Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
БIЛIМ БЕРУ

ШҚО БОЙЫНША САЛАЛАР ЖАҒДАЙЫ

2011 жылы Шығыс Қазақстан облысында білім беру жүйесінің дамуы туралы ақпарат

Білім беру ұйымдары желісінің дамуы

2011-2012 оқу жылы Шығыс Қазақстан облысында 143 балабақша, 718 жалпы білім беру мектебі, 58 колледж, 43 кәсіби лицей мен мектебі, 68 қосымша білім берудегі мектептен тыс ұйымы, 14 жетімдер ұйымы, 14 мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған ұйым, 7 психологиялық-медициналық-педогогикалық кеңес беру ұйымы, 11 түзету бөлмелері, 2 «Назарбаев Интеллектуалды мектебі», «Нұр-Орда» Халықаралық мектебі жұмыстарын жалғастыруда.

      бірлік
Ұйымдар атауы 2010 жыл 2011 жыл ауытқу. 2011ж. 2010 жылдан
Балабақшалар 133 148 +15
Жалпы білім беру мектептері 731 718 -13
Колледждер 56 58 +2
Кәсіби лицейлер, мектептер 43 43 -
Қосымша білім берудегі мектептен тыс ұйымдар  (музыкалық, өнер, жас техниктер және т.б.) 63 68 +5
Балалар үйі, жетімдер үйлері, балалар ауылы 15 13 -2
Арнайы түзету ұйымдары (мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған)                                          16 14 -2
Психологиялық-медициналық-педогогикалық кеңес беру ұйымдары 7 7 -
Түзету бөлмелері 11 11 -
«Назарбаев Интеллектуалды мектептері» 2 2 -
Халықаралық мектептер 1 1 -

Ағымдағы жылы білім беру ұйымдарын ұстауға бюджет қаражатының көлемі 61106,1  млн. теңгені құрады.
Алдыңғы жылғы өсім 13819,6  млн. теңге, немесе  129,7% құрап отыр.
млн.тг

Көрсеткіштер 2009 жыл 2010 жыл 2011 жыл ауытқу.2011 ж. 2010 жылдан Өсім %
Облыс бюджеті 40094,4 47286,5 61106,1 13819,6 129,2%
оның ішінде, республикалық бюджет 5679,6 8382,9 8745,3 362,4 104,3%
Жергілікті бюджет 34414,8 38903,6 52360,8 13475,2 134,6%
 «Жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру, оның ішінде 2515,3 3591,6 2761,1 -830,5  
жөндеу жұмыстарын жүргізуге 1906,8 2989,6 1107,7 1082,8  
мамандарды қайта дайындықтан өткізуге
2020 жұмыспен қамту бағдарламасы
608,5 602,0 1653,4 -6,5  

 

