Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
БИЗНЕС

2007 жылда «Шағын бизнес саласындағы үздік кәсіпкерлер» облыстық конкурсының жеңімпаздары мен лауреаттары

«Жылдың үздік кәсіпкері» аталымында:

Жеңімпаз: Борис Андреевич Зырянов, «Восход» ш/қ, Глубокое ауданы

1996 жылғы қарашада Куйбышев атындағы колхоз қайта құрылып,  «Восход» шаруа қожалығы пайда болды. Аталған колхозды Борис Андреевич Зырянов басқарады. «Восход» шаруа қожалығы өзінің пайда болған кезінен бастап көп салалы мықты шаруашылыққа айналды. Борис Андреевичтің тәжірибесі мен сарқылмас еңбек сүйгіштігінің арқасында шаруашылықта ұлы өзгерістер болды. 60 жаңа жұмыс орны құрылды, сұрыпталымдағы жартылай ысталған шұжық өндіретін шұжық цехы, тұшпара өндіретін цех, жоғарғы және бірінші сортты наубайхана, күнбағыс тұқымын өңдейтін цех сияқты қайта өңдеу өндірістері құрылған. Тұқым үнемі жаңартылып отырады, ауылшаруашылық дақылдарын өңдейтін қазіргі заманғы агротехника қолданылады. Осы себептен егін шығымдылығының деңгейі - 19-20 ц/га, күнбағыс деңгейі - 20-22 ц/га. Мал шаруашылығында сауын табындарының саны 220-дан 290-ға дейін артты.           2006 жылы шаруашылыққа ІҚМ қара шұбар асыл тұқымды мал шаруашылығының мәртебесі берілген. Жыл сайын шаруа қожалығы тұрмысы төмен отбасыларға, жалғыз басты зейнеткерлерге, зағиптер қоғамына демеушілік көмек көрсетеді.  

Лауреаттар: Серікхан Досанұлы Жуанышев, «Саланг» тігін фабрикасы» ЖШС, Семей қаласы

«Саланг» тігін фабрикасы» ЖШС 2006 жылы құрылған. Фабрика сапалы және қазіргі заманғы арнайы киім тігу қызметтерін көрсетеді.
Жұмысшылардың саны 40 адам. Орташа жалақы – 21 705 теңге. Серікхан Досанұлы ауруларға, тұрмысы төмен адамдарға материалдық, демеушілік көмек көрсетеді.

Есімбек Дәлелұлы Мәмбетов, «Мәмбет» ш/қ, Көкпекті ауданы

Есімбет Дәлелұлы Мәмбетов - «Мәмбет» шаруа қожалығының бастығы. Шаруашылық дәнді дақылдар, күнбағыс өсірумен, өңдеумен, жем-шөп өндірісімен, өз өнімін сатумен айналысады. Жердің жалпы көлемі 2839 га құрайды. Шаруа қожалығы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлесін қосады.

Сәния Бекежанқызы Ауытқанова, кәсіпкер, Жарма ауданы

Кәсіпкердің негізгі қызмет түрі – тігін және галантереялық бұйымдарды тігу мен сату. Сәния Бекежанқызы Ауытқанова тігін бұйымдарын тігу бойынша қызмет саласында 1975 жылдардан бері қызмет етіп келеді. Жұмысшылардың саны – 10 адам, орташа жалақы – 20-22 мың теңге. Сәния Бекежановна Ауытқанова аудан, ауылдың әлеуметтік өміріне белсенді араласады.

«Өндіріс саласындағы үздік кәсіпкер» аталымында:

