Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
ЭКОНОМИКА

Шығыс Қазақстан облысының 2011 жылдың қаңтар-қараша айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Өнеркәсіп. Өндірілген өнеркәсіп өнімі 722,4 млрд. теңге құрады. Табиғи көлем индексі өткен жыл деңгейіне қарағанда 109,3% құрады.

Өсімді қамтамасыз ету:
- тау кен өнеркәсібінде  3,7% өсіммен 109,7  млрд. тенгенің өнімі өндірілді, өсім көмір өндіру көлемінің 5,4%,  мыс рудаларының - 3 есе, алтын құрамдас концентраттардың – 13,1%, қорғасын-мырыш  рудасының – 1,3%ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді.
- өндеу өнеркәсібінде өсім қарқыны индустриялды сектордың барлық базалық салаларында қамтамасыз етілді.  Барлығы 550,4 млрд. тенге өнім шығарылды, өсім 2010 жылдың деңгейіне қарағанда  34,4% жоғары.
- азық түлік өнімдерін шығаруда  құс еті 1,9 есе, бұқтырылған ет консервілері – 1,5 есе, консервіленген балық – 20,4%, нан - 1,6% ұлғайды.
- металл емес минерал өнімдерінің өндірісінде цемент өндірісінің өсімі «Бұқтырма  цемент компаниясында»  5,1% құрады, «Восток-Универсал» ЖШС минерал вата плитасы – 1,2 есе, «Жинақтау темірбетон өндірістік бірлестігі» ЖШС темірбетон конструкциясы - 2,6 есе құрады.
- металлургия өнеркәсібінде «Казцинк» ЖШС өндіріс көлемінің өсімі 44,2% құрады. Аффинаждалған күмістің 2 есе өсіммен 205,8 тонна, аффинаждалған алтын 1,4 есе өсіммен 11,1 тонна өндірілді.
- машина жасауда «Азия Авто» АҚ автомобильдерін 3 есе шығару есебінен 1,4 есе өсім қалыптасты.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 189,4 млрд. теңгені құрады. Жалпы өнім индексі өткен жыл деңгейіне қарағанда– 101%.

Өсімді қамтамасыз ету:
- ет өндірісі 1,8%-ға, сүт өндірісі 1,7%-ға ұлғайды.
- жылқы 4,2%, шошқа 3,0% өсті.

Шағын кәсіпкерлік. Шағын және орта бизнес кәсіпорындарымен өндірілген өнім (жұмыс және қызмет) көлемі 342,2 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 101,8% өскен.

Негізгі капиталға инвестициялар 176,8 млрд. теңгені құрады, бұл нақты бағалар есебімен 2010 жылдың ұқсас  кезеңінен  135,9%-ға  жоғары.

Өсімді қамтамасыз ету:
Қаржыландыру көздері бойынша инвестиция құрылымында кәсіпорындардың меншікті қаражаты 63,0%, республикалық бюджет қаражаты – 22,0%, жергілікті бюджет – 6,0%, шетел инвестициялары – 1,5%, қарыз қаражат – 7,5%. Республикалық бюджеттің үлкен көлемі көлік және қоймалауда – (23,9%) жергілікті бюджет (23,8%) сумен қамтуға: канализация жүйесі, қалдықтарды жинау және орналастыру; 37,2% меншікті қаражат өндеу өнеркәсібіне, 56,3% шетел инвестициясы электрмен қамтамасыз ету, газ бен бу беруде және ауа баптауға; 63,1% қарыз қаражат тау кен өнеркәсібіне және карьерлерді өндеуге бағытталды.

Сыртқы сауда айналымы 2011 жылдың қаңтар-қараша аралығында 3140,1 млн. АҚШ долларын құрады, соның ішінде экспорт – 2560,7 млн. АҚШ доллары, импорт  - 579,4 млн. АҚШ долларын құрайды.  Сауда айналымы бірлігінің сальдосы 1981,3 млн. АҚШ доллар сомасында оң қалыптасады.

Тұтыну бағаларының индексі 2011 жылғы қарашада 2010 жылдың желтоқсанына қарағанда 106,5% деңгейінде қалыптасты. Азық-түлік тауарлары бойынша бағалар индексі 108,6%, азық-түлік емес тауарларға – 104,8%, ақылы қызметтерге – 105,5% деңгейінде қалыптасты.

Өсімнің себептері.
Азық-түлік тауарлары тобынан жыл басынан келесі тауарлар бойынша бағалардың көтерілуі байқалады: ет және ет өнімдері (119,0%), сүт және сүт өнімдері  (112,1%),  майлар (110,5%),  нан және жарма өнімдері (107,0%), қымбаттаған.
Азық түлік емес тауарлар бағасының жоғарылауы бензин бағасының өсуімен  (124,9% ) шартталған.
Салық және бюджет. Мемлекеттік бюджетке салықтар мен басқа да төлемдерден 139,7 млрд. теңге түсім түсті немесе болжамға 101,3%, республикалық бюджетке 91,5 млрд. теңге түсті, (98,3%), жергілікті бюджетке – 48,2 млрд. теңге (107,6% ) түсім түсті.