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

«Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру
Облыста 148 балабақша қызмет етеді, оның ішінде 18 жеке балабақша.
Мектеп жанында 1100 шағын орталық жұмыс істейді, онда 25359 бала қамтылған.
Семей қаласы, Юность мекенінде 320 орындық,  Жарма ауданында 280 орынға арналған арналған 2 балабақша, Өскемен қаласында  қолданысқа тапсырылды. Өскемен қаласында 3 балабақша: «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша 280 орындық, мемлекеттік-жеке серіктестік бойынша 560 орындық («Қазмырыш» АҚ, «Казатомпром» АҚ) сонымен қатар «Балапан» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 3 балабақша қолданысқа берілді: Жарма ауданының Шар қаласында 140 орындық және Георгиевка (Қалбатау) ауылында, өскемен қаласында 280 орындық балабақша.
Өскемен қаласында 6 балабақша (1260 орындық), Жарма, Катонқарағай, Тарбағатай аудандарында 140 орындық 1 балабақша босатылып, қайтарылды.
Білім беру ұйымдарының желісін ықшамдау нәтижесінде, Аягөз аудандарында (150 орындық «мектеп-балабақша» негізіндегі 2 кешен) және Абай ауданында (75 орынды)  қосымша алаңдар құрылды.
Мектеп ғимаратының 7-і балабақша кешеніне ұйымдастырылып салынды: Глубокое ауданында 230 орындық - 3, Жарма ауданында 50 орындық - 1, Үржар ауданында 150 орындық - 3.
743  орынға арналған 6 жеке-дара балабақша кешені ашылды: Зайсан ауданында – 85 орындық 2 балабақша, Семей қаласында 150 орындық 2 балабақша, Өскемен қаласында 475 орындық «Лада»,  330 орындық «Азамат» балабақшасы.  
2012 жылы «Балапан» бағдарламасы бойынша сомасы 1114,2 млн тг болатын 1360 орындық 6 балабақша салу жоспарланып отыр, оның  1060 орындық 865,9 млн. теңге сомасы республикалық бюджеттен, 248,3 млн. теңге сомасындағы  300 орындық 2 балабақша құрылысы жергілікті бюджет есебінен.
Жалпы сомасы 597,8 млн. теңгені құрайтын, мемлекеттік тапсырыс 10262 орынға берілген.
Облыста мектепке дейінгі біліммен қамту 86,4 % (53113 бала) құрайды, 2009 жылмен (59,8%)  салыстырғанда  26,6% (17778 балалар) өсті, 2009 жылғы қамту  35335 баланы құрады.
Облыста мектеп алды даярлығымен 647 жалпы білім беретін мектептерде 1077 сыныпта 22405 (99%)  5-6 жастағы бала қамтылған.
Мектеп жасына дейінгі балалар саны 4899 өсті және 139 597  (2009 жылы – 127 611) баланы құрады.
Балабақшада орын алуға кезектілік 20 наурыздағы жағдай бойынша 13 274 орын (2010 жылы 18 893 орын).
МДБҰ бюджеті 2731,7 млн. теңгені құрады. Мемлекеттік балабақшадағы бюджеттің 1 балаға шығыны 23% өсті және 137,4 мың.теңгені құрады (2009 жылы – 105,5 мың.теңге).
Орта жалпы білім
Облыста 180 аралас мектебін, қазақ тілінде оқитын 366 (50,97%), орыс тілінде оқитын 176 (24,5%) мектебін және 176 аралас мектебін құрайтын  718 жалпы білім беру мектептері ( 2010 жылы – 731) жұмыстарын атқаруда.
Облыс мектептерінде оқитын балалардың саны 175 781. Бір  жыл ішінде балалар саны 5365 (2,9%) азайды. 497 мектеп немесе 69,2% шағын жинақталған мектеп болып табылады.
Жалпы білім беру мектептерінде оқитын балалардың азайуына байланысты, 17 шағын жинақталған мектептің жабылуына себеп болды.
Жалпы білім беру мектептерімен қатар жаңа түрлі мектептер жұмыстарын атқаруда:  23 лицей мен гимназиялар, соның ішінде 6 елді мекенде орналасқан.  Таңдаулы білім беруді қамтамасыз ету үшін, 11 арнайы мектеп және Өскемен мен Семей қалаларында орналасқан 2 «Назарбаев Интеллектуалды мектептері» жұмыс жасауда.
Облыстың 376 елді мекендерінде (2010 жылы 363, 2009 жылы 384) мектептер мүлдем жоқ, 31 елді мекендерінде мектеп жасындағы балалар жоқ. Барлығы 345 елді мекенде 5028 мектеп жасындағы балалар тұрады (2010 жылы 4519, 2009 жылы 4786).
72 елді мекенде (2010 жылы 80) негізгі мектеп жоқ, онда 2178 (2010 жылы 2890) мектеп жасындағы балалар, ал 118 елді мекенде (2010 жылы 120) орта мектеп жоқ, онда 6235 (2010 жылы 6469) бала тұрады. Балаларды біліммен қамту мақсатында, 18 ауданнан 8239 оқушыны мектепке тасымалдау жұмыстары жүргізіледі, ол 96,8 %, республикалық 76% (2009 жылы 7946) құрайды.
Жеткізу жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында 192 (2010 жылы 185, 2009 жылы 169) автобус қолданылады, соның ішінде 166 мектеп меншіктері болып табылады ( 2010 жылы 157 автобус, 2009 жылы 148).
Глубокое аудандарының 29 мектебінің 21, Бородулиха ауданындағы 35 мектептің 28 автокөліктермен қамтамасыз етілген. Семей қаласы мектептерінің теңгеріміне 17 автобус, Шемонайха және Ұлан ауданының мектептеріне 10-12 автобустан, Бесқарағай (11), Зырян (12), Ұлан (11), Көкпекті (11), Шемонайха (12), Күршім аудандарында (10) автобустан, 6-9 автобустан: Жарма (8), Үржар (6), Катонқарағай (6), Тарбағатай (6) аудандары мектептерінде.  Толығымен мектептің автотранспорттарының ескірген, 85 % автобустар 90 –шы жылдары алынды.
Ыстық тамақты ұйымдастыру үшін 669 (94,6%) мектебінде жағдай жасалған, ыстық тамақтанумен қамтамасыз етілген оқушылардың саны 5 ,2% артып, 90,3% (152907 оқушылар) құрады.
Аз қамтылған отбасынан шыққан балаларды ыстық тамақпен қамту 99,5% құрады, 17 ауданда 100%, Өскемен, Семей қалаларында (96,1%).
1-4 сынып оқушыларының 64,2% тегін тамақпен қамтылған.
Атқарушы органдармен оқушыларды тамақпен қамтамасыз ету бойынша нақты жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Мектеп асханаларының материалдық базасы, соның ішінде электртехникалық жабдықтар, ыдыс аяқтар жаңартылып келеді.
Тамақтыұйымдастыру мәселелерін оң шешу мақсатында атқарушы органдар, білім мекемелерінің басшылары әртүрлі көзден қаражатты тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Баланстанған тиімді тамақтануды ұйымдастыру үшін барлық мектептер рационына сүт, сүтті өнімдер, бал енгізілді.
Ұлттық бірыңғай тестілеу үлгісіндегі асстетациялаудан 81,8 пайыз немесе 13885 түлектен 11351 түлек өтті, 51 түлек Халықаралық олимпиадалар жеңімпаздары ретінде ҰБТ тапсырмай сертификат алды (2010 жылы – 47, 2009 жылы-21 түлек, 2008 жылы – 11адам., 2007 жылы 16 түлек.).
Түлектердің ҰБТ қатысулары бойынша ең көп пайыз Үржар (98,6%), Аягөз (98,4%), Зайсан (93,6%), Катон-Қарағай (92,9%), Күршім (89%), Абай (87,8%), Жарма (85,9%) аудандарында, Семей (83,2%), Өскемен (81,2%) қалаларында болды.
Облыс бойынша ҰБТ орта балы 90,2 құрады (2010 жылы-84,1, орташаланған балл-93,3, 2009 жылы-74,6, 2008ж – 70,4, 2007 ж.- 67,9; 2006ж. - 63,0).
ҰБТ орта балы бойынша облыстық көрсеткіштен жоғары көрсеткіш мамандандырылған облыстық мектептер (101,4), Катон - Қарағай (99,8), Күршім (99,4), Абай (99,2), Зайсан (97,0), Үржар (92,3), Жарма (92,2) аудандарында, Өскемен (91,3), Семей (90,9%) қалалары көрсетті.
2010 жылға қарағанда Күршім (13,5 балға), Тарбағатай (13,2 балға), Зайсан (11,9 балға),  Көкпекті (10 балға), Зырян (8,8 балға),  Жарма (8,3 балға),  Абай (7,9 балға), Бородулиха (7,2 балға), Ұлан (6,1 балға),  Глубокое (5 балға) аудандары, Курчатов (17,4 балға), Риддер (9,7 балға), Семей (4 балға), Өскемен (4,4 балға) қалалары мектептерінің түлектері өз нәтижелерін жақсартты.
Ең жоғарғы балды 125 балды Аягөз қаласының №1 ОМ түлегі Мэлс Пакизат, Күршім ауданының Күршім ауылының мектеп гимназиясының түлегі Айсұлу Төлеуғазы жинады.
«Алтын белгіге» үміткер оқушылардың білім сапасын растау ҰБТ нәтиже көрсеикішінің маңыздысы болып келеді. Облыста 373 түлек «Алтын белгі» жалпы орта білім туралы аттестатты растады, оның ішінде 15 түлек Назарбаев интеллектуалды мектеп түлектері (2010 жылы 393 түлектің 278 (70,7%), 2009 жылы  327 түлектің 173 (53,0%), 2008 жылы  431 түлектің 202 (46,9 %), 2007 жылы 465 түлектің 152 (32,7) растаған болатын.
Үздік аттестатты 177 түлек растады, 2010 жылы 217 түлектің 114 растаған болатын.

