Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң ресми сайты
Aйдарларының тiзбесi
Жаналықтарға жазылу
 
RSS форматындағы жаңалықтар
Іздеу  
 
 
ЭКОНОМИКА

Бюджеттің кіріс бөлігі және салық төлеушілердің мерзімінде төлемеген салығы жайында ақпарат

Салық міндеттемелері

2006 жылдың І жартыжылдығында мемлекеттік бюджетке шаруашылықпен айналысқан субъектілер мен облыс азаматтары бюджетке төленетін салық және басқа да міндетті төлемдерді болжам үстінде 35 238 100 мың теңге болғанда

39 009 157 мың теңгеге тапсырып, болжам бағасын 110,7%-ға орындады, оның ішінде:

-республикалық бюджеттің кірісі бойынша болжам үстінде 20 0777 397 мың теңге болғанда, нақтылы түсім 23 047 006,7 мың теңгені құрады, болжамның орындалуы 114,8%-ға қамтамасыз етілді;

-жергілікті бюджеттің кірісі бойынша болжам үстінде 15 160 703 мың теңге болғанда, нақтылы түсім 15 962 150,6 мың теңгені құрады, болжамның орындалуы 105,83-ға қамтамасыз етілді;

Мемлекеттік бюджетке төленетін салық және басқа да міндетті төлемдердің көлемі өткен жылдың іспеттес кезеңімен салыстырғанда түсімдердің өсуі арқылы 10 394 719,2 мың теңгеге, немесе 36,3%-ға көбейді:

-республикалық бюджетке түсетін кіріс көздері бойынша 7 101 372 мың теңгеге, немесе 44,5%-ға;

-жергілікті бюджетке түсетін кіріс көздері бойынша 3 293 347,1 мың теңгеге, немесе 26%-ға.

Мемлекеттік бюджетке деген түсімдердің өсуі өткен жылдың іспеттес кезеңімен салыстырғанда мына салықтардың көлемдерінің өсуі арқылы болды:

-заңды тұлғалар-резиденттерге салынатын корпоративтік жеке табыс салығы – 3 989 863, 6 мың теңге,

-төлету көздерінен алынатын заңды тұлғалар-резиденттерге салынатын корпоративтік жеке табыс салығы – 66 698,3 мың теңге,

- төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы –959 202,1 мың теңге,

-төлем көзінен салық ұсталынбайтын жеке табыс салығы –63 742,9 мың теңге,

-әлеуметтік салық – 1 050 024,9 мың теңге,

-заңды тұлғаларға салынатын мүлік салығы – 273 611, 2 мың теңге,

-жер салығы (БЖК 104301 – 104308) – 28 100,4 мың теңге,

-жеке тұлғалардың автокөлік құралдарына салынатын салық – 57 017,1 мың теңге,

-ойын бизнесі – 32 553,3 мың теңге,

-бонустар – 117 458,6 мың теңге,

-роялтилер –422 830,9 мың теңге,

-жергілікті маңызы бар алқапта сыртқы жарнамаларды орнату үшін алым – 33 182,9 мың теңге,

-азаматтарға пәтерлер сатудан түсім- 1 110 544,7 мың теңге (2005 жылдың іспеттес кезеңінде мұндай түсім болмаған),

-жер учаскелерін сатудан түсім – 130 462,7 мың теңге және т.б.

Кіріс көзінен салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша болжамның сапалы орындалуы жақсарды, мысалы 2006 жылдың І жартыжылдығында мемлекеттік бюджеттің болжамы белгілеген 105 кіріс көзінен 91-нен немесе 86,7%-нде болжам орындалған, 2005 жылдың іспеттес кезеңімен салыстырғанда болжам орындалмаған кіріс көзінің саны 5-ке немесе 26,3%-ке азайған, соның ішінде жергілікті бюджетке түсетін орындалмайтын кіріс көздерінің саны едауір төмендеді. Мысалы, 2006 жылдың І жартыжылдығында жергілікті бюджеттің болжамы барлық кіріс көздерінен орындалды, 2005 жылдың іспеттес кезеңінде 3 кіріс көзінде орындалған.

Салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша бересі, яғни, мерзімінде төленбеген салық Шығыс Қазақстан облысы бойынша есеп беру күнге 10683900,0 теңгені құрастырды. Жыл басының деректерімен салыстырғанда 61 200,0 мың теңгеге бересінің өсуі жіберілді, өткен жылдың іспеттес кезеңімен салыстырғанда бересі 215 000,0 теңгеге азайды,

Ағымдағы жылдың басындағы деректермен салыстырғанда бересінің өсуінің негізгі себебі болып «Бухтарма Теплоэнерго» ЖШС сауықтыру рәсімін өткізу барысында жаңа «Бухтарма Водоканал» ЖШС жеке бөлініп шығып, оған сомасында 107 000,0 мың теңгеге кредиторлық берешек табыс етілген.

Сонымен бірге, жыл басынан:

-ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілер бойынша сомасында 7600,0 теңгеге салық төлеу мерзімін ұзарту қалпына келтірілген;

-мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар бойынша сомасында 64 500,0 мың теңге декларациялар және есептемелер бойынша ағымдағы төлемдер есептелген («Семей Водоканал» МКК–15900,0 мың теңге, «Теплокоммунэнерго» - 48 600,0 мың теңге); мәселелі кәсіпорындар бойынша – «Семей Су» ЖАҚ –23 700,0 мың теңге, «СТЭК» ААҚ –

-11 700,0 мың теңге;

-2 тексеру актілері бойынша бұрын наразылық білдіртіп, шағымданған сомасында 50 000,0 теңге қайта орнына келтірілген.

«Күн жаңалықтары» атты рубрика үшін.

2006 жылдың 6 маусым күні Өскемен қаласының Үлбі металлургтер зауытының Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің жанындағы Салық комитетінің бастамасымен ШҚО-ның салық төлеушілерінің ҚР Қаржы министрлігінің салық комитетінің қызметкерлерімен салық заңнамасын және салық әкімшілігін жүргізуді түсіндіру мәселелері бойынша семинар-кездесу ұйымдастырылып өткізілді. Кездесу ҚР ҚМ СК орталық аппаратының қызметкерлерінің, облыстық салық комитетінің, аумақтық салық комитеттерінің қызметкерлерінің, ШҚО бойынша кедендік бақылау департаментінің төрағаларының, облыстың салық төлеушілерінің, қоғамдық мекемелердің өкілдерінің қатысуымен өткізілді.

Салық органдарының жұмысының бағыттарының бірі көпшілік алдында өткізілетін түсіндірме жұмыстары болып табылады. Осы кездесу Елбасының Қазақстан халқына арнаған жолдауын орындау межесінде өткізілді, дәлірек айтқанда, оның екінші басымдығы – «Қазақстанның экономикасын әрі қарай жаңғырту және әртараптандыру – экономикалық өсудің тұрақты негізі, ірге тасы».

Семинардың ашылу рәсімінде кездесуге қатысушылардың алдында жылы қарсы алу сөздерімен Шығыс Қазақстан облысы бойынша Салық комитетінің төрағасы Нұрланбаев Е.Қ. сөйледі.

Сол сияқты қарсы алу сөздерімен семинарға шақырылған ШҚО-ның әкімінің бірінші орынбасары Баяндаров М.Т сөз сөйледі.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің жанындағы Салық комитетінің орталық аппаратының атынан, топ басшысы – Тлеумұратов Ю.Д. (ҚР ҚМ СК өндірістік емес төлемдер басқармасының бастығы) сөз сөйледі.

Семинар жұмысы екі бөліктен тұрды: бірінші бөлігінде ҚР ҚМ СК орталық аппаратының қызметкерлері келесі мәселелер бойынша сөз қозғады: ҚҚС-на камералық бақылау туралы; 2006 жылдың 1-қаңтарынан Салық Кодексіне енгізілген өзгертулер туралы; 2006 жылдың 1-қаңтарынан ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне енгізілген өзгертулер туралы.

Одан әрі жұмыс 8 сектор бойынша өтті. Секторларда жұмыс сағат 11.00-ден сағат 18.00-ге дейін жүрді. Салық төлеушілер кез келген мүдделі сұрақтар бойынша жауап алуға мүмкіншілік алды.

