|
Салық міндеттемелері
1. Салық органдарымен арақатынас
2. Арнаулы салық режимі
3. Салық кеңесі
4. Талдау және статистика
5. Лицензиялау
6. Қаржылық бақылау және аудит
1. «Салық органдарымен арақатынас».
Салық төлеушілердің салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге барынша қатыстыру мақсатында, сонымен бірге салық заңнамасының бұзушылығын болдыртпау үшін бұқаралық ақпарат құралдарында, семинарларда, «дөңгелек үстел» кездесулерінде үнемі түсіндірме жұмыстары өткізіліп тұрады.
Ағымдағы жылдың басынан бастап аумақтық салық комитеттері кәсіпорын, мекеме басшыларымен және кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азаматтармен салық заңнамасын түсіндіру бойынша 510 семинар өткізді.
Риддер қаласында ШҚО бойынша Салық комитетінің төрағасы Е.Қ.Нұрланбаевтің, ШҚО бас прокуроры Х.Д.Құшқалиевтің, салық комитетінің қызметкерлерінің, Қазақстанның «Атамекен» атты кәсіпкерлер мен жұмыс берушілерінің жалпы ұлттық одағының Шығыс Қазақстан облысындағы бөлімшесінің өкілдерінің, риддерлік кәсіпкелердің қатысуымен «дөңгелек үстел» қалыбында кездесу өткізілді, онда ҚР «Мүліктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңын іске асыру барысында кәсіпкерлердің құқықтары іс жүзінде қалай қорғалатыны жайында мәселелер талқыланды.
9-шы тамызда Өскемен қаласының ұлттық ақпарат клубында ШҚО бойынша Салық комитетінің төрағасының орынбасары С.Б.Оразалиевтің және Өскемен қаласы бойынша Салық комитетінің төрағасының орынбасары Г.А.Беркутованың қатысуымен пресс-конференция өткізілді, онда «КТК», «Қазақстан-І»,«Қазақстан-Өскемен»,«Қалкен-ТД»,«31-Арна», «Каз-информ», «Интерфакс-Казахстан» телеарналардың журналистеріне, сонымен бірге жергілікті және республикалық газеттерінің корреспонденттеріне мүлікті жария ету шараларын өткізу тәртібі туралы сұрақтарға толық жауаптар берілді.
Сондай-ақ пресс-конференция 11-ші тамыз күні Семей қаласында өткізілді.
Ағымдағы жылдың 22-қыркүйегінде ШҚО бойынша Салық комитетінің мәжіліс залында Ассоциациялар мен қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерімен және БАҚ (Бұқаралық ақпарат құралдарының) («Рудный Алтай», «Дидар», «Регион пресс» газеттерінің, «31 арна-Өскемен», «Қазақстан-Өскемен» телеарналарының) өкілдерімен кездесу өткізілді.
Онда «өтіріккәсіпорындарды» тексеру, рейдтік тексерулер мен хронометраждық зерттеулердің нәтижелері, лауазымдық құқық бұзушылықтың және сыбайлас-жемқорлықтың алдын алу, мүлікті жария ету тәртібі бойынша мәселелер талқыланды.
Іспеттес «дөңгелек үстелдегі» кездесулер 22-қыркүйекте Семей қаласында және 28-қыркүйекте Зырян қаласында өткізілді.
2. «Арнаулы салық режимі».
Шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бүгінгі күні мемлекеттік экономикалық саясаттың басым бөлігі болып отыр.
Шағын бизнестің жағдайын жақсарту және салықтық әкімшілік етудің тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Салық кодексі арнаулы салық режимін ұсынады, мұнда оңайлатылған есептеу, төлеу тәртібін және жекелей салықтардың салықтық есептілігін ұсынуды қарастырады, сонымен бірге салық төлеушінің салықтық жүктемесін азайтуға бағытталған, жеңілдік ставкаларын қарастырады.