Жылдар бойынша ҰБТ орташа балының динамикасы

Жоғары білім деңгейін сипаттайтын ең жақсы көрсеткішті (101 балдан жоғары) 2566 түлек көрсетті, ол 2009 жылмен салыстырғанда жоғары, 2009 жылы 1156 болған.
Облыста жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын алуға 393 түлек үміткер болды, оның 278 (70,7пайызы) растады, 2009 жылы 327 үміткерден 173 растаған (53,0 пайызы) болатын.

«Алтын белгі» аттестатын алған түлектер саны

2010-2011 оқу жылы 10-нан астам республикалық олимпиадалар, жарыстар мен конкурстарға облыстың 120 оқушысы қатысты. Олардың 46 жүлделі орынға ие болды (1 орын – 12, 2 орын – 14, 3 орын – 20 оқушы). Халықаралық интеллектуальды олимпиада және конкурсқа қатысқан 44 қатысушының 10 оқушысы 1 орынды, 15 оқушы 2 орынды, 9 оқушы 3 орынды алды.
Жалпы білім беретін мектептерді жаңа үлгідегі кабинеттермен  (химия, биология, физика, лингафонды мультимедиялық кабинеттер), жабдықтау 42,2 пайызды құрайды.
Жалпы білім беретін мектептерді компьютерлік техникамен қамтамасыз ету бір компьютерге 10,5 оқушыны құрады (2009 жылы -12). Кең жолақты интернетке мектептердің 35 пайызы қосылған.
«Білім беру қызметтерінің сапасын арттыру құралы ретінде автоматтандырылған басқару жүйесін енгізу» пилоттық жобасын жүзеге асыру шеңберінде, сонымен қатар Интернет желісі жұмысының сапасын арттыру мақсатында Глубокое ауданында сымсыз желіні орнату бойынша жұмыстар толығымен аяқталды. Бүгінгі күні 2011 жылы сымсыз желі жобасын жүзеге асыру үшін Ұлан және Жарма аудандары бойынша ақпарат дайындалды. Ұлан және Жарма аудандарына қаражат бөлу аудан әкімдерінің қарауына ұсынылды.
Облыс мектептерінде 21,0 мың педагогикалық жұмысшылар жұмыс атқаруда, оның ішінде ауылдық жерде – 61,8 пайыз.

