| Инвестиция форумы
2007 жылғы 14 тамызда Өскемен қаласында «Мемлекет ресурстары – индустриялық «серпіліс» пен бәсекеге қабілеттіліктің катализаторы» атты форум өтті.
Форумға 257 адам қатысты. Форумның негізгі мақсаты – облыс кәсіпкерлеріне ақпараттық-кеңестік қолдау көрсету, инвестициялық ұсыныстарға инвесторларды, соның ішінде Қазына тұрақты даму қорына кіретін мемлекеттік даму институттарын тарту.
Форумда серпінді макрожобалардың көрмесі ұйымдастырылды. Форумның қатысушыларына «Шығыс Қазақстан - өсу тетіктері» атты буклет таратылды, онда өңірдің құрылыс индустриясы, машина жасау, химия, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, энергетика, көліктік инфрақұрылым және туризм сияқты әлеуетті салалардағы 100-ден астам инвестициялық ұсыныстар бар.
Инвестициялық Форумда «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ мен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі арасында өзара түсіністік және өзара әрекеттестік туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумда жақтардың серпінді макро жобаларды іске асыру, «30 бірлескен жетекшілер» мемлекеттік бағдарламасын әзірлеп, іске асыруда өзара әрекеттестік, өңірлік инвестициялық қор құру, мемлекеттік-жеке әріптестік мәселелеріндегі өзара әрекеттестік, әлеуетті инвесторларға облыстың инвестициялық мүмкіндіктері туралы хабарлау сияқты негізгі бағыттар бойынша ынтымақтасуы қарастырылады.
Облыс әкімдігі мен «Қазинвест» Қазақстан инвестицияларға жәрдем көрсету орталығы өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Бұдан әрі инвесторларды іздеу бойынша табысты ынтымақтасуға, сонымен бірге шетелдік және отандық инвесторларға өңірдің қажеттіліктері мен мүмкіндіктері туралы ақпарат беруге жағдай жасайды.
Форумның тұсаукесерлік бөлімі аяқталған соң, «Алтай» технопаркінде әлеуетті инвесторлар мен жобалардың бастамашыларының арасында келіссөздер жүргізу, қаржыландыру мәселесін пысықтау және т.б. практикалық жұмыс басталды. Дөңгелек үстелдерде облыстың 50-ден астам кәсіпорындары қатысты.
Инвестициялық қор 200 млн. АҚШ доллары тұратын жобаны қаржыландыру мәселесі пысықталуда (қазірде жобаның атауы жарияланбайды).
Қазақстанның Даму Банкі Өскемен конденсатор зауытымен жұмысын жалғастыруға ниет білдіріп отыр.
Кездесу барысында ҚДБ лизинг өкілдері Зайсан ауданында кірпіш зауытын салу бойынша инвестициялық жобаны қарастыруға алды.
Қор рыногы Согралық ТЭЦ-ті қызықтырды. Кәсіпорын Қазақстан Республикасының Агенттігімен Алматы өңірлік қаржылық орталығының қызметін реттеу бойынша бағалы қағаздарды орналастыру мәселесін одан әрі қарастырудағы ынтымақтастыққа ниет білдіріп отыр.
Бизнес өкілдері шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының бас кәсіпорынының өкілдерімен өңірлік филиалға ұсынылған жобаларды қарау мерзімдерін жеделдету мәселесін шешті.
Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы «Алтай» өңірлік технопаркімен Өскемен қаласында Жоғары технологиялар аймағын құру жөніндегі жобаны іске асыру мәселесінде ынтымақтасуға ниет білдіріп отыр.
2007 жылғы 14 қыркүйекте Өскемен қаласында «Мемлекеттік-жеке әріптестік шеңберіндегі Шығыс Қазақстан облысының инвестициялық мүмкіндіктері» атты Халықаралық Практикалық Конференция өтті. Ұйымдастырушысы – Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ кіретін «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ы.
Конференция жұмысына 200-ден астам адам қатысты, соның ішінде – облыс басшылығы, «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ-ң топ-менеджерлері, өнеркәсіптік кәсіпорындардың басшылары, банктік сектордың, облыс қауымдастықтары мен іскер топтарының өкілдері. Конференцияға шақырылған ШЫҰ Банкаралық бірлестігі-ң (ШЫҰ ББ)-«Дамыту және сыртқы экономикалық қызмет банкі (Сыртэкономбанк)» мемлекеттік корпорациясының (Ресей Федерациясы), Қытайдың Мемлекеттік Даму Банкі, «Есеп-Жинақтау Компаниясы» ААҚ-ң (Қырғызстан Республикасы) делегаттары, Азия Даму Банкі, «Сосьете Женерал», «Ландес Банк Берлин» және т.б. өкілеттіктердің басшылары қатысты. Қазақстанның Даму Банкі атынан директорлар кеңесінің төрағасы Асқар Сембин және Банк Директоры Жанат Жақанов қатысты.
