| |
Бүгінгі күні барлық мемлекеттік мәдениет мекемелері мен ұйымдарының саны 626 бірлікті құрады, оның ішінде 261 клуб мекемелері, 303 кітапхана, 12 электрондық кинотеатр, 10 мұражай, 9 киноқондырғы, 7 бейнемобиль, 4 концерттік ұйым, 2 театр, 1 саябақ, 1 зообақ, 1 кинобейнеқұжаттар қоры мен 1 мәдениет пен өнерді қолдау қоры бар.
Облыс мәдениетінің бюджеті 2 млрд. 717,3 млн. теңге немесе жоспарланғанның 98,8 пайызын құрады.
Облыстың мәдениет үйлері мен клубтарында 1156 үйірмелер мен шығармашылық бірлестіктер жұмыс істеді. Қатысқан адамдар саны 19127. Олардың: 257-би ұжымдары, 204–хор және вокалдық ұжымдар, 139–драма ұжымдары, 93–фольклорлық ұжым, 88-отбасылық ансамбльдер, 86 - ән-би ансамблдері, 82 – халық аспаптар оркестрлері, 69 – вокалдық-аспаптар ансамбльдері, 5 – үрмелі аспаптар оркестрі.
Облыс бойынша клуб мекемелері 18,6 мың мәдени-көпшілік іс-шаралар – фестивальдер, конкурстар, байқаулар, диспуттар, тақырыптық кештер өткізіп, 1 млн. 9 мың адамды қамтыды.
Тұрғындардың әр-түрлі топтарына арналған «Ұлы Шәкәрім мұралары», «Уақыттар мен тағдырлар» тақырыптары бойынша кітап көрмелері, тақырыптық сөрелер, экспозициялар, «Шәкәрімді оқығанда», «Ақынның соңғы көктемі» атты кітап көрмелері, дәрістер, әңгімелер циклдері ұйымдастырылды. Мәселен, Зырян ауданында жастарға арналған «Шәкәрім әлемінде» атты Интернет-саяхат, Шемонаиха ауданында «Ғасыр перзенті» әдеби оқулар, Риддер қаласында «Өшпейтін жұлдыз» атты шығармалар конкурсы, Тарбағатай, Зайсан, Күршім аудандарында әдеби-музыкалық кештер өткізілсе, Жарма ауданында «Шәкәрімнің сырлы сөздері» атты әдеби оқулар, ал Бесқарағай ауданында аудандық ақындар айтысы өтті.
Дәстүрлі облыстық көркемөнерпаздар байқауы, Дельфийлік ойындардың конкурстары, Оралхан Көшеров атындағы әншілер конкурсы мен Тұрғазы Нұқай атындағы ақындар мүшәйрасы - көркемөнерпаздар шығармашылығын дамыту үшін зор ықпал етті.
Мүгедектер арасында өткен 7-ші облыстық көркемөнерпаздар мен қолданбалы өнер, әдеби-поэзиялық фестиваліне Өскемен, Семей Риддер, Зырян, Шемонаиха қалалары мен Глубокое, Ұлан, Тарбағатай аудандарының ұжымдары қатысты. Жүлде алған қатысушылармен қатар өнер көрсеткен әрбір қатысушыны мәдениет басқармасы марапаттап, мүмкіндіктері шектеулі жандардың ерліктерін жоғары бағалады
Астана қаласының 10-жылдық, Шәкәрімнің 150-жылдық мерейтойларына және Ресей Федерациясы мен Монғол Халық Республикасы шекаралық аймақтарымен халықаралық әріптестік шеңберіндегі іс-шаралар барысында шығармашылық топтар үлкен сыннан өтті. Олар Зырян қаласының «Зыряночка» би ансамблі, Өскеменнің «Ладушки» фольклорлық тобы, ақындар Нұртай Тілеужан, Аслан Ғафуров, Абай ауданының «Қаламқас» ән-би ансамблі. Оларға үлкен сахналарда өнер көрсету үшін арнайы сахналық киімдер тігілді. Шәкәрімнің 150-жылдық мерейтойына арналған ақындар айтысына қатысқан облысымыздың 15 ақынға да сахналық киім тіктірілді.
Қазақ диаспорасының шақыруымен облыстың танымал өнер ұжымдары Новосибирск қаласында өткен “Қазақтың халық билері мен ұлттық киімдері” семинарына, сондай-ақ, қазақ билері фестиваліне, Аякөз ауданының фольклорлық ансамблі 8-ші Сібір фестиваліне қатысып қайтты.
