Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң ресми сайты
Aйдарларының тiзбесi
Жаналықтарға жазылу
 
RSS форматындағы жаңалықтар
Іздеу  
 
АЗАМАТТАР

ОТБАСЫЛЫҚ ПСИХОТЕРАПИЯ

Қыз балаға әке қаншалықты қажет?

 

Отбасылық қарым-қатынас күші: дүниеге келу  тәртібі

Туған отбасындағы өмір (біздің туып, өскен отбасымыз) – біздің бүкіл болашағымызды айқындайтын ең маңызды мәселеміз. Өміріміздің бүкіл болашағына дүниеге келу тәртібі мен өмірге деген көзқарастың рөлі басты әсер етері анық. Өзіндік көзқараспен өзімізді қалай тани білсек, барлық жағдайларға да дәл солай қараймыз және отбасынан тыс өзіміз қоршаған ортамен де дәл солай қарым-қатынас жасаймыз – мұның бәрі отбасы мүшелерінің бізге болашақ әке мен ана ретінде қарауынан басталады.  

 

Отбасылық психотерапия отбасын зерттеп білуге және алдын алу мақсатында оған ықпал жасауды, сонымен қатар кейінгі әлеуметтік-еңбек құқығын қалпына келтіруді қамтитын облыстыңпсихотерапиясыболыптабылады. Отбасылық психотерапияның әдісі бәрінен бұрын маскүнемдік, нашақорлық, психопатия, психоздық және психосоматикалық аурулар кезіндегі психотикалық емес психогендік бұзылу кезінде (жүйкенің тозуы, аса қызбалық және өзіне өзі қол жұмсаушылық реакциялар, мінез-құлықтың патологиялық бұзылушылық жағдайы) қолданылады. Отбасылық психотерапияға психотерапияның басқа салаларымен қарастырылмайтын қосымша аспектілердің тобы кіреді - бұл дегеніміз отбасылық мөлшерде қызмет ету, отбасылық бұзылушылық түрлері, оларды алдын алу, отбасы мүшелерінің психикалық және соматикалық денсаулығына әсер ету, отбасы тіршілігінің бұзылу диагностикасы. Отбасылық психотерапиямен бір мезгілде дәрігер және медициналық психолог қызметі ретінде педагогикалық, заңгерлік, экономикалық ықпал етеді. Олардың айырмашылықтары бәрінен бұрын өз мақсаттарымен анықталынады. Педагогикалық ықпал ету отбасының тәрбиелік және білім беру мәселелерін шешуге бағытталған. Отбасылық қарым-қатынас мөлшерінде ерлі-зайыптыларға көмек көрсететін психологиялық консультацияны және медициналық мақсатты алдына қоймайды. Отбасына және оған ықпал етуге арналған ғылыми әдебиеттерде кейде отбасылық психотерапияны алдына медициналық мақсат қоймайтын отбасымен психологиялық жұмыс жасау сияқты атайтынын көрсету қажет. 20 ғасырдың 70-80 жылдарында отбасына көмек көрсетудің барлық мүмкіндіктегі түрлерінің маңызды саны қалыптасты. Бұл отбасылық консультациялар, танысу қызметтері, отбасылық жаңару және білім берудің әртүрлі түрлері (отбасылық университеттер, дәріс оқытушылар және т.б.), сексологиялық, педиатриялық, педагогикалық кабинеттер болып табылады. Іздеу процесі барлық осы үлгілер арасындағы өзара байланыс және өзара қарым-қатынас жолдарында іске асады, дегенмен отбасына қызмет көрсету мекемесінің ұйымдастыру және үйлестіру қызметі олардың әртүрлі ведомстваларға жататындығынан қиындап кетті. Осы уақытқа дейін отбасына көмек көрсету қызметінің бірыңғай жүйесі өңделінген жоқ, ал отбасылық психотерапияның көзқарасымен осындай жүйені құрудың нәтижесінде отбасына көмек көрсетудің көп түрлі басқа үлгілері қатарындағы берілген облыстың психотерапиясының орнын анықтау мүмкін болар еді.