Барлық облыс бойынша кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің 90 % арнаулы салық режимі бойынша іске асырылады. Бұл деректер арнаулы салық режимін қолданудың тиімділігін көрсетеді.
Арнаулы салық режимі келесі нысандарға бөлінеді:
• біржолғы талон негізінде,
• патент негізінде
• оңайлатылған декларация негізінде
Елеулі табыстары бар салық төлеушілердің негізгі бөлігі бюджетпен есеп айырысу үшін патент нысанын таңдайды. Патент бағасын есептеу үшін арнаулы салық салу білімін қажет етпей-ақ салық төлеушіге түсінікті: мәлімделген табысқа 3 пайыз көлемінде ставка қолданылады. Бұл, берілген режимді қолданған 19029 салық төлеушілерден 2006 жылдың 6 айы бойынша түсімдер 99,3 млн. теңгені құрады.
Жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланушыларға, бюджетпен есеп айырысудың негізгі нысаны оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану болып табылады. . Берілген режимнің жақсы жағы, бұл салық міндеттерін есептеу, нақты алынған табыстар бойынша тоқсан аяқталғанда жүргізіледі. Бұдан басқа, Салық кодексіне кәсіпкерлердің салығын азайту бойынша жеңілдетілген норма енгізілген, есепті кезеңнің қортындысы бойынша жалдамалы қызметкерлердің орташа айлық жалақысы ең төменгі айлық жалақының 3 еселенген болса, онда қызметкерлердің орташа тізімдік санын негізге ала отырып, әрбір қызметкер үшін салық сомасының 1,5 пайызы мөлшеріндегі сомаға азайтылады. 01.07.06 ж. жағдайы бойынша берілген режимді 20146 салық төлеуші қолданып отыр, олардан 1 жарты жылдықта түскен түсім 582,4 млн.теңгені құрады.
Бірақ, мемлекет кәсіпкерлерге, олардың қызметтерінің дамуына қаншама қамқорлық көрсетіп отырса да, көптеген болжанған сомалардың төмендеуі байқалады, сонымен бірге бақылау-касса машиналарын қолданбау мәліметтері де кездеседі, бұл табысты жасыруына және салықтарды есептеудің төмендеуіне әкеліп соғады.
Сонымен, 2006 жылдың 8 айы бойынша рейдтік шаралар негізінде салық комитетінің мобильді топтарының бақылау бойынша 2127 жағдайда бұзушылық байқалған, бұл жүргізілген тексерулерді жалпы алғандағы 72,7 % құрайды.
Бұдан басқа, салық төлеушілерге жүргізілген хронометраждық зерттеулердің қортындысы бойынша болжанған табыстардың төмендегені анықталған. 2006 жылдың 8 айында ғана 461 хронометраждық тексерулер жүргізілген. Соның негізінде 237,0 млн.теңгеге табыс көбейген, қосымша түскен сомалар 5,7 млн. теңгені құрайды.
Жоғарыда баяндалғанды есепке ала отырып, арнаулы салық режимін қолданушы салық төлеушілерге бюджетпен есеп айырысуды адал жүзеге асыруды тілейміз. Салық төлеушілердің өздерінің салық міндеттемелеріне адал қарауы салық салу режимін оңайлатуға және қызметтері үшін жайлы жағдай туғызуға көмектеседі.
3.«Салық кеңесі».
Әрбір мемлекеттке өзінің қызметтерің атқарту үшін ақшалай қаражаттар қоры қажет екені айқын.Сонымен бірге осы ақшалай қаражаттардың көзі болып тек қана үкімет өз азаматтарынан, яғни жеке және заңды тұлғалардан жинаған қаражаттары ғана бола алатыны да айқын. Бұл мемлекеттік заңнаманың негізінде мемлекет жинайтын міндетті алымдар – салықтың өзі.