Техникалық және кәсіптік білім беру

Облыста 100 техникалық және кәсіптік білім мекемелері (ары қарай ТжәнеКБ), оның ішінде 42 кәсіптік лицей және 58 колледж қызмет етеді.
Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда ТжәнеКБ мекемелерінің жүйесі 1 бірлікке артты. Облыстың барлық аудандары кәсіптік біліммен қамтылған. Облыстағы 58 колледждің – 22 мемлекеттік. 42 кәсіптік мектеп пен лицейдің -32 мемлекеттік. Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитындар контингенті 19813 оқушыны құрайды, оның ішінде КМ бөлімдерінде – 9287, колледждерде – 10526.
ТжәнеКБ оқу орындарында 45,8 мың адам оқиды (сырттай оқу түрін қосқанда), оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша 19,2 мың адам (немесе орташа республикалық көрсеткіш 36,3 пайыз болғанда, 40,8 пайыз). 
Кадрларды дайындау 114 мамандық бойынша жүзеге асырылады (200 біліктілік), ол облыстың экономика саласындағы техникалық және кәсіптік білімді кадрлардағы негізгі қажеттіліктерін жабуға мүмкіндік береді. Техникалық және ауылшаруашылық мамандықтар бойынша 23,8 мың адам оқып жатыр (немесе жалпы контингенттен 52,0 пайыз).
2011 жылы 15,7 мың адам жұмысшы кадрлары мен мамандарын алып шықты, оның 51,1 пайызы жұмысқа орналасты.
«Кадрларды дайындау және қайта даярлау» бағыты бойынша «Жол картасын» жүзеге асыру шеңберінде кәсіптік лицейлерде, колледждер мен оқыту орталықтарында 15,0 мың адам жаңа мамандық (біліктілік) алып шықты. Курстық дайындау аяқталғаннан кейін олардың 63,8 пайызы жұмысқа орналастырылды.  
«ШҚО кәсіптік білімді дамытудың аймақтық моделі» пилоттық жобасын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан-Норвегиялық «Техникалық және кәсіптік білімді дамыту қоры» құрылды, оның негізгі мақсаты әлеуметтік серіктестік сұрақтарын дамыту мен кадарларды дайындау сапасын арттыру болып табылады, сонымен қатар Норвегия корольдігіндегі Рогаланд округінде курстық және кәсіптік даярлау орталығының өкілдігі ашылды. Сонымен қатар  апта сайын норвегиялық жақпен бейнеконференциялар өткізіледі, құжаттарды (оқу жоспарлық) және әдістемелік материалдармен алмасу, новегия жағы мен ШҚО жұмыс берушілері қатысқан 4 әдістемелік семинар өткізілді.
5 елмен (Норвегия, Ресей, Корея, Ұлыбритания, Германия) халықаралық ынтымақтастық  туралы 8 келісім жасалды. Жасалған келісімдер негізінде 9 адам шетел орталықтарында (Германия, Норвегия, Франция, РФ) жұмыс өтілінен өтті.
Жұмыс берушілер оқу орындарының материалды-техникалық базасын нығайтуға, өндірістік оқыту мастерлері мен педагогикалық кадрлардың біліктіліктерін арттыруға, оқушылардың өндірістік практикадан өтулері үшін орындар құруға қатысып келеді. Сонымен, 2011 жылы жұмыс берушілермен МТБ нығайтуға 38,0 млн теңге инвестицияланды.
Жол картасын жүзеге асрыу шеңберінде 2011 жылы 137,3 млн теңге сомасына ТжәнеКБ 9 нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
ТжәнеКБ оқу орындарының 60 пайызы ескірген жабдықты пайдаланып отыр.
2011 жылғы бюджет – 349,6 млн теңге, ол өткен жылғы деңгейден 213,6 млн теңгеге артық. 2011 жылы күрделі жөндеуге 177,1 млн теңге бөлінді, ол 12 мекемеде жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік берді.
2010 жылы кәсіптік мектептердің материалды-техникалық базасын нығайтуға 51,4 млн теңге қарастырылды, 2011 жылы 349,6 млн теңге. Қаражат бірінші кезекте техникалық және ауылшаруашылық мамандықтарды оқыту бойынша жабдықтар алуға бағытталды. Ағымдағы жылы (20 бірлік) ауылшаруашылық техникасы, құрылыс және техникалық кәсіптердің шеберханаларына арналған жабдықтар, 84 бірлік мөлшерінде компьютерлер мен компьютерлік сыныптар сатып алынды.
Мемлекеттік тапсырыс бойынша бір маманды дайындауға орташы құны өткен жылмен салыстырғанда КЛ бойынша 35 пайызды, колледждер бойынша 30,9 пайызды құрайды. 2011 жылы облыста ТжәнеКБ жүйесінің бюджеті 3000,37 мың теңгенің орнына 6008,4 мың теңгені құрады.