 

ҚАЛАУСЫЗ ТУҒАН БАЛА (ата-анасының қалауынсыз туған бала) (психологтың түсініктемесі)

Соңғы жылдары Республикамызда бала туудың көбейіп келе жатқаны байқалады. Ол халықтың әл-ауқатының артқандығынан, сол себепті бала сүюге даярлықтың да өскенін көрсетеді. Дегенмен, психологтардың, педагогтардың, балалар практикасы дәрігерлерінің пікірі бойынша , сонда да бала тууды жоспарлау қажет. Бұл жағдайда балалардың қалаулы және қалаусыз туылуы өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Сонымен, отбасында бірінші бала да , екінші бала да қалаусыз болып туылуы мүмкін, ал оның соңы зардапқа әкеліп соғары хақ. Қалаусыз туған балаға қарағанда, қалаулы туған баланың денсаулығы күшті болып туады, олар аз ауырады, шыжын ауруымен ауырмайды, оларда патологиялық әдеттер мүлде жоқ деуге болады, олар әлдеқайда салмақты, ықыласты, өздеріне сенімді және тез тіл табысқыш болып келеді. Қалаусыз бала ұғымы үзілді-кесілді және бір ғана мағынада болуы міндетті емес, оның әлдеқайда астарлы түсініктемелері бар. Оларға кездейсоқ, шарасыз, мерзімінен бұрын, күткен жынысына сәйкес емес, артық және «екі аралықта» туған балаларды жатқызуға болады. Тіпті баланың қалаусыз болуын ешқандай себеп-салдарсыз, таза күйінде алсақ та, қалаусыз туған бала үнемі қалаулы туған баладан денсаулығы жағынан да, психологиясы жағынан да өзгеше болады. Жүктілік қалаусыз болған соң, анасы оны сақтауға, зиянды әсерлерден қорғауға тырыспайды, бала күткендегі қуаныш сезімі болмайды. Босанудың өзін қорқынышпен күтеді, ал жүктілікті – қасіретпен. Жүкті әйелдерді, босануды және балалардың ерте жетілуін зерттеп-тексеру мәліметтері бойынша, босанудан қатты қорқатын аналар сенімді түрде балаларын тәуліктік балалар бақшасына береді. Соңынан барып, мұны баланың қалаулы не қалаусыз болу факторымен байланыстырып, баланың қалаусыз болуы, босанудан қорқу және ол туа салысымен одан психологиялық құтылу бір-бірімен тығыз байланысты екеніне көз жеткізуге болады. Қалаусыз балалар көбінде мерзімінен бұрын туады және олардың салмағы, әрине, нормадан кем болады. Бала өмірінің алғашқы жылында анасының көңіл-күйінің жақсы болғаны қажет-ақ. Бірақ бала қалаусыз болған соң, оларды көтеру, олармен сөйлесу, кеудесіне қысу, оларға қарап күлу, еркелету жақтары жетіспейді. Анасының ашулы, наразы, құбылмалы мінезі балаға тез беріледі де, баланың күйгелектілігін арттырады.

