| Өнеркәсіптік қауіпсіздік органының қорытындысын
қажет ететін лицензияланатын қызмет түрлерінің тізімі
1. Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен бұйымдарды
қолдану арқылы өңдеу, өндіру және пайдалану.
2. Жарылу-өртену қаупі бар өнеркәсіптік және таукен өндірістерін,
гидротехникалық құрылғыларды, магистральдік газ-мұнай өнімдері құбырларын,
көтерілмелі құрылыстарды, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтарды, сауыттар
мен құбырларды жобалау және пайдалану. Өндірістердің, қондырғылардың,
объектілердің, жұмыстардың (қызметтердің) тізімдерін Қазақстан
Республикасының Үкіметі бекітеді.
3. Химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсіптерін, геологиялық барлауды, таукен-шахталық
қондырғыларды, металлургиялық, энергетикалық, жарылу қорғанысы бар
электротехникалық қондырғыларды, аппаратуралар мен бақылау жүйелерін, апатқа
қарсы қорғаныс пен дабылды, көтерілмелі құрылыстарды, сондай-ақ қысыммен
жұмыс істейтін қазандықтарды, сауыттар мен құбырларды жобалау, дайындау,
монтаждау және жөндеу.
4. Тұрғын үйлер мен коммуналдық-тұрмыстық объектілерді газдандыру жағынан
өндіру, жөндеу және құрылыс жұмыстары.
5. Жолаушы лифтілерін монтаждау, жөндеу және қызмет көрсету.
6. Минералды шикізаттарды қайта өндіру (Қазақстан Республикасы Үкіметі
бекіткен жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өңдеу тізімінен басқасы).
7. Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен тізім бойынша улы заттарды өндіру,
қайта өңдеу, тасымалдау, сатып алу, сақтау, пайдалану, қолдану және жою.
8. Мұнай өнімдерін өндіру.
9. Шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түрлері (мұнай операцияларын
жүргізу және минералды шикізаттарды қайта өндіру жағынан).
10. Азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды қолдану арқылы жасау,
өндіру, сату, көрмеге қою.
11. Жасақталған қолмен ату қарулары мен олардың патрондарын жасау, өндіру,
жөндеу, сату, сатып алу, көрмеге қою.
Негіздеме: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылдың 29
желтоқсанындағы № 1894 Қаулысы
Өнеркәсіптік қауіпсіздік органының
қорытындысын алуға арналған біліктілік талаптары
Жарылу-өртену қаупі бар өнеркәсіптік және таукен
өндірістерін, гидротехникалық құрылғыларды, магистральдік газ-мұнай өнімдері
құбырларын, көтерілмелі құрылыстарды, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтарды,
сауыттар мен құбырларды жобалайтын және пайдаланатын шаруашылық
субъектілеріне қойылатын біліктілік талаптары
1. Біліктілік талаптарына төмендегілер енеді:
1) жер қойнауын өңдеу, еңбек және қоршаған ортаны қорғау саласындағы
нормативтік талаптарға сай келетін технологиялық регламенттер мен техникалық
жобалар;
2) өндірістік-техникалық базалар: мамандандырылған өндірістік ғимараттар,
инженерлік құрылғылар (машиналар, механизмдер, қондырғылар, газ-мұнай
өнімдерінің құбырлары, қазандықтар, сауыттар мен технологиялық желілер,
сонымен қатар жобалық жұмыстарды орындау кезіндегі конструкторлық-технологиялық
құжаттарды жасауға, есептеулерді, сызбаларды, сметаларды орындауға қажетті
оргтехникалар және электрондық техникалар, бағдарламалық жабдықтар;
3) дайын тауарды, жарылу-өртену қаупі бар тауарларды, күшті әсер ететін улы
заттарды және өртке қарсы материалдарды сақтауға, сондай-ақ орындалған
жобалық құжаттамаларды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қоймалар,
ғимараттар мен көлемді ыдыстар;
4) төмендегілерді қамтамасыз ететін қызметтер:
қондырғыларды, механизмдерді, көмекші құралдар мен жабдықтарды пайдалану
және техникалық қызмет көрсету;
