| Әкімшілік кедергілерді азайту - бизнесті дамытудағы талпыныс
«Әлемдік Банктің (Doing Business) талаптарына сәйкес төмендегі бизнесті жүргізудегі жеңілдік көрсеткіштерінің рейтингі жақсартылады: бизнесті ашу, лицензиялау, менщікті тіркеу, салық төлеу, халықаралық сауда жүргізу, компанияның жабылуы. Қазақстанның жалпы рейтингі нәтижесінде 2006 жылы 63 орыннан 2007 жылы 58 орынға, 2008 жылы 53 орынға, 2009 жылы 48 орынға көтерілді.»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасынан үзінді келтірген себебім, өйткені дәл осы құжаттың «Бизнес ортаны дамыту және кәсіпкерлікті қолдау» тармағында төмендегі мақсаттарға жету көзделген: «Кәсіпкерліктің тиімді дамуына заңнамалық және институционалдық қолайлы жағдайлар туғызу».
Бұл көрсеткіштерге жету жолы ретінде мемлекеттік органдардың алдында тұрған нақты мақсаттар айқындалды:
- Бизнестің дамуына бөгет жасайтын әкімшілік кедергілерді жою.
- Бизнес ахуалын жақсарту.
- Шағын және орта бизнестің мемлекеттік холдингтермен ынтымақтастығына талпыныстар жасау.
Бизнесті жүргізудегі әкімшілік кедергілерді жою қажеттілігі Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жолдауында айрықша атап көрсетілген.
Мәселелерді шешуде «Бизнес-мемлекет» деп аталатын ақпараттық аймақта нақты бағдарға жүйелі ықпал ету арқылы нәтижелерге жетуге болады. Біз басқарушылар ретінде өз әрекетіміздің соңғы әрі аралық мақсаттарын көрсетіп отыруымыз қажет. Мақаланың басында соңғы мақсаттар туралы айтылғандықтан, «аралық нәтижелер» туралы толығырақ тоқталуды жөн көріп отырмын. Ең біріншіден, бұл Шығыс Қазақстан бизнесінің даму жолында жатқан әкімшілік кедергілер басымдығының анықтамасы, азаматтар мен кәсіпкерлердің пікірінше маңызды әрі бірінші кезектегі талдауды, реформалауды, жеңілдетуді талап ететін кедергілердің анықтамасы.
Теорияға көшейік. Кәсіпкерлікке тән әкімшілік кедергілер - бизнесті ашу сатысында немесе әрекеті барысында рұқсат құжаттарын алуда пайда болатын әкімшілік бөгеттер. Мысалы, үдеріс өте көп сатылы, қиын, өте қымбат, түсініксіз, логика бойынша жүйесіз немесе тіпті қайшылықты болып келеді.
Кедергілер өзінен-өзі пайда болмайды, қазіргі заманда мемлекеттік қызметтер деп аталатын әкімшілік үдерістерінде қолданылады.
Мемлекеттік қызмет дегеніміз мемлекеттік органдардың азаматтарға, бизнеске және басқа да мемлекеттік органдарға көрсетілетін белгілі мөлшердегі нормативті қызмет. Мұнда қарапайым қызметтер де, соның ішінде азаматтардың, бизнестің, басқа да ведомствалардың сұрауымен, бір және бірнеше ведомствалармен өзара қатынасы аясында болатын және жүзеге асатын қызметтер де бар. Мемлекеттік қызмет түсінігі берне түсінігіне өте жақын. Негізгі ерекшелік – қызмет – тұтынушының мемлекетпен өзара қатынасына сыртқы көзқарасы, ал берне – мемлекет пен ведомстваның ішкі көзқарасы. Бұл туралы терең қазбалауым, қатардағы азаматтарды айтпағанда, көптеген мемлекеттік шенеуніктерде аппарат ұғымы жайлы нақты түсініктің болмауын көрсетеді.