Өскемен қаласының “Пируэт” хореографиялық Ансамблі Минск қаласына Халықаралық 5-ші Дельфийлік ойындарға қатысты. 2007 жылдың қорытындысы бойынша облыстық көркемөнерпаздар байқауының жүлдегері Жарма ауданы өнерпаздарының Қытай Халық Республикасына гастрольдік сапары екі жақты келісім бойынша 2009 жылға ауыстырылды.
Республикамызға белгілі айтыскер ақын Серік Құсанбаевтың, тарбағатайлық әнші Есмұрат Қыдырмолдановтың, күршімдік Нәбиолда Кемешовтың, әнші Бауыржан Рахымбековтың шығармашылық кештері, Шәкәрімнің 150-жылдық мерейтойларына арналған республикалық ақындар айтысы облыс жұртшылығын елең еткізген шаралар болды. Облыс әкімі тағайындаған бас жүлде - темір тұлпарды Дәулеткерей Кәпұлы жеңіп алды.
Қазіргі уақытта 14 ауданда автоклубтар бар. 7 ауданда: Зайсан, Күршім, Тарбағатай, Абай, Үржар, Аягөз, Бесқарағай аудандарында қазіргі заман техникасымен жабдықталған бейнемобильдер бар. Шалғай ауылдар мен мәдениет мекемелері жоқ елді мекендерге мәдени-демалыс қызметін көрсету мақсатында жылжымалы мекемелердің мүмкіндігін барынша пайдалануды дамыту қажет. Елді мекендерге қызмет көрсету кезегі мен сапарлардың кестесін жасау керек, концерттер қойып, жастар үшін дискотекалар ұйымдастыру керек. Қарттар мен орта жастағы адамдарды, балаларды кітаптармен, мерзімдік басылымдармен қамтамасыз ету қажет. Барлық аудандарды автокөлікпен қамтамасыз ету мәселесін шешу керек: Осылайша жылжымалы мекемелердің мүмкіндіктерін толығымен пайдалануды одан әрі дамытуымыз керек.
Облыстағы көпшілік кітапханалар да нақты жұмыстар атқаруда. 365,2 оқырманға қызмет көрсетіліп, 8 млн 1 мың кітап берілді. Облыс кітапханаларына 35 млн 7 мың теңгеге 324,2 мың дана жаңа кітаптар түсті.
Облыс кітапханаларында «Ұлы Шәкәрімнің мұралары», «Уақыт пен тағдырлар» атты тақырыптық көрмелер ұйымдастырылды.
2003 жылдан бастап облыста орталық аудандық кітапханаларды компьютерлендіру және Интернетке шығу жобасы табысты жүргізілуде.
Облыс кітапханаларындағы компьютерлердің жалпы саны 341, көшіру техникалары – 65 бірлік, 30 кітапхана Интернетке, электрондық поштаға шыға алады. Интернет қызметін пайдаланушылар саны 18,1 мың адам.
Шемонаиха, Глубокое, Тарбағатай, Күршім, Бесқарағай, Катонқарағай, Ұлан және Зырян аудандары қазіргі заманғы компьютерлермен жабдықталып, Интернетке шығуға мүмкіндігін белсенді пайдалануда.
2008 жылы А.Пушкин атындағы кітапхананың абонементіне күрделі жөндеу жүргізілді және конференция залына синхрондық аударма құралдары, кітаптарды көшіретін жаңа жабдықтар сатылып алынды.
Облыс кітапханашыларының шығармашылық белсенділіктері туралы 2008 жылдың 7-15 маусым күндері Шығыс Қазақстан облысының мәдениет қызметкерлерінің «Кітапханалар мен ақпараттық ресурстар: қазіргі заманғы ғылым, мәдениет, білім және бизнесте» тақырыбындағы 15-Халықаралық Қырым конференциясына қатысып арнайы 2 тақырып бойынша баяндама жасаулары айғақтайды.
Облыс кітапханаларының негізгі міндеті оқырмандарға ақпарат іздеу мерзімі шектеусіз әрі ақысыз қызмет көрсету көлемін кеңейту болып табылады.
Соңғы жылдары осындай дербес мемлекеттік мекеме ретінде тек 9 кітапхана: Шемонаиха, Глубокое, Абай, Бесқарағай және Зырян аудандық, Өскемен, Семей және Риддер қалалық кітапханалары ғана қайта тіркеуден өткен.
