Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
БИЗНЕС

ОБЛЫС КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ НАЗАРЫНА!

Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті 2007 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Шағын кәсіпкерлік саласындағы жылдың таңдаулы кәсіпкерлері» өңірлік конкурсы өткізілетіндігі туралы хабарлайды.

Конкурсқа қатысуға жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын, шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын ұйымдар – Қазақстан Республикасының резиденттері жіберіледі.

Конкурс сегіз аталым бойынша өткізіледі:

  1. жылдың таңдаулы кәсіпкері;
  2. өндіріс саласындағы таңдаулы кәсіпкер;
  3. құрылыс саласындағы таңдаулы кәсіпкер;
  4. таңдаулы фермер-кәсіпкер;
  5. таңдаулы әйел-кәсіпкер;
  6. шағын бизнес саласындағы таңдаулы инновациялық жоба;
  7. шағын бизнес кәсіпорындарындағы ең жоғары орта айлық еңбекақы;
  8. анағұрлым көп жаңа жұмыс орнын құрған кәсіпкер.  

Конкурс өткізу ережелері туралы ақпаратты және қатысушылар тапсырыстарының нысандарын облыс қалалары мен аудандары әкімдіктерінің жанындағы шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі құрылымдық бөлімшелер, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі бөлімі (Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40, № 318, 308 бөлме, тел. 24-18-83, 26-89-16) береді.
Құжаттар қабылдау 2007 жылғы 1 қазанға дейін жүзеге асырылады.»

Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Шағын бизнес саласындағы жылдың таңдаулы кәсіпкерлерлері» конкурсына қатысушылардың ұсынатын құжаттарының тізбесі

1. Заңды (жеке) тұлғаның құрылтайлық құжаттарының көшірмесі (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, Жарғы (Ереже),  статистикалық карта, салық төлеушінің куәлігі).

2. Тапсырыста көрсетілген мәліметтерді  растайтын қажетті құжаттардың, сертификаттардың, лицензиялардың көшірмелері.

3. Шағын кәсіпкерлік субъектісінің қызметі туралы кеңейтілген ақпарат (кәсіпорынның құрылу тарихы, өндірілетін өнімдердің (жұмыстардың, қызметтердің) түрлері, болашағы, инновациялық бағыты (жаңа технологияларды енгізу), өндірілетін өнімдердің (жұмыстардың, қызметтердің) сапасы, жұмыспен қамтылғандар санының, шығарылған өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің)    соңғы үш жылдағы) даму үрдісі,  салықтық төлемдері, бір қызметкердің орта айлық еңбек ақысы, құрылған жұмыс орындары, көрмелерге қатысуы (наградалары), өңірдің әлеуметтік-экономикалық өміріне қатысуы, кәсіпкерлердің қоғамдық ұйымдарында мүшелігі және т.б.).

4. Бюджеттің алдында борышының жоқтығы туралы салық органдарының анықтамасы, бухгалтерлік баланстың көшірмесі.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Шағын бизнес саласындағы жылдың үздік кәсіпкерлері» конкурсын өткізу және жеңімпаздарын анықтау жөніндегі жұмыс тобының құрамы

Плотников Сергей Викторович

- Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, топ басшысы

Ан Евгений Алексеевич

- Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры, топ басшысының орынбасары

Қажыбаев Амангелді

- «Атамекен» Қазақстан кәсіпкерлері мен жұмыс берушілері жалпы ұлттық одағының Шығыс Қазақстан филиалының атқарушы директоры (келісім бойынша)

Казанцева Галина Сергеевна

- Шығыс Қазақстан облысының шағын және орта бизнес қызметкерлері кәсіподағының төрайымы (келісім бойынша)

Қасымжанов Темірбек Жұмақұлұлы

- Шығыс Қазақстан облысының құрылыс департаментінің директоры

Слямов Бердібек Батырханұлы

- Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы департаментінің директоры

Тұрлыбаева Алма Камалқызы

- Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары

Өтепов Болат Мағауияұлы

- Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті директорының міндетін атқарушы

Шацкий Игорь Владимирович

- Шығыс Қазақстанның кәсіпқой
құрылысшылары қауымдастығының директорлар кеңесінің төрағасы  

Якупов Валерий Саримович

- Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің директоры

 

Өскемен қ. Семей қ. Риддер қ. Курчатов қ.
Абай ауданы Аягөз ауданы Бесқарағай ауданы Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы Жарма ауданы Зайсан ауданы Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы Күршім ауданы Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы Үржар ауданы Шемонаиха ауданы