Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
БIЛIМ БЕРУ

«Дарынды балаларға арнаған валеология мамандандырылған мектеп-кешені» ММ

 

Директоры - Тихтилова Наталья Васильевна

1975 жылы 5 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында туған.
1982-1992 жылдары Киров орта мектебінде оқыды. Шығыс Қазақстан мемлекеттік Университетіне 1992 жылы түсіп, 1996 жылы география мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп шығады.
1996 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Педагогика»кафедрсында магистратулыққа түсіп, 1998 жылы тәмәмдады.
1998 жылы ЖОО оқытушылық қызметпен айналысып, ШҚО Валеология Орталығында географиядан сабақ береді. 1998 жылдың желтоқсан айынан 2000 жылға дейін ШҚМУ-да «Педагогика» мамандығы бойынша аспирантурада оқып, жеке және дифференциялық оқу үрдісінде ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады. 2000 жылғы мамыр айында «Оқу үрдісін дербестендіру ауыл мектептерінде оқушылардың жеке басын дамытудың факторы» деген тақырыпты диссертация қорғап, педагогика ғылымының кандидаты атанды.

2000 жылғы қыркүйек айынан бастап ШҚО Валеолгия Орталығы денсаулық және дербес дамыту Мектебінің директоры болып тағайындалады.
2001 жылғы қаңтар айынан бастап «Валеолгиялық кешен» КМҚК директоры.
2002 жылғы қаңтар айынан бастап қайта ұйымдастыруға байланысты «Валеологиялық кешен» ММ директоры болып тағайындалған.

2005 жылғы қаңтар айынан бастап қайтадан аталуына байланысты «Дарынды балаларға арналған Валеология мамандандырылған мектеп –кешені» ММ директоры. Сонымен қатар ШҚМУ «Педагогика» кафедрасында оқытушы және «Дарынды балаларға арналған Валеология мамандандырылған мектеп –кешенінде» геогрфия мұғалімі болып саналады.
Жанұясы, бір қызы бар. Ғылыми жұмыстармен, спортпен, кітап оқумен, сурет салумен айналысады,

Қабылдайтын уақыты: дүйсембі, сәрсембі, жұма күндері 14-00-ден 16-00-ге дейін.
Телефон/факс: (8-7232) 47-88-09

«Дарынды балаларға арналған валеология мамандандырылған мектеп –кешені»

ШҚО Әкімінің шешімімен 2000 жылғы 25 желтоқсанда облыстық қазыналық мемлекеттік кәсіпорын «Валеологиялық кешені» (№964) құрылды. Оның мақсаты – диагностика жөніндегі тәжірибелік-эксперименталдық жұмыстар
негізінде үздіксіз валеологиялық білім беруді ұйымдастыру, Өскемендегі балалар, жасөспірімдер және ересектердің функционалдық жағдайларын болжап, қалыптастыру. Облыс білім беру мекемелеріндегі педагог-валеологтарға әдістемелік көмек көрсету. Кешен өз жұмысында ҚР «Білім туралы» Заңын, ҚР білім және Министрлігінің нормативті құжаттарын, жергілікті басқару органдарының шешімдерін, әлеуметтік қолдау , ережелердің аймақтық бағдарламасын басшылыққа алған. 2001 жылғы 1 қаңтарға 1-11 сыныптардағы оқушылар саны 73 болған.
ҚР Президентінің 1998 жылғы 16 қарашадағы №4153 «»Халық денсаулығы» мемлекеттік бағдарламасы, ҚР үкіметінің 1999 жылғы 30 маусымдағы №905 «Салауатты өмір салтының кешенді бағдарламасы» және ҚР 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-ІІ « Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару туралы» ҚРЗ 1 бабы 22 тарамақшасы негізінде ШҚО әкімдігі облыстық бюджеттен қаржыландыратын «Валеологиялық кешені» КМҚК-н ҚР қолданыстағы заңнамаларына сәйкес (2002 жылғы №113 қаулысы) «Валеологиялық кешені» мемлекеттік мекемесі ретінде қайта құруға қаулы қабылдады.


«Валеологиялық кешені» өз қызметінде (ГУВК) құрылтайшы құжаттар мен ережелерін басшылыққа алады.
«ДБАВММК» ММ Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің 2005 жылғы 08 ақпандағы №80 қаулысымен «Валеологиялық кешені» ММ базасында құрылған. Барлық міндеттері мен құқықтарына қарай соның ізбасары болып табылады. Мектеп-кешені «Балабақша-мектеп» үздіксіз білім беру жүйесінің ғылыми-эксперименталді кешені болып саналады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын әзірлеп,метепке дейінгі, мектепте білім беруді және ЖОО дайындауды, жаңа технологияны енгізуді қамтамасыз етеді.
Балабақша 3-тен 7 жасқа дейінгі 7 топты құрайды. Мектеп- 1-ден 9 сыныпқа дейін.
ҚР білім және ғылым Министрлігінің 2002 жылғы 15 ақпандағы № 91 «Валеологиялық кешені» бұйрығымен ШҚО БД Республикалық әдістемелік Орталығынын оқу үрдісін валеологиялау проблемелары жөнінде функцияларын белгіледі. Осыған байланысты мектеп-кешені ТМД валеологиялық орталығының ассоциациясына кіреді (Мәскеу, Новосібір, Санкт-Петербург,Кемерово, Барнаул қалалары). Педагогтар халықаралық форумдарға жүйелі түрде қатысып, сөз сөйлеп тұрады (Новосібір, Томск, Ақтөбе,Алматы, Астана, Атырау қалалары). Өскемен, Зырян,Шемонаиха, Риддер,Талдықорған, Екібастұз, Шымкент, Астана қалаларының базалық эксперименталдық мектептерімен байланыс жасап тұрады.
2004 жылдан бастап Мектеп-кешені денсаулықты нығайтуға ықпал жасайтын ұлттық Мектептер желісінің қатарында.


Өскемен қ. Семей қ. Риддер қ. Курчатов қ.
Абай ауданы Аягөз ауданы Бесқарағай ауданы Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы Жарма ауданы Зайсан ауданы Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы Күршім ауданы Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы Үржар ауданы Шемонаиха ауданы