Семинар өткізу барысында салық қызметкерлері көптеген көрнекті құралдарды пайдаланды: плакаттар, буклеттер және т.б.

Салық төеушілерге көмек ретінде әртүрлі салықтарды есептеу және төлеу тәртібі туралы, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, салық төлеушінің ЖЗҚ-на (зейнетақы жинақтаушы қорына) міндетті зейнетақылық жарнасын аудару туралы буклеттер дайындалып таратылды.

Семинарға қатысушылардың салық мамандарымен бетпе-бет кездесуі іс жүзінде жиі кездесетін мәселелер мен сұрақтар бойынша жауап алуға мүмкіншілік тудырды. Мысалы: салық есептемесін электронды түрде тапсыру механизмы; салық тексерулер өткізу тәртібі; оңайлатылған декларация, патент, бір реттік талон негізінде арнаулы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлердің жұмысы туралы, жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу бойынша және т.

3.Азаматтардың салық міндеттемелері. Салық органдарымен қарым-қатынас.

Салық төлеушілерге қызмет көрсету деңгейін көтеру мақсатында салық комитеттерінде ақпарат қабылдау және оларды өндеу орталықтары жұмыс істейді.

Салық төлеушілермен семинар-кездесулер өткізу барысында ШҚО бойынша Салық комитетінің қызметкерлері салық есептемені электронды түрде тапсырудың көп есе артық екендігін түсіндіру жұмысы тұрақты түрде өткізіледі. Мысалы, салық есептемені электронды түрде тапсыруының ыңғайлы болу үшін барлық салық комитеттерінде «Салық төлеушінің терминалы» атты БҚЕ (бағдарламалық қамтамасыз ету) орнатылған, онда салық қызметкерлері іс жүзінде көмек көрсетеді, СЕтН (салық есептемесін тапсыру нысандарын) жіберу бойынша түсініктемелер береді.

01.06.2006 жылдың үстінде 40 581 салық төлеуші, немесе 85,6% электрондық құжаттармен алмасу кезінде электрондық цифрлік қол қоюды пайдалану және мойындау туралы Келісім-шарт жасап, криптографикалық кілттер алды, оның ішінде заңды тұлғалардың 13525-і криптокілт алды, бұл сан 99,5% құрастырады; жеке кәсіпкерлер (шаруа қожалықтары, ЖК, адвокаттар мен нотариустар) – 25 686 немесе 79,7%-ды құрастырды.

Жеке табыс салығы.

Жеке табыс салығын төлеуші болып салық салынатын объектілері бар жеке тұлғалар танылады. Жеке табыс салығы салынатын объектілер болатын:

1)төлем көзінен салық салынатын табыстар;

2) төлем көзінен салық салынбайтын табыстар;

Жеке тұлғалардың келесі түрді табыстарына салық салынбайды:

1)арнаулы әлеуметтік көмекке, жәрдемақыларға, өтемақыларға;

2)алименттерге;

3)мемлекеттік құнды қағаздардан және агенттік облигациялардан алынған табыстарға;

4)грант қаражаттары арқылы алынған төлемдерге;

5)жинақтау сақтандыру келісімі бойынша сақтандыру шартына отырған адамның қайтыс болған кезінде берілетін сақтандыру төлемдеріне және т.б.

Салық ставкалары:

Салық төлеушінің салық салынатын табысыМөлшері

15-еселі жылдық есептік көрсеткішке дейінсалық салынатын табыстың сомасының 5%

15- еселіден 40-еселі жылдық есептік көрсеткішке дейін15-еселі жылдық есептік көрсеткіштен + одан асатын соманың 8%

40- еселіден 200-еселі жылдық есептік көрсеткішке дейін40-еселі жылдық есептік көрсеткіштен + одан асатын соманың 13%

200- еселіден 600-еселі жылдық есептік көрсеткішке дейін200-еселі жылдық есептік көрсеткіштен + одан асатын соманың 15%

600-еселі жылдық есептік көрсеткітен жоғары600-еселі жылдық есептік көрсеткіштен + одан асатын соманың 20%

2006 жылдың І жартыжылдығында төлем көзінен салық салынатын табыстардан түсетін жеке табыс салығы бойынша 3 468 554,3 мың теңге түсті, төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан түсетін жеке табыс салығы бойынша 391 736,5 мың теңге түсті.