Мемлекеттік қызметтердің иегерлерін де атап көрсету жөн. Олар – Қазақстан Республикасының азаматтары, бизнес-құрылымдар, мемлекеттік органдар (белгілі бір мемлекеттік ведомствасының ішкі және сыртқы органдары). «Электрондық үкіметті» жүзеге асыру қарқыны мемлекеттік қызметті тұтынатын ерекше категория – шетелдік мемлекеттердің азаматтарын мүшеліктен шығарып отыр. ШҚО әкімінің сайтындағы шын мәніндегі жұмыс істеп отырған электронды қызмет Орталығы осы топтың мүддесін маңызды дәрежеде ескереді.
Алдымызға қойып отырған мәселелерді шешуде атқарған жұмыстарын ұсынатын консалтингтік фирмалардың әркелкі түрлерінің жаңа мүмкіндіктерін немесе біздің облыста бизнес-ортаны жақсарту жөніндегі жобаны іске асыратын қоғамның дамуын ақпараттық қолдау Қоры (ҚДАҚҚ) жағдайындағыдай өтеусіздік негізінде толық шамамен қолдануымыз қажет.
Бұл жағдайда Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандарының әкімдіктері, департаменттері мен басқармалары көрсететін мемлекеттік қызмет басымдығын анықтау бойынша ҚДАҚҚ біздің сұрауымызша жүргізген зерттеулердің нәтижелері қызықты болып келеді. Талдау үшін біз мемлекеттік қызметтердің толық тізімін ұсындық. Барлығы – 400-ден астам. Кәсіпкерлермен жүргізген сұхбаттар мен сараптамалық сұраулар арқылы мемлекеттік қызметтердің саны басында 160-қа, кейін 45-ке дейін қысқартылды. Зерттеушілер іріктеу кезінде келесі белгілерді ұстанды:
- Бұқаралығы. Мәселе көп адамдар үшін көкейкесті болып келеді.
- Мемлекеттік қызметтерді ұсыну барысындағы қиындық пен ұзақтылық.
- Мемлекеттік қызметтерді ұсынудағы мақсатқа лайықтылық, сипаттау және реформалау мүмкіндігі.
Жұмыстың бұл бөлігін орындаған соң, мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы, мемлекеттік органдар мен бизнестің өзара қатынас мәселелерін білікті түсінетін адамдар – мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер, қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен яғни, «тақырыптағы» адамдардан шығырлану тобын (фокус-топ) құру қажет болып тұр. Талдау үшін әрқайсысына 45 үдерістен тұратын жиынтық ұсынылды. Олардың көзқарастарын жинақтап, талдап, қорытындылай келе 25 % ғана қалтырдық. Дәл осы үдерістерді реформалау маңыздылығын бірнеше қайтара бағалай келе, фокус-топтың өзінде оннан астамын ғана қалтырдық.
Маңыздылығы жағынан кәсіпкерлерге де, қарапайым азаматтарға да көкейкесті болып келетін төмендегі үдерістер алға шықты:
Жылжымайтын мүлікті тіркеу құқығы мен онымен келісім жасау
Жылжымайтын мүлікті тіркеу құқығы мен онымен келісім жасау үшін жылжымайтын нысандарды техникалық түгендеу
Жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу
Салық салу мақсатында жылжымайтын мүлікті бағалау
Жер теліміне кепілдікке жылжымайтын мүлікті бағалау
Кепілдікке белгілі бір жер телімінің бағалау құнын анықтау
Аса үлкен емес қашықтықта келесі үдерістердің тобы:
Жер телімдерін сату бойынша саудалауды ұйымдастыру
Жер телімдерін ұсыну және жер теліміне құқығын растайтын құжаттар
Сарапшылардың назарынан мына тақырыптар да тыс қалған жоқ:
Мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс туралы ақпарат ұсыну
Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар сұранысын орындау
Соңғы жылдары білікті жұмыс күштері сұранысының кенеттен артуына байланысты кәсіпкерлер жұмыс күштерінің сұранысы мен ұсыныстарын және кәсіби қайта оқытудың автоматтандырылған деректер банкін құру мәселесін жеке қойып отыр, немесе оны «Бос орын мен қойылған талаптар туралы ақпаратты ұсыну» мәселесін шешудегі алғашқы әдісі ретінде қарастырады.