Әлеуметтік сала.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік сала
Тіркелген жұмыссыздардың саны 5,1%  құрады.
Жұмыспен қамту органдарына жыл басынан барлығы 27 мың адам өтініш білдірген, оның ішінде 19 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды (өтініш бергендерден 70,4%). Қоғамдық жұмыстарға 11,8 мың адам қатысты. Кәсіптік оқуға 2,5 мың адам жіберілді.
Нақты секторда жаңа өндірістер ашу , шағын бизнес пен жаңа әлеуметтік объектілер енгізу есебінен 16349 жаңа жұмыс орны құрылды.
2010 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда  кедейлік межесінен  төмен өмір сүретін азаматтар саны 2794 адамға азайды (12,1%) және 20235 адамды құрады.
Орташа айлық жалақы 2011 жылдың қаңтар-қарашада 70593 теңге құрады, бұл 2010 жылдың ұқсас кезеңінен 18,5% артық.

Денсаулық сақтау
Денсаулық сақтауды дамытуға  2011 жылы 28,6 млрд. теңгені құрады, 2011 жылдың 1 желтоқсанында есепті кезеңге жоспарланған 26,9 млрд. теңге орнына 25,5 млрд. теңге немесе 94,4%. игерілді.
Ағымдағы жылы 3 денсаулық сақтау нысанына республикалық бюджеттен 2242,6 млн. теңге бөлінді, соның ішінде Өскемен қаласындағы облыстық қан орталығы, Семей қаласындағы облыстық онкологиялық диспансердің радиологиялық орталығы, Семей қаласындағы 300 орындық көпсалалы қалалық  ауруханасы.
Облыстық бюджет қаражаты есебінен денсаулық сақтау нысандарының құрылысына, соның ішінде Семей қ. 300 орындық көп салалы қалалық аурухана салуға – 71,5 млн.теңге бөлінді, Семей қ. 80 төсек орындық балалар туберкулезге қарсы аурухана құрылысының  жобасы бойынша ЖСҚ әзірлеуге, Глубокое  ауданы Глубокое кентіндегі балалар емханасын салуға, Семей қаласындағы облыстық онкологиялық диспансердің радиологиялық орталығын салуға,  29 ОДА салуға, Ұлан ауданы Бетқұдық ауылының бұрынғы мектеп ғимаратын мәжбүрлі емдеу бөлімін ашу үшін қайта жаңартуға, Ұлан ауданы Бозанбай а. бұрынғы әкімшілік ғимаратын 20 төсектік стационары бар емханаға қайта жаңарту, Аягөз ауданы 3 қабатты  туберкулезге қарсы диспансерді қайта жаңартуға ЖСҚ әзірлеу үшін 208,9 млн. теңге бөлінді. Денсаулық сақтаудың енгізілетін объектілері бойынша  техникалық паспорт дайындау үшін 5,8 млн. теңге бөлінді. Өскемен қаласындағы Қызыл қырандар жағалауындағы көпсалалы 300 орындық аурухана мен облыстық ауруханасынының құрылыс жобалары бойынша  41,3 млн.теңге бөлінді.
Күрделі шығыстарға 3,2 млрд. теңге, соның ішінде құрал жабдық сатып алу үшін 3,1 млрд. теңге (1,6 млрд. теңге – РБ), денсаулық сақтау ұйымдарын күрделі жөндеуге 759,9 млн. теңге жоспарланған.
Білім беру.
2011 жылы білім беру саласын дамытуға 60,5 млрд. теңге бөлінді, а.ж. 1 желтоқсанға 53,2  млрд. теңге  немесе 95,5%  игерілді.
12 нысанның (соның ішінде 6 мектеп, 6  балабақша) құрылысына республикалық бюджеттен 4692,3 млн. теңге бөлінді, Өскемен қаласындағы 530 орындық 2 балабақша мен 600 орындық мектеп құрылысына, Үржар ауданында 640 орындық 2 мектеп, Глубокое ауданында 320 орындық мектеп, Күршім ауданында  600 орындық мектеп, Ұлан ауданында 600 орындық мектеп, Жарма ауданында 280 орындық 2 балабақша, Катонқарағай ауданында 250 орындық балабақша, Зырян ауданында 280 орындық балабақша құрылысына.
Жергілікті бюджет есебінен білім объектілерін салуға және ЖСҚ әзірлеуге 3336,5 млн. теңге, апатты мектептер орнына 23 мектеп салу және оқушы орнының тапшылығы бойынша бір мектеп және үш мектепке жапсарлас 213,9 млн. теңге құрады.
Білім объектілерінің материалдық техникалық базасын нығайтуға 941,6 млн. теңге, күрделі жөндеуге 776,8 млн. теңге бөлінді.

 


Мұрағат

+ 2011
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл 9 ай 2011
+ 2010
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл 9 ай 1 жыл
+ 2009
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл 9 ай 1 жыл
+ 2008
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл 9 ай 1 жыл
+ 2007
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл 9 ай 1 жыл
+ 2006
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл 9 ай 1 жыл
+ 2005
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл 9 ай 1 жыл

Тақырып бойынша ақпараттық хабарлама:


Өскемен қ. Семей қ. Риддер қ. Курчатов қ.
Абай ауданы Аягөз ауданы Бесқарағай ауданы Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы Жарма ауданы Зайсан ауданы Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы Күршім ауданы Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы Үржар ауданы Шемонаиха ауданы