Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң ресми сайты
Aйдарларының тiзбесi
Жаналықтарға жазылу
 
RSS форматындағы жаңалықтар
Іздеу  
 
АЗАМАТТАР

 

АЗАМАТТАР

Тууды тіркеудің тәртібі
Әке болуды анықтауды тіркеу тәртібі
Бала асырап алуды тіркеу тәртібi
Некені тіркеу тәртібі
Неке бұзуды тіркеу тәртібі
Қайтыс болуды тіркеу тәртібі
Тегін, есімін, әкесінің атын өзгертуді тіркеу тәртібі
Құжаттарды апостиль қою тәртібі
Тұлғаны куәләндіратын құжаттарды беру/ ауыстыру
Тұрғын жері бойынша тіркеуге қою айдары бойынша
Төлқұжат беру
Жеке басты куәландыратын құжатты алу
Жеке басты куәландырушы құжатты және төлқұжатты ауыстыру, қалпына келтіру және жедел түрде дайындау

Тууды тіркеудің тәртібі

Баланың тууын тіркеу АХАЖ органдарында, жергілікті атқарушы органдарда баланың туған жері немесе ата-аналарының не олардың біреуінің тұрған жері бойынша жүргізіледі.

Баланың тууын тіркеу үшін медициналық мекеменің баланы туғандығы туралы анықтамасы негіз болып табылады. Баланы үйде туған жағдайда туу емдеу мекемесі дәрігерінің, басқа медициналық қызметкердің анықтамаларының негізінде, олар болмаған жағдайда, кемінде екі куәнің арызының негізінде тіркеледі.

Баланың тууын тіркеу туралы арыз ата-аналарының не олардың біреуінің ауызша немесе жазбаша арызы негізінде болады. Баланың тууын тіркеу оның туған күнінен бастап екі ай мерзімнен кешіктірілмей тіркелуі тиіс. Екі айлық мерзім өткеннен кейін тууын тіркеу аумақтық әділет департаментінің АХАЖ бөлімі жасаған қорытындының негізінде жүргізіледі.

Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың балаларының тууын тіркеу кезінде ата-анасының екеуінің де жеке бастарын куәландыратын құжаттарын, сондай-ақ олардың мемлекеттік және орыс тіліндегі мәтіннің нотариалдық куәландырылған аудармасын тапсыруы талап етіледі.

Егер ата-анасы (немесе олардың біреуі) он сегіз жасқа толмаған болса, баланың тууы, әке тану да әдеттегідей тіркеледі. Кәмелетке толмаған әкесінің немесе анасының ата-аналарының (қамқоршыларының) баланың тууын тіркеуге келісімі талап етілмейді.

Кәмелетке толмаған ата-анадан туған баланы тіркеу заңды өкілдің қатысымен жүргізіледі.

Тууды тіркеу кезінде баланың тегі ата-анасының тегімен белгіленеді. Ата-анасының тектері әртүрлі болған жағдайда балаға ата-анасының келісімімен әкесінің немесе анасының тегі беріледі.Ата-анасының қалауы бойынша баланың тегін ұлттық дәстүрлерді ескере отырып, әкесінің не атасының атына жазуға боады (әкесі жағынан да, анасы жағынан да).

Азаматтардың қалауы бойынша қазақтардың тектері мен әкелерінің аттарын жазу кезінде қазақ тіліне жат –ов, -ев, -ова, -ева, -ин, --н, - ины, --на, -овна, -евна, -ович, -евич, жұрнақтары алып тасталып, олардың орнына “ұлы”, “қызы” жалғаулары бірге қосылып жазылады.

Балаға қосарланған тек беруге рұқсат етілмейді. Алайда, егер ата-анасынң (немесе олардың біреуінің) қосарлангған тегі болса, АХАЖ органы балаға осы текті беруден бас тартуға болмайды.

Текке “тегі”, “ұрпағы”, “немересі”, “шөбересі” сөздерін және т.б. сөздерді қосып жазуға жол берілмейді.