Жеңімпаз: Сергей Александрович Петкевич, Жеке кәсіпкер, Риддер қаласы

Сергей Александрович Петкевич шағын бизнеспен 1998 жылдан бастап айналысады. «Нива» наубайханасы 2005 жылдан бастап іске қосылды. Хош иісті, өте дәмді әрі алтын қыртысты нан Риддерде әйгілі болып табылады. Күніне 3400 дана нан пісіріледі. Жақын болашақтағы жоспар - өндіріс орындарының көлемін 2 есеге ұлғайту, нан пісіруге арналған қосымша жабдық сатып алу және өнім шығарылымын 1,5 есеге арттыру. Бүгінгі таңда нанды жеке орау желісін енгізу мүмкіндігі зерттеліп жатыр. Өндірісте өз құнын арзандату және қол еңбегінің үлесін төмендету мақсатында қамыр илейтін жартылай автомат сатып алу мәселесі жоспарланып отыр. Наубайханадағы жұмысшылардың саны – 19. Орта айлық  жалақы – 24 мың теңге. Жеке кәсіпкер С.А. Петкевич Риддердің балалар спорт мектебіне, спорт жиындарын өткізуге, спорттағы дарынды балалардың республикалық мектебіне көмек көрсетеді, қарттарға материалдық қолдау көрсетеді. Петкевич және оның ұжымы шағын және орта бизнес жұмысшылары кәсіподағының Риддер филиалының белсенді қатысушылары болып табылады.

Лауреаттар: Фарида Қадырқызы Рахматуллина, «Корунд-Строй» өндірістік кооперативі, Семей қаласы

«Корунд-Строй» өндірістік кооперативі құрылыс материалдарын өндіруге мамандандырылған. Құрылыс материалдар өндірісіндегі қазіргі заманғы бағыт – полимер-құмды қоспаларынан жасалған бұйымдар – полимер-құмды черепица мен тротуар тақталарын жасау болып табылады.  Жұмысшылар саны  - 14. Орта айлық жалақы – 14 251 теңге. «Корунд-Строй» ӨК директор Фарида Қадырқызы Рахматуллина тұлғасында  демеушілік көмек көрсетеді.

Юрий Иванович Семенов, «Семторгтехника» ЖШС, Семей қаласы

 «Семторгтехника» ЖШС-ын Юрий Иванович Семенов басқарады. Мұздатқыш сауда-технологиялық жабдықтарды жөндеу, шығару-реттеу және құрастыру жұмыстарымен, бақылау-кассалық аппараттарын жөндеу және қызмет көрсету, бір үлгіге салынбаған жабдықтарды жасаумен, мұздатқыш және сауда жабдықтарын жеткізумен айналысатын мамандандырылған кәсіпорын болып табылады. Кәсіпорындағы жұмысшылар саны – 34 адам. Еңбек ардагерлеріне және Ұлы Отан соғысына қатысқандарға материалдық көмек көрсетеді.

«Құрылыс саласындағы үздік кәсіпкер» аталымында:

Жеңімпаз: Надежда Семенова Олесина, «НАТА» ЖШС, Өскемен қаласы

«НАТА» ЖШС-де қазіргі заманғы техникалық жабдықтауы, жеті жылдық жұмыс тәжірибесі және жұмысты тез әрі сапалы орындайтын білікті мамандары бар. ЖШС-не өндірістің қазіргі заманғы әдістерін қолдану жұмысты орындау мерзімдерін қысқартады, еңбек сыйымдылығын төмендетеді және орындалатын жұмыстардың құнын азайтады. Ал кәсіпорында жаңа материалдарды пайдалану сапаның жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Кәсіпорын жөндеу-құрылыс жұмыстарының рыногында тұрақты жұмыс істейді. Надежда Семенова жұмыс атқарған уақытында өзін тәжірибелі басшы ретінде көрсете алды, қазіргі заманғы нарықтық ойлау жүйесі бар, әрқашан тың ойлар мен қарекетшілдік көрсетіп отырады, өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың жаңа түрлерін пайдаланады, кадрларды кәсіби іріктеп алуды қамтамасыз етеді, кәсіби құрылысшылар қауымдастығының директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.
Кәсіпорын өз күшімен мүмкіндігінше Өскемен қаласының өміріне араласады: Жеңіс күніне арналған мерекеде соғыс ардагердеріне кітаптар, қала күнінде түрлі конкурстарға сыйлықтар сатып алынды. Кәсіпорын базасында «Сылақшылардың үздік бригадасы» конкурсы өткізіледі.

Лауреаттар: Манарбек Құсайынұлы Құмаров, «Кумаров и Компания» ЖШС, Көкпекті ауданы

«Кумаров и Компания» ЖШС 2001 жылы құрылған. Құрылыс-құрастыру жұмыстарын жүргізуге мамандандырылған, ғимараттар, түрлі құрылыстар мен бас тоғандарды жөндейді. Жұмысшылар саны – 101 адам. Орта айлық жалақы – 30 537 теңге. «Сәулетай» қоғамдық балалар қорына демеушілік көмек көрсетеді.