«Тұрғын үй қорынан пәтер шығару туралы ақпарат ұсыну», «Құрылыс жұмыстарын өндіруге рұқсат беру», «Кондоминимум құру әдістемесі және кондоминимумдағы кәсіпкердің үлесін анықтау» сияқты қызықты әкімшілік үдерістер жетекші топтардың құрамына аздап жете алмай қалды.
Назарларыңызға ұсынылған әкімшілік үдерістердің сұрыптамасы, біздің ойымызша, көрнекі, бизнес-қоғамдастық қөзқарасын объективті бейнелейді.
Үкімет Бағдарламасының келесі кезеңін іске асыру үшін мемлекеттік қызмет алгоритмін оңтайландыру арқылы әкімшілік кедергілердің азаюы бойынша жоспарға сәйкес жұмыс жасау. Бұл мәселені шешетін механизмдер бар және олар өте тиімді болып келетінін атап айтқым келеді.
Бұл - облыс әкімінің экономикалық кеңесінің әрекеті, ШҚО әкімдігінің әкімшілік кедергілерді жою жөніндегі тұрақты жұмыс тобы, облыстық департаменттер мен басқармалардың, аудандық және қалалық әкімдіктердің Сараптама кеңестері. Осы бағыттағы жүйелі жұмыстың мысалы ретінде Зырян және Риддер қалаларының жұмыс топтарын айтуға болады. Олардың қатысушылары – мемлекеттік қызметкерлер де, бизнес-қауымдастықтардың өкілдері де әкімшілік кедергілерді азайту әдістемесін біршама меңгеріп алды. Олардың жұмыс тиімділігінің артуы – бұл басқа тақырып. Біздің ортақ мүдделігімізде, мемлекеттің, бизнес ортаның, жеке азаматтардың да мүдделігінде аталған мемлекеттік қызметтер бойынша нақты, түсінікті және ең алдымен әділ «ойын ережелерін» тіркеу және сол бойынша жұмыс жүргізу.
Қойылған міндеттерді орындау - Қазақстан азаматтары ретінде біздің, тарихи маңызды стратегиялық мәселе - Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруге үлкен үлесіміз болады.
Нарықтық экономиканың объективті заңдары бізден – мемлекеттік қызметкерлерден біз үшін көп рөлдердің ішіндегі жаңасы - кәсіпкерлікті дамыту үшін сервистік қызметті жабдықтаушы ретіндегі рөлімізді нақты сезінуді және біз мемлекеттің мүдделігін қорғай отырып бизнеспен тең жағдайда сұхбат жүргізуге міндетті екендігіміздің дәлелін сезінуді талап етеді. Мұндай сұхбатқа біз дайынбыз.
Алма Тұрлыбаева, Шығыс Қазақстан
облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары
Кәсіпкерлікті дамытудағы әкімшілік кедергілерді жою жөніндегі жұмыс тобы ШҚО-да кәсіпкерлердің түрлі келісімдерді алуы, мемлекеттік органдарда рұқсат алу тәртібінен өтуі, қолданыстағы заңнаманы жетілдіру, мемлекеттік үдерістердің айқындылығын қамтамасыз ету сияқты кәсіпкерлік қызметті әкімшілік ету үдерістерін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды өндіріп, іске асыру жөнінде жұмыстар атқарып жатыр.
Жұмыс тобының отырыстары тоқсан сайын өткізіледі. Облыс әкімі Ж.С. Кәрібжановтің тапсырмасы бойынша осыған ұқсас жұмыс топтары облыстың қалалары мен аудандарында құрылған. Олардың қызметтерінің тиімділігі облыстық Жұмыс тобының назарындағы объекті болып отыр. Ағымдағы жылда отырыстарда қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарларының тиісті аумақтарда әкімшілік кедергілерді жою жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру туралы мәселелерін тыңдау жоспарланып отыр.
Облыс әкімінің сайтына ақпарат
2007 жылғы 12 желтоқсанда облыс әкімінің орынбасары С.В. Плотниковтың төрағалығымен кәсіпкерлікті дамытудағы әкімшілік кедергілерді жою жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.