Салықтар – бұл заңнаманың негізінде мемлекетпен бекітілген бір жақты белгілі көлемде қайтпас және тегін міндетті түрде бюджетке төленетін ақшалай төлемдер.
2003 жылдың қаңтар айында ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер» Кодексінің (әрі қарай-Салық Кодексі) іске енгізілуіне байланысты «салық міндеттемесі» атты ұғым пайда болды. Салық міндеттемесі деген ұғымда салық төлеушінің салық органдарына тіркеу есебіне тұруға. Салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді айқындауға, салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді есептеуге, салық есептілігін жасауға, оны белгіленген мерзімде табыс етуге, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге міндетті болу салық төлеушінің салық міндеттемесі болып танылады.
Салық төлеушіге мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындату үшін Салық Кодексі көздеген 3 тәсіл және салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алудың 4 шарасы бар.
Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері
Салық төлеушінің белгілеген мерзімде орындалмаған салық міндеттемесін орындау:
1) төленбеген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасына өсімпұл есептеу;
2) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
3) салық төлеушінің салық берешегі есебіне мүлікке билік етуін шектецу тәсілдерімен қамтамасыз етілуі мүмкін.
Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз етудің осы баптын 2) және3) тармақшаларында көрсетілген тәсілдері салық төлеушіге осы Кодекстің 31-бабында белгіленген мерзімде хабарлама жіберген кезде қолданылады. Хабарлама деп салық қызметі органдарының салық төлеушіге жіберген оның салық міндеттемесін орындауға қажет екендігі туралы жазбаша хабар болып танылады. Хабарлама нысанын уәкілетті орган, яғни Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Салық комитеті бекіткен. 2001 жылдың 28- желтоқсанында № 1792 ҚР Мемлекеттік табыс министрінің бұйрығы бекіткен салық міндеттемесін орындау бойынша салық органдарының хабарламаларын толтыру және есепке алу ережелеріне сәйкес хабарлама салық төлеушіге жеке тапсырылады немесе арнаулы тапсырыс хатымен жеткізілгенін растайтын түбіртек қағазын ресімдей отыра жіберіледі. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету мақсатында қолдану шаралары жайында хабарлама тапсырылады, тапсыру мерзімі- Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлету мерзімінен 30 жұмыс күні асқаннан кейін.
Өсімпұл есептеу.
Өсіпмпұл салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер төлеу мерзімі күнінен кейінгі күннен бастап, өткен әрбір күн үшін ҚР ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерінде бюджетке төлеген күнді қоса алғанда, мерзімі өткен әрбір күн есептеледі. Қайта қаржыландыру ресми ставкасы бүгінгі күнде 8% құрастырады. Өсімпұл сомасы салық берешегін өтеу бойынша салық міндеттемесін мәжбүрлеп орындату шараларын,сондай-ақ салық заңдарын бұзғаны үшін жауаптылықтың өзге де шараларын қолдануға қарамастан есептеледі және төленеді.
Атап өту керегі, ағымдағы жылдың 1-қаңтарында енгізілген өзгертулерге байланысты бірінші кезекте өсімпұл сомасы төленеді, екіншіден –негізгі төлем, үшіншіден- айыппұлдар бойынша берешектер төленеді.
Салық Кодексі өсімпұлдың бірнеше жағдайда есептелмеуін қарастырған:
1) Салық төлеушіні банкрот деп таныған сот шешімі қабылданғанда не оған қатысты мәжбүрлеп тарату туралышешім қабылданғанда, не оңалту рәсімін қолдану туралы ұйғарым қабылданғанда , осындай шешім немесе ұйғарымкүшіне енген күннен бастап, жиналған бересі сомасына өсімпұл есептелмейді.
2) Бересінің жиналып қалуының бірден бір себебі қызмет көрсететін банктін таратылуы болып табылған жағдайда, мәжбүрлеп таратылған банктердің кредит берушілеріне бересі сомаларын дер кезінде өтемегені үшін өсімпұл банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешім күшіне енген кезден бастап есептелмейді.