Жергілікті бюджеттен қаржыланатын, жергілікті бағдарламаларды орындаушы Аягөз, Зайсан, Бородулиха, Жарма, Күршім, Көкпекті аудандарының орталық кітапханалары алдын ала мемлекеттік тіркеуден өтіп аталған мекемелер тізіміне неғұрлым тезірек енетін болса, олардың қызметін одан әрі жақсарту мәселесі тезірек шешілер еді. Бұл жағдай олардың материалдық-техникалық базасының нашарлығына негізгі себеп болып отыр.
Кітапханаларға заңды тұлға мәртебесін беру ең алдымен кітапхана қызметкерлеріне өз қорларының сапасын арттыру мен ақпараттық кеңістіктерін кеңейту мәселесін дербес шешуге, өз жұмыстарына жаңа технологияларды енгізуді жеделдетуге қосымша мүмкіндіктер беріп, жауапкершіліктерін артырар еді.
Ауылдық кітапханалардың ақпараттық ресурстарын жаңарту бағдарламасының жеткіліксіз қаржыландырылуы және сапалы қор қалыптастыру бойынша мақсатты жұмыс жүргізуге қаржы жетіспеушілігі жағдайын ескере отырып аталған кемшіліктерді жою үшін және оған мақсатты түрде қаржылық қолдау көрсету жөнінде барлық мүмкін болатын шараларды қабылдау қажет.
Бүгінгі күні ауылдық кітапхана қызметі өзінің жұмыс бағытын жергілікті, республикалық және халықаралық стандарттарға сәйкестендіріп толықтай жаңартулары керек.
Облыс бойынша бүгінде 10 мұражай жұмыс істейді. Облыс мұражайларының негізгі қорларындағы жәдігерлер саны 2008 жылдың соңында 23 мың бірлікті құрады. Оның ішінде есеп беру жылында 894 мың теңгеге 1300 жәдігер сатылып алынды. Жыл бойында 1 млн 7 мың жәдігер экспонатталды. Облыс мұражайлары 2650 саяхат, 405 дәріс, 140 көрме өткізді. Мұражайларға келушілер саны жыл бойында 1 млн 203 мың адамды құрады. Қызмет көрсетуден түскен табыс 1 млн. 600 мың теңгені құрайды.
Облыстық мұражайда Шәкәрім мұраларын зерттеу жөнінде үлкен жұмыстар атқарылды. Семей қаласының тарихи-өлкетану мұражайында «Тамыры терең бәйтерек» атты Шәкәрім шығармашылығына арналған экспозиция құрылды, осы материалдар бойынша қала мектептерінде жылжымалы көрмелер ұйымдастырылуда. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Шәкәрімнің жұлдызы» атты көрме ұйымдастырылып, оған қоғам қайраткерлері мен бұқаралық ақпарат құралдары шақырылды.
Абай клубы шығарған «Шәкәрім» атты 3-томдық сыйлық кітаптары сатылып алынды. Оның тұсаукесері облыстық А.С.Пушкин атындағы кітапханада өткізілді.
Тұңғыш «Шәкәрім» энциклопедиясы жарық көрді, авторлық топтардың редакциясымен «Шәкәрім елі» атты деректі фильм түсірілді.
Түңғыш рет жергілікті автор Арғынбек Ахметжанов Шәкәрім өлеңдеріне жазған ән клавирі мен қос тілде «Үш анық» деректі фильмі түсірілді.
Жамбыл атындағы саябақтағы зообаққа штат бірліктері қосылып, қысқы мерзімге ыңғайланып салынған жаңа вольерлермен Ертістің сол жағалауына көшірілді. «Бастеньки» этнографиялық фольклорлық ансамблі Москва қаласында өз өнерлерін көрсетіп үлкен жетістіктерге жетті.
«2007-2009 жылдарға арналған «Мәдени мұра» өңірлік бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Берел қорғанының қазыналары» атты экспозиция құрылды, Мұрат Сұлтанбековтың еңбектері, дәстүрлы балалар шығармашылығы көрмесінің каталогы басылып шықты. Е.Құранбаевтың «Шежіре шерткен шер мен сыр» атты кітабы сатылып алынды. М.Әуезовтың «Абай жолы» кітабына түрлі-түсті иллюстрация, «Күн мен түннің теңескен күні» атты Ақ-Бауыр жотасындағы археологиялық ескерткіштер туралы деректі фильм түсірілді.