Қуатбек Заманбекұлы Абжанов, «СМУ-ШЫҒЫС» ЖШС, Зайсан қаласы

Кәсіпорынды Қуатбек Заманбекұлы Абжанов басқарады. Кәсіпорынның негізгі бағыты – құрылыс-құрастыру жұмыстары. Кәсіпорын ауданның әлеуметтік-экономикалық өміріне белсенді араласады, тұрмысы төмендерге көмек көрсетеді. Қуатбек Заманбекұлы қиындықтарға қарамастан қуатты құрылыс кәсіпорынын құра алды. Кәсіпорын зор өндірістік әлеуетімен облыстың оңтүстік аудандары экономикасының дамуына маңызды үлес қосты.

«Үздік әйел-кәсіпкер» аталымында:

Жеңімпаз: Любовь Ивановна Семенина, «СОВА» ЖШС, Курчатов қаласы

Любовь Ивановна Семенина «СОВА» ЖШС-нің директоры болып табылады.
ЖШС-ның негізгі қызмет түрлері:
Қала тұрғындары, кәсіпорындар мен ұйымдарына желілік хабар тарату қызметін ұсыну;
Кабельді теледидарлама қызметін ұсыну.
Осы бағытта жұмыс атқара отырып, аталған саланы толық техникалық қайта жарақтандырды. Жаңа импорттық сандық станция сатып алынды. Кабельді жүйе мен желілік жабдықтар ауыстырылды, қызметшілер оқытылды.
Қызметшілер саны – 6 адам, орта айлық жалақы – 28 400 теңге.
Любовь Ивановна қызметтің барлық салаларында өзін ынталы, білгір және алғыр маман ретінде көрсете білді. Любовь Ивановна жаңа жобаларды бастап, оларды ойдағыдай іске асырады.
Оның күш-қуаты мен іскерлік қасиетінің арқасында өзі құрған әрі басқарып
отырған кәсіпорын үнемі дамып және жаңа қызмет түрлерін ұсынуды игере отырып телекоммуникация рыногында табысты жұмыс атқарып келеді. 

Лауреаттар:  Нүрзия Нұрахметқызы Сағатбекова,  жеке кәсіпкер, Үржар ауданы

2000 жылдан бастап Нүрзия Нұрахметқызы Сағатбекова кәсіпкерлікпен айналысып келеді. Қызметінің негізгі түрі – сауда. Дүкені бар. Жұмысшылар саны – 21. Нүрзия Нұрахметқызы Науалы балалар үйінің 5 тәрбиеленушісіне қамқоршы болып отыр, үнемі ауданда өткізілетін бұқаралық мәдени, спорттық іс-шаралардың демеушісі болып табылады.

Бахти Қабденқызы Жуашова, «Аптека – 56»  өндірістік кооперативі

Бахти Қабденқызы Жуашова фармацевтикалық қызметпен 1995 жылдан бастап айналысады. Бүгінгі күнде 4 дәріханасы жұмыс істейді. Жұмысшылар саны – 8 адам. Орта айлық жалақы – 15750 теңге. Ауданның әлеуметтік өміріне белсенді араласады. Бір салада 31 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келе жатқан маман ретінде Бахти Қабденқызы және оның ұжымы медициналық көмекті сапаландыра отырып, халық игілігіне еңбек етіп жатыр.

Шәріпхан Байджаққызы Қожахметова кәсіпкерлік қызметпен 1997 жылдан бастап айналысып келеді. Негізгі қызмет түрі - азық-түлік тауарларын бөлшек және көтерме саудалау, азық-түліктік емес тауарларды саудалау. Жұмысшылар саны – 11 адам. Шәріпхан Байджаққызы Қожахметова ауданның әлеуметтік өміріне белсенді араласады.