3) Бересіні өтеу үшін сот шешімімен жарияланған акциялар мәжбүрлеп шығарылғанда, жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы сот шешімі күшіне енгізілген кезден бастап оларды орналастыру аяқталғанға дейін бересі сомасына өсімпұл есептелмейді.
4) Жеке тұлға хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы сот шешімі күшіне енген кезден бастап, оның күші жойылғанға дейін бересі сомасына өсімпұл есептелмейді.
5) Салықтың артық төленген сомасы расталған жағдайда, осы Кодекстің 39-бабының 2-тармағында белгіленген есепке алуды жүргізу мерзімі бұзылған ретте салық төлеушінің артық төленген салық сомасын есепке алуды жүргізуге берген өтінішінде көрсетілген артық төленген салық сомасына барабар бересі сомасына өсімпұл есептелмейді.
2.Салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру.
Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру (корреспонденциялық шоттарды қоспағанда) белгіленген төлеу мерзімі күнінен бастап отыз жұмыс күні өткеннен кейін салық берешегін өтемеген жағдайда жүргізіледі.
Салық төушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкімі уәкілетті мемлекеттік орган ҚР Ұлттық Банкімен бірлесе отырып белгілеген нысан бойынша шығарылады және банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым оны алған күннен бастап күшіне енеді.
Салық төлеушінің банк шоты жабылған жағдайда, ҚР заңдарына сәйкес банк тиісті салық органына салық төлеушінің банк шотының жабылғаны туралы хабарламамен бірге шот бойынша шығыс операцияларының тоқтатыла тұратыны туралы өкімді қайтарады.
3.Салық төлеушінің салық берешегі есебіне мүлікке билік етуін шектеу туралышешім шығару.
Салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешім шығарылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық берешегі өтелмеген жағдайда, салық берешегі есебіне мүлікке билік етуге шектеу (мүлік тізімдеме актісін жасау) жүргізіледі.
Салық органдарына мүлік тізімдеме актісін жүргізу үшін мүлікке билік етуге шектеу жүргізу туралы шешім қабылданады (әрі қарай - шешім), оның нысанын уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді. Шешімде салық төлеушінің шешім шыққан күнінде жеке шотында есепте тұратын берешектің сомасы көрсетіледі.
Шешімнің негізінде мүлікке билік етуге шектеу жасалып, мүлікке тізімдеме актісі жүргізіледі. Салық төлеушінің мүлкіне билік етуін шектеу туралы шешім меншік құқығындағы немесе шаруашылық жүргізу құқығындағы (мүлікті шаруашылық жүргізуге беру туралы шарттқа оны иеліктен айыруға тыйым салу көзделген жағдайлардан басқа реттерде) мүлікке қатысты шығарылады.
Ағымдағы жылдың қаңтар айында Салық Кодексіне салық төлеушінің қаржы лизингіне немесе кепілге берілген мүлкіне билік етуне шектеу жүргізу мәселелеріне өзгертулер енгізілді. Осыған орай салық төлеушіге мүлкіне қатысты шартқа өзгертулер енгізуге (шарттың мерзімін ұзарту, сублизинг және (немесе) қайта кепілдікке беруге), ал салық органдарына – келісім шарттын мерзімі аяқталғанға дейін мүлікті өндіріп алуға тыйым салынады. Сонымен, салық органдарында билік етуге шектеу жүргізілген мүліктің иелігінен айыру арқылы берешекті өндіріп алуға мүмкіндік туындады, ал салық төлеуші бюджет алдындағы міндеттемелерін тездетіп орындауға ынта болады.
