| Мұрағат
2007 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі бағыттары
Полная версия (скачать...)
Облыстағы мұрағат ісін дамытуды мемлекеттік реттеу
2007 жылғы Шығыс Қазақстан облысы мұрағат мекемелерінің іс-әрекеттері
Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» және
«Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы»
Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарын, Қазақстан
Республикасындағы мұрағат ісін дамыту тұжырымдамасын, Қазақстан Республикасы
Үкіметінің, Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпараттар министрлігінің
нормативтік-құқықтық актілерін, сонымен қатар, «1994-2010 жылға арналған
Шығыс Қазақстан және Семей облыстарындағы мемлекеттік мұрағаттарда сақтаулы
ҰМҚ сақталуын ұйымдастыру және сақталуын қамтамасыз етуді дамыту және
жетілдіру», «2006-2008 жылдарға мұрағат құжаттар мен басылымдар
жарияланымдары тақырыптарының тізбесі», «Мемлекеттік тілдің мемлекеттік
органдарда қолданылу аясын кеңейту туралы» орта мерзімді салалық
бағдарламалар мен жоспарларды, «Электрондық әкімдік» және «электрондық
мұрағат» бағдарламаларын жасауды, Мемлекеттік қызмет көрсетуде ИСО-9000
басқаруда халықаралық сапа стандартын енгізуді, Шығыс Қазақстан облысы
Әкімінің, қалалар мен әкімдердің шешімдері мен өкімдерін, облыс мұрағаттар
және құжаттама басқармасының өз бұйрықтарын орындауға бағытталады.
Облыс мұрағат мекемелері жоспарындағы жетекші орынды шет
ел мұрағаттары мен ғылыми мекемелеріндегі ҚР үшін тарихи және мәдени
құндылығы бар ХV-ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихы бойынша құжаттар іздестіру
және олардың көшірмелерін алу жөніндегі бағдарламаны орындау, еліміздің
тарихи-мәдени құжаттық мұрасын сақтау және жан-жақты пайдалану, сонымен
қатар, облыс мемлекеттік мұрағаттарындағы материалдық-техникалық базаны
жетілдіру және Шығыс Қазақстан облысы «электрондық әкімдігі» бағдарламасын
жасау, оның ішінде «Шығыс Қазақстан мұрағаттары» меншікті сайтын, мұрағаттар
басқармасында электрондық жеке жүйе жасау, ИСО-9000 сапа халықаралық
стандартына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мақсатында облыс мұрағат
мекемелері үшін бағдарламалық қамсыздандыру алу бойынша ісшаралар алады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 ақпандағы
№183 «Ақылы қызмет көрсету және түскен қаржыны мемлекеттік бюджет есебінен
ұсталатын мемлекеттік және ведомствалық мұрағаттардың пайдалану ережесін
бекіту туралы» Қаулысын; Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару бойынша
комиттетің 12.06.200 жылғы №44 «Мұрағат ісін дамытудың нормативтік-құқықтық
және ғылыми-әдістемелік базасы туралы»; 11.04.2000 жылғы №47 «ҚР ҰМҚ
құжаттарының орталықтандырылған мемлекеттік есебі туралы нұсқауды бекіту
туралы»; 11.09.2000 ж. №56 «Мемлекеттік мұрағаттардың, мемлекеттік заңды
тұлғалардың іс жүргізу және мұрағат қызметі қызметкерлерінің іс жүзіндегі
біліктілігін арттыру курстары жұмысын ұйымдастыру туралы» бұйрықтарын іс
жүзінде орындау жалғасуда.
Облыс мұрағатшылары Қазақстан Республикасы және Шығыс
Қазақстан облысы айтулы күндері мен естелікті даталарын мерекелеуге арналған
іс шараларға белсенді қатысуды, бұл оқиғаларға шолулық ақпараттарды анықтау
және пайдалану, құжаттар жинағын әзірлеу, көрмелер өткізу, мүдделі
органдарды, қоғамды Ұлттық мұрағат қоры құжаттар мен мазмұны туралы
ақпараттандыру бойынша жұмыстарды арнауды жоспарлап отыр.