Өскемендегі қалақұрылысы және сәулет ескерткіштеріне нөмірленген күзет ордерлері берілді. 2008 жылы мәдениет басқармасының қаржысымен Семей қаласында Әміре Қашаубаевтың, Шемонаиха ауданында жазушы Анатолий Ивановтың бюсттері орнатылды. 2008 жылы облыс бюджетінен бөлінген трансферттер есебінен 50 млн.теңгеге Семей қаласының демалыс саябағына Шәкәрім Құдайбердиевтің ескерткіші орнатылды және Абай ауданы Жидебай қыстағындағы мұражай-қорыққа мәдени-туристік кешен салынды, А.Пушкин мен А.Құнанбаевтың ескерткіштерін орнатуға ең үздік жобалар конкурсы өткізілді.
Бүгінгі күні жаңадан құрылған тарихи-мәдени мұраларды қорғау жөніндегі Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мекемесінің алдында жергілікті жерлердегі сәулет және монументалдық ескерткіштерді төлқұжаттандыру, қалақұрылысы және сәулет ескерткіштерінің электрондық Жинағын құру, облыс орталығында Александр Пушкин мен Абай Құнанбаев ескерткіштерін орнату, өңірлік мұраны дәріптеу мақсатында осы елден шыққан Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов, Гребенщиков, Аманжолов, Васильев және т.басқалардың тарихи орындары бойынша открыткалардың тақырыптық түржиындарын жасап шығару сияқты міндеттер тұр.
2009 жылы «Қазақ Алтайының ежелгі түрік мәдени кешендері. Зерттеу аспектілері және интерпретация» монографиялық жинағын шығару жұмыстарын аяқтау керек.
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын табысты іске асыру үшін археологиялық, сәулет және монументалдық ескерткіштер тізімін жүйелендіру және сәулетші, археолог, өнертанушы мамандарды тарта отырып жергілікті жерлерде төлқұжаттандыру жұмыстарын сапалы түрде аяғына жеткізу керек. Заңмен қорғалатын ескерткіштердің бірыңғай үлгідегі мемориалдық тақталарын жасау жөніндегі жұмыстарды жүргізіп, облыстың қалақұрылысы және сәулет ескерткіштерінің электрондық Жинағын құруға кірісу керек.
Облыс театрлары халыққа барлығы 509 спектакль қойып, 128,7 көрерменге қызмет көрсетті, түскен табыс 38,8 млн. теңге. Бюджеттен 129 млн. теңге субсидия бөлінді.
Облыс театрлары 22 жаңа спектакльдер қойды, мәселен: Өскемен қаласындағы Жамбыл атындағы драма театры: А.Цагареллидің «Хануманың қалжыңдары», Б.А.Куниннің «Шағала», В.Илюховтың «Настенька», Т.Теменов пен О.Манджиевтің «Нағыз достар», И.Ғайыптың «Адал күнә», Ж.Аймауытовтың «Ақбілек», Т.Ахметжановтың «Қараторғай» спектакльдерін; Семей қаласының Абай атындағы музыкалық-драма театры, Ф.Достоевский атындағы орыс драма театры: С.Кенжеахметұлының «Жарысқазан», «Батыл достар», Ә.Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар», В.Лифшицтің «Аленушка және солдат», ағайынды Гримдердің «Бремен музыканттары», А.Островскийдің «Бонкрот», В.Ляпиннің «Чикагодағы атамның мұралары» және т.б. спектакльдерін сахналады.
Әсіресе, Абай атындағы театр қойған «Шәкәрім» спектаклін ақын-философтың мерейтойы кезінде тамашалаған Семей жұртшылығы жылы қабылдады. Абай театрының тарихындағы тағы бір елеулі қойылымдардың бірі «Абай-Біржан» спектаклі болды.
Алаш қозғалысының 90 жылдығына да байланысты көптеген кешенді шаралар өткізілді: Семей қаласында ғылыми тәжірибелік-конференция, Өскемен қаласының Жамбыл атындағы облыстық драма театры Ж. Аймауытовтың “Ақбілек” спектаклін Семей мен Өскемен қалаларының жұртшылығына ұсынды. Осы спектакльмен қараша айында Ақтау қаласында өткен республикалық театр фестивалінде дипломға ие болды.
Концерттік ұйымдар жыл бойында 585 концерт ұйымдастырып, 167 мың көрерменге қызмет көрсетілді, концерттерден түскен табыс 30 млн. теңгені құрады.