Билік ету шектелген мүлік тізімдемесінде міндетті түрде салық төлеушінің бухгалтерлік есептемесінің негізінде немесе Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заң актісіне сәйкес жүргізілетін тәуелсіз бағалау негізінде мүлік бағасы, тізімге жазылатын объектілерінің қысқа сипаттамасы, құқық беруші құжаттардың бар немесе жоқ болуы туралы белгі көрсетіледі.
Тізімге жазылған мүлікті шеттетудің алдын алу мақсатында салық органдары, ҚР Президентінің 25.12.1995 ж. № 2727 «Жылжымайтын мүлікке кұқығын тіркеу және онымен мәміле жасау туралы» бұйрығын басшылыққа ала отырып жылжымайтын мүлікке құқықтардың ауыртпалығын тіркеу жүргізеді.
Мүлік тізімдемесінің актісінің екінші данасы ҚР Қылмыстық кодексінің 357 бабы көздеген мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету шарттары бұзылған жағдайда жаупқа тартылатыны туралы жазбаша түрдегі ескертуімен бірге салық төлеушіге тапсырылады.
Салық төлеуші салық берешегі сомаларын өтегеннен кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей салық органы мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімнің күшін жояды.
4. «Талдау және статистика».
2006 жылдың қантар – тамыз аралығында облыс өнеркәсібі (үй шарушылық секторының және ұйымдастырылмаған экономикалық қызметтерінің қосымша есептері бойынша) 250 013 млн. тенгеге тауар өнімдерін шығарды, таза көрсеткіштердің серпінінен есептелген өнеркәсіп өнімдерінің көлемінің индексі 2005 жылдың қантар-тамыз айларының деңгейімен салыстырғанда 105.9% құрастырды.
2005 жылдың іспеттес деңгейіне қарағанда кейбір экономикалық қызметтің түрлерінде өндіріс көлемінің өсуі мынадай болды:
кен өндіру өнеркәсіпте -11,1%, «металл кенін өндірудің» көбейту арқылы- 10,9%, басқа кен өндіру өнеркәсіптің салалары арқылы- 10, 9%; өндеу өнеркәсібі – 3,2%, «резина және пластмасса бұйымдарын өндірудің» көлемінің өсуі арқылы –74,6%, «машина жасау»-12,5%, «тамақ өнеркәсібі»-7,1%, «метталлургиялық және дайын металл бұйымдарды өндіру»-1,7%, «электроқуатты, газды және суды өндіру және тарату»-3,8%, облыс көлемінде бұл өндіріс көлемдерінің өсуі жалпы мемлекеттік бюджетке салық пен басқа да міндетті төлемдердің болжам көрсеткіштерінің орындалуына әсер етті.
27.09.2006 ж. жағдайы бойынша шаруашылық субъектілерімен облыс азаматтарының арқасында мемлекеттік бюджетке 65 043 672 мың теңге болжам бойынша 55 023 742 мың теңге салықтар мен төлемдер аударылған, бұл болжам бағамының 118,2% құрайды, соның ішінде:
- болжам бойынша республикалық бюджет табыстары бойынша 31 983 353 мың теңге, нақты түсім 40 920 134 мың теңгені құрайды, орындалу 127,9% қамтамасыз етілген;
- болжам бойынша жергілікті табыстар бойынша 23 040 389 мың теңге нақты түсім 24 123 538,3 мың теңгені құрайды, орындалу 104,7% қамтамасыз етілген.
Өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда мемлекеттік бюджетке түскен салықтар мен төлемдер көлемі 21 916 741,2 мың теңгеге артқан немесе 50,8% түсімдердің өсуі есебінде:
- республикалық бюджетке түсетін табыс көздерінен, 16 814 487,4 мың теңге немесе 69,8%.
- жергілікті бюджетке түсетін табыс көздерінен 5 102 253,8 мың теңге немес 26,8%.
Өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда, өсу есебіне қарай мемлекеттік бюджет түсімдері:
- резидент заңды тұлғалардың корпоративті табыс салығы – 9 599 528,1 мың теңгеге,
- төлем көзіненін ұсталынатын, резидент заңды тұлғалардың корпоративті табыс салығы - 59 336,7 мың теңгеге,
- төлем көзінен алынатын, табыстардың жеке табыс салығы - 1 421 150,9 мың теңгеге,
- төлем көзінен алынбайтын, табыстардың жеке табыс салығы - 100 614,1 мың теңгеге,
- әлеуметтік салық - 1 662 848 мың теңгеге,
- заңды тұлғалардың мүлік салығы - 523 372,6 мың теңгеге,
- жер салығы (КБК 104301-104308) – 81 931,3 мың теңгеге,
- заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдарының салығы – 16 781,4 мың теңгеге,
- жеке тұлғалардан алынатын көлік құралдарының салығы -80 893,9 мың теңгеге,
- ҚР аумағында өндірілген тауарларға ҚҚС – 2 057 686,9 мың теңгеге,
- ойын бизнесі - 52 231,9 мың теңгеге,
- бонустар – 119 366,7 мың теңгеге,
- роялти –868 742,4 мың теңге,
- жергілікті жерлердегі сыртқы жарнаманы орналастырудан түскен алымдар – 6 283 мың теңгеге,
- азаматтарға сатылған пәтерлерден түскен түсімдер - 1 289 214,8 мың теңгеге (2005 ж. ұқсас мерзімінде түсімдер болған жоқ)
- жер учаскелерін сатудан түскен түсімдер 212 153,9 мың теңгеге және б.
Табыс көздері бойынша салықтардың және төлемдердің сапасы жақсарған, 27.09.2006 ж. жағдайы бойынша 110 табыс көздерінен 97 немесе 88,2% орындалған. 2005-2007 жж. Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысын мемлекеттік дамыту бағдарламасына орай, жергілікті бюджеттің болжанған түсімдерінің БК «азаматтарға сатылған пәтерлерден түскен түсімдер» коды бойынша ғана орындалмаған.
5. «Лицензиялау».
Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 17-сәуіріндегі «Лицензиялау туралы» (толықтырулар мен өзгертулер) №2200 Заңына сәйкес (ары қарай – лицензиялау туралы Заң) міндетті лицензиялауға төмендегілер жатады:
7. мұнай өнімдерін өндіру;
8. этил спиртін және алкоголь өнімдерін өндіру, сонымен бірге алкоголь өнімдерін сақтау, көтерме және бөлшек саудада өткізу (сырадан басқа);
9. этил спиртін және алкоголь өнімдерінің импорты;
10. темекі өнімдерін өндіру;
11. лотереяны ұйымдастыру және өткізу (мемлекеттіктіктен басқа (ұлттық));
12. ойын бизнесі саласындағы қызмет.
Лицензияллар беру, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, лицензияның осы түрі үшін белгіленген талаптарға сай келетін барлық адамдар үшін бірдей негіздер мен тең шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
Лицензия беру кезінде айналысатын өндірістің жағдайы, қоршаған ортаға, азаматтардың денсаулығы мен өміріне зияны, сонымен бірге өндірілетң өнімнің, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтің сапасына көңіл бөлінеді.
Лицензияны алу үшін келесі құжаттар қажет:
1) нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен белгіленген үлгідегі арыз;
2) өтініш берушінің осы заңның талаптарына сәйкес келетіндігін растайтын құжаттар;
3) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат (осы Заңның 18 бабы)
Бұдан басқа заңды тұлғалар үшін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі табыс етілуі қажет.
Заң актілерінде лицензияланатын қызметтің жекелеген түрлері жөніндегі құжаттар тізбесіне қосымша және арнаулы талаптар белгіленуі мүмкін.
Өтініш беруші құжаттарда берілген ақпараттың дұрыстығы, толықтығы және уақтылы берілуі үшін заңдарда белгіленген тәртіппен жауапты болады.