еңбек қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды бақылау (жобалау кезінде
қажет етілмейді);
метрологиялық қамсыздандыру;
жер қойнауын пайдалану кезіндегі маркшейдерлік жұмыстар;
4-1) жобаның сапалылығын бақылау жүйесі (жобалау кезінде);
5) объектілерді қауіпсіз пайдалану, өндірістегі мүмкін болатын апаттарды жою
жоспары жөнінен белгіленген тәртіп бойынша бекітілген нұсқаулықтар, сәйкес
келетін қызмет саласындағы жобалау жөніндегі нормативтік-құқықтық базалар,
нормативтік-техникалық, анықтамалық, әдістемелік әдебиеттер;
6) арнайы жұмыс түрлеріне арналған лицензиялар (жер қойнауын пайдалану
құқығы, қажет болған жағдайда шет елдік жұмыс күшін тарту);
7) мамандық бойынша тәжірибесі бар және сәйкес білім деңгейіне жауап беретін
техникалық басшылардың біліктілік құрамы, техникалық пайдалану және
қауіпсіздік ережелері туралы біліктілік білім тексеруден өткен мамандардың
біліктілік құрамы.
Химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсіптерін, геологиялық
барлауды, таукен-шахталық қондырғыларды, металлургиялық, энергетикалық,
жарылу қорғанысы бар электротехникалық қондырғыларды, аппаратуралар мен
бақылау жүйелерін, апатқа қарсы қорғаныс пен дабылды, көтерілмелі
құрылыстарды, сондай-ақ қысыммен жұмыс істейтін қазандықтарды, сауыттар мен
құбырларды жобалайтын, дайындайтын, монтаждайтын және жөндейтін шаруашылық
субъектілеріне қойылатын біліктілік талаптары
1. Біліктілік талаптарына төмендегілер енеді:
1) өндірістік-техникалық (жөндеу-механикалық) базалар: еңбек қорғау және
қауіпсіздік техникасы саласындағы заңнамалардың регламенттеріне, техникалық
жобаларына, ережелеріне сәйкес келетін мамандандырылған өндірістік
ғимараттар, машиналар, механизмдер, қондырғылар;
2) аттестацияланған зертханалар (қызмет көрсету келісім-шарты), тауарлардың,
жұмыстар мен қызметтердің стандарттарына, нормаларына, техникалық шарттарына
сәйкестік;
3) төмендегілерді қамтамасыз ететін қызметтер:
қондырғыларды, механизмдерді, көмекші құралдар мен жабдықтарды пайдалану
және техникалық қызмет көрсету;
еңбек қауіпсіздігін бақылау;
метрологиялық қамсыздандыру;
2) қажет болған жағдайда шет елдік жұмыс күшін тартуға арналған лицензиялар;
3) мамандық бойынша тәжірибесі бар және сәйкес білім деңгейіне жауап беретін
техникалық басшылардың біліктілік құрамы, техникалық пайдалану және
қауіпсіздік ережелері туралы біліктілік білім тексеруден өткен мамандардың
біліктілік құрамы.
Минералды шикізаттарды қайта өндіретін шаруашылық
субъектілеріне қойылатын біліктілік талаптары
1. Біліктілік талаптарына төмендегілер енеді:
1) қауіпсіздік және техникалық пайдалану ережелеріне сәйкес келетін
мамандандырылған өндірістік ғимараттардың, қондырғылар мен механизмдердің,
технологиялық желілердің, инженерлік құрылғылардың, қалдық қоймаларының,
шламтұндырғыштың техникалық жобалары және технологиялық регламенттері;
2) дайын тауарды, жарылу-өртену қаупі бар тауарларды, күшті әсер ететін улы
заттарды және өртке қарсы материалдарды сақтауға, сондай-ақ орындалған
жобалық құжаттамаларды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қоймалар,
ғимараттар мен көлемді ыдыстар;
3) төмендегілерді қамтамасыз ететін қызметтер:
қондырғыларды, механизмдерді, көмекші құралдар мен жабдықтарды пайдалану
және техникалық қызмет көрсету;
еңбек қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды бақылау;
өндірісті метрологиялық қамсыздандыру;
4) қажет болған жағдайда шет елдік жұмыс күшін тартуға арналған лицензиялар;
5) мамандық бойынша тәжірибесі бар және сәйкес білім деңгейіне жауап беретін
техникалық басшылар мен инженерлік-техникалық қызметкерлердің біліктілік
құрамы.