Конференцияның ресми бөлімінің барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Жәнібек Сәлімұлы Кәрібжанов, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ң директорлар кеңесінің төрағасы Асқар Болатұлы Сембин, облыс әкімінің орынбасары Сергей Викторович Плотников, Сыртэкономбанктің құрылымдық және борыштық қаржыландыру департаменті директорының орынбасары Александр Владимирович Чайников (Ресей Федерациясы), China Development Bank департамент директоры, жұмыс тобының басшысы Шоу Жи, облыс әкімі жанындағы экономикалық кеңестің төрағасы Нұрлан Рысханұлы Мусин құттықтау сөз сөйледі.
Практикалық конференцияның жұмысы бірнеше тақырып бойынша өтті: энергетика, инфрақұрылым және көлік, өнеркәсіп, инновация және агроөнеркәсіптік сектор. Сессияның жұмысы барысында дамытудың негізгі әлеуетті бағыттары бойынша Шығыс Қазақстан облысының 19 инвестициялық жобаның тұсаукесері ұсынылды.
Кәсіпкерлер инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша одан арғы ынтымақтастық туралы келісім-шарттарға қол жеткізді. Жобаларды ары қарай ілгерілету жөнінде ақпаратпен алмасу өтті.
Қазақстанның Даму Банкі энергияны автономды қамсыздандыратын тиімді агроөнеркәсіптік кешенін құру (биоэтанол) жобасына қызығушылық танытты.
ҚДБ лизинг облыстың жобаларына белсенді қатысып, қызығушылық танытты. Аталған дамыту институты «Аэросоюз» ЖШС-і ұсынған жобаны іске асыру бойынша ынтымақтасуға ниет білдіріп отыр.
Азия Даму Банкі облыстың энергетикалық кешеніндегі жобаларға қызығушылық танытты.
China Development Bank «Howo» жүк автомобильдерін шығару және сату жобасы бойынша «Алға» Қазақстан автомобиль корпорациясы» ЖШС-мен ынтымақтасуға ниет білдірді. Қытай Даму Банкі Қазақстанның Даму Банкімен бірге облыс кәсіпкерлері қытай бизнесмендерімен бірге іске асырылып жатқан барлық жобаларды қарауға дайын.
Шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жағдай жасайтын экспорттық операцияларға кепілдік шығару мақсатымен экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру бойынша Мемлекеттік сақтандыру компаниясы экспортшы-кәсіпорындардың жобаларын пысықтауға ниет білдіріп отыр.
АТФ банкі терезелік және өрнекті флоат шыны өндіретін зауыт салу жобасына қызығушылық танытты.
Қазақстанның Даму Банкі ұсынылған жобалардан басқа мәдени-емдеу және сауда кешендері бар ірі Экспоорталық салуды ескеру жоспарланған Комсомол аралында құрылыс жүргізу бойынша облыстың ірі инфрақұрылымдық жобасына қызығушылық танытты.
Конференция Қазақстанның Даму Банкі мен Ресейдің Сыртэкономбанкі арасындағы, сонымен қатар Шығыс Қазақстан мен Новосібір облыстары - шекара маңындағы өңірлердің басшылары Жәнібек Сәлімұлы Кәрібжанов пен Виктор Александровичтің арасындағы меморандумдарға қол қою сияқты маңызды шешімдердің қабылдануына түрткі болды.
Конференцияның қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ арасында мемлекеттік-жеке әріптестікке негізделген Шығыс Қазақстан облысын дамыту мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Ағымдағы жылғы 25 қыркүйекте Астана қаласында «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ ашық есік күнін өткізді.
Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысынан 34 өкіл қатысты, соның ішінде кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры, Өскемен қаласы әкімінің орынбасары, «Директорлар кеңесі» РС Шығыс Қазақстан облысының заңды тұлғалар бірлестігінің аналитикалық тобының бастығы және инвестицияларды тартуды қажетсінетін инвестициялық жобалардың бастаушылары болып табылатын 30 кәсіпкер.