2010-2011 жылы «Жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру.

Жөндеу жұмыстарын жүргізу. «Жол картасын» жүзеге асыру шеңберінде 2011 жылы 1105,2 млн теңге сомасына білім беру нысандарына жөндеу жұмыстарын жүргізу қарастырылған. Оның 83796 млн теңгесі ОБ, 267,3 млн теңгесі ЖБ.
122 білім беру мекемелерінің нысандарына жөндеу жүргізілді, оның ішігде 27 нысанға күрделі жөндеу, 95 нысанға ағымдағы жөндеу жүргізілді. Жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру кезінде 1346 адамға жұмыс орны құрылды.
Кадрларды қайта даярлау және даярлау.       
2011 жылы кадрларды даярлау және қайта даярлауға 4216 мың теңге бөлінді және 2833 адам оқылды.
Құрылыс
718 жалпы білім беретін мектептің 264 құрамдастырылған жайларда орналасқан, 45 мектеп апаттық жағдайда деп танылған.
2011 жылы 42 білім беру нысанының құрылысына 7975,420 млн теңге сомасындағы қаражат бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен 14 нысанға 4 685,526 млн теңге және 28 нысанға 3289,894 млн теңге жергілікті бюджеттен.
Материалды-техникалық базаны нығайту.
2011 жылы облыста материалды-техникалық базаны нығайтуға 727,8 млн теңге бағытталды.
Күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары
2011 жылы білім берудің 450 нысанына жөндеу жүргізілді, оның ішінде «Жол картасы» бағдарламасы бойынша 122 нысанға (169 жоба) жөндеу жүргізілді. Бұл мақсатқа 1 934,98 млн.теңге бағытталды, «Жол картасы» бағдарламасы бойынша 1105,2 млн теңге. Оның ішінде жергілікті бюджеттен «Жол картасы» бағдарламасынан тыс 819,8 млн теңге бөлінді.
Мектептен тыс мекемелер
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы баланың құқығы туралы» Заңына сәйкес әрбір баланың отбасында тұруына және тәрбиеленуіне, өз ата аналарын білуге, оларға қамқор болып, тәрбиелеуге құқы бар, бірақ та өкінішке орай біздің қоғамда осы құқықтар жүзеге аспай қалатын балалар бар. Бұл балалардың ерекше категориясы – олар ата анасының қамқорынсыз қалған балалар.  
Шығыс Қазақстан облысында осы категориядағы балалар санын азайту жұмыстары жүргізіліп келеді. Егер 2007 жылы бұл көрсеткіш 5725 баланы құраса, ал 2008 жылы ол  4545 баланы құрады (1180 балаға азайды – 20%), ары қарай төмендеумен 2009 жылы - 3,8%,  2010 жылы - 2,3% азайды. 4 жылда ата аналарының қамқорынсыз қалған балалар мен жетім балалар саны 1456 балаға азайды, ол 25,4% құрайды және 2011 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша облыста 4050 бала болды.
Ата аналарының қамқорынсыз қалған балалар мен жетім балалар саны.
Жаңа рыноктық, әлеуметтік саяси және құқықтық қатынастардың әсерінен жетімдіктің жаңа түрі әлеуметтік пайда болды. Әлеуметтік жетімдік отбасының материалдық жағдайының күрт төмендеуінен, оның адамгершілік қасиеттерінің төмендеуінен, балаларға қарым қатынастың өзгеруінен: олар қаңғыбас болып кетуінен пайда болады.  
Жетім балаларға қарағанда «әлеуметтік» жетімдер санының артуының негізгі себептеріне отбасының өмірлік деңгейінің төмендеуін, ата аналарының түрмеде, ішкіш, нашақор болуын, ата аналарының ауруына, мүгедектігіне және қартаюына байланысты әрекет ету қабілеттерінің шектеулігін, ата аналарының баланы бағып қағудан бас тартуын жатқызуға болады.