Құрылысқа арналған жобалық жұмыстарды орындауға
қойылатын біліктілік талаптары
1) жұмыс түріне байланысты:
заңды тұлғалар штатында – мамандық бойынша жоғары білімі бар, еңбек өтілі үш
жылдан кем емес немесе мамандық бойынша орта білімі бар, еңбек өтілі бес
жылдан кем емес инженерлік-техникалық қызметкерлер, жауапты атқарушылар;
жеке тұлғалар үшін - мамандық бойынша жоғары білімі бар, еңбек өтілі үш
жылдан кем емес немесе мамандық бойынша орта білімі бар, еңбек өтілі бес
жылдан кем емес;
2) жұмыс түріне байланысты жабдықталған материалдық-техникалық және
өндірістік базалар:
жобаның және оның бөлімдерінің сапалылығын бақылау жүйесі;
сұралатын жұмыс түрі бойынша мемлекеттік нормативтердің жинағы, нормативтік-анықтамалық,
техникалық және әдістемелік құжаттамалар;
есептеулерді орындауға, графикалық материалдар мен бағдарламалық жабдықтарды
рәсімдеуге қажетті оргтехникалар және электрондық техникалар;
3) жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының белгіленген тәртіппен бекітілген
нормативтік құқықтық актілерімен рәсімделген, рұқсат етілген жоба
жұмыстарының арнайы түрін орындау үшін (заңды тұлғаның жауапты атқарушылары).
Құрылыстық-монтаждық жұмыстарды орындауға қойылатын
біліктілік талаптары
1) жұмыс түріне байланысты:
заңды тұлғалар штатында – мамандық бойынша жоғары білімі бар, еңбек өтілі үш
жылдан кем емес немесе мамандық бойынша орта білімі бар, еңбек өтілі бес
жылдан кем емес инженерлік-техникалық қызметкерлер, жауапты атқарушылар;
жеке тұлғалар үшін - мамандық бойынша жоғары білімі бар, еңбек өтілі үш
жылдан кем емес немесе мамандық бойынша орта білімі бар, еңбек өтілі бес
жылдан кем емес;
2) жұмыс түріне байланысты жабдықталған материалдық-техникалық және
өндірістік базалар:
қойылатын нормативтік-техникалық талаптарға сай келетін қондырғылардың,
көтерілмелі құрылыстардың, машиналар мен механизмдердің, жабдықтардың,
құралдардың қажетті жинағы;
бекітілген заңнама және нормативтік-техникалық актілер бойынша белгіленген
тәртіпте аккредитацияланған зертханалар мен жұмыс түрлерін орындау
сапалылығын бақылау жүйесі;
тапсырылған жұмыс түрлерін орындауға арналған бақылау-өлшеу құралдары;
еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы қызметтері;
берілген жұмыс түрі бойынша бекітілген нормативтік талаптарға сай келетін
өндірістік-тұрмыстық шарттар;
сұралған жұмыс түрі бойынша мемлекеттік нормативтерінің, анықтамалық және
методологиялық құжаттамаларының жинағы;
3) жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының белгіленген тәртіппен бекітілген
нормативтік құқықтық актілерімен рәсімделген, рұқсат етілген құрылыстық-монтаждық
жұмыстарының арнайы түрін орындау үшін (заңды тұлғаның жауапты атқарушылары).
|