Жүктілік қалаусыз болған кезде, бала туа салысымен әлсіз, тәбеті нашар, жиі әрі ұзақ ауырғыш болады. Анасының күйзелісті жағдайына байланысты, сонымен қатар жүктілік қалаусыз болса, баланың қабілеттілік әрекеті, яғни ағзаның қорғаныс күштері, іште жатқанда–ақ зақымданады. Иммунитет ананың сүтімен тиісті дәрежеде берілмейді, өйткені онда мазасыздық гармоны тым көп, сондықтан да сүт тура мағынасында – ащы. Қалаусыз балалар оңай қапаланады, өте ренжігіш және құбылғыш келеді, мазасыз ұйықтайды және ұзақ тыныштала алмайды, әсіресе әбден әуестеніп алған емізіксіз, сондай-ақ саусақ сорусыз. Олармен қарым-қатынас жасау оңай емес, олар, ата-аналарының айтуынша, адамды жиі ашуландырады. Бірақ, өзіміз көріп отырғандай, ата-аналарының өздерінің балаға деген махаббатының жоқтығынан, шектен тыс қатал, біркелкі емес, ала-құла сезімдеріне деген жауап. Түндегі шыжын, тіпті күндіз де шыжын, невродермитпен және созылмалы пневмониямен ауыратын балалардың арасында қалаусыз туылған балалардың саны әлдеқайда жиі кездеседі. Сондықтан да, энурез- балалар үйінің, сәбилер үйі мен интернаттардың, мектеп топтарының, әртүрлі жабық училищелердің, балаларын үш кезеңге бірдей жіберетін балалар санаторийі мен жазғы лагерлердің – ең өзекті мәселелері. Егер бала өмірінің алғашқы жылындағы бақытсыз жағдайлар санын салыстырып көрсек ( құлап қалу, жарақаттану мен сыну, миының шайқалуы, күйіп қалу, үсіп қалу, тұрмыстық электр күйіктері, суға кету), олардың пайыздық көрсеткіші қалаусыз туылған балалар бойынша әлдеқайда жоғары, өйткені ата-аналары оларға көп көңіл бөлмейді, мұны олардың сырт келбетінің өзінен-ақ байқауға болады. Сондай жағдайлардың бірінен мысал келтірейік. К деген баланың айтуынша: « Мен үнемі бір оқиғаларға ұшырап жүремін» дейді. Шынында, жас ана бүкіл жүктілік бойы түсік қаупінен құтыла алмаған және баланы мерзімінен бұрын әрі ауыр босанған. Бала әлденеше рет құлаған да, ауруханаға да түскен, тіпті 3 күн бойы анасыз да жатқан. Тезірек беріп құтылуға асыққан тәулік бойғы сәбилер үйінде, оны балалық қылығы үшін бөлмеге қамап тастап, ұмытып та кеткен. Анасымен әңгімелесу барысында, институтта оқып, емтихан тапсырып жүргендіктен және биік мақсаттарға апаратын жоспары болғандықтан, оның баланы үзілді-кесілді қаламағаны анықталды. Түсік тастау қаупі, ауыр да мерзімсіз босану, баланың оянғыштығы мен тынышсыздығы, тәбетінің және зат алмасуының бұзылуы – мұның бәрі осы қалаусыз жүктіліктен ширығудың салдары. Анасының айтуынша, оның жоспары мен үмітінің күл-талқанын шығарған сәби, оны қатты ашуландырып, ызасын келтірген. Сондықтан, одан өшін алу, шапалақпен ұру, ешқашан басынан сипап, қолына алмау таңғаларлық жай емес.

Қалаусыз балаларға төніп тұрған қауіп-қатерлердің ішінен, өте өткір- өзін көрсету қажеттілігін айрықша атап көрсетуге болады. Бір жағынан, ол - өзін таныту мен жетістікке жетудің қозғаушы күші болса, екінші жағынан – жаман рөл атқаруы мүмкін, егер бала бұрыннан жетіспей келген айналасындағылардың махаббаты мен құрметінің орнын толтыру үшін өзін көрсетуге кез-келген тәсілмен ұмтылса. Осылай өз мақсатын іске асыруда қылмыстық іс-әрекеттерге бару сирек кездеспейді, сондай-ақ ерекше және атақты адамның рөлін ойнау да аз кездеспейді. Қалаусыз балалар әлдеқайда қызғаншақ болады, әсіресе басқалардың кәсіби жетістіктері мен жеке өміріндегі бақытты қатты қызғанады. Осыдан барып ол теріс ниетті, біреуді тілмен шағып алғыш, кекеткіш, мысқылдағыш болады. Сонымен, ержеткен немесе өзін-өзі бағалау сезімі, яғни «Меннің» - бірлігі мен күші, өзіне, өзінің күші мен мүмкіндігіне сенімі жоқ болғандықтан ержетпей қалған, өмірге ата-анасының қалауынсыз келген балалармен өмір сүріп, тіл табысу оңай емес. Олардың өздері де өмірге ата-анасының қалауымен келген балалармен тіл табысып, түсінісе алмағандарынан зардап шегеді.

