Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
БИЗНЕС

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

Құрметті кәсіпкер!

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы 2-тармағына сәйкес:
«Жеке кәсіпкерліктің жекелеген түрлерін лицензиялауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, егер жеке кәсіпкерлік субъектісі уәкілетті мемлекеттік органға оны алу үшін қажетті құжаттарды берген болса, жеке кәсіпкерлік субъектісіне мәлімдеген қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беруге не Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгіленген мерзімдерде лицензия беруден негізді бас тартуға міндетті.

Егер мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде жеке кәсіпкерлік субъектісіне лицензияны бермесе не жеке кәсіпкерлік субъектісіне лицензия беруден бас тартудың себебі туралы жазбаша хабарламаса, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзім өткен соң лицензия алынды деп есептеледі. Жеке кәсіпкерлік субъектісі мемлекеттік органға жазбаша хабарлай отырыл, лицензия беру мерзімінің өтуіне байланысты өзі мәлімдеген кәсіпкерлік қызмет түрін жүзеге асыруға құқылы. Бұл жағдайда лицензиялау мақсатында қол жеткізу үшін жауаптылық толығымен мемлекеттік органға жүктеледі» деп хабарлайды.

Осыған байланысты, министрлік Заңның 34-бабы 2-абзацы «автоматты лицензиялау» кезінде проблемалық мәселелер пайда болған жағдайда уәкілетті органға байланыстың мынадай арналары арқылы жүгінуді сұрайды:

жұмыс органның телефондары, факсі және электронды мекен-жайы -ИСМ Кәсіпкерлікті дамыту департаменті кәсіпкерлік бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бөлім (телефоны: (3172) 24-11-31, 24-24-41, 24-08-23, факс: 24-14-17,
email: sadykov@mit.kz, abdugalimova@mitkz, kosybaev@mit.kz).

Өскемен қ. Семей қ. Риддер қ. Курчатов қ.
Абай ауданы Аягөз ауданы Бесқарағай ауданы Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы Жарма ауданы Зайсан ауданы Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы Күршім ауданы Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы Үржар ауданы Шемонаиха ауданы