1987 жылдан бастап облыстық әйелдер Кеңесін басқарады. Облыс білім беру жүйесінде жүргізген ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-эксперименталдық жұмыстары үшін «Қаз.ССР халыққа білім беру ісінің үздігі» белгісімен, екі құрмет грамотасымен, сондай-ақ дарынды балалармен жұмыста қол жеткен табыстары үшін грамотамен марапатталған. 25 жылдан астам уақыт жоғары санатты мұғалім, «Мұғалім-әдіскер» атағына ие.

2001 жылы «Восток» дамыта оқытудың Аймақтық ғылыми-зерттеу орталығының директоры болып тағайындалды. Бұл орталыққа облыс Әкімінің 24.01.2005ж. №65 қаулысымен 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап дарынды балаларға арналған «Восток» дамыта оқытудың мамандандырылған ғылыми-зерттеу орталық-мектеп-кешені мәртебесі берілген болатын. Осында еңбек еткен жылдары «Қазақстанда дамыта білім беру : теориялық және практикалық зерттеу тәжірибесі» атты монография шығарылды (2003ж.), қазақ,орыс тілінде тәрбие беретін балабақшаларға арнап мектепке дейінгі білім берудің екі бағдарламасын әзірледі (2003ж.). Орталық жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижелері республикалық педагогикалық басылымдарда, халықаралық, республикалық және облыстық ғылыми-практикалық конференциялары материалдарында жарияланып тұрады. Орталықта барлығы 150-ден астам ғылыми-әдістемелік материал жарық көрген.

Жанұясы : екі баласы бар. Қызы-инженер –программист, ұлы- педагог.

 

Дарынды балаларға арналған «Восток» дамыта оқыту ғылыми-зерттеу арнайы мектеп-кешен-орталығы

Дарынды балаларға арналған «Восток» дамыта оқыту ғылыми-зерттеу арнайы мектеп-кешен-орталығы («Восток» ДО ҒЗАО) Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің 24.01.2005 ж. «Облыстың мемлекеттік білім беру ұйымын қайта атау туралы» № 65 қаулысымен «Восток» дамыта оқыту ғылыми-зерттеу орталығының негізінде құрылды. «Восток» ДО ҒЗАО қазақ және орыс тілдерінде «бала бақша – мектеп» үздіксіз білім беру жағдайында әрекеттік оқыту түрі жүйесін игеруді ғылыми-әдістемелік және психология-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін мемлекеттік ғылыми-зерттеу, әдістемелік және білім беру кешені болып табылады.

Орталықтың құрамына «Қарлығаш» (қазақ тілінде оқытатын) және «Жемчужинка» (орыс тілінде оқытатын) екі мектепке дейінгі мекеме, «Әл-Фараби» мектебі (қазақ тілінде оқытатын) және орыс тілде оқытатын мектеп кіреді.

«Восток» ДО ҒЗАО 10 жыл бойы жұмыс істеп келеді, алайда балалардың қабілеттері мен дарындылықтарын дамыту жұмысы 2005 жылдан бері жүргізіледі.

Қабілетті және дарынды балалармен жұмыс қоғамда, мемлекеттік деңгейдегі басым бағыттар санатында көрінеді. Қазақстан Республиканың «Білім туралы» Заңы міндеттердің бірі ретінде «тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, жеке тұлғаларды дамыту үшін жағдайлар жасау жолымен интеллектіні байыту» қарастырылады. Қазақстан Республикасында дарынды балаларды анықтау, қолдау және дамыту Концепциясының материалдары «баланың қабілеті мен талантының тек өзі үшін ғана емес, сонымен қатар, жалпы қоғам үшін де» толығымен ашылу маңыздылығын анықтайды.

Балалардың интеллектуалды қабілеттерін анықтау және дамыту үрдісі Орталықтың құрылымдық бөлімшелерінің әрбіреуінде бірегей білім беру ортасын құру арқылы жүзеге асады. Нақты ортаның компоненттері болып төмендегілер табылады:

  1. Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқытудың білім беру технологиясы. Дамыта оқыту технологиясының негізіне әрекеттік әдіс жатады. Бұл әдіс 12 жылдық жалпы орта білім берудің Концепциясында көрсетілген. Дамыта оқытудың негізгі әдісі болып оқу іс-әрекеті табылады, оның әрбір жас сатысына қарай өзіне тән түрлері болады: бастапқы білім беру сатысында – ұжымдық-бөлу, негізгіде – жобалық, жоғары мектепте – жекелей. Дамыта оқытуда бала өзін-өзі өзгертетін субъект болып қалыптаса отырып, өзінің қабілеттерін толығымен ашып, көрсете алады, өйткені нақты жүйе білім алу үшін қажетті құралды - оқи білу мүмкіндігін береді.