2010 жылғы ата аналарының қамқорынсыз қалған балалардың
әлеуметтік статусының статистикалық деректері

Бүгінгі күні ата аналарының қамқорынсыз қалған балаларды және жетім балаларды орналастырудың ең кең таралған түрлерінің бірі қамқорлыққа (қамқоршылыққа) алу болып табылады. Шығыс Қазақстан облысында  2012 отбасында 2382 қамқорлыққа (қамқоршылыққа) алынып, тәрбиеленіп жатыр. Орналастырудың осы түрін көбінесе сол немесе басқа да себептерден ата аналарының қамқорынсыз қалған балалардың туыстары таңдайды. 


Облыста ата аналарының қамқорынсыз қалған балалар мен жетім балаларды патронатты түрде тәрбиелеу үлгісі құрылған, ол 2 қалада – Өскемен, Семей және 8 ауданда - Бородулиха, Тарбағатай, Үржар, Абай, Көкпекті, Бесқарағай, Зырян, Ұлан. 2011 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша  29 отбасында 58 бала тәрбиеленіп жатыр.
Аудандар мен қалаларға бөлгендегі патронатты тәрбиелеуге тіркелген кандидаттар саны туралы істің жағдайын сараптау 2011 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша облыста  117 баланы патронатты тәрбиеге алуға өтініш білдірген патронатты тәрбиелеуге 87  кандидат тіркелді. Қалаға бөлгендегі жағдай төмендегідей: зарегистрировано кандидатов в городе Семей қаласында – 4,  Зырян – 8, Үржар – 7, Ұлан – 27, Күршім – 40, Бесқарағай аудандарында – 1 кандидат тіркелген.
Жүргізілген сараптама облыстың Өскемен, Риддер, Курчатов қалаларында, Аягөз, Глубокое, Жарма, Катонқарағай, Зайсан аудандарында ата аналарының қамқорынсыз қалған балалар мен жетім балаларды патронатты тәрбиеге алу туралы келісімдерді жасауға дайын тіркелген отбасылар (азаматтар) жоқ екендігін көрсетті.
Мемлекеттік мекеме мен патронатты отбасында баланы бағудың жалпы сомасына жүргізілген мониторинг баланың патронатты отбасында болуы мекемеде (балалар үйі) болуына қарағанда арзанырақ болатынын көрсетті. 2010 жылы балалар үйінде бір баланы ұстауға – 678,5 мың.теңгені, жетімдер үйлерінде – 755,3 мың.теңгені, арнайы интернаттарда – 723 мың.теңгені, патронатты тәрбиелеуде– 359,6 мың.теңгені құрады; 2011 жылы, сәйкесінше 890, 760, 771, 477,7 мың.теңге.
Бірақ та қамқоршылыққа алудың бұл түрі біздің облыста әлі кең тараған жоқ.
Бородулиха, Абай, Бесқарағай, Үржар аудандарында, Семей, Өскемен қалаларында отбасылық тәрбиелеудің альтернативті үлгілерін дамыту сұрақтары бойынша қамқорлық және қамқоршылық органдарымен нақты жұмыстар жасалып келеді.  В местных газетах Бородулиха, Шемонаиха, Жарма аудандарының  жергілікті газеттерінде патронатты тәрбиелеуге ресімдеу процедураларын түсіндіретін ақпараттық материалдар жарияланды. Бірақ та Риддер, Курчатов қалалары, Күршім, Аягөз, Көкпекті, Катонқарағай аудандарында тұрғындар арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстары қажетті деңгейде ұйымдастырылмаған. Бұл сараптама жергілікті жерлерде балаларды орналастырудың альтернативті үлгілерін дамыту бойынша ақпараттық насихаттау жұмыстарының әлсіз екендігі туралы тұжырым жасауға мүмкіндік береді.
Ата аналарының қамқорынсыз қалған балаларды орналастырдың ең жақсы түрінің бірі асырап алу болып табылады, өйткені бала онда өзіне отбасын алмастырушыны емес нағыз отбасын табады, сонымен қатар бала мен асырап алушылар арасында жақын, туыстық қарым қатынас пайда болады, заңды түрде бекітіледі. 2010 жылдың  9 айында асырап алуға берілген балалар саны 232 баланы құрады, 2011 жылы - 112 бала (2009 жылы – 342 бала).
Соңғы жылдары мемлекетпен жайсыз отбасылар санын төмендетуге әсер ететін сәйкес қызметтерді күшейту бойынша шаралар қаьылданды.  «Қазақстан балалары» бағдарламасы бойынша аудандық және қалалық білім бөлімдеріне мемлекеттік қызметкерлерден 25 маман және балалар құқығын қорғау бойынша 28 әдіскер енгізілді.
Бүгінгі күні облыста ата аналарының қамқорынсыз қалған балаларға мемлекеттік қолдау көрсету үшін  білім беру жүйесінде 10 балалар үйлері, 4 интернатты мекемелер, 3 жетімдер үйі; денсаулық сақтау жүйесінде 2 балалар үйі; әлеуметтік бағдарламалар мен жұмыспен қамту жүйесінде Аягөз қаласында балаларға арналған 1 психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекеме  қызмет атқарады.
Ата аналарының қамқорынсыз қалған балалар мен жетім балаларға арналған интернатты білім мекемелер контингентін сараптауда түлектердің санының азаю тенденциясын байқаймыз. 2008 жылы тәрбиеленушілер контингенті — 1907 баланы құраса, 2009 жылы 1814 баланы құрады, 2010 жылы - 1614, 200 балаға азайған.  
Ата аналарының қамқорынсыз қалған балалар мен жетім балаларға арналған білім мекемелерінің желісін дамыту және контингент динамикасы
Білім мекемелері (жетімдер үйімен бірге)