Баланың аты ата-анасының келісімі бойынша қойылады. АХАЖ органы берілген аттың жеке аттар анықтамасында көрсетілмеуі не қысқартылған, еркелететін ат болып табылуы негізінде балаға ата-анасы таңдаған атты қоюдан бас тартуға құқылы емес.

Баланың тегін, атын беруде ата-анасының арасында келісім болмаған жағдайда сот арқылы шешіледі.Баланың әкесінің аты әкесінің атымен не әкесә ретінде жазылған адамның атымен беріледі.Егер жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес әкесінің бірнеше аты болса, баланың әкесінің аты ата-анасының таңдауымен солардың біреу бойынша жазылады.

Ұлттық-тарихи дәстүрге сай әкесінің аты шын мәнісінде тегін ауыстыратын болса және оған “ұлы”, “қызы” қосылса, тегі міндетті түрде бірінші орында, одан кейін аты тұрады.

Егер баланың тууы оның нақты туған жерінде емес, ата-анасының не олардың біреуінің тұратын жері бойынша тіркелетін болса, туу туралы акт жазуындағы туған жерінде тіркелген жері көрсетіледі.

Өзара некеде тұратын әкесі мен анасы олардың біреуінің арызы бойынша туу туралы акт жазуында баланың әке-шешесі болып жазылады. Неке қию туралы куәлік мұндай жазуға негіз болып табылады.

Егер баланың ата-анасы өзара некеде тұрмаса, баланың анасы туралы жазба медициналық туу туралы дәрігерлік куәлік бойынша басқа адамның не анасының өтініші бойынша, ал әкесі туралы мәлімет - әкесі мен анасының бірлесіп арыз беру негізінде немесе әкесі соттың шешімі бойынша жазылады.

Бала некеде тұрмайтын анадан туған болса, жоғарыда көрсетілген реттермен тіркеу болмаған жайда, тууды жазу кітабында баланың әкесі – анасының тегі бойынша, баланың әкесінің өз аты мен оның әкесінің аты –анасының айтуы бойынша жазылады.

Облыс бойынша АХАЖ органдарында 2006 жылғы 1-жартыжылдықта 10358 туу тіркелді.

Әке болуды анықтауды тіркеу тәртібі

Қазақстан Республикасының “Неке және отбасы туралы” заңының 46-бабына сай, баланың анасымен некеде тұрмайтын адамның әке болуын анықтау АХАЖ органына баланың әесі мен анасының бірлесе арыз беру жоолымен; анасы қайтыс болған, ол әрекет қабілеті жоқ деп танылған, оның тұратын жерін анықтау мүмкін болмаған не ата-аналық құқықтан айрылған жайда-қамқорлық және қорғаншылық органының келісімімен баланың әкесінің арызы бойынша, ал келісім болмаған кезде-соттың шешімімен жүргізіледі.

Ата-анасының біреуінің арызы бойынша сот шешімі шығарылған жердегі АХАЖ органына беріледі.
Әке болуды анықтауды тіркеу баланың әкесінің некеде тұрған-тұрмағанына қарамастан жүргізіледі.
Баланың тегі ата-аналардың келісімі бойынша, ал келісім болмаған жайда – сот тәртібімен шешіледі.
Әке болуды анықтау туралы куәлік ата-анасының талабы бойынша беріледі.
Облыстағы АХАЖ органдарында 2006 жылғы 1-жартыжылдықта 1942 әке болуды анықтау туралы акт жазуы тіркелді.

Бала асырап алуды тіркеу тәртібі

Бала асырап алу – көптеген мекемелердің , білім беру мекемесінен қорғаншылық және қамқоршылық органы, сот, прокуратура, балалар үйі, ҚР-сы консылдық мекемелерінің өкілдері, балаға қамқор халықаралық қорлардың іс-әрекеттерінің қатысуымен жүргізілеті күрделі акт. АХАЖ органы бұл істерге қатыстырылмаған. АХАЖ органы сотта мәселені қарау кезінде де Заңмен белгіленген бойынша қатыстырылмайды.Сот шешімі шығарылғаннан кейін ғана АХАЖ органы акт тіркеумен шектеледі.

