Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
МӘДЕНИЕТ

“Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік филармониясы” ҚМММ

Құрылған жылы – 1958.

Қызметінің негізгі бағыттары:

1. Тұрғындардың эстетикалық танымын дамыту және филармониялық концерттерге тарту ісінде жаңа бағыттар қарастыру;
2. Көрермендер қызығушылығын ынталандыру бойынша шаралар қолдану және дайындау, брошюралар, буклеттер, аннотацияларымен ақпараттық қағаздар шығару, концерттер ұйымдастыру және талдау, артистер мен көрермендердің қатысуымен пікірталастар өткізу;
3. Әрбір жаңа бағдарламаның белгілі бір атауының нақты негіздемесін анықтау.
4. Мерейтойларға, мемлекеттік мерекелерге, естелік оқиғаларға арналған шығармашылық жобаларды іске асыру;
5. Филармониялық және эстрадалық ұжымдардың ауылдық елді мекендерді концерттермен кеңінен қамтуды жүзеге асыру;
6. Тұрғындардың әртүрлі санаттарының арасында жас ерекшелігі, әлеуметтік-білім деңгейін ескере отырып музыкалық-эстетикалық білім беру-ағарту жұмыстарын ұйымдастыру;
7. Шығармашылық ұжымдардың бағдарламаларын жыл сайын жаңартып отыру.

Негізгі экономикалық көрсеткіштер, жетістіктер: 2004 жыл көлемінде:
1.Қызмет көрсетілген көрермендер саны – 55465 адам;
2. Өткізілген концерттер саны – 105.

Билеттерді сату мен қызмет көрсетуден түскен кіріс – 129908 теңге.

Қызметтік міндеттері: жалпы басшылық. Қабылдау күндері: сенбі –16.00-ден 19.00-дейін.
Байланыс телефоны: (7232) 24-04-82.

«ШҚО мемлекеттік филармониясы» КМҚК директоры - Кенжеғали Тұрсынбекұлы Мыржықбай.

1953 жылы 3 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданында туған.
1970 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Семейдегі М.Төлебаев атындағы музыка училищесіне түсті. 1972 жылы Алматы Консервоториясына оқуға түсті.
1976 жылы Ленинград консерваториясына ауысты, 1981 жылы бітіріп, опералық, камералық концерттік әнші, педогог мамандығын алды..
1996 жылы Т.Жүргенов атындағы өнер Академиясын музыкалық театрлар режиссері мамандығы бойынша бітіріп шықты.
1981 -1996 жылдары Абай атындағы опера және балет театрында жұмыс істеді.
1996-1997 жылдары – Гумелев атындағы Евразиялық университетінде доцент болды.
1997-1998 жылдары – Ақмола облыстық филармониясының директоры қызметін атқарды.
1998-2007 жылдары – Қазақ Ұлттық музыка академиясының жеке орындаушылар кафедрасының меңгерушісі болды.
2004 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қабылдауына шақырылды.
2007 жылы -  ҚР Президентінің жолдауымен Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының бастығы болып тағайындалды.
2009 жылдың наурызынан бастап бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік филармониясының директоры қызметін атқарады.
27.12.1991 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген артист!» Құрметті атағы берілді. 2003 жылдан – ВАК профессоры.

Шығармашылық қызмет еткен жылдары әлемнің 15 елінде гастрольдік сапармен болды, Ресейдің 15 қаласында, Қазақстанның 15 облысында концерттер берді. Көптеген халықаралық, республикалық конкурстардың қазылар алқасының мүшесі.  

Телефон: 8(7232) 53-65-51
8(7232) 53-65-72
8(7232) 53-65-37

 

Өскемен қ. Семей қ. Риддер қ. Курчатов қ.
Абай ауданы Аягөз ауданы Бесқарағай ауданы Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы Жарма ауданы Зайсан ауданы Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы Күршім ауданы Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы Үржар ауданы Шемонаиха ауданы