Көлік құралдары салығы.

Көлік құралына салық төлеуші болып иелігінде салық салынатын объектілері бар жеке тұлғалар және иелігінде салық салынатын объектілері бар, оларға шаруашылық жүргізуге және оларды жедел басқаруға құқылы заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері (әрі қарай – заңды тұлғалар) болып табылады.

Салық салу объектілері бойынша қаржы лизингі келісімі бойынша берілген (алынған) көлік құралдарына салық төлеуші болып лизинг алушы табылады.

Көлік құралдарына салық төлемейтін мыналар:

1)Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен көлік құралдарында қажеттілігі бар нормативтерінің межесінде бірыңғай жер салығын төлеушілер;

1-1)Ауыл шаруашылық өнімдерің өндірушілер, оның ішінде өз ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру барысында қолданатын арнайы ауыл шаруашылық техникасы бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілер. Арнайы мамандандырылған техниканың тізбесі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді;

2)Мемлекеттік мекемелер;

3)Ұлы Отан соғысы ардагерлері және оларға теңдестірілген тұлғалар -салық салынатын объекті болып есептелетін бір көлік құралы бойынша;

4)Мүгедектер - иеліктеріндегі салық салынатын объекті болып есептелетін бір көлік құралы - мотоколяска немесе автокөлік бойынша;

5)Қеңес Одағының Батыры және Социалистік Еңбек Ері, «Халық каҺарманы» атағы бар тұлғалар, үш дәрежелі Даңк орденімен, «Отан» орденімен марапатталғандар, «Ардақты ана» («Мать-героиня») атағы бар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар - салық салынатын объекті болып есептелетін бір көлік құралы бойынша;

6)Жеке тұлғалар – ауыл шарушылық құрылымынан шыққан кезде үлесі ретінде алған жеті жылдан артық пайдалану мерзімі өткен жүк тасымалдайтын автокөліктер бойынша;

Салық салынатын объектілері деп мемлекеттік тіркеуге жататын және (немесе) Қазақстан Республикасында есепте тұратын көлік тіркемелерінен басқа көлік құралы болып танылады;

Салық салынбайтын объектілері болатыны:

1)жүккөтерімділігі 40 тонна және одан да жоғары карьерлік жүкаударғыштар;

2)арнайы мамандандырылған дәрігерлік көлік құралдары.

Салықты есептеу айлық есептік көрсеткіштермен белгілеген мынадай ставкалар бойынша жүргізіледі:

Салық салу объектісіСалық ставкасы

(айлық есептік көрсеткіш)

Жеңіл автокөліктердің қозғалтқыштарының (двигатель) көлемі (текше см)

1500-ден жоғары 2000-ды қоса7,0

2000-нан жоғары 2500-ды қоса12,0

2500-ден жоғары 3000-ды қоса17,0

3000-нан жоғары 4000-ды қоса22,0

Салық сомасы қозғалтқыштардың аталған көлемінен асқан әрбір бірлік үшін 7 теңгеге ұлғайтылады.

Салық төлеудің белгіленген мерзімі аяқталғанға дейін пайдаланылу мерзімі алты жылдан асқан жеңіл автокөлік құралдары бойынша мынадай түзету коэффициенттері қолданылады:

ТМД елдерінде шығарылған автокөлік құралдары үшін:

6 жылдан – 15 жылға дейін қоса алғанда – 0,3;

15 жылдан жоғары – 25 жылды қоса алғанда – 0,2;

25 жылдан жоғары – 0,1;

Қозғалтқыш көлемі мынадай басқа автокөлік құралдары үшін:

3000 текше сантиметрге дейін қоса алғанда – 0,5

3000 –нан жоғары – 4000 текше сантиметрді қоса – 0,7;

4000-нан жоғары – 0, 1;

Пайдалану мерзімі жиырма жылдан асқан ТМД елдері шығаратын жеңіл автокөліктер мен мотоциклдер бойынша жеке тұлғалар үшін түзету көэффициенті – 0.