Кездесу барысында кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры облыстың инвестициялық-инновациялық мүмкіндіктері туралы баяндады. «USA Motors Kazakhstan» қалдықсыз жаңа технологиялардың базасында энергиямен автономды қамсыздандыруы бар тиімді агроөнеркәсіптік кешенін құру (биоэтанол өндірісі) бойынша жобаны таныстырды.
«Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ шығыс Қазақстан облысының 12 инвестициялық жобасын қаржыландырды.
Ашық есік күні шеңберінде «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ң Вице-Президенті Ерлан Жеңісұлы Әлиевпен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында 14 қыркүйекте өткен конференция шеңберінде таныстырылған инвестициялық жобаларды қаржыландыру туралы уағдаластықтар расталды және тағы да бірқатар жобалар талқыланды.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ж.С. Кәрібжанов ағымдағы жылғы 4 қазанда Новосібір қаласында шекара маңындағы өңірлердің IV-Ресей-Қазақстандық Форумына қатысты.
Форумға Қазақстан мен Ресей мемлекеттерінің басшылары Н.Ә. Назарбаев пен В.В. Путин қатысты.
Форум барысында ресей-қазақстандық шекарада шекара маңындағы ынтымақтастық орталықтарын құру мәселесі қарастырылды. Ертіс трансшекаралық өзенін тазарту тақырыбы талқыланды.
Форумда Ресейдің Внешторгбанкі мен Қазақстанның Даму Банкі арасындағы өзара қатынасы және олардың мүмкіндіктерін Ресей мен Қазақстанның шекара маңындағы өңірлерінің өңіраралық ынтымақтастығы мен сауда-экономикалық байланыстарын қолдауға қосу мәселесі қарастырылды. Аталған тақырыпты талқылау қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі, «Қазақстан Даму Банкі» АҚ, Новосібір әкімшілігі және «Сыртқы экономикалық қызмет пен даму банкі» мемлекеттік корпорациясы (Внешэкономбанк) Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Келісім мақсаты - Шығыс Қазақстан мен Новосібір облыстарының ынтымақтастығын дамыту және тұрақты дамуын қамтамасыз ету, өңірлердің сауда-экономикалық байланыстарын кеңейту.
Келісім
- инвестициялық жобаларды қарастыруды ұйымдастыру және алдын ала сараптаудағы;
- Новосібір және Шығыс Қазақстан облысының инвестициялық жобалары мен экспорттық операцияларын қаржыландыруды ұйымдастырудағы;
- қаржылық қызмет саласында банктік, кеңестік қызметтер көрсетудегі, әлеуетті тапсырыскер туралы ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен алмасудағы, Тараптардың қайсысы болса да ұйымдастыратын семинарларға, конференцияларға, бизнес-форумға қатысудағы өзара ынтымақтастықты қарастырады.
Инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін Банктер келесі әлеуетті салаларды анықтады: инфрақұрылымдық құрылыс, энергетика, транспорт, жаңа әрі жоғары технологияларды қолданатын өнеркәсіптерді құру және дамыту, экономиканың экспорттықбағдарланған секторлары.
Форум шеңберінде «ИНРОСКАЗ-2007 Ресей-Қазақстандық ынтымақтастықтың инвестициялық әлеуеті» көрмесі өтті, Шығыс Қазақстаннан машина жасау саласының өкілдері – «Өскемен конденсатор зауыты» АҚ мен «Семей машина жасау зауыты» АҚ қатысты.
Ресей Ғылым Академиясының Сібір бөлімінің Ғалымдар үйінде «Ғылыми технологиялар саласындағы интеграция» атты Ресей-Қазақстандық ғылыми-оқыту симпозиумы өтті. Шығыс Қазақстаннан 13 делегат қатысты. Олар: Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ректоры Ғ.М. Мутановтың басқаруымен барған университеттің, Ұлттық ядролық орталықтың бас директоры К.К. Қадыржановтың басқаруымен барған өкілдері және «Директорлар кеңесі» РСВСКО» заңды тұлғалар бірлестігінің Үйлестіру кеңесі төрағасының орынбасары А.К. Нұрғазиев қатысты.
2007 жылғы қарашада Астана қаласының Бейбітшілік және Келісім сарайында Шығыс Қазақстан облысының тұсаукесер көрмесін және Өскемен қаласында «Бірігу үдерістерінің тереңдеулеріндегі инновациялық даму» тақырыбындағы ІІІ өңірлік инвестициялық форум өткізу жоспарланып отыр.
Барлық сұрақтар бойынша Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің 26-43-56, 57-83-74 сымтетіктері мен 26-89-27 факсіне хабарласуыңызға болады.
Директор Е. Ан
|