«Шағын бизнес саласындағы үздік инновациялық жоба» аталымында:

Жеңімпаз: Виктор Аркадьевич Переверзев, «ЭНВИ» ЖШС, Зырян қаласы

Қазақстанның экономикасын көтеру барысында сапалы жөндеуге, интерьерлердің жаңа шешімдеріне, қазіргі заманғы көркемдеуге сұраныстар арта бастады. «ЭНВИ» ЖШС-ң директоры Виктор Аркадьевич Переверзев білімі мен жұмыс өтілі бойынша – сәулетші, ол дизайн-топтармен байланыстарды реттейді, жаңа технологияларды енгізумен және құрылыс материалдарын өндірумен байланысты көрмелерге қатысады, дизайнерлік, жобалық және сметалық топтарды құрайды.
2004 жылы Виктор Аркадьевич өзінің арманын жүзеге асырды – тасты көркем өңдеу бойынша цех сатып алды. Ол мұнымен шектеліп қана қоймай, флорентийская мозайка стиліндегі табиғи тастан сурет салады, Шығыс Қазақстандық тастың қайталанбас сұлулығын ашу үшін жаңа бағыттарды іздеуді жалғастырады.
Жұмысшылардың саны – 86 адам. Балалар және жастар шығармашылығының дамуына демеушілік көмек көрсетеді. «ЭНВИ» ЖШС   ШҚО шағын және орта бизнес жұмысшылары кәсіподағының мүшесі болып табылады. 

 

«Үздік фермер-кәсіпкер» аталымында:

Жеңімпаз: Виктор Валентинович Зейнок,«Изумруд» ш/қ, Ұлан ауданы

Виктор Валентинович Зейнок - «Изумруд» ш/қ басшысы. «Изумруд» шаруа қожалығының ресми түрде құрылу күні – 2001 жылғы 7 мамыр. Өзінің 6 жасында «Изумруд» ш/қ ауданда да, облыста да зор абырой, атаққа ие. Виктор Валентиновичтің басшылығымен ш/қ келешегі бар, дамып келе жатқан, қаржы тұрғысынан тұрақты, жоғары түрде ұйымдасқан, жоғары технологиялық қазіргі заманғы шаруашылық ауылшаруашылық өнімдерін өсіру, өңдеумен айналысады. Бүгінгі таңда шаруашылық 6368 га жер ауданында егіс жұмыстарын жүргізеді, соның ішінде 4700 га – егіндік. Қазіргі заманғы жоғары техникалық жаңа техника мен жабдықтардың, сонымен қатар жоғары ұйымдастырушылық пен еңбек мәдениетінің, осында жұмыс атқарып жатқан адамдардың кәсібилігінің арқасында «Изумруд» жерді өңдейтін қазіргі заманғы, жаңа, озық әдістер мен технологияларды қолдана отырып, ауылшаруашылық дақылдарын өсірумен айналысады. Жұмысшылардың орта айлық жалақысы – 28000 теңге.
2006 жылы тұқымды бірінші, екінші, үшінші қалыптастыратын өндіруші шаруа қожалығына Тұқым шаруашылығы мәртебесі берілген. Шаруа қожалығында өскен егінді өңдеу мәселесіне көп көңіл бөлінеді.
Ш/қ-да табиғи күнбағыс майын өндіретін қазіргі заманғы май зауыты бар. Өсірілген дәнді өңдейтін диірмен кешені мен наубайханасы бар. «Изумруд» шаруа қожалығы жұмыс оралымы толық аяқталған кәсіпорын болып табылады. Шикізат өндіру - өңдеу – дайын өнімді саудалау. Виктор Валентинович мүгедектер қоғамына, қарттарға, мектептерге, спортшыларға, тұрмысы төмен адамдарға демеушілік көмек көрсетеді.

Лауреаттар: Айман Жеңісханқызы Рыскелдинова, «АРМАН» ш/қ, Семей қаласы

Айман Жеңісханқызы Рыскельдинова шаруа қожалығының басшысы болып табылады. Шаруа қожалығы көкөніс дақылдарын өсірумен айналысады. Қолданылатын агротехнология – жыл сайын органикалық және минералды тыңайтқыштарды қолдана отырып суармалы егістікте көкөніс пен бәреңгі өндірісі, дәнді дақылдардың тұқымы, голланд сорттарын аудандастыру. Жұмысшылардың саны – 9 адам. Орташа жалақы – 30000 теңге.        

