| Мектеп тынысы
Мектеп өмірі
Облыста 180 аралас мектебін, қазақ тілінде оқитын 369 (50,5%) мектебін, орыс тілінде оқитын 182 (24,9%) мектебін құрайтын, 731 жалпы білім беру мектептері ( 2009 жылы – 750) жұмыстарын атқаруда.
Облыс мектептерінде оқитын балалардың саны 175 781. Бір жыл ішінде балалар саны 5365 (2,9%) азайды. 501 мектеп немесе 68,5% шағынжинақты болып табылады. Жалпы білім беру мектептерінде оқитын балалардың азайуына байланысты, 17 шағынжинақты мектептердің жабылуына себеп болды.
Шағынжинақты мектептерде балалар санын көбейту үшін, қалалар мен аудандар әкімдеріне көпбалалы отбасыларды, оралман жанұяларын азсанды ауылдарға белсенді тартуға ұсыныс жасаймыз. Тұрғын үй, мал, жер бөліктерін бөліп, халықты белсенді тарту табысты өтсе, мектеп пен ауылды сақтап қалуға болады.
Жалпы білім беру мектептерімен қатар жаңа түрлі мектептер жұмыстарын атқаруда: 23 лицейлер мен гимназиялар, соның ішінде 6 елді мекенде орналасқан. Таңдаулы білім беруді қамтамасыз ету үшін, 11 арнайы мектептер мен Өскемен және Семей қалаларында орналасқан 2 «Назарбаев Интеллектуалды мектептері» жұмыс жасауда.
Облыстың 363 елді мекендерінде ( 4519 мектеп жасындағы балалар тұрады) мектептер мүлдем жоқ, 76 елді мекендерінде мектеп жасындағы балалар жоқ, 85 елді мекенде балалар саны ҚР Үкіметінің 12.12.2007 жылғы № 1256 «Білім беру ұйымдары желісінің кепілдендірілген мемлекеттік нормативінің бекітілуі туралы» қаулысының талаптарына сай келмей тұр.
Мектептері жоқ елді мекендердің балаларын біліммен қамту мақсатында, 18 ауданнан 8053 оқушыны 166 мектепке дейін жеткізу жұмыстары жүргізіледі. Жеткізу жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында 185 автобус қолданылады, соның ішінде 157 мектеп меншіктері болып табылады ( 2010 жылы 10 автобус, 5 шағынавтобус алынған).
Глубокое аудандарының 29 мектебі, Бородулиха ауданындағы 35 мектептің 32-сі автокөліктермен қамтамасыз етілген. Семей қаласы мектептерінің теңгеріміне 17 автобус, Шемонайха және Ұлан ауданының мектептеріне 13 автобустан, Бесқарағай және Зырян аудандарының теңгерімінде 8 автобустан қойылған. Толығымен мектептің автотранспорттарының ескірген, 85 % автобустер 90 –шы жылдары алынды.
Мектептерге дейін жеткізілетін балалардың өмірі мен қауіпсіздігіне жергілікті атқарушы органдар жауап беруіне қарамастын, мектептерге автокөліктерді ауыстыру, сатып алу мәселелерін атқарушы органдар әлсіз шешім отыр. Соңғы 2 жылда 66 автобус алынған: 18 автобус Глубокое ауданына, Бородулиха ауданына - 7, 4 автобустан Ұлан, Тарбағатай аудандарына, 3 автобустан Жарма, Зырян ,Катон-Қарағай аудандарына алынып, бөлінген. Қалалар мен аудандар мәліметтері бойынша 53 автобус бірліктері қажет, соның ішінде ескілерді ауыстыруға 10 автобус, жалданып отырғандарды ауыстыру үшін 8 автобус, және 35 автобус қосымша жеткізуді ұйымдастыруға арналған.
Мәселе.
Қосымша жеткізуді ұйымдастыру мәселелерін шешу мақсатында Аягөз ауданына 7 автобус, Семей қаласына-7,Бесқарағай,Ұлан аудандарына 3 автобустан, Катон-Қарағай, Көкпекті, Тарбағатай аудандарына 2 автобустан бөлу қажет. Қосымша жеткізуде 269 бала қажет етеді, соның ішінде 78 бала Глубокое ауданы бойынша, 20 бала Ұлан ауданы , 159 бала Шемонайха ауданы, 12 бала Өскемен қаласы бойынша.
Жалпы балаларды жеткізуді ұйымдастыру мақсатында 132,0 млн.теңге бөлінді, соның ішінде 117,1 млн.теңге мектеп көліктерін қамтамасыз етуге қажет.
Облыс бойынша ыстық тамақтануды ұйымдастыру мақсатында 15.12.2010 жылы 648 (88,6%) мектебінде жағдай жасалған. Ыстық тамақтанумен қамтамасыз етілген оқушылардың саны 7 ,6% көбейіп, 76,5% (133359 оқушылар) құрап, оқу жылының аяғына қарай қамту 68,9% құрады
|