2010 жылға дейін есептелген Тілдердің қызмет етуі және
дамуы жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру бойынша іс шараларды
орындау жалғаса бермек. Барлық деңгейдегі әкімдер аппараттарымен өзара
әрекет аясында облыстағы мұрағат ісін дамыту сұрақтары бойынша (оның ішінде
облыс Әкімі сайты арқылы) және мұрағат қызметінің барынша көкейтесті
сұрақтары бойынша: құжаттандыруды бақылау, ведомствалық сақтау кезеңіндегі
құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, оларды мемлекеттік сақтауға өз
уақытында мемлекеттік мұрағаттарға өткізу, облыс, қалалар, аудандар
мемлекеттік мұрағаттарының өзіндегі құжаттарды сақтау жағдайы және
проблемалары жөнінде ақпараттандыру жүзеге асырылады.
Мемлекеттік мұрағаттардың материалдық-техникалық базасын
жетілдіру бойынша жұмыстар, оның ішінде арнайы ғимараттар құрылысы және
қолда бар мұрағат жайларын кеңейту, облыс мемлекеттік мұрағатына арналған
сыйымдылығы 1 млн.сақтау бірлігі ғимарат құрылысы бойынша жұмыстар
жетілдіріледі.
2007 жылы мемлекеттік ұйымдар әрекеті барысында пайда болатын сақталу
мерзімі көрсетілген тұрпатты құжаттар тізбесін іс жүзіне ендіру бойынша
жұмыстар, мемлекеттік және орыс тіліндегі мұрағатқа арналған әдістемелік
база жасау, оның ішінде «электрондық мұрағат» жасау бағдарламасының аясында
облыс мемлекеттік мұрағаттарының тақырыптық мәліметтер базасын жасау
бағыттарын кеңейту бойынша жұмыстар жалғасын таба бермек. Облыс мемлекеттік
мұрағаттарын жабдықтау көздері болып табылатын ұйымдардың тізімін және
жиынтық тізімді анықтау бойынша жұмыстар және іс жүргізу қызметтері
қызметкерлеріне арналған біліктілікті көтеру курстарын жүргізу, Комитеттің
тапсырмасы бойынша кешенді текеру өткізу, Қазақстан Республикасы Экономика
және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мемлекеттік органдары мен
ұйымдарындағы құжаттандыру, құжаттаманы басқару және құжаттардың сақталуына
бақылаулы тексеру жүргізу, сонымен қатар, осы сұрақтар бойынша мемлекеттік
органдар мен ұйымдарда тақырыптық тексерулер жүргізу жоспарланып отыр.
ШҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасы жыл ішінде
ведомствалық мұрағаттарға ұйымдастыру-әдістемелік жетекшілік жасауды,
ведомствалық сақтау кезеңіндегі құжат жасалу және құжаттардың сақталуын
қамтамасыз ету сұрақтары бойынша тексерулер жасау, заңды тұлғалар
құжаттамаларын басқару қызметтеріне кеңес беру көмегін жасау көздеуде. Бұл
сұрақтарды барынша тиімді шешу үшін ведомствалық мұрағаттар меңгерушілерінің,
заңды тұлғалардың құжаттандыру жағдайы мен құжаттаманы басқаруға жауапты
тұлғалардың есептерін тыңдау, бірлескен семинарлар өткізу, тексерулер жасау,
сондай-ақ мүдделі тұлғаларды осы сұрақ бойынша тұрақты тұрде ақпараттандыру
жоспарлануда, облыс мұрағат мекемелерінің жұмыстары облыс мұрағат
мекемелерінің дирекциясы, СТК, ҒӘК сияқты алқалы органдар шешімдерінде
баяндалып отырылады.
