|
ҚР Экологиялық Кодексы
Шығыс Қазақстан облысының
экологиялық жағдайы жайлы
Экологиялық сараптама
Экологиялық сараптама бөлімінде басқарушылық, шаруашылық, инвестиционды және өзге де қызметті іске асыру бойынша құжаттар қарастырылады.
Қарастырылған құжаттар ішінде іске асырылған объектінің сараптамасы бойынша, қабылданған шешімдердің мүмкіндіктері мен рұқсаттар нәтижелері жөнінде мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы беріледі.
Бірінші тоқсан бойынша 2011 жылы экологиялық сараптама бөліміне 1357 құжаттар қарастырылуға түсті, соның ішінде: 439 – жобаға дейінгі материалдар, 461 – жол берілетін шекті нормативтік шығарындылар жобасы, 553 – объектілерді қайта жаңғырту және құрылыс жобалары, 5 – жол берілетін шекті шығарындылар жобалары, 3 – нормативтік қалдықтарды орналастыру жобалары, 1 – физикалық әсерінің нормативтік жобалары.
Қарауға қалғандар саны – 179.
Қарастырылған 1462 қорытындылар ішінде 17-не келісім берілмеген. Келісім берілмеген құжаттардың себебі: экологиялық заңдылық талаптарына сәйкес келмеуі, жоба құжаттарының сапасының төмендігі, есептердегі қателер және тапсырылған құжаттардың толымсыздығы.
Экологиялық реттеу
2011 жылғы 1 шілдегі жағдай бойынша экологиялық реттеу бөлімі 207 өтінімді қарады және қоршаған ортаға эмиссияға 198 рұқсат берді, 5 толықтырылу үшін қайтарылды, 4 қайта қайтарылды. 44 кәсіпорынның өтінімдерінің материалдары қаралуда.
2010 жылдың ІI тоқсанымен салыстырғанда 2011 жылдың ІI тоқсанында берілген рұқсаттардың саны 66 өтінімге артты.
1. Экологиялық реттеу бөлімінен «экологиялық сұрақтар бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң шығарушы актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасына, Шығыс Қазақстан облысының кеңес қоғамы, Шығыс Қазақстан облысының аз және орта бизнес кәсіпкерлерінің кәсіподағы мен Шығыс Қазақстан облысының құрылысшылар қауымдастығының берген ұсыныстарын ескере отырып, ұсыныстар дайындалған.
Осы жылдың 25ақпанында Заң жобасын талқылау туралыа кеңеске қатысты.
2. Осы жылдың 13 қаңтарында Әкімшілік отырысындағы облыс әкімінің 2010 жылдың 23 қарашасындағы №1/6288 тапсырмасының 5 бөлімін орындау барысында Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (келесіде-Басқарма) Аягөз, Бородулиха, Глубокий ауданы әкімшілігі және жобалау ұйымдарының қатысуымен ҚТҚ полигонын орналастыруға сәйкес құжаттарды рәсімдеу туралы кеңес өткізілді.
Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысы Глубокий ауданының Кожоховский, Калининский, Секисовский, Опытнопольский, Фрунзенский ауылдық округі әкімшілігіне «күші бар қоршаған ортаға әсерді бағалау» жобасы әзірленіп, оларға мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы берілді.
Кожоховский, Калининский Фрунзенский ауылдық округіне қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшін өтінімдері өңдеу сатысында тұр.
|