Бала асырап алу тек қана кәмелеттік жасқа толмаған бала шін жүргізіледі.Бала асырап алушылардың арызы сот арқылы жүргізіледі. Бала асырап алу жарияланбайды.

АХАЖ органы бала асырап алу туралы сот шешімі шығарылғаннан кейін өткен мерзімге, асырап алынған баланың тіркеу сәтіндегі жасына қарамастан тіркелінеді. Туу туралы куәлік беріледі. Бала асырап алу туралы куәлік ата-аналарының тілегі бойынша беріледі.

Асырап алу туралы акт облыс бойынша 1994 жылға дейін өскендігі, ал 1995 жылдан кемігендігі байқалады. 2000 жылдан бастап жыл сайын 400-430 бала асырап алу актілері тіркеліп отырған.

Облыс бойынша АХАЖ органдарында 2006 жылғы 1-жартыжылдықта 177 асырап алу актісі тіркелген, оның ішінде шетел азаматтарымен 48 бала асырап алынған.

Некені тіркеу тәртібі

Некеге тұру үшін еркек пен әйелдің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасы еркектер мен әйелдер үшін 18 жас болып белгіленеді.Дәлелді себептер болған жайда неке жасын 2 жылдан аспайтын мерзімге АХАЖ органы төмендете алады. Барлық жайда неке жасын төмендетуге тек некеге тұрушылардың келісімімен ғана жүргізіледі және олардың ата-аналарының не қорғаншыларының келісімімен ғана рұқсат етіледі. Шетел азаматтарымен, азаматтығы жоқ адамдармен некеге отыру бұрынғы некенің тоқтатылғандығын растайтын: неке бұзу куәлігі, жұбайының қайтыс болуы куәлігі, не некені жарамсыз деп тану туралы ҚР-сының елшіліктерінде және консылдық мекемелерінде не СІМ-нің консылдық қызмет көрсету Департаменттерінде заңдастырылған сот шешімін ұсынуы тиіс. Некені тіркеу арыздың 1 ай мерзімі өткеннен кейін өздерінің тікелей қатысуымен АХАЖ органдарында жүргізіледі. Ортақ текті, немесе біреуінің тегін ала алады. Қос тектілік рұқсат етілмейді, некеге дейінгі тегі қостекті болса, онда біреуінің тегі қостекті болады.

Облыс бойынша АХАЖ органдарында 2006 жылғы 1-жартыжылдықта 4401 неке, оның ішінде шетел азаматтарымен –166 неке тіркелді.

Неке бұзуды тіркеу тәртібі

Неке ерлі-зайыптылардың юбіреуінің қайтыс болуы не сот оны өлді деп не хабар-ошарсыз кеткен деп жариялау салдарынан тоқтайды. Неке бұзу АХАЖ органдарында тоқтатылады. Некені әйелдің жүктілігі кезінде және бала туғаннан кейін бір жыл ішінде әйелдің келісімінсіз бұзуға болмайды.

Некені бұзу АХАЖ органдарында 3 түрлі негізде жүргізіледі:

1)кәмелетке толмаған ортақ бала болмауы негізінде ерлі-зайыптылардың өзара келісімімен;
2)ерлі-зайыптылардың біреуінің арызымен;
3)сот шешмімі негізінде

АХАЖ органдарында өзара келісімі бойынша, ал сотшешімі бойынша сот шешімі шығарылған АХАЖ органында жүргізіледі.

Облыс бойынша АХАЖ органдарында 2006 жылғы 1-жартыжылдықта 2169 неке бұзу актісі тіркелген.