Және соңғысы. Қалаусыз балалар неврозбен ауыратын және мінез- құлықтарында патологиялық белгілер бар – психопаттардың қатарын толтыруда. Бәрі де ата-ана мінезінің бастапқы, конституциялық құрылымына және тәрбиенің түріне байланысты. Ата-анасының мінез-құлқында қандай да бір ауытқушылық болса ( тұрақты қозушылық, тұрақсыздық, үздіксіз секемшілдіктен және бәрінен күдіктенуден өрбіген тежелгіштік, өктемшілдік, шыдамсыздық, долданушылық, кекшілдікпен қатар ойлау қабілетінің тұтқырлығы, сезім суықтығы, мейірімсіздік), бала қалаусыз болып, ол туралы қамқорлық жеткіліксіз болса, біз балада да дәл осындай мінез-құлықтың даму мүмкіндігіне ие боламыз, ол әсіресе жасөспірім кезінде айқын көрініс табады. Жоғары сезімталдық, әсерленгіштік, үрейленгіштік, ата-аналық парыз бен міндет сезімдерінің өткірленуі, баланың қалаусыз болуы және кейінгі жылдары шектен тыс қамқорлық көрсетуі ( анасының жалғыз қалу үрейінен туған) – бәрі бірігіп бала жүйкесінің бұзылуына әкеліп соғады. Ертек тез айтылғанмен, іс тез бітпейді. Қалаусыз балалармен де солай, олардың қайғы- қасіреттерінің барлығын атаған жоқпыз, ал олар бастан асады.
Қысқаша баяндалған мәселені қорытындылай келе, жас- жұбайларға балаларын өмірге өз қалау тілектерімен әкелуді жоспарлауға шақырамын.

 

ОТБАСЫ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРАВМАТИЗМІНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ РЕТІНДЕ

Отбасының маңызды сипаты- оның қызметі, құрылымы және динамикасы болып табылады.

Отбасының тәрбиелік қызметі ана және әке болуда, балалармен қатым-қатынаста, оларды тәрбиелеуде, балалардың өз бетімен өсуі кезіндегі жеке қажеттіліктің қанағаттанарлығынан тұрады. Отбасы қоғаммен байланысы бойынша өсіп келе жатқан ұрпақтардың әлеуметтенуін, қоғамның жаңа мүшелерін дайындауды қамтамасыз етеді.

Отбасының шаруашылық-тұрмыстық қызметі - отбасы мүшелерінің материалды қажеттіліктерінің (азық-түлік, қан және т.б.), олардың денсаулығының сақталуына әсер етуінің қанағаттанарлығынан тұрады. Отбасының осы қызметінің орындалу барысында еңбек ету кезінде жұмсалған жеке күшті бұрынғы қалпына келтіру қамтамасыз етіледі.

Отбасының эмоциональдық қызметі – оның мүшелерін ұнатушылық, сыйлаушылық, мойындаушылық, эмоционалды қолдаушылық, психологиялық қорғаушылық қажеттіліктерімен қанағаттандыру. Осы қызмет қоғам мүшелерінің эмоционалды тұрақтануын, олардың психикалық денсаулығының сақталуына әсер етуді қамтамасыз етеді.

Рухани қарым-қатынас қызметі – бос уақытты бірлесе өткізу, екі жақты рухани байыту қажеттіліктерімен қанағаттандыру.

Бастапқы әлеуметтік бақылау қызметі – отбасы мүшелерінің әлеуметтік мөлшерінің орындалуын, оның ерекшелігі, егер кімнің түрлі жағдайда күші бар (жасы, науқастану және т.б.) болып, әлеуметтік мөлшермен толық сәйкес өзінің мінез-құлқұн өз бетімен тәрбиелей алатын қабілетін жеткілікті деңгейінде меңгере алмаған жағдайда қамтамасыз етеді.