Күн тәртібіне сәйкес екі мәселе қаралды:
Бірінші мәселе бойынша: «ДСҰ-ға кіру. Зияткерлік меншікті пайдалану және қорғау проблемалары». Қоғам дамуын ақпараттық қолдау қорының кеңесшісі А.Г. Самойлованың ақпараты тыңдалды. Аталған мәселе бойынша облыс әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар бөліміне, кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментіне облыс әкімінің ресми сайтында «Зияткерлік меншік» web-сайтын ашып, облыстың ниет білдірген ұйымдары ұсынатын зияткерлік меншікті құру, пайдалану және қорғау туралы ақпаратты таратуды қамтамасыз ету тапсырмасы берілді.
Қоғам дамуын ақпараттық қолдау қорына, РНТБ ШҚ филиалына, Шығыс өңірі бойынша НИИС өкілеттілігіне зияткерлік меншікті құру және бағалау жөнінде бизнес-құрылымдарға көмек көрсетуге белсенді күш жұмсау ұсынылды.
Қалалар мен аудандардың әкімдеріне қоғам дамуын ақпараттық қолдау қорына Жұмыс топтарының отырыстарында зияткерлік меншікті құру, пайдалану, және қорғау мәселесін қарастыру жөнінде тапсырма берілді.
«Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының кәсіпкерлік құрылымдармен өзара әрекеттестік үдерістерін жетілдіруі туралы» мәселе бойынша Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы бастығының міндетін атқарушының ақпараты тыңдалды. ШҚ облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасына, ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментіне шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларына келісім беру кезінде, сонымен қатар ескертулер жойылғаннан кейін қайта қарауға түскен кезде мемлекеттік экологиялық сараптама мерзімдерін қысқарту мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.
Өскемен қаласының әкіміне Әкімшілік кедергілерді жою жөніндегі қалалық жұмыс тобының кезекті отырысында қалада кәсіпкерлерге кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру үшін жер учаскелерін ұсынған кезде рұқсат алу тәртібінен өту Сұлбасын енгізу туралы мәселені қарастыру тапсырылды.
Жобаларға келісу кезеңінде санитарлық-қорғау аймақтарын анықтағанда пайда болған проблемаға байланысты ШҚО бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті, ШҚО бойынша салық комитеті Шығыс Қазақстанның кәсіби құрылысшыларының қауымдастығымен бірге жобаларға келісу кезеңінде санитарлық-қорғау аймақтарын анықтауда шағын кәсіпкерлік субъекттерінің шығындарын барынша азайту мүмкіндігі туралы ұсыныс енгізсін деген шешім қабылданды.
ШҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаменті Шығыс Қазақстанның кәсіби құрылысшыларының қауымдастығымен бірге ҚР қолданыстағы заңнамасы шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің сәулет-құрылыс қызметін лицензиялау жүйесін жеңілдету мүмкіндігін қарастыру тапсырылды.
Жұмыс тобының кезекті отырысында ШҚ облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаментінің, Өскемен қаласының әкімдігі басшыларының Жұмыс тобының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы отырысында берілген тапсырмалардың орындалғаны туралы ақпараты тыңдалады.
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ШАҒЫН БИЗНЕСІ
Атқарушы өкімет органдарының шағын бизнесті қолдауға бағытталған шаралары салдарынан оның тұрақты және жағымды даму серпіні байқалады.
2007 жылда тіркелген шағын бизнес кәсіпорындарының саны 564 бірлікке артты. Облыста барлығы 11232 шағын кәсіпорын бар. Әрекеттегі кәсіпорындардың саны 229 бірлікке артты, қазірде олар – 7891. Шағын бизнес кәсіпорындарындағы жұмысшылардың саны 50208 адам, немесе 2006 жылмен салыстырғанда 5594 есеге көп. Шағын бизнес кәсіпорындарының тауарлар, жұмыстар және қызметтерді шығаруы 17 пайыздан артты. Жеке кәсіпкерлердің саны 5,9 адамға көбейді, облыста қазір олар 60 мыңнан астам.