Қайтыс болуды тіркеу тәртібі

Қайтыс болуды тіркеу оның тұрған не қайтыс болған жеріндегі АХАЖ органында өлім туралы дәрігерлік куәлік негізінде, ал ол жоқ болғанда екі куәнің куәландыруымен жүргізіледі. Өлімді тіркеу 7 тәуліктен кешіктірмей, ал адам зорлықпен өлсе, 5 күннен кешіктірмей тіркеледі.

Облыс бойынша АХАЖ органдарында 2006 жылғы 1-жартыжылдықта 9572 қайтыс болу актісі тіркелген.

Тегін, есімін, әкесінің атын өзгертуді тіркеу тәртібі

ҚР-сы азаматтарының тегін, есімін, әкесінің атын өзгертуге олар 16 жасқа толғанда жол беріледі. Дәлелді себептер ҚР-сында азаматтық хал актілерін тіркеу тәртібі туралы Ереженің 171 тармағында көрсетілген реттермен белгіленеді.

Құжаттарды апостиль қою тәртібі

Қазақстан Республикасының 1999жылғы 30 желтоқсандағы “ Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға қосылуы туралы” Заңына сәйкес біздің Республика 1961 жылы 05 қазанда жасалған Гаага Конвенциясына қосылды.

Бүгінде 74 мемлекет аталған Конвенцияның мүшесі болып табылады. / оның ішінде ТМД елдерінен: Қазақстан, Ресей, Белорусь, Армения, Украина/.

Бұл Конвенция уағдаласушы мемлекеттердің бірінің аумағында жасалған және екінші ауғдаласушы мемлекеттің аумағына ұсынылуы тиіс ресми құжаттарға қолданылады. Уағдаласушы мемлекеттердің әрқайсысы өзінің аумағына ұсынылуы тиіс құжаттарды заңдастырудан босатады, оның орнына апостиль қойылады.

Апостиль дегеніміз ресми құжаттардағы қолдардың түпнұсқалығын, құжатқа қол қойған адамның кім екенін және қойылған мөрдің түпнұсқалығын куәландыратын мөртаңба. Апостильге қойылған қол, мөр ешқандай қосымша растауды талап етпейді.

Республикамызда құжаттарды рәсімдеу құзыры 9 мемлекеттік мекемеге берілген. Олар – ҚР Әділет министрлігі, ҚР Білім және Ғылым министрлігі, ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР Мәдениет министрлігінің Мұрағаттарды және құжаттаманы басқару жөніндегі комитеті, ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет, ҚР Қаржы министрлігі, ҚР Бас прокуратурасы, ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Әділет Министрінің 2001 жылдың 23 қарашасындағы № 132-ші бұйрығы бойынша апостиль қою құзыры Шығыс Қазақстан облыстық әділет Департаментінде 2002 жылдан бастап берілді. Әділет департаментінде АХАЖ бөлімдерінде берілетін құжаттар, мемлекеттік органдар және нотариустар берген құжаттар ресімделеді.

Салық Кодексінің 500-ші бабына сәйкес 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап апостиль қою үшін 20 % мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.

ШҚО Әділет департаментінде 2006 жылғы 1-жартыжылдықта 429 құжатқа апостиль қойылған.

Облыстық Әділет департаментінің халықты құжаттандыру және тіркеу қызметі Қазақстан Республикасының Конституицясымен, «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» ҚР Заңымен, «Халықтың көші – қоны туралы» ҚР Заңымен, «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысымен, басқа нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

Тұлғаны куәләндіратын құжаттарды беру/ ауыстыру айдары бойынша

ҚР азаматтарына әділет органдары тұлғаны куәләндіратын келесі құжаттарды береді: Қазақстан Республикасы азаматының паспорты және Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі. Қазақстан Республикасыны азаматының паспорты олардың қалауы бойынша жасына қарамастан 10 жыл мерзімге беріледі.

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі азаматтарға 16 жастан бастап беріледі және ол республика аумағында жарамды. Жеке куәлік мынадай жарамдылық мерзімдеріне: 16 жастан 25 жасқа дейін: 25 жастан 45 жасқа дейін, 45 жастан өмірлік беріледі.

Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және жеке куәлігін дайындау үшін 1-нысан арыздар ресімделінеді.

1-н арызын ресімдеу туралы шешім қабылдау үшін Қазақстан Республикасының азаматтары тұрғылықты тұратын жерінде тіркелгенін растайтын азаматтарды тіркеу кітабын, құжат үшін мемлекеттік бажды төлегені туралы түбіртекті, фотосуреттерді және төменде аталған құжаттардың бірін ұсынуы қажет:

- Туу туралы куәлік
- Қазақстан Республикасы азаматының паспорты
- Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі
- офицердің жеке куәлігі
- ҚР қайтуға берілген куәлігі
- белгіленген нысандағы Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы анықтама
- бостандығынан айыратын жерден босатылғаны туралы анықтама
- қабылдау – тарату бөлімінің арнайы қаулысы.

ҚР азаматтары жеке куәлік жоғалған жағдайда немесе оның әрі пайдалану үшін жарамсыздығына байланысты азаматтардың өтініші бойынша жеке басын куәландыратын жаңа құжаттар алғанға дейін жарамдылық мерзімі 3 айға дейінгі уақытқа уақытша жеке куәлік беріледі.

Жеке басын куәландыратын құжаттарды, сондай – ақ уақытша жеке куәліктерді бергені үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген көлемде мемлекеттік баж алынады.

Тұрғын жері бойынша тіркеуге қою айдары бойынша

ҚР аумағында тұрақты тұратын ҚР азаматтары немесе шет елден тұрақты мекен – жайға келгендер тұрғын жері бойынша тіркеуге жатады.

Тұрақты мекен - жай орны бойынша тіркеу мекен – жайға келу парақ-тарын ресімдеу және тұрғын үй меншік иелерінің және басқа уақытша тұрғын үйлерді иеленген тұлғалардың тіркеу кітабына жазу арқылы жүргізіледі.

Тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркеу үшін азаматтар он күн мерзім ішінде әділет органдарына азаматтарды тіркеу кітабын, жеке басын куәландыратын құжатты (16 жасқа дейінгі балалар – туу туралы куәлігін/, әскери міндеттілер, одан басқа - әскери есепке қабылдағаны туралы әске)и комиссаритаттың белгісімен әскери билетін (шақырушылар үшін тіркеуге алу куәлігі), тұрғын меншік иесінің келісімімен тіркеу туралы өтініші олардың тұрғын үйді белгілеген тәртіппен меншігіне сатып алғанын растайтын құжаттар немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер бойынша оларға тұрғын үйге орналасуға құқық беретін құжаттарды, сондай – ақ бұрынғы тұрған жерінен мекен – жай кету парағы ұсынылады.

16 жасқа толмаған және ата – анасымен бірге немесе ата – анасының біреуімен тұратын балаларды тіркеу мекен – жайға келу парағын толтырмай азаматтарды тіркеу кітабында жүзеге асырылады. Балалар туралы мәліметтер ата – анасының бірінің мекен – жай парағына енгізіледі.

Бір облыстан басқа облысқа шыққанда тіркеумен қатар тұрақты тұрғылықты жердің жаңа орнын тіркеу бойынша жеке куәліктерін алу үшін Ф-1 арыздарын толтыру жүргізіледі.

Азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу үшін ҚР Салық кодексі белгіліген мөлшерлерде мемлекеттік баж алынады.

 
Өскемен қ.
Семей қ.
Риддер қ.
Курчатов қ.
Абай ауданы
Аягөз ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы
Жарма ауданы
Зайсан ауданы
Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы
Көкпекті ауданы
Күршім ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Үржар ауданы
Шемонаиха ауданы

070019, Қазақстан, Өскемен қаласы,
М. Горький көшесі, 40

Телефоны: 8 (7232)  24-45-61
E-mail: KTokhmoldina@akimvko.gov.kz

Call - центр тел. 8 (7232) 203-300