№ пп Аудан атауы 2007 жыл 2008 жыл 2009 жыл 2010 жыл 2011 жыл

Бар-лығы

Онда-ғы бала-лар

Бар-лығы

Онда-ғы бала-лар

Бар-лығы

Онда-ғы бала-лар

Бар-лығы

Онда-ғы бала-лар

Бар-лығы

Онда-ғы бала-лар

1 Өскемен қаласы 6 840 6 739 6 700 6 705 5 533
2 Семей қаласы 4 385 5 442 5 412 5 276 4 406
3 Риддер қаласы 2 241 2 224 2 209 2 152 2 203
4 Бородулиха ауданы 1 79 1 81 1 84 1 76 1 92
5 Глубокое ауданы - - 1 16 1 19 1 16    
6 Көкпекті ауданы 1 131 1 102 1 101 1 92 1 113
7 Зырян ауданы 1 213 2 199 2 196 2 186 2 216
8 Үржар ауданы 1 121 1 91 1 78 1 89 1 88
9 Шемонайха ауданы 1 20 1 13 1 15 1 22 1 17
10 Барлығы 17 2030 20 1907 20 1814 20 1614 17 1610

Ата аналарының қамқорынсыз қалған балалар мен жетім балаларға арналған денсаулық сақтау жүйесінде Өскемен және Семей қалаларында 2 Балалар Үйі қызмет етеді. 2009 жылы түлектер санының 190 балаға дейін (2008 жылы 178 бала болған) аздап өскенін байқаймыз. Баланың анасымен туыстық қарым қатынасты ұстау, сонымен қатар әлеуметтік жетімдіктің алдын алу мақсатында Өскемен және Семей қалаларының Балалар үйлерінде «Үміт» жеке тобы жұмыс істейді.  Бөлім мамандары тұрақты түрде тәуекелдік топ аналарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырады.  Бөлімде жоғары білікті педагогтар, логопедтер, психологтар жұмыс істейді, олар балалармен де, аналарымен де жұмыс істейді.
Ата аналарының қамқорынсыз қалған балалар мен жетім балаларға арналған денсаулық сақтау ұйымдары жүйесі мен контингенттің даму динамикасы
     

№ пп Аудан атауы 2007 жыл 2008 жыл 2009 жыл 2010 жыл 2011 жыл
Бар-лығы Ондағы балалар Бар-лығы Ондағы балалар Бар-лығы Ондағы балалар Бар-лығы Ондағы балалар Бар-лығы Ондағы балалар
1. Өскемен қаласы 1 167 1 114 1 126 1 114 1 111
2. Семей қаласы 1 66 1 64 1 64 1 61 1 66
  барлығы 2 233 2 178 2 190 2 175 2 177

Әлеуметтік бағдарламалар мен жұмыспен қамтуды реттеу жүйесінде Аягөз қаласында балаларға арналған 1 психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекеме жұмыс атқарады. Өткен жылмен салыстырғанда осы мекемеде медициналық әлеуметтік көмек алған балалар саны артты, 31  ден (2008 жылдың көрсеткіші) 45 (2009 жылғы көрсеткіш) ата аналарының қамқорынсыз қалған балаға, 14 балаға артты.
Ата аналарының қамқорынсыз қалған балалар мен жетім балаларды әлеуметтік қорғау мекемелерінің контингенті мен желілерін дамыту динамикасы

№пп Аудан атауы 2007 жыл 2008 жыл 2009 жыл 2010 жыл
Бар-лығы Ондағы балалар Бар-лығы Ондағы балалар Бар-лығы Ондағы балалар Бар-лығы Ондағы балалар
1 Аягөз ауданы 1 70 1 31 1 45 1 50

2011 – 2015 жылдары Шығыс Қазақстан облысының аумағын дамытудың мемлекеттік бағдарламасының мақсатты индикаторы бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде ата аналарының қамқорынсыз қалған балалар мен жетім балаларға  арналған мекемелер түлектерінің саны 2014 жылы 1350 дейін төмендеуі керек.