  2. Оқыту мен тәрбиелеудің психология-педагогикалық шарттары, олардың арасында педагогтың жеке тұлғасы, оқытудың дифференциациясы, бала тұлғасын дамыту үшін ұсынылатын мүмкіндіктердің әртүрлілігі, мектепке дейінгі балалар мен мектеп оқушыларының сабақтан тыс әрекеттерінің өсуі ерекше көрінеді.

Қабілетті және дарынды балалармен жұмыс педагогтың тұлғалық және кәсіби қасиеттеріне нақты талаптар қояды. Орталықта қабілетті және дарынды балалармен әрекеттік түрде жұмыс істейтін педагогтың үлгісі жасалған. Нақты үлгі негізінде педагог әрекеттерін зерделеуді, олардың педагогикалық қарым-қатынастарының стилін, құндылық бағдарлар мен кәсіби біліктіліктерін дамыту деңгейлерін өз құрамына енгізетін педагогтың кәсіби компетенттілік мониторингісі жасалып, іске асырылады.

Мониторингтердің қорытындылары негізінде Орталықта педагогтардың кәсіби компетенттілік деңгейлерін арттырудың толық жүйесі құрылды. Оларға өздерін-өздері білімдендіру, МӘҰ, кафедра, зертхана, ғылыми-әдістемелік кеңестер, семинарлар мен ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу жатады.

Қабілетті және дарынды балалармен жұмыс стратегиясын құру бойынша педагогтар әрекеттерін ғылыми-әдістемелік қолдау зертхана мамандарының педагогтарға көмек ретінде әдістемелік материалдар мен төмендегі мәселелер бойынша теориялық және практикалық семинар материалдарын жасау арқылы жүзеге асырылады:

  • дарынды балалардың танымдық және тұлғалық даму ерекшеліктері;

  • дарындылықтарды дамытудың психологиялық және педагогикалық шарттары;

  • қабілетті және дарынды балаларды оқытудағы тұлғалық-бағдарлы әдістемені сапалы және санды өзгерту стратегиясын іске асыру;

  • балалардың интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін дифференциациялау және жекешелендіру;

  • мектепке дейінгі балалар мен оқушылардың креативтіліктерін дамыту;

  • қабілетті және дарынды балалар үшін жекелей білім беру бағыттарын жасау;

  • балалардың зерттеулік біліктерін дамытудағы жас ерекшеліктер мен заңдылықтар;

  • мектепке дейінгі және мектептегі білім беру сатысында зерттеу іс-әрекеттерін ұйымдастыру және іске асыру ерекшеліктері.

2005 жылы Орталықта «Дамыта оқыту жағдайында дарындылықты дамыту» атты ғылыми-практикалық конференция өткізілді, бұл конференцияда облыс пен қала мектептерінің педагогтары педагог пен баланың шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуды басқару және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету, дарынды балаларды дамытуды психологиялық сүйемелдеу, қабілетті және дарынды мектепке дейінгі балалар мен мектеп оқушыларын оқытудағы мазмұн интеграциялары бойынша жұмыс тәжірибелерін ұсынды.

Орталықтың педагогикалық ұжымының қабілетті және дарынды балаларды анықтау және дамыту бойынша жұмыс тиімділігін талдау ғылыми-әдістемелік кеңестер отырыстарында қабілетті және дарынды мектепке дейінгі балалар мен мектеп оқушыларын ойдағыдай дамыту үшін жағдайлар жасау, гуманитарлық, табиғи-математикалық, эстетикалық циклдегі пәндерде қабілетті және дарынды балалармен жұмыста жекелей бағыттарды іске асыру тиімділігі сияқты мәселелерді қарастыру арқылы жүйелі түрде жүзеге асырылады.