Сексуалды-эротикалық қызмет – отбасы мүшелерінің сексуалды-эротикалық қажеттілігін қанағаттандыру. Қоғамның көзқарасымен қарағанда маңызды болып, отбасы, сонымен қатар, отбасы мүшелерінің сексуалды-эротикалық мінез-құлығын реттеуді қоғамның биологиялық ұдайы өсуін қамтумен іске асырады.
Отбасы қызметінің бұзылуы – бұл қиындық туғызатын немесе оның қызметін отбасымен бірге орындауға кедергі келтіретін тіршілік қарекетінің осындай ерекшелігі болып табылады. Өте кең шеңбердегі факторлар бұзылушылыққа мүмкіндік туғызады: оның мүшелерінің жеке ерекшеліктері, олардың арасындағы өзара қарым-қатынас, отбасы тіршілігінің анықталған жағдайы. Мысалы, отбасының тәрбиелік қызметінің бұзылу себебінен, оның ілгері басуы және ата-аналарының сәйкес білімі мен дағдысының болмауы, олармен қарым-қатынастың бұзылуы мүмкін (тәрбиелеу жөніндегі қақтығыстар, отбасының басқа мүшелері мен басқалар жағынан кедергі келтіруі).

Отбасы құрылымы отбасының құрамы мен санынан, сонымен қатар оның мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынастарының жиынтығынан тұрады. Отбасы құрылымын талдау отбасы қызметінің қандай жағдайда жүзеге асуы жөніндегі сұрақтарына жауап беруге мүмкіндік туғызады: отбасында кім басшылық етеді және кім – орындаушы, отбасы мүшелерінің арасындағы құқықтары мен міндеттері қалай бөлінген деген сияқты.
Отбасы құрылымының бұзылуы – бұл оның қызметінің отбасымен орындалуына қиындық тудыратын және кедергі келтіретін құрылымдарының ерекшеліктері болып табылады. Мысалы, ері мен зайыбының арасындағы шаруашылық-тұрмыстық міндеттерінің тең бөлінбеуі өзара қарым-қатынас құрылымының бұзылу негізінде ілгері басады, яғни маңызды міндеткерлікті алған сол ерлі-зайыптылардың қажеттілік қатарының қанағаттануына кедергі жасайды: жеке күшті бұрынғы қалпына келтіру, рухани қажеттілікпен қанағаттандыру. Осы себептен, отбасындағы қарым-қатынас құрылымының бұзылуы оның түрлі қызметінің отбасымен орындалуына кедергі келтіретін отбасылық қақтығыстар екенін мойындау керек

.

Отбасы динамикасынтіршілік кезеңінің 5 сатысымен көрсетуге болады:
1 – некеге отыру кезінен бірінші баланың тууына дейінгі отбасының пайда болуы;
2 – балаларды дүниеге әкелу және тәрбиелеу;
3 – отбасының тәрбиелеу қызметін орындауды тоқтатуы.Балаға еңбек етудің басталуынан ата-ана қамқорлығында балалардың бірде біреуінің қалмауына дейінгі кезеңді қамтиды;
4 – балалар ата-аналарымен тұрады, және тым болмағанда солардың ішіндегі біреуінің жеке отбасы жоқ.
5 - ерлі-зайыптылар жалғыз, не болмаса жеке отбасылары бар балаларымен тұрады.

