| Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңесі «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес 2006 жылғы 1 шілдеден орталық және жергілікті атқарушы органдардың са-раптау қорытындысын алу үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сарапшылық кеңе-стері арқылы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне жіберу тәртібі қолданысқа енгізілді. Заңның осы нормасын іске асыру мақсатында облыс әкімдігінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 667 қаулысымен Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңесі құрылды. Оған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің, мемлекеттік ор-гандардың өкілдері кірді. Сарапшылық кеңесін облысы әкімінің орынбасары Плотников Сергей Викторович басқарады. Кеңестің құрамына кіретіндер: Ан Евгений Алексеевич - Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры; Николай Владимирович Масич - «Шығыс Қазақстанның автотасымал-даушылар одағы» қауымдастығы төрағасының орынбасары; Владимир Романович Резанов - Шығыс Қазақстан облысының орман, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі кәсіпорындары өңірлік қауымдастығының президенті; Алма Камаловна Турлыбаева - Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары; Александр Иванович Филатов - Шығыс Қазақстан кәсіби жарнама жа-саушылар қауымдастығының төрағасы; Игорь Владимирович Шацкий - Шығыс Қазақстанның кәсіпқой құры-лысшылары қауымдастығының Директорлар кеңесінің төрағасы; Юрий Петрович Швайченко - Шығыс Қазақстан облысының «Дирек-торлар кеңесі» өңірлік одағының Үйлестіру кеңесінің төрағасы. Ағымдағы жылда 7 ай ішінде кәсіпкерлердің тіркелген бірлестіктері облыстық деңгейде, ШҚО кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңес қызметінің аясында жеке кәсіпкерлердің мүддесін қозғайтын Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 7 НҚА-не сараптама жүргізді: «Өскемен және Семей қалаларындағы бизнесті дамыту аймақтары туралы»; «Облыстық бюджет қаражаты есебінен ауылшаруашылық өнімдерін шығарушылар мен тамақ және өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарына несие ұсыну және екінші деңгейдегі банктерді банк-қарызгер ретінде анықтау шарттарын бекіту туралы»; «Кәсіпкерлікті дамытудағы әкімшілік кедергілерді жою жөніндегі жұмыс тобын құру туралы»; «ШҚО сарапшылық кеңесі туралы»; «ШҚ бизнесті дамыту өңірлік орталығы» акционерлік қоғамы туралы»; «Алтын Сапа» өңірлік көрме-конкурсы туралы»; «ШҚО-ң бәсекеге қабілеттілігі жөніндегі кеңесі туралы». |