Егер заң актілерінде өзгеше мерзім белгіленбесе, лицензиялар барлық қажетті құзжаттарымен қоса арыз берілген күннен бастап бір ай мерзімнен, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін – он күн мерзімнен кешіктірмей беріледі.
Лицензиясын жоғалтқан жағдайда лицензияттың дубликат алуға құқығы бар. Лицензияттың жазбаша өтініші бойынша лицензияр лицензияның дубликатын беруді он жұмыс күн ішінде орындайды. Бұл орайда лицензият жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төлейді.
Лицензияланатын қызмет түрінің атауы өзгерген жағдайда, егер мұндай өзгеріс лицензияланатын қызмет түрі шеңберінде орындалатын опреациялар мәнінің өзгеруіне әкеп соқпаса, лицензият лицензияны қайта ресімдеуге өтініш береді. Лицензиардың нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген жағдайларда лицензият лицензияны қайта ресімдеген кезде лицензияланатын қызмет түрімен байланысты қосымша құжаттарды беруге міндетті.
Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда бұл туралы көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттарды қоса тіркей отырып, бір ай мерзім ішінде лицензиарға жазбша хабарлауға міндетті.
Заңды тұлғаның атауы өзгерген (соның ішінде Қазақстан Республикасының заң ак`тілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, ұйымдық – құқықтық нысаны өзгерген) тұрған жері (егер ол лицензияда көрсетілген болса) өзгерген жағдайда, ол бір айдың ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттарды қоса тіркей отырып, лицензияны қайта ресімдейді.
Лицензияр лицензият тиісті жазбаша өтінішін Берген күннен бастап он күннің ішінде лицензияны қайта ресімдейді.
Лицензияны қайта ресімдеу және көрсетілген құжатты беру кезінде Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгіленген тәртіппен және мөлшерде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленеді.
Қызметтің тиісті түрімен айналысатын бүкіл кезеңге лицензия беру лицензия Берген кезде лицензиялық алымды бір жолғы төлеумен қоса жүзеге асырылады.
Лицензиаларды есепке алуды, сондай-ақ лицензиялық ережелердің сақталуын бақылауды лицензиар жүзеге асырады.
Біліктілік талаптары мен белгіленген ережелердің сақталуын тексеруді Кәзақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен лицензиар жүргізеді.
Тиісті лицензиясыз не лицензиялау нормалары мен ережелерін бұза отырып қызметпен айналысу заңдарда белгіленген әкімшілік және қылмыстық жауапқа әкеліп соқтырады.
6.«Қаржылық бақылау және аудит».
Қазақстан Республикасының 12.06.2001 ж. «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» №209-ІІ Кодексінің 533 бабына сәйкес (ары қарай Кодекс), Салық тексеруі – жеке тұлғалар және ұйымдардың салық міндеттемелерін орындамау және тиісті орындамау жағдайларын немесе дәлелдемелерін зерттеу, бекіту, анықтау бойынша кешенді процессуалдық іс-әрекет.
Тексерудің міндеттері тексеруші тұлғаның салық заңнамасының талаптарындағы салықтық міндеттерінің орындалуынан тұрады. Салықтық тексерулердің мақсаты – құқық бұзушылықты анықтау, алдын-алу және ескерту, оны жіберуге негіз болған жағдайдың себебін жою. Салық тексеруіне қатысушы нұсқамада көрсетілген салық қызметі органының лауазымды тұлғасы және салық төлеуші болып табылады. Салықтық тексерулер тек қана салық қызметі органдарымен жүргізіледі.
Салық тексерулерін жүргізудің мерзімділігі Салық кодексінің 534 бабымен анықталады. Берілетін нұсқамаларда көрсетілетін салық тексерулерін жүргізудің мерзімі тапсырылған кезден бастап отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс. Салық тексеруін аяқтаған кезде салық қызметі органының лауазымды тұлғасы салықтық тексеру актісін жасайды.
|