Белгіленген салық төлеу мерзімі аяқталғанға дейін пайдаланылу мерзімі жеті жылдан асқан ТМД елдерінде шығарылған жүк таситын арнаулы автокөлік құралдары бойынша мынадай түзету коэффициенттері қолданылады:

7 жылдан – 14 жылға дейін қоса алғанда – 0,5;

14 жылдан жоғары –20 жылды қоса – 0,3;

20 жылдан жоғары – 0,1.

Пайдаланылу мерзіміне байланысты ұшу аппараттарының салық ставкаларына мынадай түзету коэффициенттері қолданылады:

1999 жылғы 1 сәуірден кейін Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден сатып алынған ұшу аппараттарына:

пайдаланылу мерзімі 5 жылға дейін қоса алғанда - 1,0;

пайдаланылу мерзімі 5 жылдан жоғары – 15 жылды қоса - 2,0;

пайдаланылу мерзімі 15 жылдан жоғары – 3,0;

1999 жылғы 1 сәуірге дейін сатып алынған, сондай-ақ 1999 жылғы 1 сәуірден кейін алынған және Қазақстан Республикасында 1999 жылға дейін пайдалануда болған ұшу аппараттарына:

пайдаланылу мерзімі 5 жылға дейін қоса алғанда - 1,0;

пайдаланылу мерзімі 5 жылдан жоғары – 15 жылды қоса - 0,5;

пайдаланылу мерзімі 15 жылдан жоғары –0,3;

Көлік құралының пайдаланылу мерзімі паспортында (әуе кемесін ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқамада) көрсетілген көлік құралы шығарылған жыл негізге алына отырып есептеледі.

347 баптың 1-тармағындағы кестенің 6-тармағында көрсетілген көлік құралдарының пайдаланылу мерзіміне қарай салық ставкаларына мынадай түзету коэффициенттері қолданылады:

5 жылға дейін қоса алғанда – 1,0;

5 жылдан жоғары – 10 жылды қоса алғанда – 0,5;

10 жылдан жоғары – 20 жылды қоса алғанда – 0,3;

20 жылдан жоғары – 30 жылды қоса алғанда – 0,2;

30 жылдан жоғары – 0,1.

Салық төлеушілер салық салу объектілерін , әрбір көлік құралы бойынша салық ставкасын және түзету коэффициенттерін негізге ала отырып, салық кезеңі үшін салық сомасын дербес есептейді.

Көлік құралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында салық кезеңінен аз уақыт болған жағдайда салық сомасы көлік құралы меншік құқығында салық кезеңінен аз уақыт болған жағдайда салық сомасы көлік құралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында болған кезең үшін салықтың жылдық сомасын 12-ге бөліп, оны көлік құралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында іс жүзінде болған айлардың санына көбейту арқылы есептеледі (Салық Кодексінің 348 б., 1 т.).

2006 жылдың І жартыжылдығында заңды тұлғалар бойынша 127 581,5 мың теңге, жеке тұлғалар бойынша – 350 675,4 мың теңге түсті.

Мүлік салығы.

Мыналар мүлік салығын төлеушілер болып табылады:

1)Қазақстан Республикасының аумағында меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектісі бар заңды тұлғалар;

2)Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында салық салу объектісі бар жеке тұлғалар;

Мыналар мүлікке салынатын салықты төлеушілер болып табылмайды:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін қажеттілік нормативтері шегінде салық салуобъектілері бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілер.

Салық салу объектілері бойынша бірыңғай жер салығын белгіленген қажеттілік нормативтерінен артық төлеушілер мүлікке салынатын салықты осы бөлімде белгіленген тәртіппен төлейді;

2)Салық салу осы Кодекстің 283-бабында белгіленген салық режимінің екінші үлгісі бойынша жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдаланушылар;

3)мемлекеттік мекемелер;

4)уәкілетті органдарының қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары;

5)діни бірлестіктер.

Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін негізгі құралдар (оның ішінде тұрғын үй қорының құрамында тұрған объектілер) мен материалдық емес активтер салық салу объектісі болып табылады.