Индикатор өлшем бірлігі 2010 год 2011 год 2012 год 2013 год 2014 год
1. Ата аналарының қамқорынсыз қалған балалар мен жетім балаларға арналған мекеме түлектерінің отбасылық орналастырылғандар үлесі % 4,3 4,8 5,0 5,3 5,9
2. Ата аналарының қамқорынсыз қалған балалар мен жетім балаларға арналған мекемелердегі түлектер саны саны 2049 1800 1700 1500 1350

Ата аналарының қамқорынсыз қалған балалар мен жетім балаларға арналған білім мекемелерінде  9-11 сынып түлектері арасында кәсіптік бағыттау жұмыстары және оларды жұмыспен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп келеді. Түлектермен кәсіптік лицейлер, колледждер мен жоғарғы оқу орындарының өкілдерімен кездесулер жүргізіледі, онда балалар мамандық түрлерімен, оқу шарттарымен танысады, оқушылар мен оқу орнының қызметі мен өмірі туралы бейнефильм көреді, осы оқу орны туралы деректері бар буклеттер алады. Сонымен қатар «Ашық есік күні» акциясы шеңберінде оқу орнын барып көреді, кәсіпорындарға саяхатқа барады.
Берілген деректерден 2007-2008 оқу жылымен салыстырғанда 2010 жылы 9 сыныптан кейінгі түлектер саны азайып, 11 сынып түлектерінің санының артқанын көреміз.

Ата аналарының қамқорынсыз қалған балалар мен жетім балаларға арналған білім мекемелерінің 9-11 сынып түлектерінің жұмысқа орналасуына салыстырмалы сараптама
  2007-2008 жылдар 2008-2009 жылдар 2009-2010 жылдар 2010-2011 жылдар
Түлектердің жалпы саны: 372 300 351 279
Оның ішінде 9 сынып базасында 331 252 276 219
11 сынып базасында 41 48 75 59
10 сыныпта оқуларын жалғастырды 86 92 84  
Кәсіптік лицейлерде лицеях 219 137 170  
колледждерде 37 44 37  
Жоғарғы оқу орындарында 17 16 23  

Мектеп интернаттар мен балалар үйлерінің түлектеріне тиісті тұрғын үй тұрмыстық жағдайлар жасау, оларды өз беттерімен өмірге қалыптасуларына дайындау үшін облыста Жеткіншектер үйі қызмет етеді, онда Өскемен қаласының кәсіптік лицейлері мен колледждерін аяқтаған  160 бала тұрады. Жоғары оқу орындарында білімдерін жалғастырып жатқан балалар ауылының түлектерін ары қарай әлеуметтік бейімдеу мақсатында төрт орындық Жастар үйі қызмет етеді.
Балалар үйлерінің түлектерінің көбінің алдында тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі тұрады, өйткені қазір балалар үйлерінде тәрбие алып жатқан ата аналарының қамқорынсыз қалған балалардың 3,8 пайызында ғана бекітілген тұрғын үй бар. Қалғандары оқу аяқталғаннан кейін коммуналдық тұрғын үй алуға, сонымен қатар мамандық бойынша тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігінсіз ірі қалаларда қалып қояды.
Облыста 2008 жылдан бастап меншігінде тұрғын үйге иелік құқы бар, сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың шешімімен бекітілген ата аналарының қамқорынсыз қалған балалар мен жетім балалардың деректер банкі құрылды және ол тоқсан сайын жаңартылып отырады. 
Анализируя 2008 және 2010 жылды сараптай келе  2010 жылы кәмелеттік жасқа толмағандардың мүліктік құқықтарын қорғауға (қамқорлық органдары) жататын көрсеткіштер төмендегенін байқаймыз.  2008 жылы  140 кәмелеттік жасқа толмаған балада бекітілген тұрғын үй болды,  2010 жылы – 223 немесе 83 балаға артты, ол 37,2% құрайды.  2008 жылы тұрғын үй алуға кезекке 184 бала тұрды, 2010 жылы бұл көрсеткіш 181 балаға артты - 49,5 % және 365 баланы құрады, 2011 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша тұрғын үй алуға кезекке жетім балаларға арналған мекемелердің 1348 түлегі кезекке тұрды.

 


Мұрағат

+ 2011
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл 9 ай 1 жыл
+ 2010
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл 9 ай 1 жыл
+ 2009
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл 9 ай 1 жыл
+ 2007
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл 9 ай 2007
+ 2006
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл 9 ай 1 жыл
+ 2005
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл 9 ай 1 жыл

Тақырып бойынша ақпараттық хабарлама:


Өскемен қ. Семей қ. Риддер қ. Курчатов қ.
Абай ауданы Аягөз ауданы Бесқарағай ауданы Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы Жарма ауданы Зайсан ауданы Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы Күршім ауданы Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы Үржар ауданы Шемонаиха ауданы