Мектепке дейінгі балалар мен мектеп оқушыларының интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін дамытуда үйірме жұмыстары, интеллектуалды-шығармашылық ойындар мен оқушылардың ғылыми қоғамдары жүйесі маңызды роль атқарады. Орталықтың тәрбиеленушілері жобалау және зерттеу әрекеттерінің тәжірибелерін мектепке дейінгі білім алу сатысында-ақ педагогтар өткізген сабақтарда, ата-аналармен бірігіп өткізген «Менің жанұям», «Менің қаламның тарихы» атты жобалармен жұмыс істегенде игереді. Бастауыш мектепте оқушылар «Образовательный туризм» ойынында өздерінің зерттеулік дағдыларын дамытады. Нақты оқу-танымдық ойын оқушылардың білім мотивацияларының артуына, олардың оқуға деген біліктіліктерінің қалыптасуына ықпал етеді. Тьютордың (педагог, ата-ана) көмегімен бастауыш сынып оқушылары танымдық қызығушылық саласының бірі бойынша – (әлем, қоғам, адам ) өзінің зерттеу тақырыбының мазмұнымен жұмыс істейді. Жоғары сынып оқушылары «Кіші Академия» ОҒҚ жұмысы шеңберінде жобалық іс-әрекет дағдыларын жетілдіреді.

3. Психология-педагогикалық диагностиканың жүйесі. Ол басымдық негізінде құрылып, өзіне мектепке дейінгілердің қызығушылық бағыттары мен мектеп оқушыларының оқу мотивацияларын, балалардың шығармашылық ойлаулары мен интеллектуалды қабілеттерін дамыту деңгейлерін, олардың қызығушылықтары мен бейімділіктерін зерделеулерді енгізеді.

4. Оқу бағдарламалары. Қабілетті және дарынды балалардың интеллектуалды және тұлғалық дамуларының ерекшеліктері жоғары танымдық талаптарды қанағаттандыру үшін оқу пәндерінің мазмұндарын кеңейтуді талап етеді. Сонымен қатар, дамыта оқыту технологиясына сәйкес теориялық ұғымдар негізінде мазмұнды құру оқушылардың теориялық ойлауларын дамытуға көмектеседі. Орталықтың мектепке дейінгі мекемелері мен мектептерінің оқу жоспарларының вариативті компоненттеріне арнайы курстарды енгізу балалардың интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерінің дамуларына ықпал етеді. Олар – логика, ағылшын тілдері, шығармашылық есептерді шешу, дамытпалы ойындар.

Педагогикалық ұжымдар мен жекелей педагогтар авторлық оқу бағдарламаларын жасап, қалыптастыруды жүзеге асырады. «Қарлығаш» мектепке дейінгі мекемесінің 1 жас пен 6 жас аралығындағы балаларды тәрбиелеп, оқытудағы «Мен жеке тұлға» авторлық бағдарламасы мектепке дейінгі баланың жан-жақты дамуына бағытталған. «Жемчужинка» мектепке дейінгі мекеменің тәрбиешісі Г.П.Изюмскаяның «Логика» атты авторлық бағдарламасы мектепке дейінгі балалардың интеллектуалды қабілеттерін дамытуға арналған. Балалардың лингвистикалық қабілеттерін «Жемчужинка» мектепке дейінгі мекеменің ағылшын тілінің оқытушысы Л.Н.Канина «Изучаем английский язык» авторлық бағдарламасын пайдалана отырып, дамытады. Мектептегі білім беру сатысында оқушылардың қабілеттерін қолдау және дамыту педагогтар жасаған жекелей білім беру бағыттары арқылы жүзеге асырылады. «Химиядағы сапалы және санды талдау», «Генетика және селекция негіздері», «Сәтті коммуникация шарттары», «Физиалық есептерді үлгілеу», «Зерттеу іс-әрекеттерінің негіздері» атты қолданбалы курстардың мазмұндары оқушылардың қабілеттерінің дамуларына бағытталған.

Орталықтың оқушылары облыстық және республикалық интеллектуалды сайыстарға, олимпиадаларға, ғылыми жобаларды қорғау сайыстарына үнемі қатысып, жүлделі орындарға ие болады. 2005 жыл мен 2007 жыл аралығында 468 оқушы халықаралық, республикалық және облыстық олимпиадалар мен интеллектуалды сайыстардың жүлдегерлері болды. Нақты кезеңде Орталықтың қызметі қабілетті және дарынды балалардың жұмыс істей білу қабілеттерін, тұлғаларын, дербестіктерін, талдау мен рефлексияларын, дивергенттік және ассоциативті ойлауларын дамытуға бағытталған.

 

 
Өскемен қ.
Семей қ.
Риддер қ.
Курчатов қ.
Абай ауданы
Аягөз ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы
Жарма ауданы
Зайсан ауданы
Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы
Көкпекті ауданы
Күршім ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Үржар ауданы
Шемонаиха ауданы

070019, Қазақстан, Өскемен қаласы,
М. Горький көшесі, 40

Телефоны: 8 (7232)  24-45-61
E-mail: KTokhmoldina@akimvko.gov.kz

Call - центр тел. 8 (7232) 203-300