Жылдың басынан әрекеттегі шаруа қожалықтарының саны 1569 бірлікке артты, 16866 бірлік деңгейіне жетті. Шаруа қожалықтарында 33,7 мың адам жұмыс істейді.
Шағын кәсіпкерлік саласында 10895 жаңа жұмыс орны құрылды.
Аталған санаттағы салық төлеушілерден бюджетке түскен салық көлемі 29,3 пайызға өсті.
Кәсіпкерлікті қаржылық-несиелік және инвестициялық қолдау мақсатында кәсіпкерлік субъекттерін кредиттеу жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылда «Ауылшаруашылық өнімін шығарушыларды кредиттеу» бағдарламасы бойынша аграрлық секторды дамыту үшін облыстық бюджеттен 110 млн. теңге бөлінген. «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ жалпы жиынтығы 286,6 млн. теңгеге 26 ШКС жобаларын қаржыландырды.
Кәсіпкерлікті қаржылай қолдаудың баламалы көздерін құру жөнінде жұмыстар жүргізілуде. Өскемен қаласында «Шығыс-несие» ЖШС кредиттік серіктестік тіркелген. «Аягөз-несие» және «Шыңғыстау-несие» кредиттік серіктестіктері қаржыландыруын бастады. КС жалпы жиынтығы 699,5 млн. теңге кредит бөлді.
Шағын кредиттік ұйымдардың жүйесін кеңейту жөнінде жұмыстар жүргізілуде. «Ауылшаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ-ң ШҚ филиалы Зырян, Ұлан, Үржар, Жарма және Катонқарағай аудандарында 5 шағын кредиттік ұйым тіркелді.
Шағын кәсіпкерлік үшін ұсынған қаражат көлемі бойынша негізгі инвестиция көзі екінші деңгейдегі банктер болып табылады. Олар ШКС-не 87124,0 млн. теңге бөлді, 2006 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 153 пайыз.
Кәсіпкерлерді өндірістік үйлермен қамтамассыз ету үшін 11 объект коммуналдық меншікке, 2 объект республикалық меншікке, 19 комуналдық меншік сенімгерлік меншікке берілді, сонымен бірге 200-ден астам жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып отыр. Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру үшін кәсіпкерлерге 1018 жер учаскесі ұсынылды, пәтерді қайта жоспарлау үшін 272 рұқсат қағаздары берілді.
Облыста сапалы, бәсекеге қабілетті өнім шығаруға бағытталған кәсіпорындар құру және дамыту мақсатында Бизнесті дамыту аймақтары құрылған. Өскемен және Семей қалаларында жаңа өндірістерді дамыту, Зайсан, Үржар, Бородулиха, Шемонаиха аудандарының «Майқапшағай», «Бақты», «Жезкент», «Уба» кедендік өтулерінде шекара маңындағы сауданы және бірлескен бизнес жүргізуді дамыту аймақтары ұйымдастырылуда. Ағымдағы уақытта индустриялық аймақтарда орналастыру үшін жалпы жиынтығы 13,8 млрд. теңгеге 28 жоба мақұлданды.
Облыста мемлекеттік сатып алу бойынша өткізілетін конкурстарға ШКС-ң белсенді қатысуы қамсыздандырылған. Өткен жылмен салыстырғанда 2007 жылы шағын кәсіпкерлік субъекттерінен тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша жалпы көлем 6394 млн. теңгеге артып, 12569,3 млн. теңгені құрады, бұл мемлекеттік сатып алу бойынша жалпы көлемнің 34 пайызы. Соның ішінде тауар – 4337,5 млн. теңге, жұмыс – 6833,3 млн. теңге, қызмет -1398,5 млн. теңге.
Шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының өңірлік филиалының жанында Кәсіпкерлікті қолдау орталығы қызмет етеді. Орталық кәсіпкерлік қызметтің бухгалтерлік есеп, салық салу, заңгерлік және тағы да басқа мәселелер бойынша кеңестік қызметтер көрсетеді. 2007 жылы 705 кеңестік қызмет көрсетілді.