2007 жылы облыс мұрағаттар және құжаттама басқармасының
СТК және ЖТҚО СТҒӘК жұмыстары дәстүрлі түрде жоспарланып отыр, атап айтқанда:
басқарма құжаттамалары, жеке бас текті құжаттар, ғылыми-техникалық құжаттама,
кино-фото-фоно-бейне-сюжеттер тізімдемелерін қарау және бекіту; аса бағалы
істер мен құжаттарды анықтау, сонымен қатар, жинақтардың
жоспар-проспектілерін әзірлеу, көрмелердің тақырыптық-экспозициялық
жоспарларын жасау барысы, мұрағат әрекетінің маңызды бағыттары бойынша
әдістемелік кеңестер, оның ішінде мемлекеттік тілдегі, қорлдарды жетілдіру
мен қайта өңдеу қорытындыларын қарау, ведомствалық СК төрағаларының, Семей
қаласы бойынша салық комитеті, құрылыс колледжі, Семей қаласының Экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімінің, Ұлттық ядролық орталықтың ведомствалық
мұрағаттарының және т.б. меңгерушілерінің есептерін тыңдау.
Мұрағаттар басқармасы СТК және ЖТҚО СТҒӘК бекіткен
тізімдемелер көлемі келесідей болмақ: басқарма құжаттамаларының 14000 с.б.,
ғылыми-техникалық құжаттамалардың 300 с.б., жеке бас текті құжаттардың 675
с.б., кино 25 есеп бірлігі, бейне сюжеттер 34 есеп бірлігі, фото 370 с.б.,
фоноқұжаттар 6 есеп бірлігі.
Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету саласы бойынша
жылда орындалып келе жатқан істер мен құжаттардың бар-жоғын және жағдайын
тексеру, қағаз негіздегі құжаттар мен істердің физикалық жағдайын жақсарту,
өшуге айналған мәтіндерді қайта басу және компьютерлік технологияны қолдана
отырып, құжаттарды қалпына келтіру сияқты жұмыс түрлерін орындау жоспарланып
отыр. Ерекше бағалы құжаттар мен істерді анықтау, оның ішінде аудиобейне
құжаттарды анықтау, сақтандыру қорларын жасау және оларды жеке сақтауды
қамтамасыз ету, тарихи-мәдени объектілерге жататын ҚР ҰМҚ құжаттарын анықтау
бойынша жұмыстар жалғастырылады. «Архивный фонд» бағдарламалық кешенін
ендіру бойынша жұмысты аяқтау көзделіп отыр.
Облыс мұрағат мекемелері әрекеттеріндегі жетекші
орындардың бірін шолулық ақпаратты қолдану, фотоқұжатты көрмелер әзірлеу,
мүдделі органдар мен қоғамды Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының құрамы мен
мазмұны туралы ақпараттандыру, Қазақстан Республикасы мен Шығыс Қазқастан
облысының естелікті және айтулы күндері бойынша жұмыстар алатын болады. Жеке
бас текті құжаттарды жинақтау бойынша, облыстық маңыздағы айтулы оқиғаларға
бейнетүсірілімдер жасау, жергілікті газеттерге мақалалар мен жарияланымдар
әзірлеу, экскурсиялар мен мектеп сабақтарын өткізу бойынша ұйымдастыру
жұмыстары жалғасады.
Жыл ішінде облыс мұрағат мекемелерінің басшылары мен
мұрағатшылары республикалық мәжілістерге, семинарларға, ҚР Мәдениет және
ақпараттар министрлігінің алқасына, жақын шетелдердің мемлекеттік
мұрағаттарға, сонымен қатар, облыс мемлекеттік мұрағатының филиалдары мен
ЖТҚО-на, аудандық мұрағаттарға іс әрекет сұрақтары, тексеру жасау, мұрағат
әрекетінің барлық бағыттары бойынша әдістемелік және практикалық көмек
көрсету бойынша іссапарлар жасайды...
|