Жас отбасылардың көпшілігі ерлі-зайыптылық өмірлерінің басында-ақ ажырасып кетеді. Мұндай некенің ажырасуының негізгі себептері – ерлі-зайыптылық өмірге дайындықтарының жоқтығы, тұрмыстық жағдайға қанағаттанбаушылық, үйлену тойынан кейін тұрғын үйдің болмауы, ерлі-зайыптылардың өзара қарым-қатынасына туысқандарының араласуы болып табылады. Отбасының тіршілік қарекетінің бұзылуының негізгі себептері - балаларының дүниеге келу кезеңінде, біріншіден, ерлі-зайыптылардың қол тимеушілігі, олардың қатты күш салуы, екіншіден, рухани және эмоционалды қарым-қатынастарының қайта қалпына келтіру қажеттілігі болып табылады. Нақ осы кезеңде көбінде эмоционалды «сууының» түрлі көрінісі байқалады: ерлі-зайыптылық опасыздық, сексуалды дисгармония, «серіктестік сипатындағы көңілі қалу», «басқа адамға ғашық болу» деген сияқты себептерден болған ажырасу. Отбасының тіршілік қарекетінің негізгі бұзылуы тәрбиелеуде болған қиындықтармен байланысты болып келеді. Отбасы тіршілік қарекетінің соңғы кезеңі - олардың соңғы балаларының өз бетімен еңбек етіп, жеке отбасын құрған кезеңімен байланысты. Отбасы тәрбиелеу қызметін тоқтатады. Нақ осы кезде әрекет етуді жалғастыру көбінесе балалардың қарсылығын тудырады. Отбасының күнделікті тіршілігінің біршама айқын өзгеруі жас ерекшелікке байланысты. Жеке күштің біртіндеп азаюы тұрмысты бұрынғы қалпына келтіру рөлін шарасыздықтан арттырады, демалу аса маңызды болып табылады. Ерлі-зайыптылардың денсаулық жағдайының төмендеу салдарынан денсаулық мәселесі бірінші жоспарға шығарылады. «Әжелер» мен «аталардың» жаңа рөлі немерелерінің алғашқы жылдарында көп күшті талап етеді. Жоғары буын ұрпақтарына қарауды басқаға жүктеу мәселесі туады. Еңбек қызметінің соңы, зейнеткерлікке шығу, тарылу шеңберінің мүмкіндігі – осының бәрі, негізінен балалар жағынан сыйлау, мойындау қажеттіліктерін күшейтеді. Бұл қарым-қатынастың өзіңе қамтамасыз етуі, өзіңнің керектігіңді сезіну және маңыздылығы бұл кезеңде маңызды рөл атқара бастайды. Өмірлік кезеңнің маңызды уақытында отбасында өмір сүрумен байланысты туындаған қиыншылықтар, сонымен қатар біреу отбасы тіршілігін бұзған жағдайда туындаған мәселелер (ұзақ мерзімдегі бөліну, ажырасу, отбасының бір мүшесінің дүниеден өтуі, ауыр науқастану және т.б.) отбасының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін. Отбасылық психотерапияның бірден-бір маңызды көзқарасы бойынша бұзылудың салдары – бұл дара тұлғаның психикалық денсаулығына қолайсыз кері әсер ету болып саналады (психологиялық жарақаттану әрекеті). Невроздар біршама таралған нервтік-психикалық бұзылушылықтың біріне жатады. Олардың тууы және жалғасуы биологиялық, психологиялық және әлеуметтік әсерлердің кең шеңберінде ескертіледі. Невроздар этиологиясындағы отбасының рөлі кең көлемде расталған. Жоғары дәрежедегі неврозбен ауыратын адамдардың науқастанушылығы оның тәрбиенің түріне, ерекшелігіне байланысты тәрбиеленген жағдайына байланыстылығын көрсетеді. Осымен қатар, ата-аналық отбасының әсері ұзақ уақытта пайда болып және дәл сол уақытта жеке тұлға өзінің жеке отбасын құрған кезде ұмытылып кетеді. Отбасының тіршілік қарекетінің бұзылуы кезіндегі ұзақ уақыттағы нервтік-психикалық (эмоционалды) қызбалық – бұл невроздың маңызды себептерінің бірі болып саналады. Отбасылық психотерапияның мақсаты – отбасындағы жеке тұлғалардың арасындағы қарым-қатынасты түзету және эмоционалдық бұзылушылықты жою болып табылады.



ӘДЕБИЕТТЕР: Г.М. Андреева Әлеуметтік психология. – М: ММУ, 1980.С.В. Ковалев Отбасындағы қарым-қатынас психологиясы.- М.: Педагогика,1987.И.Г. Малкина-Пых Психосоматика. Клиникалық психологтың анықтамалығы.- М: ЭКСМО, 2005. Э.Г. Эйдемиллер Отбасылық психотерапия. – Л.: Медицина, 1989.

 
Өскемен қ.
Семей қ.
Риддер қ.
Курчатов қ.
Абай ауданы
Аягөз ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы
Жарма ауданы
Зайсан ауданы
Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы
Көкпекті ауданы
Күршім ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Үржар ауданы
Шемонаиха ауданы

070019, Қазақстан, Өскемен қаласы,
М. Горький көшесі, 40

Телефоны: 8 (7232)  24-45-61
E-mail: KTokhmoldina@akimvko.gov.kz

Call - центр тел. 8 (7232) 203-300