Өңірдегі әкімдіктердің көмегімен «КазАгроМаркетинг» АҚ-ң 16 кеңестік орталығы жұмысын жүзеге асыруда. «КазАгроМаркетинг» АҚ ШҚ облыстық филиалы оқыту, кеңес беру, баға туралы ақпарат ұсыну, бизнес-жоспар құру, ауылшаруашылық өнім өндірушілердің тауарын жылжыту бойынша қызмет көрсетеді.
Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті кездесулер, семинарлар, кеңестер мен конкурстар өткізуді қамтамасыз етеді.
2007 жылғы 16 мамырда «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-мен бірлесе отырып Өскемен қаласының шағын және орта бизнес кәсіпорындарының басшыларымен және облыстық кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерімен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ң «Барлығы да шағын бизнес үшін» Өскемен қаласында ашылатын қаржылық орталығының мүмкіндіктері» атты кеңес өткізілді.
2007 жылғы 24 мамырда ШҚО ұлттық қауіпсіздік департаментімен бірлесе отырып, ниет білдірген облыстық мемлекеттік органдар өкілдерінің, кәсіпкерлер бірлестіктер мен шағын және орта бизнес кәсіпорындары басшыларының қатысуымен «Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібі» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.
2007 жылғы 28 мамырда «Атамекен» ҚКЖЖО-ң ШҚ филиалымен бірлесе отырып «Мемлекет Президенті Н.Ә. Назарбаев ынтагерлік танытқан конституциялық және әкімшілік реформаларды талқылау» атты кеңес өткізілді.
14 тамызда облыс әкімі бақылау және қадағалау қызметтерін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың басшыларымен кеңес өткізді, кеңеске кәсіпкерлердің қоғамдық ұйымдары да қатысты. Кеңесте мемлекеттік органдарға кәсіпкерлік қызметке негізсіз араласпау жөнінде қажетті шаралар қабылдау, шаруашылық ететін субъекттерге тексеру жүргізгенде заңдылықтың қатаң сақталуын қамтамасыз ету және кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқан қызметкерлерге әкімшілік жаза шараларын қабылдау ұсынылды.
23 қазанда кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті ҚР ИСМ және «Деловой Мир» журналымен бірге «Қазақстанда шағын бизнес субъектілері үшін статистикалық есептемені жетілдіру» атты семинарын өткізді. Семинарға облыстағы бизнес-қоғамдастықтар қатысты.
Кәсіпкерлік бастаманы және іскерлік белсенділікті ынталандыру мақсатында шілде айында «2007 жылы Қазақстан Республикасында шағын бизнесті дамыту саласындағы жетістіктер үшін» республикалық конкурсының бірінші туры, желтоқсанда «шағын бизнес саласындағы 2007 жылдың үздік кәсіпкерлері» облыстық конкурсы өтті. 19 желтоқсанда Конкурстың жеңімпаздары мен лауреаттары марапатталды.
Ай сайын шағын кәсіпкерлік қызметтің құқықтық жағдайын, мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынасын жетілдіру мақсатында, кәсіпкерлікті дамытуда әкімшілік кедергілерді жою жөніндегі жұмыс тобының отырысы өткізіледі.
ШҚО кәсіпкерлік мәселесі бойынша Сарапшылық кеңесінің жұмысы қамтамасыз етіледі. Ағымдағы жылда облыстық деңгейде кәсіпкерлердің мүддесін қорғайтын 7 НҚА қаралды. Өңірлік деңгейде 8 НҚА-не сараптама жүргізілді. Қалалар мен аудандардағы сарапшылық кеңестердің қызметін белсенді ету мақсатында Глубокое ауданында «Глубокое ауданының Агроодағы», Тарбағатай ауданында «Тарбағатай кәсіпкерлері» шағын және орта бизнес кәсіпкерлері», Шемонаиха ауданында «Шемонаиха агроөнеркәсіптік одағы» заңды тұлғалар бірлестігі тіркелді.
|