Өткен жыл - Өскемен қаласындағы облыстық филармонияның құрылғанына 50 жыл, камералық оркестрдің құрылғанына 10 жыл, «Алтай» фольклорлық ансамбліне 5 жыл толу мерейтойларымен есте қалды.
Облыс тұрғындары арасында облыс әкімінің симфониялық оркестрі, қазақ халық аспаптар оркестрі, камералық, үрмелі аспаптар оркестрлері, би ұжымымен «Алтай» фольклорлық ансамблі концерттік бағдарламаларын ұсынып, халық ілтипатына ие болуда.
Бұл ұжымдардың репертуарлары тек әлемдік классикалық шығармалармен ғана емес, қазақстандық классикалық, халықтық музыка өнерінің маржандары болып саналатын қазақ авторларының шығармаларымен толығып отырады. Сергей Косачев жетекшілік ететін облыс әкімінің симфониялық оркестрі Семей, Павлодар қалаларында гастролдік сапармен болып қайтты.
Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарында Құрманғазы атындағы оркестрінің гастрольдік сапары табысты өтті. Облыстық филармония жыл бойында Қазақстанның Халық артистері Нұржамал Үсенбаева мен Роза Рымбаевалардың, Нұрғали Нүсіпжановтың, «Дос-Мұқасан», «На-На», «Новый Ариэль», «Тодес» шоу-балетінің, «Санкт-Петербург» оперетта театрының, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен Лаки Кеосоглудың концерттері өз тыңдаушыларын өнерімен сусындатты.
Облыстық филармонияның шығармашылық ұжымдары үшін сахналық киімдер тігіліп, концерттік рояль сатып алынды, ашық аспан астында мәдени іс-шаралар өткізуге арналған, Қазақстанда бұрын-соңды болмаған жылжымалы сахна кешені Қытай Халық Республикасында арнайы тапсырыспен жасалды, кешен пульт арқылы басқарылады және жоғары дейгейдегі күшті дыбыс ұлғайтқыш аппараттармен жабдықталған.
Шығыс Қазақстан облысында бірінші рет «Сүйікті қалам - Өскемен» атты Қазақстан және Россия жұлдыздарының қатысуымен ретро-фестиваль өткізілді, авто-сахананың тұсаукесері де осы жерде өтті. Өскемендіктер Ресейдің атақты әншісі Ринат Ибрагимов, “Ариель” тобы, Қазақстанның өнер майталмандары Бибигүл Төлегенова, Әлібек Днішев, Лаки Кесоглу, “Жетіген” ансамблінің өнерлерін тамашалады.
Өткен жылы Семей қаласының Ә.Қашаубаев атындағы облыстық филармониясы, «Еураз-шоу» ән театры, «Дариға-ай» жастар театрлары да табысты еңбек етті.
Ә.Қашаубаев атындағы филармонияның «Асыл мұра» ансамблі Ресей Федерациясы, Алтай аймағында, филармония әншісі Шәкәрім әндерінің орындаушысы Келденбай Өлмесеков Парижде ЮНЕСКО ұйымдастырған Шәкәрімнің 150-жылдығын мерекелеуге арналған шарада және Шығыс Қазақстан облысының аудандары мен қалаларында сәтті өнер көрсетті.
Мәдениет қызметкерлерінің кәсіби біліктіліктерін арттыру халықаралық тәжірибелер ескеріле отырып өңірдің таңдаулы мәдениет мекемелерінде жетілген өз тәжірибелері негізінде дербес жүзеге асырылады.
Облыстағы барлық мәдениет және өнер мекемелері жаңа технологияларды, жұмыстың қазіргі заман талабына сай жаңа әдістерін меңгерген кәсіби мамандардың қажеттілігін сезініп отыр.
2009 жылы облыстық бюджеттен мәдениетті қаржыландыруға 2 млрд 538 млн 681 мың теңге мөлшерінде қаржы қаралды, оның ішінде
- мәдени-демалыс жұмыстарын қолдауға – 1 млрд 94 млн 784 мың теңге;
- тарихи-мәдени мұраны қорғау және оған қол жетімділікті қамтамасыз етуге – 353 млн 922 мың теңге;
- театр және музыкалық өнерді қолдауға – 311 млн 70 мың теңге;
- облыстық кітапханалар жұмысын қамтамасыз етуге – 612 млн 988 мың теңге.
Мұрағат
|