Ержан Тұрсынханұлы Қойгелдин, «Өрнек» ЖШС, Көкпекті ауданы

«Өрнек» ЖШС 1996 жылы құрылған. Шаруа қожалығының басшысы Ержан Тұрсынханұлы Қойгелдин. Негізгі қызмет түрі  - өнім өндіру, өсімдік және мал шаруашылығы. Жер учаскелерінің жалпы ауданы 29787 га құрайды. Оның ішіндегі егістік ауданы 11812 га астам. Шаруашылықта 1501 ІҚМ бар, жылқы -105 бас, ҰМ-618 бас. 2006 жылы шаруашылыққа асыл тұқымды мал шаруашылығының мәртебесі берілген. Шаруашылықта диірмен, күнбағыс майын өндіретін май цехі, наубайхана, сүт суытатын сүт блогы бар. Ержан Тұрсынханұлы ауданның әлеуметтік өміріне белсенді қатысады.

Кәкім Ұлықпанұлы Шәріпов, «Динара» ш/қ, Жарма ауданы

«Динара» шаруа қожалығы 1996 жылы құрылған. Басшысы - Кәкім Ұлықпанұлы Шәріпов. Қызметінің негізгі түрі – ірі қара мал өсіру, қой шаруашылығы, ауылшаруашылық өнімдерінің барлық түрлерін дайындау және сату. Кәкім Ұлықпанұлы Шәріпов ауылшаруашылық саласында 1990 жылдардан бастап еңбек етіп келеді. «Динара» шаруа қожалығының штатында 16 адам жұмыс атқарады, орта айлық жалақы – 18000 теңге. Бидай егіс даласы 400 га құрайды, арпа – 200 га, шабындық – 400 га. Шаруашылықта 300 бас ІҚМ, 400 бас қой, 120 бас жылқы бар. Кәкім Ұлықпанұлы Шәріпов жыл сайын тұрмысы төмен отбасыларға, ҰОС ардагерлеріне, қарттарға демеушілік көрсетеді.

«Шағын бизнес кәсіпорындарындағы ең жоғарғы орта айлық жалақы» аталымында:

Жеңімпаз: Александр Васильевич Кузнецов, «АКПА - Химзащита» ЖШС, Өскемен қаласы

«АКПА –Химзащита» ЖШС жөндеу жұмыстарының рыногында тұрақты жұмыс атқарып келеді. Александр Васильевич Кузнецов басқарып отырған ұжымның көп қырлы тәжірибесі, инженерлік-техникалық жұмысшылардың зор зияткерлік әлеуеті бар. Бүгінгі күнге дейін кәсіпорын Шығыс Қазақстан облысының және республиканың басқа да облыстарының экономикалық әлеуетін арттыруға маңызды үлес қосты.
Нарықтық экономика жағдайында А.В. Кузнецов бастамашылық және іскерлік қасиеттерін көрсетеді, фирманы тұрақты жұмыспен қамтамасыз ететін өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың жаңа үлгілерін қолданады. Александр Васильевич жұмыс істеген кезінен бастап өзін қазіргі заманғы ойлау жүйесі мен кадрларды кәсіби таңдай алатын тәжірибелі басшы ретінде көрсетті. Фирма ұжымында да, құрылыс ұйымдарының директорларының арасында да зор беделге ие.
Кәсіпорын келесі қайырымдылық көмектерін көрсетеді: жетім және тұрмысы төмен балаларға жаңа жылдық сыйлықтар алынды, Богородица-Рождественский храмға көмек көрсетілді (иконостас сатып алынды), зейнеткерлерге материалдық көмек, К.А. Измайловтың «Самоучитель казахского языка (разговорника)» басылымына демеушілік көмек көрсетілді. Александр Васильевич белсенді түрде Өскемен қаласында КТК (КВН) қозғалысының дамуына қолдау көрсетеді. Александр Васильевичтің арқасында «Полигон» КТК командасының қолдау тобы Павлодар қаласына «КВН-Иртыш» лигасының финалдық ойнына барып қайтты.

Лауреат: ВладимирАлександрович Босяков, «Серебряный ключ» ӨК, Зырян ауданы

2000 жылы бұрынғы «Зыряновский» АҚ жерінде «Серебряный ключ» өндірістік кооперативі кәсіпорны құрылған. Төрағасы – Владимир Александрович Босяков. Өндіріс қызметінің негізгі түрі -  ауылшаруашылық өнімдерін өндіру мен сату, өңдеу, өсімдік шаруашылығы өнімдеріне  жер жырту, егу, жинау қызметтері. 2007 жылғы орта айлық жалақы – 36456 теңге. ӨК мектептерге, пансионаттарға, емдеу орындарына қайырымдылық көмегін тигізеді.