Бухгалтерлік есептің деректері бойынша анықталатын салық салу объектілерінің орташа жылдық қалдық құны заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің салық салу объектілері бойынша салық базасы болып табылады.

Салық салу объектілерінің орташа жылдық қалдық құны ағымдағы салық кезеңінің әр айының бірінші күні мен есепті кезеңнен кейінгі кезең айының бірінші күніндегі салық салу объектілерінің қалдық құның қосу кезінде алынған соманың он үштен бірі ретінде анықталады.

Заңды тұлғалар (осы баптың 2 және 2-1-тармақтарында аталғандарды қоспағанда) салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 1 процент ставка бойынша мүлік салығын есептейді.

1-1.Жеке кәсіпкерлер мүлік салығын салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0,5 процент ставка бойынша есептейді. (01.01.2006 ж. бастап)

Төменде аталған заңды тұлғалар салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0,1 процент ставка бойынша мүлік салығын есептейд:

1)діни бірлестіктерді қоспағанда, осы Кодекстің 120-бабында белгіленген заңды тұлғалар;

2)Салық Кодексінің 121-бабында белгіленген заңды тұлғалар;

3)негізгі қызмет түрі кітапханалық қызмет көрсету саласындағы жұмыстарды орындау (қызмет көрсету) болып табылатын ұйымдар;

4)ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындар;

5)мемлекеттік меншікке жататын және мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылатын су қоймаларының, су тораптарының және табиғат қорғау мақсатындағы басқа да су шаруашылығы құрылыстарының объектілері бойынша заңды тұлғалар;

6)ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер – заңды тұлғалар және шаруа (фермер) қожалықтарының жерін суару үшін пайдаланылатын су мелиорациялық құрылыс объектілері бойынша заңды тұлғалар.

2-1 Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар мүлік салығын салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0,5 процент ставка бойынша есептейді. (01.01.2006 ж. бастап)

355 баптың 2-тармағында аталған заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша мүлік салығын осы баптың

1-тармағында белгіленген салық ставкасы бойынша есептейді және төлейді.

Салық төлеушілер салықты есептеуді салық базасына тиісті салық ставкаларын қолдану арқылы дербес жүргізеді.

Ортақ үлестік меншіктегі салық салу объектілері бойынша мүлік салығы әрбір салық төлеушінің мүлік құнындағы оның үлесіне барабар есептеледі.

Салық төлеушілер салық кезеңі ішінде мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді төлеуге міндетті, олар салық кезеңінің басындағы бухгалтерлік есеп деректері бойынша белгіленген салық салу объектілерінің қалдық құнына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы анықталады.

Бюджетке салық төлеу салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі.

Салықтың ағымдағы төлемдерінің сомаларын салық төлеуші салық кезеңіндегі 20 ақпаннан, 20 мамырдан, 20 тамыздан және 20 қарашадан кешіктірмей тең үлестермен енгізеді.

2006 жылдың І жартыжылдығында 1 202 778, 5 мың теңге мүлік салығы түсті.

Жер салығы.

1.Жер салығын төлеушілер салық салынатын объектілері бар жеке және заңды тұлғалар болып табылады:

1)жеке меншік құқығындағы;

2)тұрақты жер пайдалану құқығындағы;

3)бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығында салық салу объектілері бар жеке және заңды тұлғалар жер салығын төлеушілер болып табылады.

2.Салық салынатын объектілері бар заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері жер салығын төлеушілер деп танылады (әрі қарай – заңды тұлғалар).

Жер салығын төлмейтін болып мыналар танылады:

1)бірыңғай жер салығын төлеушілер шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнайы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша;

2)мемлекеттік мекемелер;

3)Салық Кодексінің 283-бабында белгіленген салық режимінің екінші үлгісі бойынша салық салу жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдаланушылар;

4)Уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары;

5)Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала кезінен мүгедектің ата-анасының біреуі:

тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскесі;

үй маңындағы жер учаскелері;

жеке үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізу, бау-бақша шаруашылығы үшін берілген және кұрылыс алып жатқан жерлерді қоса алғанда, саяжай құрылысына арналған учаскелері;

гараждарға арналған жер учаскелері бойынша;

6) Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелері және үй маңындағы жер учаскелері бойынша – «Ардақты ана» («Мать -героиня») атағына ие болған, «Алтын алқа» алқасымен марапатталған көп балалы аналар;

7)Діни бірлестіктер жер салығын төлеушілер болып табылмайды.

