Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
БИЗНЕС

Нормативтік құқықтық актілер

Шығыс Қазақстан облысының Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі
кеңесі туралы

Облыс экономикасының бәсекеге қабілеттілігін көтерудің тиімді механизмін құру жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 21) тармақшасы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 қаулысымен бекітілген мемлекет Басшысының жыл сайынғы 2005-2007 жылдарда айтылған Қазақстан халқына Жолдауларын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспардың негізгі бағыттарын (іс-шараларын)  және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған Бағдарламасын іске асыруды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының 337- тармағы негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Шығыс Қазақстан облысының Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңесі құрылсын (бұдан әрі Кеңес).
2. Қоса беріліп отырған Кеңес туралы ереже бекітілсін.
3. Кеңестің дербес құрамы облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітуге енгізілсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ә.С.Бергеневке жүктелсін.

Облыс әкімі
Ж. КӘРІБЖАНОВ


Шығыс Қазақстан облысының Бәсекеге қабілеттілік

жөніндегі кеңесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. Шығыс Қазақстан облысының Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңесі (бұдан әрі Кеңес) Шығыс Қазақстан облысы экономикасының бәсекеге қабілеттілігін көтерудің тиімді механизмін құру жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында жергілікті атқарушы органдардың, кәсіпкерлік қоғамдастықтар мен ғылыми көпшіліктің іс жүзінде өзара әрекеттестігін қамтамасыз ету үшін құрылған, ведомствоаралық сипаттағы консультативтік- кеңесші орган болып табылады.
2. Кеңес өз қызметінде Конституцияны және Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, әкімдіктің, облыс әкімінің актілерін, осы Ережені және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа алады.

2. Кеңестің негізгі міндеттері

3. Кеңес қызметінің негізгі міндеттері:
1) облыс экономикасының бәсекеге қабілеттілігін көтеруді  қамтамасыз ету үшін жағдай қалыптастыру, бәсекелестікті дамыту және кәсіпорындардың монополиялық қызметін шектеу;
2) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының мақсаттары мен басымдықтарын айқындау, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің әлеуметтік саланы дамытуда және қолдауда экономикалық мүдделілік танытуына жағдай қалыптастыру;
3) басымдықтарды іске асыру жөніндегі міндеттерді айқындау;
4) кәсіпкерлікті дамыту үшін әкімшілік кедергілерді азайту және инновацияны қолдау жөнінде;
5) экономика, инфрақұрылым, әлеуметтік даму саласында ұшқыр жобалар тізбесін қалыптастыру, олардың негізгі параметрлерін бөліп көрсету;
6) ұсынылатын жобалар мен шешімдердің ресурстық қамтамасыз етілуін анықтау;
7) ішкі және сыртқы рыноктарда өңірлік кәсіпорындар мен ұйымдардың бәсекелестік позициясын нығайту жөнінде шаралар әзірлеу   болып табылады.

3. Кеңестің функциялары 

4. Кеңестің функциялары:
1) өңірдің даму Стратегиясын қалыптастыру үшін қызметін үйлестіру және мүдделі тараптардың қатысуын қамтамасыз ету;
2) өңірдің даму Стратегиясын іске асыру жөніндегі жобаларды, бағдарламалық құжаттарды қарастыру және оларды бағалау;
3) өңірдің даму Стратегиясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
4) өзге өңірлердің бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңестерімен өзара әрекеттестікте болу;
5) көзделген іс-шаралардың орындалуы жөніндегі іс-әрекетті үйлестіру;
6) өңірдің даму Стратегиясының іске асырылуына талдау жүргізу болып табылады.

4. Кеңестің қызметін ұйымдастыру

5. Кеңестің дербес құрамы облыстық мәслихат сессиясының шешімімен бекітіледі. Кеңеске төраға, оның төрт орынбасары мен Кеңес мүшелері кіреді. Кеңестің құрамы атқарушы органдардың, кәсіпкерлік қоғамдастықтар мен қоғамдық ұйымдар басшыларынан құрылады.
Кеңестің мәжілістеріне қажет болған жағдайда ғалымдар мен тиісті қызмет саласының мамандары шақырылады. Кеңес мүшелері оның жұмысына ауыстыру құқығынсыз қатысады.
6. Кеңес төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, жұмысты жоспарлайды, оның шешімдерін іске асыруға жалпы бақылау жасайды. Төраға болмаған жағдайда оның функцияларын төраға тағайындаған орынбасары атқарады.
7. Кеңес жанынан Кеңестің құзыретіне жататын мәселелер бойынша (келісім бойынша) ұсыныстар мен шешімдер жобасын әзірлеу үшін кәсіпкерлер қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, ғалымдар мен мамандар тартылатын, жекелеген бағыттар бойынша жұмыс топтары құрылады.
Жұмыс топтарының тізбесі мен олардың басшыларын Кеңес төрағасы бекітеді. Жұмыс топтарының құрамын жұмыс топтарының басшыларының ұсынысы бойынша Кеңес бекітеді.
8. Кеңестің мәжілістері  қажет болған жағдайда, бірақ тоқсанына бір реттен кем емес өткізіледі. Кеңестің мәжілістерін Кеңес төрағасы өткізеді. Кеңестің шешімдері хаттамамен ресімделеді.
9. Кеңес өз қызметін Кеңес төрағасы бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады. Жұмыс топтарының жұмыс тәртібі мен жоспарын Кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес олардың басшылары  бекітеді.
10. Кеңестің шешімі мәжіліске қатысқан Кеңес мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен, ашық дауыс беруі арқылы қабылданады. Талқыланған мәселе бойынша дауыс тең болған жағдайда төрағалық еткен адамның дауысы шешуші болып табылады.
11. Шығыс Қазақстан облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті Кеңестің жұмыс органы болып табылады.
12. Кеңестің жұмыс органы:
1) Кеңес мәжілістерін өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
2) Кеңес ұсынымдарының орындалу мониторингісін жүзеге асырады;
3) Кеңес мүшелерінің ұсыныстары  және бұрын қабылданған шешімдер негізінде мәжілістің күн тәртібінің жобасын қалыптастырады;
4) Кеңес мүшелеріне Кеңестің кезекті мәжілісінің өтетін орны, уақыты және күн тәртібі туралы хабарлайды, оларды қажетті материалдармен қамтамасыз етеді;
5) Кеңес мүшелеріне және мүдделі атқарушы билік органдарына, кәсіпорындар мен ұйымдарға хаттаманың көшірмесін жібереді.

5. Қорытынды ереже

13. Осы ережеге өзгерістер мен ескертулер Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен енгізіледі.

Экономика және бюджеттік жоспарлау
департаменті директорының міндетін атқарушы
Б. Өтепов

 

Өскемен қ. Семей қ. Риддер қ. Курчатов қ.
Абай ауданы Аягөз ауданы Бесқарағай ауданы Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы Жарма ауданы Зайсан ауданы Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы Күршім ауданы Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы Үржар ауданы Шемонаиха ауданы