«Анағұрлым көп жаңа жұмыс орындарын құрған кәсіпкер» аталымында:

Жеңімпаз: Серікжан Айтқожаұлы Танкаев, «Азимут» ЖШС, Семей қаласы

«Азимут» ЖШС 10 жыл бойы ғимараттар мен құрылыстарды кезектегі және күрделі жөндеуден өткізу бойынша құрылыс-құрастыру жұмыстарымен айналысады. ЖШС Семей қаласындағы 105 пәтерлік монолитті тұрғын үй құрылысына субмердігер ретінде, тұрғын үй мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бас мердігер ретінде қатысқан. Кәсіпорын Семей қаласы Первомайская көшесі бойындағы 72 пәтерлі тұрғын үйді бірінші болып пайдалануға берді. Фирма атқаратын жұмыстардың сапасы тапсырыс берушілердің берген жазбаша пікірлерімен, алғыс хаттар мен грамоталармен расталады.
Кәсіпорын директоры Серікжан Айтқожаұлы Танкаев өзін сауатты, қазіргі заманғы көзқарасы бар басшы ретінде көрсетті. «Азимут» ЖШС-ң құрылыс қызметтерінің нарығында үлкен тәжірибесі бар. Жұмыс өндірісімен маман қызметкеткерлер және жұмысшылар айналысады.
«Азимут» ЖШС-нің өндірістік базасы, қажетті құрылыс техникасы, механизмдері, жабдықтар мен материалдар қоры бар. Сауатты басшылық және өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың жаңа үлгілерін қолданудың арқасында ұйымның қаржылық жағдайы тұрақты, жалақы, салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер бойынша қарыздар жоқ.

Лауреаттар: Владимир Федорович Калантаевский, «Калантаевский» ш/қ, Ұлан ауданы

Шаруа қожалығы 1996 жылы құрылған. Шаруа қожалығының басшысы – Владимир Федорович Калантаевский. Жұмысшылардың орташа жылдық саны – 122 адам. Жетекші сала – егіншілік. Қазіргі күнде шаруашылықта ұзақ мерзімді жалға алынған (49 жыл) тоғыз мың гектар шабындық бар. 2004 жылы шаруашылыққа бірінші, екінші және үшінші қалыптастырудағы бидай және күнбағыс тұқымын өндіретін тұқым шаруашылығының мәртебесі берілген. Шаруашылықтағы тағы бір маңызды сала – мал шаруашылығы. Олар: сүтті мал шаруашылығы, қой шаруашылығы, бірнеше бас жұмысқа арналған жылқылар мен тоғаннан балық аулау. Владимир Федоровичтің басшылығымен тұрмысы төмендерге көмек көрсету, білім беру, спорт, мәдениетке қолдау көрсету сияқты көптеген әлеуметтік мәселелер шешілуде.

Виктор Минович Гольцев, «Дворик Джаминго» ЖШС, Зырян қаласы

«Дворик Джаминго» ЖШС 1996 жылы құрылған. Кәсіпорынды Виктор Минович Гольцев басқарады. Негізгі қызмет түрі – халыққа қызмет көрсету, сауда. 2007 жылы 20 жаңа жұмыс орны құрылған. 2004-2006 жылдар аралығында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген және объекттерді кезеңмен енгізу жұмыстары жүзеге асырылған. Салон-ателье, шаштараз және косметикалық салондар, фитнес-зал, дәріхана, азық-түліктік және өнеркәсіп тауарларының бөлімдері, екі залдан тұратын кафе-бар құрылып, халыққа өз қызметтерін көрсетуде. Кәсіпорын Зырянның қызметтер нарқын жаулап алуда және жаңа клиенттерді тартып, осы секторда лайықты орын алады деп жоспарлануда.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Өскемен қ. Семей қ. Риддер қ. Курчатов қ.
Абай ауданы Аягөз ауданы Бесқарағай ауданы Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы Жарма ауданы Зайсан ауданы Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы Күршім ауданы Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы Үржар ауданы Шемонаиха ауданы