Жер учаскесі (жер учаскесіне ортақ үлестік меншік кезінде – жер үлесі)

салық салу объектісі болып танылады.

Мыналар салық салу объектісі болып танылмайды:

1)елді мекендердің ортақ пайдалануындағы жер учаскелері;

2)ортақ пайдалануындағы мемлекеттік автомобиль жолдары желісі алып жатқан жер учаскелері;

3)Қазақстан Республикасының Үкіметінің шешімі бойынша консервацияланған объектілер орналасқан жер учаскелері;

4)Салық Кодексінің 138 – 140 баптарында белгіленген тәртіппен инвестициялық жобаны іске асыру үшін иемденіп алынған және пайдаланылатын жер учаскелері;

Салық базасы және салық ставкалары.

Жер салығын анықтау үшін жер учаскесінің алаңы салық базасы болып табылады.

Жергілікті өкілді органдар Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жүргізілетін жерлерді өңірлерге бөлу жобалары (схемалары) негізінде жер салығының ставкаларын Салық Кодексінің 329, 330,332,334-баптарында белгіленген жер салығының базалық ставкаларынан 50% аспайтындай етіп төмендетуге немесе жоғарлатуға құқығы бар.

Заңды тұлғалардың салықты есептеу тәртібі мен төлеу мерзімдері.

1)Заңды тұлғалар жер салығы сомаларын салық базасына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы дербес есептейді.

2)Ағымдағы төлемдердің сомалары ағымдағы жылдың 20 ақпанынан, 20 мамырынан, 20 тамызынан және 20 қарашасынан кешіктірілмейтін мерзімдерде тең үлестермен төленуге тиіс.

Жеке тұлғалардың салықты есептеу тәртібі мен төлеу мерзімдері.

1) Жеке тұлғалар (өз қызметінде пайдаланатын жер учаскелері бойынша жекелеген кәсіпкерлерді, жеке нотариустар мен адвокаттарды қоспағанда) төлеуге жататын жер салығын есептеуді салық органдары тиісті салық ставкалары мен салық базасын негізге ала отырып, 1 тамыздан кешіктірілмейтін мерзімде жүргізеді.

2) Жеке тұлғалар (өз қызметінде пайдаланатын жер учаскелері бойынша жекелеген кәсіпкерлерді, жеке нотариустар мен адвокаттарды қоспағанда) бюджетке жер салығын ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешіктірмей төлейді.

3) Жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар мен адвокаттар өз қызметінде пайдаланатын жер учаскелері бойынша жер салығын заңды тұлғаларға белгілеген тәртіппен есептейді және төлейді.

Салық кезеңі.

Жер салығын есептеу және төлеу кезеңі болып күнтізбелік жыл танылады.

Салық есептілігі.

Заңды тұлғалар (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар мен адвокаттар декларацияны салық салу объектілері орналасқан жердегі салық органдарына есептік салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей, сондай-ақ ағымдағы төлемдер есеп-қисабын Салық Кодексінің 344-бабында белгіленген мерзімде табыс етеді.

2006 жылдың І жартыжылдығында жеке тұлғалардан 39 663,4 мың теңге, заңды тұлғалардан 459 749,2 мың теңге жер салығы түсті.

 

 
Өскемен қ.
Семей қ.
Риддер қ.
Курчатов қ.
Абай ауданы
Аягөз ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы
Жарма ауданы
Зайсан ауданы
Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы
Көкпекті ауданы
Күршім ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Үржар ауданы
Шемонаиха ауданы

070019, Қазақстан, Өскемен қаласы,
М. Горький көшесі, 40

Телефоны: 8 (7232)  24-45-61
E-mail: KTokhmoldina@akimvko.gov.kz

Call - центр тел. 8 (7232) 203-300